Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/20
Дата20.11.2018
өлшемі1,51 Mb.
#22000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

IV 


5.7.1 Жылыту және желдету ............................................................................................. 17 

5.7.2 Сумен қамту және канализация .............................................................................. 18 

5.7.3 Жасанды жарықтандыру .......................................................................................... 19 

5.7.4 Электрмен қамту және әлсіз токты құрылғылар ................................................... 19 

5.8 Халықтың  мүмкіндігі  шектеулі  топтары  үшін  қолжетімділікті  қамтамасыз 

ету бойынша талаптар .................................................................................................... 20 

5.9 Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар ................................................................ 20 

6 ЭНЕРГИЯ 

ҮНЕМДЕУ  ЖӘНЕ  ТАБИҒИ  РЕСУРСТАРДЫ  ҰТЫМДЫ 

ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР ............................................................................ 21 

6.1 Энергия тұтынуды азайту бойынша талаптар ............................................................... 21 

6.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ........................................................................... 21 

 



ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 



КІРІСПЕ 

 

Осы құжат нормалаудың параметрлік әдісіне  Қазақстан Республикасының құрылыс 



саласындағы нормативтік базаны реформалау шегінде сәйкес әзірленді.  

Осы құрылыс нормасында: 

- нормативтік талаптардың мақсаты; 

- функционалдық талаптар; 

- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар бар. 

Осы  «Балалардың  және  жасөспірімдердің  көпшілік  дем  алу  мекемелері»  құрылыс 

нормалары «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының 

қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің  дәлелдемелік  базасына 

кіретін  нормативтік  құжаттардың  бірі  болып  табылады  және  құрылыс  саласындағы 

техникалық кедергілерді жоюға бағытталған.  

Осы  құрылыс  нормалары  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын 

құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленді.  

Осы  құрылыс  нормаларының  талаптарын  орындау  параметрлері  мен  қолайлы 

шешімдер ҚР ҚЕ 3.02-116 келтірілген.  

 



ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

VI 


БЕЛГІ ҮШІН 

 

 



ҚР ҚН 3.02-16-2014 

СН РК 3.02-16-2014 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ 



СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАППАЙ ДЕМ АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІ  

 

УЧРЕЖДЕНИЯ МАССОВОГО ОТДЫХА ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ

 

 



Енгізілген күні  - 2015-07-01 

 

1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 



 

1.1 Осы  құрылыс  нормалары  балалардың  және  жасөспірімдердің  жаппай  демалу 

мекемелерінің  жер  теліміне,  көлемдік-жоспарлық  шешімдеріне  және  инженерлік 

қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды белгілейді. 

1.2 Құрылыс  нормалары  балалардың  және  жасөспірімдердің  жаппай  демалу 

мекемелерінің, оқушылар сарайының құрылыстары мен үй-жайларын, жас техниктер, жас 

табиғат  зерттеушілер  және  жас  саяхатшылар  станцияларын,  балалар  клубтары  мен 

мектептерді, лагерьлерді, сондай-ақ спорт мектептерін және т. б. объектілерді жобалауға, 

салуға, реконструкциялауға, пайдалануға таратылады. 

1.3 Осы  құрылыс  нормаларының  талаптары  спорттық-ойын-сауық  және  спорттық-

көрсетілім, оның ішінде көрермендерге арналған орындары бар залдарды, сырғанақтарды 

және бассейндерді жобалауға таратылмайды. 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Аталған  құрылыс  нормаларын  қолдану  үшін  сілтеме  жасалатын  мынадай 



нормативтік құжаттар қажет: 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы  № 796 қаулысымен 

бекітілген  «Ғимараттарды,  үй-жайларды  және  құрылыстарды  автоматты  түрде  өрт  

сөндіру  және  автоматты  өрт  дабылымен,  өрт  кезінде  адамдарға  хабарлау  және  оларды 

эвакуациялауды  басқару  жүйелерімен  жабдықтау  жөніндегі  талаптардың»  техникалық 

регламенті.  

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009  жылғы  16  қаңтардағы  №  14  қаулысымен 

бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» техникалық регламенті.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен 

бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының 

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.  

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  30  желтоқсандағы  №  1684 

қаулысымен  бекітілген  «Балалар  мен  жасөспірімдерге  тәрбие  және  білім  беру 

объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері.  

 

Ресми басылым 



ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 178 қаулысымен 

бекітілген  «Санаторийлік  және  сауықтыру  объектілеріне  санитарлық-эпидемиологиялық 

талаптар» санитарлық ережелері.  

ҚР ҚН 1.02-02-2013 Құрылысқа арналған инженерлік іздеулер. Сейсмикалық шағын 

аймақтандыру. Жалпы ережелер. 

ҚР ҚН 2.02-02-2012 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.  

ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру. 

ҚР ҚН 3.02-11-2011 Жалпы білім беру мекемелері. 

ҚР ҚН 3.02-18-2013 Жабық спорт залдары. 

ҚР  ҚН 3.06-01-2011  Ғимараттар  мен  имараттардың  қимылы  шектеулі  топтар  үшін 

қолжетімділігі. 

ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі. 

ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу. 

ҚР ҚН 4.04-07-2013 Электр-техникалық құрылғылар. 

ҚР  ҚБҚ 1.01-01-2014 Сәулет,  қала  қүрылысы  жэне  кұрылыс  саласындағы 

мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер. 

 

Ескертпе  - Осы  мемлекеттік  нормативті  пайдаланған  кезде  сілтеме  құжаттардың  әрекетін  ағымдағы 



жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы 

Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  нормативтік  құқықтық  және  нормативтік-

техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-

журнал  бойынша  тексерген  жөн.  Егер  сілтеме  құжат  ауыстырылса  (өзгерсе),  онда  осы  нормативті 

пайдаланған  кезде  ауыстырылған  (өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  керек.  Егер  сілтеме  құжат 

ауыстырусыз  күшін  жойса,  онда  оған  сілтеме  жасалған  ереже  осы  сілтемеге  қатысы  жоқ  бөлігіне 

қолданылады.  

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

 

Осы  құрылыс  нормаларында  ҚР  ҚБҚ  1.01-01  бойынша  тиісті  анықтамалары  бар 



мынадай терминдер қолданылады:  

3.1 Балалар (бала): Он сегіз жасқа толмаған (кәмелетке толмаған) тұлға. 

3.2 Жасөспірім:  Бала  жастан  жастық  шаққа  ауысатын  бозбалалар  немесе  қыздар  

(12-14 бастап 15-17 жасқа дейін). 

3.3 Диспетчер  бөлмесі:  Басқару  органдары,  байланыс  құралдары,  сырт  көзбен 

бақылау  және  дабыл  беру  құрылғылары  бар,  диспетчерлік  пульт  орналасқан  арнайы 

бөлме.   

3.4 Жыл 



бойы  жұмыс  істейтін  лагерь:  Құрамында  барлық  маусымда 

қолданылатын үй-жайлар бар еңбек және демалыс лагері. 

3.5 Кордодром:  Кордтың  көмегімен  басқарылатын  авиамодельдер  сыналатын 

арнайы алаң. 

3.6 Мекемелердің  функционалдық-типологиялық  құрылымы:  Осы  мекеменің 

жұмысын ұйымдастыру принциптеріне сай келетін үй-жайлардың топтастырылуы. 

3.7 Мектептен  тыс  қызмет:  Оқушылардың  сабақтан  тыс  уақытта  мектептен  тыс 

мекемелерде жүзеге асыратын қызметі.  




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау