Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет16/22
Дата20.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#21942
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

 

 

39 



тиімді  жүйесін  енгізу  шағын  және  орта  компанияларға  қарағанда  жылдамырақ  жүреді,  ӛйткені 

алғашқылардың оған қажетті қаржылық, материалдық, кадрлық, ақпараттық ресурстары бар. 

Сонымен корпоративтік басқару – бұл сәнді термин емес, ол сезіп кӛруге болатын шындық. 

Ӛтпелі  экономикадағы  елдерде  оған  бірқатар  ерекшеліктер  тән.  Оларды  түсінбейінше  компания 

қызметін тиімді реттеу  мүмкін емес. 

 

Тақырып 15. Корпоративтік басқару кодексін әзірлеу 

 

Ірі шаруашылық құрылымын зерттеу басқару ғылымында ерекше орын алады, оның рӛлінің 

маңыздылығы  нарықтық  экономиканың  жетілу  үдерісі  мен  ӛзгермелі  экономикалық  бейімделумен 

түсіндіріледі.  Қатысушылар  әлеуетінің  жиынтығымен,  нарықтық  үлестерімен  ғана  шаруашылық 

жүргізуші субъектілердің бірігу тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес. Мұнда белгілі бір синергияның 

орны  бар.  Тек  біріктірілген  құрылымдардың  ғана  қосымша  қолы  жететіндері  тарту,  жеке 

компанияның  ,  басшыларының  бірі  пайда  болып  есептелетін  ішкі  ӛсу  кӛзіне  бірігу  бизнестің 

ұйымдық  нысаны  ретінде  толықтырылуы  мүмкін.  Қазір  компаниялардың  бірігу  шеңберінде  пайда 

болған,  іскер  кәсіпорындар  мен  фирмалардың  шегін  қайта  бӛлуге  қатысты  кӛзқарас  бойынша,  бұл 

үдеріс бейӛндірістік шығынды мейлінше қысқартуға икемді, сонымен қатар кәсіпкерлік ұстаныммен, 

статистикалық үдерістің әсерлілігінің кӛтерілуімен нарықтық үдеріске жағымды әсер етеді. Бірігу іс 

тәжірибесі қазір халықаралық конъюктура мен бәсекелестікте есептелетін болды. 

Әлемдік  нарықтық  экономика  тәжірибесі  қазіргі  заманғы  нарықтық  қатынастар  кез-келген 

елде мемлекеттік мемлекеттік заңдармен реттелетінін растайды.  

Мемлекеттік реттеу экономикалық басқарудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін кеңінен 

пайдаланады, олар 3 деңгейге бӛлінеді, микро-,  мезо- және макро- деңгей. 

Ірі  ұйымдық  құрылымдардың  қызметін  мемлекеттік  реттеудің  экономикалық  әдістерінің 

ерекшеліктері  оның  кӛп  деңгейлігінде  ғана  емес,  әр  түрлі  экономикалық  мәселелердің  кең  кӛлемін 

қамтудан да кӛрінеді. Үш негізгі деңгейді бӛліп кӛрсету керек: ірі ұйымдық құрылымдардың қызмет 

етуінің  жекелеген  аспектілерін  реттеу,  жалпы  ұдайы  ӛндіріс  үрдістерін  реттеу  және 

макроэкономикалық жағдайды реттеу мәселелері [17]. 

 

Корпорацияларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері келесі қағидаларда кӛрініс табу керек: 



корпорациялардың  құрылуы  мен  қызмет  етуінің  заң,  нормативтік-құқықтық  және 

әдістемелік базасының бүтіндігі мен қарсылықсыздығы; 

мемлекеттік  реттеу  органдарымен  корпорациялар  мәні  мен  рӛлінің  қалыптастыруының 



принципиалды бір мәнділігі ; 

әр  түрлі  ведомствалар  арасында  корпорацияларды  мемлекеттік  реттеудің  қызметтерін 



анық бӛлу; 

корпорациялар қызметінің реттеуші функцияларын жүзеге асырудың басымдылығы; 



корпорациялар  мен  республикалық  және  аймақтық  органдар  арасындағы  ӛзара 

қатынастардың келісім-шарттық нысандарын пайдалануы; 

корпорацияларға  кіретін  субъектілердің  қызмет  етуін  реттейтін  құқықтық  нормалардың 



үйлесімділігі. 

Нарықтық  экономика  жағдайында  тікелей  мемлекеттік  реттеудің  қызметі  мемлекеттік 

мақсатты  бағдарлама  мен  мемлекеттік  тапсырыс  номенклатурасын  қалыптастыруға  мемлекеттің 

қолданатын,  экономиканың  нақты  аяларының  дамуының  артықшылықтар  жүйесін  анықтауда  ӛз 

маңызын сақтайды. Осыған байланысты Қазақстанда корпорацияларды дамытуда басымдылықтарды 

анықтау  мен  бақылау  жӛнінде,  атқарушы  билік  органдарының  ӛзара  әрекетінің  келесі  алгоритімі 

ұсынылады, ол үш кезеңнен тұрады: 

бірінші  кезең  -  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  мемлекеттік  экономикалық 



бағдарламасында  қалыптастырылатын  ӛнеркәсіптік  саясаты  мемлекеттік  қолдаудың  басты 

басымдықтарын  әзірлеу.  Басымдықтар  жүйесін  әзірлеу  жӛніндегі  жетекші  мемлекеттік  орган  -

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болады; 

екінші кезең – Қазақстан Республикасы статистика жӛніндегі агенттігінің статистикалық 



материалын және экономикалық зерттеу орталығының болжамды бағалауларын тартып, корпорация 

қатысуымен нақты министрлікпен аймақтық саясатты дамытудың басылымдықтарын негіздеу; 

үшінші  кезең  –  корпоративтік  бӛлімшелердің  микродеңгейінде  даму  басымдылықтарын 



нақтылау:  мемлекеттік  мақсатты  бағдарламалар,  ірі  ӛндірістік  құрылымдардың  корпоративтік 

инвестициялық  бағдарламаларына  арналған  ұсыныстарды  қалыптастырудың  маңызды  факторы 

болып табылады.  



 

 

40 



Қазіргі  заманға  сай  нарықтық  жағдайлар  корпорациялардың  экономиканы 

мемлекеттік 

реттеу 

органдарымен 

ӛзара 

қатынастардың 

ерекше 

жүйесінің 

қалыптастырылуын  талап  етеді.  Ондай  жүйенің  құрылуы  келесілермен  шартталған:  ұлттық 

экономиканың  құрылымдық  қайта  құрылуы  үшін  бәсекелік  қабілетті  корпоративтік 

құрылымдардың  қалыптасуының  ерекше  маңызымен;  мемлекеттің  ұлттық  экономика 

лидерлерімен 

ерекше 

қатынастарының 

бүкіл 

әлемдік 

тәжірибесімен, 

Қазақстан 

экономикасындағы шоғырланған тенденциялармен; корпоративтік құрылымдардың құрылуы 

мен қызмет етуінің мемлекеттік реттеудің объективті қиындықтарымен, арнайы мемлекеттік 

бақылауды қажет ететін құрылымдардың ерекшеліктерімен. 

Корпоративтік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  мен  мемлекеттік  қолдаудың  басымды 

объектілеріне  қаржылық  нәтижелері  мемлекеттік  шикізат  ресурстарын  тұтыну  мүмкіндігімен 

анықталатын  корпорацияларды  жатқызу  керек.  Шаруашылық  ӛмір  шындығы,  ӛтімді  экспортты 

шикізатта  (мұнай,  газ,  кен)  жұмыс  істейтін  жекешелендірілген  бірлестіктер  мемлекеттік  ӛнімдер 

институтының әлсіздігі пайдаланылатынын, ӛркениетті экономикаға тән коммерциялық және жалпы 

мемлекеттік  мүдделерінің  балансын  бұза  отырып,  қаржылық  ағымдарды  нақты  пайдаланудың 

әдістерінің кең аспектілерін жүзеге асыратынын растайды [13]. 

 

Табиғи ресурстардың стратегиялық маңызды түрлерін пайдалынылатын және ӛнімі экспортты 



сұранысқа  ие  ірі  корпорацияларға  қатысты  дамыған  елдерде  мемлекеттік  реттеу  жүйесі  ӛзіне 

келесілерді қосады:  

а) мемлекеттік ресурстарды ӛте тӛмен бағалармен сатуға қатаң санкциялар; 

б)  мемлекеттік  ресурстарды  тұтынуға  квоталар  беру  және  барлық  денгей  бюджеттеріне 

салықтарды  дер  кезінде  және  толық  тӛлеуге  нақты  кепіл  (ӛнімді,  мүлікті  кепілге  беру,  жоғары 

деңгейлі  банктер  міндеттемелері  және  т.б.)  беретін  корпорацияларға  ғана  конкурсты  негізде 

сәйкесінше экспортты жеткізілімдер.  

 

Бүкіл  корпоративтік  аяны  (экономикада  “орташа”  буын)  мемлекеттік  реттеу  немесе 



мемлекеттік  қолдаумен,  ерекше  механизмдерімен  қамтудың  жайғасымдарында  емеспіз.  Тәжірибе 

растап  отырғандай,  дамыған  елдерде  ірі  корпаративтік  құрылымдардың  кӛпшілігі  ӛз  дамуының 

ӛздігінен  қаржыландырылуы  және  тиімсіз  қызмет  бағыттарын  жоюда  қамтамасыз  ете  отырып, 

шаруашылық құқықтың ортақ нормаларына сәйкес қызмет етеді [14].  

Реттеуде  бір  жағынан  ірі,  ал  екінші  жағынан  –  шағын  бизнестің  дифференциалдануы, 

экономикада  ерекше  корпоративті  “мезодеңгейлі”  буынды  бӛліп  кӛрсету  кӛпшілікпен  танылған 

болып табылады. Негізгі болып ірі компаниялардың қызметіне мемлекеттік органдардың мүдделері 

болу  керек.  Бұны  корпоративтік  буынның  қалыптасуының  және  мемлекеттің  оның  қызметіне 

қатысуының нақты заңды және нормативтік тәртіптер негізіне салу мақсаты.  

 

Қазақстанда  корпорациялардың  қалыптастыруының  үрдісі  олардың  қызмет  етуін  реттейтін 



заң  және  нормативтік  жүйенің  болмауымен  тежеліп  отырады.  Біздің  ойымызша,  бұл  кӛбіне 

Қазақстанда  “бір  күндік”  заңдардың  әзірленуі  мен  қызмет  етуінің  дербес  жауапкершілігі 

институтының  болмауымен  байланысты.  Ӛткен  ғасырдың  80-жылдарының  басында,  республикада 

мемлекеттік  кәсіпорындарды  жекешелендіру  жайлы  заңдарды  әзірлеу  барысына  қарай,  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  заң  жобалары  ғылыми  –  зерттеу  институттарында,  министрліктер  мен 

ведомствалар  аппараттарында,  ЖОО-дарында  құрастырылғандығын  түртіп  кӛрсетеді;  оларды 

талқылауға  республиканың  атақты  ғалымдары  қатысқан,  баспада  әр  түрлі  авторлардың  ойлары 

талқыланды.  Бұнымен  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жекешелендіру  туралы  әзірленген 

заңдардың  демократиялығын  кӛрсетіп,  қабылданып  отырған  заңдардың  кері  салдары  үшін 

жауапкершілікті  алдын-ала  алмайды.  Қазақстанда  дамыған  елдерді  мысалға  алып,  заң  шығару 

саласында дербес жауапкершілік институтын енгізуді дұрыс деп санаймыз [15].  

 

Нормативтік  қатынастарды  тиімді  реттеу  осы  алда  болып  жатқан  үрдістерді  белсенді 



құқықтық  реттеуді  ғана  емес,  мемлекет  тарапынан  үнемі  бақылау  жүйесін  құруды  қажет  етеді. 

Заңдарды орындау жүйесінің маңызды элементі корпоративтік басқару мен бақылау субъектілерінің 

ӛзара қатынастары шеңберінде тиімді араласуға мүмкіндігі бар біртұтас мемлекеттік реттеуші орган 

болу керек.  

 

Корпоративтік басқару үлгілерінің негізгі компоненттері болып келесілер табылады: тікелей 



қатысушылар  құрамы;  мүдделі  тораптар  жиынтығы,  акционерлік  капитал  құрылымы;  директорлар 

кеңесінің  құрамы  мен  ӛкімет;  акционерлік  қоғам  қатысушыларының  ӛзара  әрекетінің  механизмі; 

акционерлік  қоғам  қызметін  заңды  және  нормативтік  қамтамасыз  ету;  қоғам  қызметі  жайлы 

ақпаратты ашу талаптары және т.б.  




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау