16
алушылардың кәсіби іс-тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу бойынша, оның мерзімдерін
сақтау және мазмұны бойынша бақылауды іске асырады; іс-тәжірибе базасы болып
табылатын білім мекемесі: екі жақты орнатылған келісім-шарт негізінде білім
алушылардың іс-тәжірибеден өтуін ұйымдастырады; білім алушы практиканттарға
бағдарламаға сәйкес іс-тәжірибе орынын ұсынады; білім алушылардың іс-тәжірибеден өту
кезеңінде білім саласындағы білімді меңгеруі үшін қажет жағдайлар жасайды; оқу
орындарымен іс-тәжірибеден өтудің күнтізбелік кестесін мақұлдайды;
Білім алушы
практиканттарға бар әдебиеттерді, дидактикалық материалдарды
қолдануға мүмкіндік
жасайды; Курстық және дипломдық жұмыстар үшін материалдарды таңдауға
көмектеседі;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқу
жұмыстарын жүргізеді: кіріспе және жұмыс орнында орнатылған құжаттарды рәсімдеу,
қажет жағдайларда жұмыстың қауіпсіз әдістеріне уйрету жұмыстарын жүргізеді; Білім
алушы практиканттардың аталған мекемеде, ұйымда, мектепте қабылданған ішкі еңбек
тәртібінің ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді; Іс-тәжірибеден өтуші білім алушы
практиканттардың оқыс оқиғалары жағдайында толығымен жауапкершілікті алады;
Практикант тәртіпті бұзу және өз міндеттерін орындамау жағдайларында іс- тәжірибеден
өтуден шеттетілуі мүмкін. Іс-тәжірибе басталуына бір ай қалған уақытта, кафедра
меңгерушісі іс-тәжірибе базасын, университеттен іс-тәжірибе жетекшісін, топ нөмерін және
студенттер/магистранттардың тегі бойынша тізімді көрсетіп, іс-тәжірибеден өту үшін
студенттер/магистранттарды бағыттау туралы қызметтік хатты ректорға ұсынады. іс-
тәжірибені ұйымдыстыру және өткізу туралы келісім негізінде аталған іс- тәжірибе түрі
бекітілген кафедра дайындаған қызметтік хат негізінде студенттік канцелярия бұйрық
рәсімдейді. Практиканттар іс-тәжірибе кезеңінде құқылы болып табылады: іс-тәжірибе
бойынша тапсырмаларды орындау үшін өз зерттеулерінің нысанын, ұйым формасын және
қызметті іске асыру формасын таңдауға; жанжалдық жағдайлар пайда болған жағдайда,
кәсіпорын әкімшілігіне, өз оқу мекемесіне және мектептің әкімшілігіне көмек бойынша
хабарласуға; мамандықтың бейіні бойынша бос жұмыс орындары бар болған жағдайда
төлемді жұмысқа қабылдануға; іс-тәжірибе бағдарламасы бойынша қарастырылмаған
жұмыстарға қатыспауға; іс-тәжірибе ұйымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізуге; іс-
тәжірибе нәтижелерімен студенттік ғылыми конференцияларға қатысуға, іс- тәжірибе
барысында курстық және диломдық жұмыстар үшін қажетті материалдарды жинауға; іс-
тәжірибеге қорытынды бағасына орнатылған тәртіпте қарсы шығуға. Практиканттар
міндетті: орнатылған және қорытынды конференцияларға қатысуға іс-тәжірибе
басындажәне соңында); іс-тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды
және индивидуалды тапсырмаларды толығымен орындауға; ұйымдардағы кәсіпорындағы,
мекемедегі) жұмыс істеп тұрған ішкі еңбек тәртібіне бағынуға; іс-тәжірибе базасының
еңбекті қорғау тәртібіне, қауіпсіздік техникасына және өндірістік санитарлық тәртіптерін
меңгеру және қатаң түрде сақтауға; кафедрадан іс-тәжірибе жетекшісіне орнатылған форма
бойынша есептік құжаттарды ұсынуға және іс-тәжірибе бойынша есепті уақытылы
тапсыруға; өзі орындаған жұмысқа және оның нәтижесіне жауапкершілік танытуға.
Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білімнің оқу мекемелерінің, жоғары оқу
ұйымдарының сыртқы оқу формасында кешкі) білім алушылары мамандық бойынша
жұмыс жасау шарты барысында оқу және өндірістік технологиялық) іс-тәжірибеден
босатылады. Аталған жағдайда олар оқу мекемесіне олардың кәсіби қызметін сипаттайтын
жұмыс орнынан анықтама және сипаттама ұсынады. Сыртқы кешкі) оқу бөлімінің білім
алушылары диплом алды іс-тәжірибенің бағдарламасын орындайды. Кәсіби іс-тәжірибені
ұйымдастыру және өткізу кезеңдері: Іс-тәжірибе базасын жоспарлау және келісім-шарт
орнату → Іс-тәжірибе бағдарламасын жасау → Іс-тәжірибе бағдарламасын бекіту → Іс-
тәжірибе ұйымдастыру және өткізу бойынша Әдістемелік нұсқауларды жасау және бекіту
→ Орнатылған конференцияны өткізу → Кәсіби іс-тәжірибе бойынша күнделіктерді беру
→ Іс-тәжірибеден өту → Іс-тәжірибе бойынша дифференциалды сынақ тапсыру → Іс-
тәжірибе бойынша күнделік пен есептерді білім алушы кафедраға ұсынады Қорытынды
17
конференция өткізу → Іс-тәжірибе бойынша жетекші есебін кафедраға ұсынады → Іс-
тәжірибеден өту туралы сұрақтарды кафедра отырысында қарастыру → Іс-тәжірибеден өту
туралы сұрақтарды университеттің ректоратында қарастыру
Бөлім 6
ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
Іс-тәжірибеден кейін 1 апта көлемінде, қорғау кестесіне сәйкес, білім алушылар
сәйкес кафедраларға есептерін ұсынады, оларды кейіннен жетекшілер тексереді және
кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғаудың
нәтижелері, орнатылған балдық-рейтингілік әріптік білімді бағалаудың жүйесі бойынша,
дифференциалдық сынақпен бағаланады және бұл баға осы жұмыстар үшін сәйкес
кредиттер санын бөлу шарты бойынша, ауысу балын есептеу барысында есепке алынады.
Іс-тәжірибе бойынша бір жетекшіні тағайындау барысында, есептердің қорғалу нәтижесі
бойынша бағалар көрсеткен білімі мен есепті рәсімдеуіне сәйкес қойылды. Іс-тәжірибе
бойынша екі жетекшіні тағайындау барысында, қорытынды баға іс- тәжірибе базасынан іс-
тәжірибе жетекшісінің бағасын есепке ала отырып шығарылады, оның жалпы нәтижесі
қорытынды бағаның 40 % құрайды, және университеттен жетекшінің ұсынылған есебін
қорғау бойынша бағасын есепке ала отырып шығарылады, оның жалпы нәтижесі
қорытынды бағаның 60 % құрайды. Іс-тәжірибе бойынша баға емтихандық ведомостқа
және сынақ кітапшасына қойылады және студенттердің жалпы оқу-үлгерімінің
қорытындысын шығару барысында есепке алынады.
Практиканттың есептік құжаттары қосымша-4): орындалған жұмысының сипаты мен
мазмұны көрсетілетін практиканттың
күнделігі, оған өзін-өзі талдауын жасау керек.
жазба күнделікті жасауы керек; іс-тәжірибеден өту орнынан сипаттама, онда студенттің іс-
тәжірибе кезеңі бойынша кәсіби және басқа қызметінің оң және теріс тұстары көрсетіледі.
Іс- тәжірибе нәтижесіне балды баға қойылады; кафедраға өткізілетін және артынан
қорғалуы керек есеп;
іс-тәжірибе бойынша қосымша материалдар егер олар бар болған жағдайда)
Практиканттың есебінің маңызды бөлігі болып оның өзінің кәсіби дайындығының
сапасының негізгі кәсіби функцияларын және практикалық қызметтің нәтижелерін іске
асырудағы сапасына өзіндік талдауы табылады.
Студенттер/магистранттардың
іс-тәжірибе
нәтижелерін
бағалаудың
негізгі
критерилері іс-тәжірибе түріне сәйкес анықталады және іс-тәжірибе Бағдарламасында
көрсетілуі керек. Іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу сұрақтары бойынша барлық
құжаттамалар істердің номенклатурасына сәйкес рәсімделеді және кафедрада сақталады.
Іс-тәжірибе бағдарламасын орындамаған, сынақ тапсыру барысында қанағаттанарлық баға
алмаған немесе есептік құжаттарды қорғауға келмеген студент/магистрант академиялық
қарызы бар болып саналады және іс-тәжірибеге қайта жіберіледі. Бұл ретте оқу
жоспарымен қарастырылған іс-тәжірибе ұзақтығы сақталады. Іс-тәжірибе бойынша
академиялық қарыздарды жою арнайы жасалған кесте бойынша ақылы негізде іске асады.
Диплом алды іс-тәжірибе бойынша сынақты тапсыру барысында қанағаттанарлық емес
баға алған студент, мемлекеттік емтихандарға жіберілмейді. Іс-тәжірибеден өтудің
нәтижелері іс-тәжірибеден кейін 1 апта көлемінде кафедрадан іс- тәжірибе жетекшісімен,
кәсіби іс-тәжірибенің жетекшінің есебі түрінде, рәсімделеді Қосымша 2 ). Есептерді сақтау
мерзімі бекітілген істер Номерклатурасына сәйкес анықталады. Студенттердің іс-
тәжірибесінің қорытындысы кафедра отырысында талқыланады және университеттің
Ректоратында қаралады.
Бөлім 7