KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
47
ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР –ТИІМДІ ƏДІС
KAZAKÇAYI YABANCI DİL OLARAK ÖĞRETME SÜRECİNDEKİ
EĞİTBİLİM OYUNLARININ METODOLOJİK ROLÜ
THE DIDACTIC GAMES IN EDUCATION THE KAZAKH
LANGUAGE AS A FOREIGN LANGUAGE ARE THE EFFECTIVE
METHOD
МЕТОДОЛОГИЧЕСКАЯ РОЛЬ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИГР В
ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ КАК
ИНОСТРАННОМУ
Rahila NARALIEVA
*
- Gulsara NURJIGITOVA
**
( Наралиева Рахила ) – (Нұржігітова Гүлсара)
Özet
Bu makale Kazak dilinin yabancı dil olarak öğretilmesi yöntemi hakkındadır. Yaptığı-
mız araştırma sonucu elde ettiğimiz yöntem ve teknik bütün yaştaki dili öğrenmek isteyen-
ler için geçerli olduğunu ispatlamaktadır. Ders sırasında vakitin çoğu öğrencileri konuştur-
maya ve dinleyicileri mesleğine göre çalıştırmaya ayrılacaktır. Dili kullananların özel bir
istekte bulunmaları ve buna göre bir yöntem hazırlamak Kazakça’yı yabancı dil olarak
öğrenmelerinde onları başarıya ulaştırmaktadır.
Anahtar Kelimeler: dilbilgisi terimleri, dil yeteneği, yenilik gelişme proğramı, sosyal
ekonomik durum, yabancı ülke vatandaşları.
Resume
This article is about methods of training to Kazakh language as foreign language. The
applied methodology as a result of research and experience shows that this method does for
*
El-Farabi Kazak Milli Üniversiteti Öğretmeni Almatı/KAZAKİSTAN
**
El-Farabi Kazak Milli Üniversiteti Öğretmeni Almatı/KAZAKİSTAN
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
48
students of all ages the learning process more flexible and diverse. During the lessons more
time on the development of communication skills, group lessons and language of
professional communication. The personal oriented professional approach, specifics of a
unique method of KAZKIYА, special attention to personal user requirements of language
makes the strong impact on successful result in study Kazakh as foreign.
Key Words: grammatical terms, language ability, program of innovation development,
socio-economic situations, foreigners from other countries.
Резюме
В данной статье речь идет о методике обучения казахскому языку в качестве
иностранного. Применяемая методика в результате проведенных научных
исследований и опыт работы доказывает, что этот метод делает для обучающихся
любого возраста учебный процесс более гибким и разнообразным. Во время занятий
больше времени уделяется развитию коммуникативных навыков, групповым
занятиям и языка профессионального общения. Личностно-ориентированный
профессиональный подход, специфика уникального метода КазКИЯ, особое
внимание персональным требованиям пользователя языка оказывает сильное влияние
на успешный результат в изучении казахского как иностранного.
Тірек сөздер: грамматикалық терминдер, тіл қабілеті, инновациялық даму
программасы, əлеуметтік-экономикалық жағдайлар, шетел азаматтары.
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту барысында дидактикалық ойын сабақтарын
ұйымдастыру пəнді оқытудың əдістемесін оңтайлы етумен қатар тіл үйренушінің
тілге деген, сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі. Ойын сабақтары
шетелдік студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыра түсуді жəне сөздік қорын
дұрыс пайдалана білуге баулуды мақсат етеді. Оқыту үдерісінде ойын сабақтарды
қолдану оқу саласында екінші орындағы шығармашылық жұмыстың жанама түрі
болып табылады. Тəжірибелі пəн оқытушылары ойындарды сабақтың сергіту сəті
ретінде қысқа уақытқа негіздеп құруы немесе сабақтың тұтас ағымына бейімдеп
ұйымдастыруы да мүмкін. Əдістеме ғылыми зерттеулер барысында қазақ тілін шет
тілі ретінде оқыту үдерісінде грамматиканы оңтайлап беру əдістемесінің тіл
үйренушінің жас ерекшелігіне қарамастан тілді меңгеруге қол жеткізе алатындығын
көрсетті, практика жүзіндегі дəлелінің айқын мысалы – факультетте оқып жүрген
АИР тыңдаушыларының 6 апта ішінде күнкөрістік деңгейді: тілдің нөлдік сатысын
меңгеріп, жат тілді ортада өте қажетті тілдік жағдаяттарда шағын диалогтер құра
алатын дəрежеге қол жеткізді. Қазақ тілі грамматикасын оңтайлап оқыту барысында
грамматикалық терминдер нақты аталмай, олардың функциональды-семантикалық
жағына мəн беріледі: мысалы, -дың/дің, -тың/тің, -ның/нің қосымшаларын ілік
септігінің жалғаулары дегеннен гөрі иелік мағына беретін жəне туыстық
қатынасты білдіретін қосымша деп оқыту əлдеқайда ұтымды болып табылады.
Кəсіби шеберлік, бірегей əдістеменің ерекшелігі, тіл үйренушілердің жеке тұлғалық
талаптарына ұстаздардың назар аударуы қазақ тілін үйренуде табысты нəтижелерге
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сабаққа үзбей қатысып, берілген тапсырмаларды
толық орындаған жағдайда тіл үйренушінің 6 аптадан соң тілдің (нөлдік)
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
49
күнкөрістік деңгейін меңгеріп, келесі деңгейіне, ал жоғары деңгейлер үшін 12
аптадан соң келесі деңгейге өтуіне кепілдік бере алады. Мақала авторлары ұсынып
отырған əдістеме қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесін кез келген жастағы
адамға қолжетімді етеді, сабақты оңтайлап ұйымдастыру арқылы сапалы нəтижеге
қол жеткізеді. Отандық білім беру нарығында қазақ тілін оқыту əдістемесінің
бəсекеге қабілеттілігін арттырып, еліміздің интеллектуальдық əлеуетін арттыруына
үлес қосуға бағытталады. Дидактикалық ойын сабақтарын жəне олардың түрлерін
оқытушы өзіне алға қойған мақсатына, интенциясына орай студенттің алған білім
бекіту құралы не тренинг жаттығу əдіс-амалы ретінде пайдаланады. Ойын
сабақтары кез келген шығармашылық жұмыс секілді ізденісті талап етеді. Кез
келген шығармашылық əрекет сияқты ойын сабақты да тудыршы уəжі, себебі
болады жəне оны ұйымдастыру барысында негізгі білімділік, танымдылық,
дамытушылық, тəрбиелік-тағылымдық мақсаттары алдын-ала айқындалады. Ойын
сабақтың мазмұны мен құрылым осы мақсаттарға сəйкес құрылады, сабақ бойында,
ойын үдерісінде алға қойылған мақсат-мүддені жүзеге асыру шаралары қамтылып
отырады. Ойын сабақтары еңбекке негізделген шығармашылықтан – күнделікті
дəстүрлі сабақтан – басты айырмашылығы қорытындылаушы нəтижеге
негізделмейді. Ойын уəжі ойын үдерісінің ағымында, бағытында, оның жалпы
құрылымы мен мазмұнында болады. Дидактикалық ойын сабағының басты
ұстанымын Леонтьев «Не выиграть, а играть», - деп (Леонтьев А.Н. 1983: 307) баса
көрсеткен болатын. Ойын барысында қатысушының бір нəрсе айтқысы келеді.
Сөйлеу əрекеті - студенттің ойынға қатысқысы келуінен, өзгелермен қарым-қатынас
жасағасы келгендігінен туындайтын үдеріс. «В условиях игры формируется
внутрений мотив говорения на иностанном языке» (Надудвари Л.А. 1983: 74).
Мысалы, «Базарда», «Емханада» «Жөн сұрасу», т.б. ойын сабақтары рөлді
орындауға, сахналық көріністерге негізделіп ұйымдастырылады. Ұсынылған
рөлдерге қарай студенттердің біреулері сатушы, дəрігер болса, кей біреулері сатып
алушы, немесе науқас болып, тілдік жағдаятқа қарай лебіздік қатысымға түседі.
(Engilsh as a Second Language. School and Education Resources// International
Educhtion, 2012: 31-60). Ойын сабақтарды студенттер қандайды бір тақырыпқа
қатысты лексикалық минумумды меңгерген кезде бастауға болады. Ойын
сайыстарын тілді оқытудың алғашқы аптасында-ақ ұйымдастыруға болады. Сайыста
берілген тапсырма кім тез, дұрыс орындаса, сол жеңімпаз болатыны айтпаса да
түсінікті. Кез келген ойын сабағы нақты мақсатқа негізделеді. Алғашқы кезде, қазақ
тілінің қарқынды оқыту ағымында рөлдік ойындар қажет болса, кейінгі апталарда
аудармашы жəне саяхатшыларды қатыстырып, «Ару қала – Алматы» атты ойын
сабағын ұйымдастыруға болады. Бұл ойынды виртуалды саяхат сабағымен
ұштастыра пайдаланған өте ұтымды болады. Мысалы, бір шетелдік студент
аудармашы, ал оқытушы – жол көрсетуші, қалған студенттер – саяхатшылар.
Сахатшылар өз тілінде сұрақтар қояды, қаланың көрінісіне, тарихына, жекелеген
ғимараттары мен тағы да басқа жайттарға қатысты туындаған мəселеріне орай
сауалдармен бірге өтініштерін айтады, ал аудармашы жол көрсетушіге олардың
айтқанын аударып береді немесе керісінше ал екі студент – бірі аудармашы, екіншісі
– жол көрсетуші, саяхатшылар қазақтар, сондықтанда саяхатшы студенттер қазақ
тілінде жол көрсетушіге əртүрлі сұрақтар қояды, өздерін қызықтырған,
таңқалдырған нəрселерге қатысты сұрайды, аудармашы жол көрсетуші мен
саяхатшылар арасындағы дəнекер болады, қазақшадан – шет тіліне, шет тілден
қазақшаға аударып береді. Сабақ студенттердің сөздік қорын байыта түсуді,
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
50
аудармашылық қасиеттерін ұштай түсуге бағытталады, сонымен қатар қаланың
көрнекті жерлерін таныстыра отырып, қаланың əдемілігін көрсетіп, эстетикалық
сезімдерін дамытуға, қала адамдарының тұрмыс-тіршілігінен қысқаша мəлімет бере
отырып, шетелдіктерді еліміздің қазіргі əлеуметтік-экономикалық жағдайына
бейімдеуді, Қазақстанның мəдениетімен таныстыруды мақсат етеді. Əдістеменің
өзектілігі, ең алдымен, оның зерттеу нысанынан – қазақ тілін көп тілді ортада оқыту
жүйесін əлемдік тіл үйрету бағдарламасына: EF Efekta™ System жүйесіне жəне
корей, түрік тілдерінің прагматикалық тұрғыдан грамматиканы оңтайлап оқыту
бағытына сəйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізуді жəне
прагматикалық тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дəрісханаға оңтайлап оқыту
əдістемесін ұсынуынан айқын көрінеді. Яғни қазақ тілінің қолданыс аясының
кеңістік пен уақыт аясындағы даму жолдарын мен танымдық-тəрбиелік мəнін
саралау, тілдегі ұлттық таным негіздері мен одан алатын тағылымының жүйелілігін
лингвомəдени, психологиялық, педагогикалық, мəдени, лингвистикалық, əлеуметтік
негізде анықтаудың маңызы зор. өзектілігі айқын. Қазақ тілінің коммуникативтік
функциясын, тілдік құзыретін жаңаша ғылыми негізде саралаудың, оны
жалпыадамзаттық құндылықтармен салыстыра отырып, ерекшелігін танытудың,
қазіргі инновациялық даму бағдарламасы тұрғысынан жүйелі түрде зерделеудің
маңызы мен мəні ерекше. Мəдениеті мен өркениеті дамыған елдер тəжірибесінде
тілдің, тілді шет тілі ретінде оқыту əдістемесінің терең зерттелуі - ұлт мəдениетінің
салиқалы дамуы мен этностық құндылықтардың толық əрі жақсы сақталғандығын
көрсететіні дəстүрлі үрдіс. Өркениет пен мəдениеттің негізгі тұғыры саналатын
мемлекеттік тіліміздің жалпыадамзаттық құндылықтар мен уақыт пен кеңістік
аясындағы ұлттық құндылығымыздың көрінісін, мəдени мұрамызды, ұлттық
дүниетанымдық болмысты анықтайтыны рас. Тəуелсіз еліміздің биік мəдениеті мен
мəдени келбетін, тіл мəденитін танымдық көкжиегінен зерделеп, оның əлеуметтік
мəнін, мəдени, тілдік, педагогика-психологиялық межесін анықтау арқылы қазақ
тілін шет тілі ретінде оқыту əдістемесінің бағдарын жаңаша теориялық бағытта
саралап, жүйелеудің шаралары зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды.
Егер
ұсынылған
əдістеменің
ғылыми-практикалық
деңгейіне,
оның
перспективасына, құрылымының дəрежесіне келетін болсақ, қазақ тілін шет тілі
ретінде оқыту үдерісі отандық білім беру жүйесінде соңғы 10-15 жылда пайда
болған жаңа мазмұнды, соны құрылымды оқу жүйесі ретінде қалыптасты, 2000-
жылдарға дейін шетелдіктердің сұранысы тек ресми тілге қатысты болып келсе,
соңғы жылдары шетел азаматтарынан тарапынан мемлекеттік тілге деген
қызығушылық артып келеді. Қазақстан Республикасы ынтымақ сүйгіш қауіпсіз жəне
табиғы ресурстары бай, экономикалық ахуалы тұрақты ел ретінде, сонымен бірге
Қазақстан Республикасының білім беру дəрежесі де халықаралық аренада жоғары
деңгейде көрінуі, еліміздің бəсекелестікке қабілеттілігі де шетелдік мемлекеттерді,
жекелеген шетелдік азаматтарды да қызықтырады, сол себепті де қазақ тіліне деген
сұраныстың артқанын ескеріп, қазіргі уақыттың талабына сай қазақ тілін шет тілі
ретінде оқыту əдістемесі жаңаша мазмұнды құрылымды қажет етеді. Осы мəселеге
қатысты баспасөз бетінде, конференцияларда көптеген мақалалар, жарияланымдар
жарық көрді. Алайда қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесінің инновациялық
технологиясын қалыптастыру мəселесі толығымен шешілген жоқ. Мақала
авторлары əлемдік жəне отандық тіл оқыту əдістемесін сараптап, зерделеп, қазақ
тілін шет тілі ретінде оқытудың жаңаша кешенді əдістемесін: парадигмалық
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
51
тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дəрісханаға оңтайлап оқытуды ұсынады. Алдын
ала жүргізілген зерттеу жұмыстары мен тəжірибелер грамматиканы оңтайлап
оқытудың кешенді инновациялық əдістемесі қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту ісін
жақсарта түсетінін көрсетті. Ұсынылып отырған қазақ тілін шет тілі ретінде
оқытудың грамматиканы оңтайлап ұсынатын инновациялық кешенді əдістемесі жас
ерекшелігіне қарамастан кез келген тіл үйренушіге қолжетімді оқыту жүйесі бұл
саладағы бірегей жаңаша мазмұнды əдістеме болып табылады. Əдістеменің мақсаты
– Қазақстан Республикасының білім беру нарығында бəсекеге қабілетті қазақ тілін
көп тілді ортада оқытудың отандық инновациялық жүйесін – тіл үйренуші ортаның
сұранысына бейімдеп, қазақ тілі грамматикасын оңтайлап оқытатын бірегей
əдістемесінің инновациялық технологиясының қалыптастыру. Сонымен қатар,
тілдің қарқынды, негізгі оқыту курсын аяқтап, келесі сатыларға көшкенде шетелдік
студенттердің жазу дағдылары қалыптастыру мақсатында алуан түрлі қисындық,
шығармашылық қызықты жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Мысалы,
«Байлам мен шешім» атты жазба жұмысы мазмұндама ретінде жазылады. Оқытушы
алдын ала дайындаған қызықты əңгімесін бірнеше рет оқып береді, бірақ оқиғаның
қызықты кулминициясына дейін ғана оқиды да, үзіп тастайды (Сəрсенбаева А.А.
Научный мир Казахстана. 1-2010, №1 (29): 82-89). Шешімін ары қарай студенттер
өздері жалғастырады. Бұл тапсырма шығармашылық, креативті ойлау қабілетін
дамытуға негізделген. Ұсынылған оқиғаға қатысты əр студент өз жауабын, өз
нұсқасын дайындап, əңгіменің жалғасын өзі ойлап тауып қисындық жағынан
үйлестіре отырып аяқтайды. Үлгі: «Базаршы жігіт пен ақылды қыз» атты халық
əңгімесін алып қарастырсақ. мəтіннің қысқаша мазмұны мынадай: тапқыр да
шешен, еліне əйгілі бидің жалғызы ұлы өте болбыр болады. бір күні жол үстінде
келе жатып би, ұлына, мына ұзақ жолды қалай қысқартсақ болады, дейді. Əкесіне
сұрағының мəніне терең бойлай алмаған ұлы маңдыртып жауап бере алмайды.
Ұлының жетесіздігіне күйінген əкесі елге келген соң, ұлының алдына жүз саулық
қой беріп, мыналарды базарға апарып сат, бір рет емес, үш рет сат, əйтпсес көзіме
көрінбе, деп қатал талап қояды. Жігіт базарға қойын алып келеді, күйлі қойды
əркімнің де сатып алғысы келеді.бірақ жігіт саудаласушыларға бір қой үшін үш
қойдың құнын сұрайды. Тым қымбат болғандықтан қойлары өтпей, амалы құрыған
жігіттің төзімі таусыла бастаған кезде бір ақылды жас қыз оған ақыл-кеңесімен
көмек береді. Əңгіме мəтінін осы тұсқа келгенде үзіп тастаймын да, егер сол қыздың
орнында сіз болсаңыз, сіз жігітке қандай кеңес берер едіңіз, деп шешімін
студенттердің талқысына тастаймын. Бұл шығармашылық қисынды ойлауды талап
етумен қатар студенттің оқиға сюжетін ары қарай өзі жазбаша түрде жалғастыратын
болғандықтан, олардың жазу дағдыларын бекітуге, сөйлемдерді дұрыс құруын
дамыта түсуге бағытталып ұйымдастырылған. Шешім студенттердің ойлау
ерекшеліктеріне байланысты болады, ал қызықты тапсырма олардың өмір деген
көрген-білген практикалық тəжірибесін шығармашылық түрде қолдана білуге
бейімдейді. Ойын сабақтарды өткізгенде, бұл үдерістің мынадай маңызды
кезеңдеріне оқытушы назар аударуы қажет. Ең бастысы ойынды ұйымдастыру, пəн
оқытушысының прагматикасынан туындаған мақсат-мүдделер (Қиябаева З. Н. 2011:
63-69). олардың шешімін табуға, жүзеге асыруға арналған міндеттер айқындалады.
Ойын сабақ тақырыпқа сай жəне дəрісханадағы шəкірттердің жас ерекшеліктеріне
қарай дайындауы керек. Ойынды ұйымдастыру кезеңі – сабақты бастамас бұрын,
ойын сайысы, немесе ойын қандай тақырыпқа арналады жəне оның басты талабы
мен оған қойылатын шарттармен оқытушы студенттерді таныстырады жəне сабаққа
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
52
қатысты туындаған мəселелерді оқытушының көмегімен шешуге болатындығын
ескертуге тиіс. Ең алдымен оқытушы өзіне ұтымды рөлді – төрешілік, жетекшілік,
ұйымдастырушы, жүргізуші, қонақ, т.б. таңдап алуы қажет. Алайда оқытушы
ойынға жай ғана қатардағы қатысушылардың бірі емес, бақылаушы əрі төреші
екенін ұмытпай ойын ағымын үнемі назарын тыс қалдырмағаны абзал. Ойынның
барысында оқытушы өзінің орынсыз ескертпесімен студенттің шығармашылық
көңіл-күйіне, ниетіне əсер етуі сүскін, сондықтанда ескертулер ескертпе түрінде
емес, жай ғана болмашы кеңес түрінде ишарамен астарлап берілгені тактикалық
тұрғыдан дұрыс таңдап алынған тəсіл, ишаралау арқылы ұстаз шəкірттін
стратегиялық ізденіске жетелейді. Жеңілгендерге басты қағида «жеңіс емес,
жарысқа қатысу» деген ұранды айтып, оларды да қолпаштап келесі жолы жеңіске
міндетті түрде қол жеткізесіздер деп сенемін деп, олардың үмітін ұштап қойған
дұрыс. Ойын сабақтар студенттерді сергітумен бірге, олардың сөздік қорын
арттыруды, алған білімдерін практика жүзінде бекіту барысында да атқаратын рөлі
зор. Ойын барысында ойлаудың барлық шығармашылық түрлерінің тетіктері іске
қосылады: талдау, қорытындылау, салыстыру, жіктеу, біріктіру, пікірлесі, толғау,
тез шешімін табуға жету үшін қисынды ойлау секілді ойлау жүйелері қызмет етеді.
Тапсырманы тез орындау, шешімін дұрыс та шапшаң табу деген ұмтылыс олардың
санасындағы танымдық қызмет пен лебіздік, сөйлесімдік əрекеттің белсенділігін
арттырады (Оразбаева Ф. 2002: 90-97). Сабақ барысында ұйымдастырылған
дидакталық ойындарды саралай отыра, мынадай қорытынды жасауға болады. 1)
Дидактикалық ойын сабағы – қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда тілдік жағдаятты
тудыратын жəне оны практикада қолдануға мүмкіндік беретін үдеріс; 2) Сабақ
материалдарының ерекшеліктерін «спецификасын) ескере отырып, дұрыс
ұйымдастырылған ойын сайысы - студентердің тілдік дағдыларын бекітеді, олардың
тілге деген қызығушылығын арттыра түсетін шығармашылық жұмыс; 3) Ойын
сабағы студенттердің ойлау жүйесін, қисынды пікір қорытуын, шығармашылық
қабілетін дамытатын танымдық-тағылымдық мəні зор сабақ; 4) ойын сабақ
студенттердің енжарлығын кемітіп, пəнге деген белсенділігін арттыратын тиімді оқу
əдісінің бірі; 5) дидактикалық ойын сабақтары студенттердің сөздік қорын дамытып
қана қоятын тəсіл емес, олардың ұжымдық сезімін қалыптастыратын, жауапкершілік
пен тəртіпке, ұйымшылдыққа да баулитын тəрбиелік мəні маңызды шығармашылық
əрекет (Киргизов М.Р. Научный мир Казахстана. 1-2010, №1 (29): 82-89). Қорыта
айтқанда, өзге тілді дəрісханада ұйымдастырылған ойын сабақтары тек тіл үйрету
мақсатына ғана құрылған емес, студенттердің танымдық қызметтерін арттыруға,
теориялық білімін практикада пайдалана алуға бейімдейтін қазақ шет тілі ретінде
оқытудың оңтайлы əдіс-амалдарының бірі болып саналады.
Пайдаланған əдебиеттер
1. Engilsh as a Second Language. School and Education Resources// International
Educhtion, 2012. P. 31-60.
2. Киргизов М.Р. Педогогические аспекты использования интернет-технологий
при обучении студентов-юристов. Научный мир Казахстана. 1-2010, №1 (29). Стр.82-
89.
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
53
3. Қиябаева З. Н. Интерактивті тақтамен жұмыс əдістемесі. Алматы: «Арман-
ПВ», 2011. Б.63-69.
4.Леонтьев А.Н. Избранные психологияческие произведения. – Москва, 1983. –
Вып.2. – С. 307.
5.Надудвари Л.А. Психологическая модель обучения устной русской речи
венгерских детей дошкольного и младшего школьного возраста // Москва, 1983. –
Вып.2. С. 74
6 . Оразбаева Ф. Қазақ тілі əдістемесі. Алматы: «Мектеп» баспасы. 2002. Б.90-97.
7. Сəрсенбаева А.А. Мобильное обучение иностранным языкам как одно из
основных направлений в системе автономного образования. Научный мир
Казахстана. 1-2010 №1 (29) Стр. 82-89.
Достарыңызбен бөлісу: |