Материалдары


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет62/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   174

 
136 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ  
 
Исхан Бейбіт Жәлелұлы  
Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ  «Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ»  
 
Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  заманауи  жаңа  технологияларды 
отандық  білім  кеңістігінде  кеңінен  қолдану  –  білім  алушыларды  өзгермелі 
қоғамда өмір сүруіне жан-жақты жағдай жасап, ақпараттық қоғамда еркін өмір 
сүруін  қалыптастырады.  Ол  үшін  әлемдік  тәжірибені  ескере  отырып,  кең 
ауқымда ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың дайындығы қажет. 
Ал бұның барлығы – отандық түрлі деңгейдегі білім ошақтарында сабақ беретін 
барлық  педагогтың  ақпараттық-қатыстық  жаңа  технологияларды  тиімді 
пайдаланып,  кәсіби  шеберлігін  шыңдауымен,  оқыту  үдерісін  жаңаша  
ұйымдастырып,  оқытудың  жаңартылған  әдіс-тәсілдерін  дұрыс  таңдай  алу 
мүмкіндіктерінің  кеңейуімен  тығыз  байланысты.  Әлбетте,  бұның  өзі  ғылыми-
теориялық  базаның  нығайуымен  қатар,  білім  ошақтарының  түрлі  жаңа 
техникалармен,  яғни  электронды  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етілуіне  де 
тәуелді екені шындық.  
Бүгінде отандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге жеткізуге мүмкіндік 
беретін  алғы  шарттардың  бірі  ретінде  барлық  деңгейлік  білім  ошақтарын 
электронды  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  ету,  оларды    ғаламтор  желісіне 
қосу,  оқу-тәрбие  үрдісіне  электронды-ақпараттық  түрлі  бағдарламаларды, 
электронды  құрылғыларға  негізделген  жаңа  әдіс-тәсілдерді  енгізу,  АҚТ 
бойынша  педагогтардың  біліктілігін  жетілдіру,  білім  беру  үдерісін  басқаруды 
ақпараттандыру мен автоматтандыру маңызды мәселелердің біріне айналды.  
Бұл ретте, ең әуелі, еліміздің жаңа буын ұстаздарының білім-біліктілігіне, 
рухани-мәдени  әлеуетіне,  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайына,  қоғамдағы  орны 
мен  рөліне,  құқықтық-саяси  мәдениеті  мен  мәртебесіне  назар  аудару  қажет 
екендігі  байқалады.  Себебі  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесін  одан  әрі 
жетілдіру,  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  мен  бағдарламаларын  жүзеге 
асыру,  жаңа  технологиялар  мен  жаңа  буын  оқулықтарын  дайындап,  оларды 
оқу-тәрбие  үдерісіне  енгізу,  еліміздің  білім  саясатының  ұлттық  моделін 
қалыптастыру  тәрізді  т.б.  маңызды  да  мәнді,  күрделі  де  келелі  мәселелер  – 
мұғалім-оқытушылар қауымына келіп тіреледі. 
Мұғалім-оқытушылар  өздерінің  кәсіби  шеберлігі  мен  іскерлігін,  кәсіби 
дайындығы  мен  біліктілігін,  кәсіби  іскерлігі  мен  сапасын  өсіріп  жетілдіруге 
ынталы  болмаса,  оқып  ізденбесе,  уақыт  көшіне  ілесе  алмай  қалатыны  анық. 
Оған  бүгінгі  жас  ұрпақтың  компьютерлік,  электрондық  техниканы  игеру 
қабілетінің аға ұрпақтан гөрі едәуір жоғары болып отырғаны да себеп.  
Егер  мұғалiм-оқытушы  компьютермен  жұмыс  істей  алмаса,  онда  оның 
оқыту  технологиясы  дәстүрлі  әдіс-тәсілдерге  негізделген  күйінде  қала  бермек. 
Ақпараттық технология дамыған заманда өмір сүріп, білім алып жатқан қазіргі 
жастарға  ол  жеткіліксіз.  Олар  аға  ұрпақтан  гөрі  заманауи  электронды  құрал-
жабдықтармен  жете  таныс  болғандықтан,  оларды  пайдалануды  ұстаздар 
қауымынан 
артығырақ 
біледі. 
Олардың 
осы 
артықшылығы 
мен 


 
137 
мүмкіншіліктерін  басты  назарда  ұстай  отырып,  оны  білімгерлердің  сапалы 
білім  алуында  пайдаланып,  өз  бетімен  ақпараттық-қатыстық  технологиялар 
арқылы  білім  алу  дағдыларының  қалыптастып,одан  әрі  дамуына  жағдай  жасау 
және  мультимедиялық  құралдарды  пайдалану  арқылы  оқыту  әдiстемесiн 
жетілдіру  оқытушылар  үшін  кезек  күттірмейтін  біліктілік  жетілдіру 
шараларының аса маңызды қатарына жатады.  
Сондықтан да қазақстандық қоғам мен ел үкіметі қазіргі педагогтардың өз 
шәкірттеріне  тиянақты  білім,  тағылымды  тәлім-тәрбие  беріп,  өзінің  ұстаздық 
міндетін  ойдағыдай  атқаруы  үшін  қажымай-талмай  ізденіп,  еңбек  етуіне,  жаңа 
технологияларды,  әсіресе  электронды  құрылығылармен,  компьютермен  жұмыс 
істеуді  жетік  меңгеруіне,  олардың  мәртебесінің  биік  болуына  әрқашан  алаң 
болып келеді. 
Жаңа  қоғамдық  қатынастың  «жаңа  педагогын»  қалыптастыру  үшін, 
педагогикалық жаңа технологияларды біліктілікті арттыруда кеңінен пайдалана  
отырып,  білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің  ғылыми-әдістемелік  бағыттағы 
жұмыстарын  жетілдіру  қажет.  Бұл  келелі  мәселені  ҚР  БжҒМ-гі    үнемі  аталып 
көрсетіліп келеді.  
Мұғалімнің  қоғамдағы  мәртебесін  көтеру  –  мемлекеттік  іс,  ал  оған 
атсалысу  бәріміздің  міндетіміз  екені  баршаға  түсінікті.  Өйткені  адамзат 
тарихында  жас  ұрпақ  тәрбиесінде  ата-анадан  кейінгі  басты  орынды  ұстаздар 
қауымы алып келген. Осыны ескерген еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен 
бастап, білім беруді дамыту, адам капиталын жетілдіру үшін маңызды қадамдар 
жасауға  барды.  Білім  беруді  дамытудың  басым  бағыттары  болым  саналатын 
тұстарына назар аударып, нақты шешімдер қабылдады. Оны жүзеге асыру үшін 
қазіргі заман білімімен қаруланған мамандар қажет екеніні ескерілді. Мәселен, 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  Қазақстан  халқына  арнаған  2012  жылғы 
Жолдауында  осы  мәселеге  қатысты:  «…  педагогтар  құрамының  сапасын 
арттырудың  маңызы  зор.  Арқаулық  педагогтік  білім  берудің  үлгі-қалыптарын, 
мектептер  мен  жобалар  оқытушыларының  біліктілігін  арттыруға  талаптарды 
күшейту 
қажет. 
Әр 
өңірде 
педагогтардың 
біліктілігін 
арттыратын 
интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс» [1], - деген еді. Демек,  біздің 
елдің де әлемдегі озық елдердің қатарына қосылуы үшін барынша тиімді ықпал 
ететін  жаңа  буын  ұстаздарын  қалыптастырудың  аса  қажет  екені  айқын  болып 
отыр.  
Алайда,
 
аталған  мәселелердің  оңтайлы  шешімін  тауып,  нақты  өмірге 
енгізудің  өзіндік  қиыншылықтары  мен  күрделі  жақтарының  бар  екені  рас. 
Оларды  шешу  үшін  бүкіл  елді  компьютерлермен  (электронды  құрал-
жабдықтармен)  қамтамасыз  етіп,  барлық  тұтынушыға  қолжетімді  ғаламтор 
желісін  іске  қосу  қажет  екенін  өмір  көрсетіп  отыр.  Жұмыс  істеуге,  ақпарат-
мәлімет  алуға  қажетті  нәрсенің  өзі  барша  жұртқа  бірдей  қолжетімді  болмай 
жатса,  «онымен  қалай  тиімді  жұмыс  істеуге  болады»  дегенді  үйрететін 
нұсқаулықтар мен оқулық, оқу құралдарының, оқыту-үйрету курстарының және 
тағы  басқадай  іс-шаралардың  тиімділігінің  шамалы  болатыны  кімге  де  болсын 
түсінікті. Жоқ нәрсені пайдаланудың ережесі, ол туралы терең теориялық білім 
мен жан-жақты біліктілік ешкімді де қызықтырмайды.  


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау