Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет101/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174

 
219 
Қазақтың  ұлы  ағартушыларының  тәлімгерлік  еңбектері  Қазақстанда 
этномәдени  білім  берудің  бастауы,  бірінші  кезеңі.  Бұл  Қазақстанның  Ресей 
құрамында  болған  дәуірге  сәйкес  келеді.  Еліміздегі  этномәдени  білім  беру 
идеялары  XIX  ғасырдың  II  жартысында  қазақ  халқының  ұлы  ойшылдарының 
әлеуметтік-саяси,  философиялық,  педагогикалық,  психологиялық  көзқарас-
тарымен  өзекті  байланыста  дамыды.  Қазақстанда  этномәдени  білім  беру 
идеялары 
Ш.Уәлиханов, 
Ы. 
Алтынсарин, 
А.Құнанбаев 
есімдерімен 
байланысты.  
Ш.Уәлихановтың  ағартушылық-халықшылдық  көзқарасы,  Ы.Алтынса-
риннің 
тәлімгерлік 
мұралары, 
Абайдың 
философиялық-педагогикалық 
көзқарастары  Қазақстанда  этномәдени  білім  берудің  негізін  қалауға 
прогрессивтік ықпал етті.  
Кеңес дәуіріне дейінгі кезеңде қоғамдық философиялық және этномәдени 
білім 
беру 
идеясының, 
педагогикалық 
ойдың 
дамуына 
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров, 
Мухаммед  Салим  Кашимов  т.б.  қазақ  оқымыстылары  үлкен  үлес  қосты.  Бұл 
кезеңде  ұлы  ағартушылар  ісін  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Халел 
Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев т.б. жалғастырды. 
Сонымен  қатар  осы  кезеңде  қазақ  ағартушылары  мен  қайраткерлерінің 
демократтық-гуманистік 
көзқарастарына 
Ресейдің 
озық 
ой-пікірдегі 
оқымыстыларының 
(Ф.М.Достоевский, 
В.Затаевич, 
П.Э.Михаэлис,  
Г.Н.Потанин,  В.В.Радлов,  Т.Шевченко,  А.Янушкевич  т.б.)  әсері  болғандығын 
да айта кету керек. 
Ресей  империясы  құрамындағы  Қазақстанда  этномәдени  білім  беру 
теориясына  жасаған  тарихи  талдау  мынадай  тұжырымға  келуімізге  мүмкіндік 
берді:  
-  Қазақстанды  Ресейдің  отарлау  саясаты  Қазақстанның  экономикасына 
ғана емес, әлеуметтік-мәдени өміріне де өз ықпалын тигізді;  
-  орыстандыру  саясаты  арқылы  халықты  өз  дінінен,  тілінен,  мәдениеті 
мен тарихынан алшақтатпақшы болды;  
-  осы  кезеңде  Қазақстанда  этномәдени  білім  беру  идеясының  негізін 
қалаушылар  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев  т.б.  болды.  Олардың 
еңбектері  мен  атқарған  педагогикалық  қызметтері,  ғылыми  зерттеулері,  әдеби 
шығармалары этномәдени білім беру негізін қалады. 
Қазақ  топырағында  этномәдени  білім  идеясының  туын  алғаш  көтерген 
Ш.Уәлиханов. Ағартушы этномәдени білім беру мазмұнында қазақ халық ауыз 
әдебиетін  жинақтау  арқылы  балалар  мен  жастар  тәрбиесінің  әлеуметтік  – 
тарихи  тәжірибесін  әсерлі  көрсете  білді.  Абайдың  этномәдени  білім  беру 
идеяларындағы  басты  нысана  -  «Атаның  баласы  болма,  адамның  баласы  бол... 
жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», – деген гуманистік ой-пікірді 
қуаттау  болды.  Абай  адамды  тұтас  жеке  тұлға  ретінде  қабылдады,  «толық 
адам» идеясын ұсынды. 
Қазақстанда этномәдени білім берудің екінші, қалыптасу кезеңі еліміздің 
Кеңес  Одағының  құрамында  болған  дәуірге  сәйкес  келеді.  Осы  бір  қарама-


 
220 
қайшылыққа  толы,  қасіреті  мен  зұлматы  жетіп-артылатын  70  жылда  қазақтың 
халық педагогикасы, ұлттық тәлім-тәрбиесі ұмытылудың шақ алдында қалды. 
Сонымен,  Қазақстанда  этномәдени  білім  берудің  даму  кезеңі  еліміздің 
тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың ана тілі, ұлттық мәдениеті, төл тарихымен 
толыққанды  қауышуға  мүмкіндік  алған  тарихи  кезеңнен,  яғни  өткен  ғасырдың 
90-жылдарынан  басталып,  бүгінгі  күнге  дейінгі,  әзірге  қысқа  да  болса 
ғасырларға бергісіз аралықты қамтиды.  
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
 
1. Қазақстан 
Республикасы 
мәдени-этникалық 
білім 
беру  
тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан,  7 тамыз 1996 ж.  
2. Наурызбай  Ж.  Научно-педагогические  основы  этнокультурного 
образования школьников, А,1997, с. 320. 
3. Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі: 
Педагогика және психология. – Алматы: “мектеп”, ЖАҰ, 2002. - 56 б. 
 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ 
БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Омар Б.С. 
Қарағанды қаласы, №53 «Алмагүл» балабақшасы 
baxa.58@mail.ru
 
 
Бүгіндері 
біздің 
елімізде 
білім 
беру 
саласындағы 
маңызды 
проблемалардың  біріне  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  білім  берудің  жаңа 
жолдарын  дамыту  болып  отыр.  Мұндай  жолдардың  біріне  білім  берудің 
инклюзивті  моделін  дамытуды  жатқызуға  болады,  ол  мүмкіндіктері  әртүрлі 
балаларға сапалы білім алуды қамтамасыз ете алады [1: 7].   
Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің МемС-да мүмкіндігі 
шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру үдерісіне енгізуді міндет 
етіп қояды [2: 9].  
Концептуалды еуропалық ғалымдар мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы 
инклюзия  туралы  бірауыздан  былай  дейді:  “  Инклюзия  –  бірге  болудан  да 
үлкен, маңызды, ол барлық - қалыпты дамып жатқан да, мүмкіндігі шектеулі де 
балалардың  балабақшадағы  жалпы  топтарындағы  сабақтарға  белсенді  қатысуы 
үшін мүмкіндіктерді ұйымдастыру дегенді білдіреді»[3: 15].  
Бұл  пікірмен  біз  де  келісеміз,  себебі  МДҰ  білім  беру  үдерісі  балаларды 
күту,  қамқор  болуды  ғана  емес,  тәрбиелеу  мен  білім  беру,  өмірлік  маңызды 
дағдыларға  үйрету,  балалардың  жеке  қасиеттері  мен  қабілеттерін  дамыту, 
олардың  дамуындағы  кемшіліктерін  түзетуді  де  қарастырады.  Мүмкіндіктері 
шектеулі  балаларды  білім  беру  үдерісіне  тарту  ең  алдымен  ересектердің 
балаларға  деген  көзқарастарын  өзгертеді  –  “ерекше”  балаларда  ғана  емес, 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау