489
Бокс кең тараған жекпе-жек түрі. Бокспен шұғылдану үшін
үлкен шыдам, күш, ержүректік, ептілік, беріктік, тез шешім
қабылдаушылық, сонымен қатар басқа да арнайы сапалар қажет.
Энергия шығыны жұмыс қарқындылығына байланысты, ол
аз салмақ категориясындағы спортшыларда көбірек келеді жəне
минутына 15-25 ккал болады. Жалпы алғанда, жаттығудан кейін
энергия шығыны салмақ категориясына, сыртқы орта температу-
расына жəне спортшының жаттығу дəрежесіне байланысты 3700-
6000 ккал құрайды. ОМП 55 мл/мин/кг тең. ТЖ минутына 35-50-ге
жетуі мүмкін болса, ал өкпелік вентиляция 80-нен 120 жəне одан
да көп литрді құрайды. Оттегіні сіңіру 4-5 л/мин. тең əрі оттектік
қарыздылық тəн. Боксшыларда ӨТС орта есеппен, 3500-4500 мл.
ЖЖЖ-не баяулау тенденциясы тəн, тыныштық күйде 45-55 екп/
мин. Ұрыс кезінде ЖЖ 180-200 екп/мин. жəне одан жоғары мəнге
жетуі мүмкін. Ұрыстан кейін қандағы лактат мөлшері дереу артады
да, 8-12 ммоль/л жəне одан жоғары болады.
Сайысу (семсерлесу) – спорттық суық қарулардың бір түрімен
жекпе-жек негізінде жатқан спорт түрі. Сайысу сабақтары
шапшаңдықты, ептілікті, төзімділікті, өзін-өзі ұстауды, күрделі
жағдайларда қас қағымда шешім қабылдауды жəне тез əрекет етуді
дамытады.
Рапира, сапы (шпага) немесе қылышпен сайысуда спортшының
мақсаты берілген уақытта қарсыласына көп соққы санын беріп не-
месе түйреп үлгеру.
Қазіргі кезде сайысуда рапира, шпага жəне қылыш сияқты қару
түрлері қолданылады. Үшкір қылыш пен семсер – шаңышқылы,
қылыш – жарғыш қару. Рапира мен шпага арқылы сайысуда элек-
троаппаратура қолданылады, яғни түйрегеннен соң электр тізбегі
тұйықталады да кішкентай лампы жанады.
Ұрыс кезінде ЖЖЖ артады да, 160-180 екп/мин. жəне одан
жоғары мəнге жетуі ықтимал. ОМП ер адамдарда 56 мл/мин/кг, ал
əйелдерде 44 мл/мин/кг.
Сайысуда көру, тепе-теңдік жəне қимыл аппараттарының маңы-
зы зор. Көру қабылдауы негізінен сайысшының барлық əрекетін
анықтайды. ТЖ ұрыс кезінде минутына 30-40 экс жəне одан жоғары
мəнге дейін артады. Энергия шығыны түйреу мен барлық айқастың
қысқа мерзімде орындалуымен байланысты айтарлықтай болмайды.
Сайысшыларда өкпелік вентиляция жарыс кезінде 60-100 л/мин.
490
дейін жоғарылайды. Энергия шығыны ерлерде 3600-4200 ккал, ал
əйел адамдарда 3000-3600 ккал тең болады.
Жылдамдықты-күштік спорт түрлері
Ауыр атлетика (АА) – штанга көтеруден бəсеке, бұл дене күші
мен техника қатар шешуші рөл атқаратын спорт түрлеріне жатады.
Жұмыс динамикалық сипатта, ал штанганы көтерген жəне бекіткен
кезде статикалық сипатқа ие болады. Штанганы көтергенде дене
тепе-теңдігін сақтап тұру маңызды болып табылады.
Ауыр атлетика күш пен шапшаңдықты дамытады. Штанга
қозғалысы координация бойынша күрделі болып келеді.
А. Н. Воробьев мəліметтері бойынша штанга көтерушілерде
негізгі алмасу күйінде энергия шығыны (салмақ категорияларына
тəуелділіктен тыс) стандартты өлшемдердің 86-96%-ын құрайды.
Бұл тотығу үдерістерінің үнемділігін көрсетеді. Жаттығу кезіндегі
жиынтық энергия шығыны салмақ категориясына байланысты
3700-ден 6000 ккал-ға дейін болады. ОМП 56 мл/мин/кг тең келеді.
Штанга көтергенде тыныс алу күштенген жəне тынысты кідірткен
кезде жүреді. Бұл кезде құрсақ ішілік жəне веноздық қан қысымы
жоғарылайды.
Штанга көтерген кезде өкпелік вентиляция мен оттегіні сіңіру аса
жоғары болмайды. Бұлшық ет жұмысы штанга көтергенде көбіне,
анаэробты жағдайларда өтеді, осыған орай оттектік қарыздылық
оттектік қордың 80-90%-ға жетуі мүмкін.
ЖЖЖ штанга салмағына, тəсілдің қайталануына жəне
спортшының жаттығу дəрежесіне байланысты болады. Ол 160-
185 екп/мин жетуі ықтимал. ЖЖЖ жиіленуі көбіне, штанганы
түсіргенде байқалады. Тыныштық күйде штанга көтерушілердің
пульсі 60-70 екп/мин болады. Оларға артериялық қан қысымының
жоғарылау тенденциясы тəн. Бұл жаттығу кезінде тыныстың кідіруі
мен күштенуге байланысты. Жаттығудан кейін систолалық сияқты
диастолалық қан қысымының да төмендеу тенденциясы тəн.
Штанга көтерген кезде күштену (ышқыну) жүрек қызметіне
қандай да бір қиындықтар тудырады, мұның жүрек бұлшық еті
гипетрофиясының дамуына əкелуі сирек құбылыс емес.
491
Күрделі техникалық спорт түрлері. Гимнастиканың
физиологиялық сипаттамасы
Спорттық гимнастика – денсаулықты нығайтуға, адамның
қимыл қабілеттерін жетілдіруге жəне дененің үйлесімді дамуына
бағытталған арнайы дене жаттығуларының жүйесі. «Гимнастика»
түсінігі аясына спорттық жəне көркем гимнастика, спорттық акро-
батика кіреді.
Спорттық гимнастикада ер адамдар алты, ал əйел адамдар төрт
снаряд қолданады.
Гимнасшы жаттығулары қозғалыс аппаратын жетілдіруге
бағытталған. Энергия шығыны гимнастикалық жаттығулардың
қысқа мерзімде орындалуына байланысты айтарлықтай болмайды.
Тек жаттығуларды көп рет қайталағанда, күніне жаттығуды 2-3 рет
орындаған кезде ғана əйел адамдарда 3000-3600 ккал, ал ерлерде
3600-4200 ккал тең болады. Ер адамдарда ОМП 60 мл/мин/кг.
Қозғалыстың сан алуан болуымен, кеңістіктегі дене күйімен
жəне статикалық қалыптың болуымен байланысты тыныс алу
аппаратының жұмысына белгілі бір қиындықтар туындайды. Ты-
ныс жиілігі, тереңдігі, ырғағы орындалатын жаттығу техникасының
ерекшеліктеріне байланысты келеді. Кейбір жаттығулар тыныстың
кідіруі жəне күштену кезінде орындалады. Гимнастикалық
жаттығуларды орындау кезіндегі газ алмасу мөлшері қозғалыс си-
патына жəне жұмысқа тартылған бұлшық еттер топтарына тəуелді
келеді.
Жаттығуларды орындауға жүрек-тамыр жүйесінің реакциясы
əртүрлі. Мəселен, акробатика, секіру, жүгірулері көп құралдарсыз
жасалатын гимнастикалық қозғалыстарды (еркін жаттығуларды)
орындау кезінде пульс 160-180 екп/мин жəне одан жоғары мəнге
дейін жиілейді, артериялық (систолалық) қан қысымы 130-150 мм
сынап бағанасы дейін жоғарылайды.
Сыртқы тыныс алу қызметі жоғары көрсеткіштер көрсетпейді,
бұл статикалық күйдің көп болуымен байланысты, ал динамикалық
жаттығулардың қысқа мерзімде орындалатыны белгілі. Құралдарсыз
жасалатын гимнастикалық қозғалыстар кезінде ТЖ соншалықты
организмнің оттегіге сұранысымен емес, сол немесе басқа да
жаттығуларды орындаудан туындаған тыныс алу мүшелерінің
биохимиялық өзгерістерімен анықталады. Оттектік қарыздылық
Достарыңызбен бөлісу: |