430
С. Альварес бойынша көп сатылы іріктеу үдерісінде дене
жүктемелеріне жауап берудің гипокинетикалық типі (олар шама-
мен, 21%-ға жуық) мен гипокинетикалық топпен салыстырғанда
неғұрлым жоғары жаттығу əсерін көрсететін жауап берудің
гиперкинетикалық типін (26%) ажыратады.
Л. Р. Кудашева (1997) мəліметтері бойынша да осы шамалас
жоғары дəрежеде шыныққан спортшылар саны да аэробты жəне
анаэробты мүмкіндіктері жоғары мобилденетін жəне ең қуатты
ситуациялық спорт түрлері өкілдері арасында байқалған. Мысалы,
волейболшылар арасында – 10%, баскетболшылар – 18%, футбол-
шылар – 33% болған.
Е. Б. Сологуб, 3. Ю. Бедрина жүргізген жоғары білікті баскетбол-
шыларда тактикалық ойлауды зерттеу тактикалық тапсырмаларды
шешуде ақпаратты қайта өңдеу қабілетінің ұлғаю дəрежесі бойынша
спортшыларды 3 топқа жіктеуге мүмкіндік берген.
1. Жоғары қабілетті баскетболшылар барлық зерттелінген
спортшылардың 30%-ын құраған. Олар 12 рет жүргізілген жаттығу
сабақтарынан кейін мидың өткізу қабілетінің өсімі (С) 1,8 бит/с
болған. Мұнда, ойын кезінде өткізу қабілетінің орта есеппен
бастапқы деңгейі С=2 бит/с;
2. Барлық бақыланған спортшылардың 44%-ын құраған орташа
деңгейлі баскетболшылар С=1.5 бит/с;
3. Үйретудің төмен деңгейі тəн баскетболшыларда (26%) С=1,2
бит/с болған.
Тактикалық міндеттерді шешуде жоғары деңгей тəн спортшы
баскетболшыларды іріктеу үшін ақпараттық психофизиологиялық
көрсеткіштер анықталған. Олар өзін-өзі бағалаудың Спилбергер-Ха-
нин шкаласы бойынша мазасыздықтың төмен деңгейімен, өзін-өзі
сезіну мен көңіл-күйін бағалауда сынның жоғары болуымен жəне
зейін концентрациясы мен таңдаудың жоғарылығымен сипатталады.
Жоғарыдағы мəліметтерді саралай келе, морфологиялық-
физиологиялық көрсеткіштер мен спорттық жетістіктерінің орташа
көрсеткіштері тəн болып келетін негізгі тұлғалармен қатар жаттығу
кезінде бұл көрсеткіштер өсімінің жоғары немесе төмен деңгейіне
ие тұлғалардан құралған топтар (10-30%) да бар деп тұжырымдауға
болады. Жоғары жаттыққан тұлғаларды іздеу спорттық іріктеудің
басты міндеті болып табылады. Бұл міндетті шешу барысын-
да əрбір таңдаулы спорт түрі үшін ақпараттық физиологиялық,
431
морфологиялық, психофизиологиялық жəне психологиялық пара-
метрлер үлгісін жасау қажет.
Таңдаулы спорт түріне бейімделудің даму жылдамдығы
мəселелері
Теплов-Небылицин дифференциациялы психология мектебінде
жүйке үдерістерінің күші, қозғалғыштығы жəне лабилділігімен
қатар туа біткен маңызды қасиеттердің бірі – жүйке жүйесінің
біріншілік қасиеті ретінде динамикалық немесе үйрету қасиеті
жайында мағлұматтар келтірілген (В. Д. Небылицын 1963-1972).
Үйрету шартты рефлекстердің түзілу жылдамдығы ретінде
түсіндірілген.
П. К. Анохиннің қызметтік жүйе туралы ілімінің дамуы
үйрету туралы мағлұматтарды өзгертті. В. М. Русалова (1989)
анықтамасы бойынша динамикалылық немесе үйрету – организм-
де жаңа қызметтік жүйелердің қалыптасу шапшаңдығы. Адапто-
логияда спорттық жаттығу үдерісінде жүктемелерге спортшының
физиологиялық жүйелерінің бейімделуі жəне оның бейімделу
жылдамдығының рөлі жайында мағлұматтар бар.
Мұнда организм қызметтерінің қайта құрылу дəрежесі əр адам
үшін генетикалық белгілі бір нормамен, яғни организм түрлі
белгілерінің өзгергіштігі аясында, ал жылдамдық уақыт бойынша
белгілердің өзгерістерін бақылап отыратын арнайы (темпоралды)
гендермен шек қойылып отырылады.
Əрбір индивид үшін бұл гендер белсенділігінің өзіндік хроно-
логиясы, яғни уақытты санау жүйесі бар. Ол организмнің жеке дара
өсуі мен дамуын, жасуша ядросындағы генетикалық ақпараттың
берілу ұзақтығын, жасушада қажетті белоктардың синтезін, же-
келенген гендердің белсенділігінің қосылуы мен өшірілуін, жеке
белгілердің дамуының сыни жəне сенситивті кезеңдерінің басталу
моментін, олардың өту ұзақтығын, организмнің түрлі жүйелерінің
функциялық белсенділігі қарқынын, адамның оқып үйрену
жылдамдығын жəне т.б. тіршіліктің уақыттық параметрлерін
анықтайды. Мысалы, жасөспірімдердің бір тобында өтпелі кезең 5-6
жыл бойына, ал басқаларында небəрі 1,5-2 жыл ішінде өтуі мүмкін.
Егіздерге зерттеу жүргізу нəтижелері оқып үйренудің генетикалық
табиғатын көрсетті. Vogel F., Motulsky A. (1990) жүргізген түрлі түсті
пішіндер жұбын 30 с-та біріктіру арқылы орындалатын арнайы тест
қолдану кезінде бір жұмыртқалы егіздерде меңгеру жылдамдығы
432
бірдей болған, ал екі жұмыртқалы егіздер арасында нақтылы елеулі
айырмашылықтар орын алған.
Демек, жоғары жəне төмен дəрежеде жаттыққан спортшы-
лар тек жұмысқа қабілеттіліктерінің өзгерістері, дене сапасы мен
функциялық көрсеткіштердің мөлшері бойынша ғана емес, соны-
мен қатар барлық осы көрсеткіштердің өзгеру жылдамдығы мен
сəйкесінше, жоғары спорттық нəтижелерге жету уақыты бойынша да
бір-бірлерінен ерекшеленеді. Жаттықтыру əсерінің даму мөлшері мен
жылдамдығы тəуелсіз өзгермелі болып табылады. Бұл факторларға
байланысты шыныққандықтың 4 нұсқасы бар (шыныққандық ту-
ралы толығымен жаттығу жүктемелерінің жіктелуін, спорттық
жаттығулардың қағидаларын жəне жоспарлануын физиологиялық
негіздеу 8-тарауда толығымен баяндалған):
1. Жоғары жылдам шыныққандық: жүйелі жаттығудың алғашқы
кезеңдерінде барынша жылдам өсіп барып, содан соң «қанығу
деңгейіне» (мүмкіндігінше максималды жаттығу əсеріне) баяу
(асимптотикалық-нышансыздық) жуықтай отыра аз өзгеретін үлкен
əсер.
2. Жоғары баяу шыныққандық: біртіндеп, баяу өсіп отыратын
үлкен жаттықтыру əсері.
3. Төмен жылдам шыныққандық: жүйелі жаттығудың салыс-
тырмалы қысқа кезеңінде-ақ көрінетін жəне тез артатын, əрі қарай
аз өзгеріске ұшырайтын үлкен емес жаттықтыру əсері.
4. Төмен баяу шыныққандық: жүйелі түрде жаттықтыру
үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу əсері.
Осы
іспеттес
жеке
дара
физиологиялық-генетикалық
ерекшеліктердің болуы көп жылдық спорттық жаттықтыру
үдерісінде көп сатылы іріктеу қажеттілігін негіздейді.
Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар жəне
барабар емес таңдау маңызы
Спортшының шыныққандығын одан əрі жақсы дамыту үшін
іріктеу жəне болжау жоспарында:
1. Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар таңдау;
2. Спортшының арнаулы жүктемелерге бейімделу жылдам-
дығына генетикалық ықпалды ескере отырып, көп жылдық
Достарыңызбен бөлісу: |