148
(«культуртрегер» ілімі). Азия қойнауынан манчжур-моңғолдар келіп, кейін
түріктенген. Сонда түріктердің ата-тектері қайдан келген? Мүмкін ғарыштан
шығар? Мəрмəр теңізінен Солтүстік мұзды мұхиттың арасында орасан зор
аймақта орта ғасырларда түріктер қандай күштің қуатымен жетекші этнос
болған? Бұл сұрақтарға байсалды берілген жауап жоғарыдағы көзқарастың
сыңаржақтығын көрсетеді. Бұл туралы əдебиетте жеткілікті жазылған. Жəне де
«арийорталықтық» болжамды дəлелдейтін нақтылы деректерді оның
жақтаушыларынан табу қиынға соғады. Керісінше, типологиялық зерттеу
түріктік көшпелі өркениеттің гомогендігін жəне автохтондығын көрсететін
көптеген айғақтарды келтіреді (мифология, жазу бітімдері, мəдени кодтар,
ШМТ, дін…).
Көшпелі ауылдық қауымға негізделген қазақтардың төлтума əлеуметтік
типінің құрылымдық элементтеріне (субъектілері) де отандық əдебиетте тек
соңғы жылдары дұрыс баға беріліп жүр. Бұрынғы маркстік қоғамтанудағы
«феодал», «ауыл пролетариі», «қанау», «теңсіздік» жəне т.б. ұғымдарды қазіргі
кезде фанатик коммунистен басқалар қолданбайтын шығар… Ал «бай»,
«кедей», «хан», «би», «төре» сияқты ұғымдардың мазмұны мүлдем өзгерген.
«Қазақстанда феодализм бар ма?» атты мақаласында Ғ. Есім «бай» ұғымының
бес мағынасын атап өтеді (игілік иесі, қауымдық меншікті басқарушысы,
шаруашылық демеушісі, кəсіпкер, ауыл ұйтқысы).
Тұлға жəне мəдениет
Мəдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда бірнеше маңызды ұғымға
тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі бірден көзге түсетіндер: мəдени əрекет,
мəдени орта, мəдени игіліктер мен қажеттіктер жəне мəдени ұғымдар,
ұжымдар. Бұлардың арасында ең маңыздысы – мəдени əрекет. Əрекеттану –
жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тəсілі, тіршіліктің тірегі. Мəдени əрекет
деп, əдетте, мəдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған
мақсатқа сəйкес əлеуметтік іс-қимылдарды айтады. Мəдени игіліктерді
толассыз жасау нəтижесінде адам өзінің де мəдени деңгейін көтереді.
Осы əрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде философия адамның
талап мұқтаждарын, мəдени қажеттіліктерін бөліп қарастырады. Осылардың
қатарына біз мынадай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мəні мен
мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа
талпыныс, альтруизм, гумандылық жəне басқалары.
Мəдени орта ұғымы мəдениеттің коммуникациялық (қатынастық)
табиғатымен тығыз байланысты. Мəдени орта заттық-материалдық, əлеуметтік
ұғымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға
техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мəдениет дəрежесі,
адамдардың білімділігі, кəсіптік шеберлігі, рухани мəдениетті сақтау жəне
насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар жəне
тағы басқалар) жатады.
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тəжірибе негізінде сұрыпталған жазу сызу
149
мен азаматтық қоғам əлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дəстүрлер мен əдет-
ғұрыптар мəдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіншілігі болды. Ескі ырымдар
мен əдет-ғұрыптардан, надандық пен анайылықты емес, қазіргі ұлттық
мəдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кезкелген ұлттық мəдениеттің рухани негізі мен ділін, ондағы
адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мəдениеттің тағы бір
түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мəдениеттерді
құрту мақсатында дінді апиын деген марксизм қағидасын басшылыққа алып,
ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мəңгүрттерді тəрбиелеуге
тырысты.
Ал, шындығында, дін мəдени дамуда орасан зор рөл атқарды. Дінге
дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық
немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар
аударылады. Осының нəтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда,
дінтанусыз мəдениеттану жоқ.
Мəдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы
адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мəңгілік
туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай
сұлу дүниелерсіз, өнер əлемінсіз қандай мəдениеттің болсын рухын сезіне
алмаймыз. Шынында да, өнер – мəдениеттің алтын қазынасы, адамның
ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі, оның əсемдікке, сұлулыққа
ұмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға
болады: мəдениет – адам əлемі. Мəдениет көріністерінде адамдық парасат,
ақыл-ой, ізгілік пен əдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған.
Сонымен бірге, мəдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Əл-
Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни мəдениетті жан.
Адам – табиғат туындысы жəне ол үшін табиғи орта мəңгілік қажеттілік
болып қалады. Мəдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет
айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігінде
күмəн жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші алған
пендесі.
Ғасырлар – адамның мəдени дамуының куəсі. Бірақ осы алға қарай
жылжу Жер-анаға əр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне
ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда, осы белсенділік көп жағдайда
табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.
Мəдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адам
табиғатының антимəдениеттілігі жөніндегі ілімдері еді (кинниктер, Ф. Ницше).
Контрмəдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мəдениеттегі
руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды.
Мəдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім – мəдени антропология.
Əрине, аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым əсірелеп
жібереді, əйткенмен, оның қисыны да бар сияқты. Өйткені ХХ ғасыр мəдениет
пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп,
заман талабына сəйкес экологиялық мəдениет ілімін тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: |