14
4.
«Көру бұрышы», «көру нүктесі», «көкжиек сызығы», «зат жазықтығы»,
«картина жазықтығы», т.б. сызықтық перспектива заңдылықтары мен негізгі
түсінігі.
5.
Гармония пластика заңдылықтары.
6.
Сызықтық жəне ауа перспективасының негізгі заңдылықтары.
7.
Тұтастық колориттік шешім.
Бейнелеу өнері шығармаларын көзбен көріп, көріністі – образды
бейнелер арқылы бағалауға болатындықтан, оны көріністі – бейнелі
/визуальды/ /лат. visualis-көрініс/ - өнер деп атайды. Бейнелеу өнері
шығармалары шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол заманның
рухани мəнің, саяси, философиялық, эстетикалық, адамгершілік
идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырады, оған эмоционалды-
психологиялық сипат береді. Бейнелеу өнері - өнердің бірнеше
түрлерін қамтитын ұғым. Оған негізінен кескіндеме, мүсін, жəне
графика, сəн жəне қолданбалы өнер жатады. Сəулет өнері, қолөнері,
дизайн
үшін
де
«кеңістік»,
«пластикалы»,
«визуальды»
деген
түсініктер сəйкес келеді.
Бейнелеу
өнерінің
ерекшелігі
–
суретшінің өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сəтімен айқын
көрсетуінде. Бейнелеу өнері шығармаларында ораздар кино мен
театыр, музыкадағыдай уақытқа сай дамымайды. Бұған қарап,
бейнелеу өнері сезінгенді, көзге шалынғанды ғана көрсетеді деуге
болмайды. Ол шындықты жан – жақты бейнелей отырып, оқиғалардың
өрісін
айна
қатесіз
түсіру
арқылы
адам
жанының
барлық
қалтарыстарын аша алады. Бейнелеу өнерінің көркемдік шешімдері
бұған толық айғақ. Суретші образдардың, өмір құбылыстарының
типтік жағын таңдап ала отырып, өзі өмір сүрген заманың тірлік -
тынысын жинақтап, жан- жақты бейнелейді.
Бейнелеу өнеріндегі бейнелеуші құрал тəсілдер – шығарманың
көркем образын жасап шығаруға көмектеседі. Ол жұмыстың көркемдік
тілін
құрайды.
Живопсисьте
оның
басты
бейнелеуші
құрал
тəсілдерінің бірі бояу түсі арқылы колориттік тиімділікке жетуге,
жарық қарқындылығын күшейтуге, не бəсеңдетуге, графикада сызық,
таңба, штрих арқылы шығарманың романтикалы, лирикалы т.т.
сипатын анықтауға болады. Сол секілді мүсін өнерінде бейнелеу
мүмкіндіктері – сомдау əдісі, пластика, пішін, көлем, прапорция
қатынасы т.т. терең эмоционалдылық тудыратын құрал тəсілдерге
байланысты.
Өнер көркемдікті өмірді шынайы бейнелеуді талап етеді.
Шындықты бұрмалауды көркемдік көтермейді Көркемдік қоғамның
дамып отырған талғамына жауап беруі керек. Өнерге тəн нанымдылық
пен жағымдылық көркемдіктің негізі болып табылады.
15
Живописьтегі түс бəрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады
жəне барлық күш қуатымен өркен жаяды.
Түс – живописьтің жаны. Сондықтан живописьшінің міндеті – картинаның
жақын жəне алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылық аңғарымпаздықтан
ұстай білуінде.
1.
Живописьтің палитрасы, «Палитра» сөзінің екі мағынасы бар: біріншісі –
суретші бояуларды салып, араластыратын тақта, екіншісі – суретші жұмыста
пайдаланатын бояулардың белгілі бір жиынтығы.
Атақты суретшілер: В.Бакшиевтің, К.Коровиннің, А.Рыловтың палитрасы.
4. «Этюд» - қолға қылқалам ұстаған суретшінің белсенді пайымдауы мен ой
толғауы деп айтуға болады.
Этюд салу үстіндегі жұмыстың мақсаты - өмір мен табиғаттың
құбылыстарына жіті көз салып, шынайы беру, бұл құбылыстар сурет салушының
бойында тудыратын сезімдерді айқындап дəлме-дəл білдіру.
Композиция (лат. «composito» – «құрастыру, шығарма») – көркем
шығарманың көрінісі. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке
бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді.
Композиция элементтері бірлікке ұштастырылған, бір-біріне
мақсатты көркем құрылым. Пластикалық өнерді композиция көркем
форма түзілімінің жеке сəттерін біріктіріп тұрады. Композиция
əдістері өнердің өзіндік ереекшеліктеріне, шығарманың идеясына,
авторлық ой-түйінге сəйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі
құрылымымен бірге оның сыртқы ортамен көрермендер арасындағы
қатынасында
белгілейді.
Бейнелеу
өнеріндегі
композиция
шығарманың
идеялық
жəне
сюжеттік
тақырыптық
негізін
нақтыландыру
барысында
заттармен
фигураларды
кеңістікке
орналастыру тəртібін, шығарма көлемін тиянақтау əрі жарықпен
көлеңке ұнасымын қадағалау арқылы көрінеді.
Композиция
«орнықты»,
«айнымалы»,
«ашық»
жəне
«жабық»
болып
бөлінеді.Орнықты жəне ашық түрі Қайта өркендеу дəуіріндегі өнерде
басымырақ қолданылады, ал айнымалы жəне ашық типтері барокка
стилінен айқын көрініс тапты.
Суретші өз шығармасында айтпақ ойын анық жəне əсерлі болу
үшін, онда бейнеленетін нəрселерді белгілі ретпен орналастыруға көп
көңіл бөледі.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнын
неғұрлым айқын, нанымды, əсер лі шығуына жағдай жасайды.
Қарапайым тілмен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылымы
толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара
құрастырып, біртұтас етеді.
Перспектива. (лат. «percpicere» - «анық көремін» деген сөзден
шыққан.) Ол кеңістікті қалай бейнелеу туралы ұғым. Ол бізге көз
алдымыздағы болмысты сол көрініп тұрған қалпында бейнелеуді