«Ашық мектеп»
Қоғамдық білім беру қоры
Ата-ананың қолынан
келмейтін іс болмайды
Алматы, 2014
УДК 37.0
ББК 74.90
А 90
А 90 Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды…= Как много могут ро-
дители… – Алматы: «Ашық мектеп» ҚББ, 2014. – 224 бет.
ISBN 978-601-275-421-6
«Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды....» атты кітап жинағы мүм-
кіндігі шектеулі балаларына көмек көрсету жолында, тағдыр қиыншылығынан
сескенбей бетпе-бет келіп, емделу барысында айтарлықтай нәтижеге жетіп, ба-
лаларын әлеуметтік қалыптастыру жағдайына бейімдеу жолында ата-аналардың
қол жеткізген « жетістік тарихы».
«Жетістік тарихы» не үшін керек? Басқа адамдардың өмір жолында қандай
маңызды орын алуы мүмкін? Осы тәрізді шешімі қиын сұрақтарға профессор
Джакомо Ризолатти ашық түрде жауап жолдайды. 1992 жылы ол айна тектес ней-
рондар яғни біз басқа жандардың іс-әрекетіне қарай отырып, әркімнің белсен-
ділігін арттыратын ми жасушаларының бірегей түрі. Бұл жасушалар айна тәрізді,
автоматты түрде бөтен жанның іс-қимылын біздің басымызда ой елегінен өткізіп,
санамызға әсер етуі арқылы сондай дәрежеде сол істі жүзеге асырар болсаң, оны
қалыпты түрде сезінуге душар етеді.
«Жақсы тарихи істер әркімді жақсылыққа жетелейді» атты сөз даналығы
бар. Бұл кітап; «Өткенге оралып, бастамаңды өзгерту мүмкін емес, жаңа сатыдан
бастасаң өз мәреңе жеңіспен жетуге болады» атты ойдың жүйесіне жетіп оқыған
жанға ерекше көмек болары анық.
Книга «Как много могут родители...» – это сборник «историй успеха» роди-
телей, которые вопреки диагнозам и прогнозам сумели помочь своим детям с
ограниченными возможностями развития достичь зримых результатов в лече-
нии, реабилитации и социальной адаптации.
Для чего нужны «истории успеха»? Могут ли они играть серьезную роль в на-
шей жизни? На эти вопросы дает ответ открытие профессора Джакомо Ризолатти.
В 1992 г. он обнаружил зеркальные нейроны – уникальные клетки мозга, которые
активизируются, когда мы следим за действиями других людей. Эти клетки, как
зеркало, автоматически «отражают» чужое поведение у нас в голове и позволяют
почувствовать происходящее так, как если бы мы совершали действия сами.
Есть такое выражение: «Хорошие истории делают нас лучше». Эта книга по-
может всем, кто ее прочтет, понять важную мысль: «Нельзя вернуться в прошлое
и изменить свой старт, но можно стартовать сейчас и изменить свой финиш».
УДК 37.0
ББК 74.90
ISBN 978-601-275-421-6
© ООФ «Открытая школа», 2014
3
«Жетістік тарихы» кітабы
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
Бұл кітап не жайында?
Әр ата-ана баласы ауру болып туады деп күтпейді, ешкім де бала-
лардың жетілуіндегі түрлі текті шектеулерге себеп болатын кездейсоқ
қасіреттен және өмірдің шым-шытырығынан сақтандырылмаған. Әр
отбасы кез келген материалдық, әлеуметтік және білім деңгейіндегі
сынға тап болуы мүмкін. Даму мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) сәбидің
дүниеге келуі – отбасы үшін беріктікке сын. Ол үйреншікті өмір желісін
бұзып, болашаққа деген жоспарларды өзгертуге, құндылықтарды
қайта бағалауға мәжбүрлейді.
«Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды» кітабы – ДМШ на-
уқасы бар балалар ата-аналарының, мамандардың диагнозы мен
болжамдарына қарамастан, емдеуде, оңалтуда және әлеуметтік
жағдайға бейімделуде өз балаларына көзге көрінетіндей елеулі нәти-
желерге қол жеткізуге көмектесе алған «табыс хикаяларының» жиы-
ны. Сүт құйылған құмыраға түсіп кеткен бақа туралы мысал естеріңіз-
де болар? Шығып кетемін деп жанталасқанда, ол аяқтарымен бір
кесек май шайқап, содан тірек алып сыртқа шығып кетеді. Мұнда да
тап сондай жағдай. Сәбидің ауруы әке-шешесі үшін аспаннан жай
түскенмен бірдей болады, бірақ, қысылтаяң жағдаятқа тап болған
соң, олар тіренетін нүктені іздеп және балаларын келеңсіз жағдайлар-
ды еңсеретін жеңіске қарай жетектейді.
Ата-аналармен алғашқы кездесулерден кейін бір ескі дұғаның сөз-
дері еске түседі: «Жаратқан! Менің қолымнан оны өзгерту келетіндей
күш бер. Өзім өзгерте алмайтын жағдайға көнуге шыдам бер. Ал бірін-
шісін екіншісінен ажырату үшін, даналық бер».
Бұл кітап тағдырдың тәлкегіне қарсы тұру мен көну, шыдау, дана-
лық және шексіз сүйіспеншілік туралы – өз жеребесін қабыл алған
адамдардың өмірінде шым-шытырық түрде орын алған қасиеттер,
біздің бәрімізге күнделікті өмірде әдетте өте жетіспейтін қасиеттер
туралы.
Оның идеясы қалай дүниеге келді?
Кітаптың идеясы Сорос-Қазақстан Қорының (СҚҚ) білім беру
мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сәуле Аманжоловна Каликоваға ти-
есілі. Инклюзивтік білім беру, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға
көмек көрсету СҚҚ басым бағыттарының қатарына жатады. Өзінің қы-
зметінің бағыты бойынша Сәуле Аманжоловна ерекше балалардың
4
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ата-аналарымен талай кездесті. Олардың қатарында көмекке зәру
отбасылардың мүдделерінде жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың
негізін қалаушылар мен басшылары да бар. Әдетте, олар немқұрай-
дылықтан алыс, белсенді, табанды, ақпаратпен жұмыс істей білетін
білімді адамдар, жаратылысы жағынан көшбасшылар – олар есең-
гіреу сәтті жылдамырақ еңсереді, өз балаларының келелі мәселе-
лерін шешудің ұтымды жолдарын табады және басқа отбасыларға
іс жүзінде қолдау көрсетеді. Позитивті аужай оларға мақсатына жету
үшін рухани және физикалық күштерін шоғырландыруға көмектеседі.
Екінші шетте тағдырына мойынсұнған, тағдыр сынына көнген-
дердің тобы, ал бұл шартты «шәкілдің» ортасында – балаларына
жағдаятты еңсеруге көмектескісі келетін ата-аналар тұр, бірақ олар
мұны қалай іске асыру керек, қайда жүгіну, кіммен ақылдасу керекті-
гінен бейхабар. Бәлкім, олар әншейін абыржып қалған, өздерін диа-
гноз бен болжам тап қылған ступор жағдайынан әлі шықпаған болар.
Осы сәтте жігер беретін мысал және қастарында соған жақын жағдай-
ларда табысқа жете білген адамдар бар екенін білу қажет.
Сәуле Аманжоловна табысты отбасылардың тәжірибесін зерде-
леу, табыстың алгоритмін тауып, оны одан кейін басқа ата-аналарға
табыстау өте маңызды деген тұжырымға келді. Ол бізге «Ашық мек-
теп» Қоғамдық білім беру қорына осы кітапты құрастыруды қолға алу-
ды ұсынды.
Біз неліктен осы жобаға қатысуды ұйғардық?
Жобаның идеясы бізге бірден ұнады, ол өте тартымды әрі өзекті!
Бірақ біздің қолымыздан келер ме екен деген күмән туды. Біздің көп-
тен бері «тақырыпта» болуымызға – өзіміздің «Ашық мектеп» журна-
лымызда «Инклюзивтік білім беру» айдарын жүргізіп келе жатқаны-
мызға, ДМШ бар балалар ата-аналарының қоғамдық ұйымдарының
арасында таныстарымыз көп екеніне қарамастан – алда күтіп тұрған
жоба-адамдармен және баспалық мәтіндермен жұмыстың өзге дең-
гейін қажет етті. Шешім қабылдауға Ник Вуйчивтің «Шекарасыз өмір»
кітабы көмектесті.
Дүниеге қол-аяқсыз келген Ник Вуйчичтің есімін бүгін көп адамдар
біледі. Кемтарлығына қарамастан, Ник бақытты адам, сұранысқа ие
маман, отағасы және әке бола алды.
Ник – ұлты серб, Австралияда туған, қазір Америка Құрама Штат-
тарында тұрады. Кәсіби шешен, ол бүкіл әлемді аралап, түрлі дәріс-
ханалардың алдына шығып сөз сөйлейді және өзінің мысалымен
Достарыңызбен бөлісу: |