334
мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін кеңейту
мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың
тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасының тілін жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген
қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға
тәрбиелеу, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген
қабілетті жастарды тәрбиелеу.
Кӛптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқалармен
салыстыру арқылы ғана әлем суретін әр алуан және әрі тұтас кӛруге мүмкіндік
беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын
сезінуге болады [5: 15].
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін
бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде
ӛтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық
байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма
жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі
шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің
ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.
Бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Назарбаев отандық білім берудің
алдына жоғары талап қойып отыр. Білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы
болуының нәтижесінде қазақстандық мектептердің түлектері ӛз білімін
шетелдік ЖОО-да жалғастыра алатындай болуы қажет. Сондықтан білім
берудің маңызды стратегиялық міндеті, бір жағынан, үздік қазақстандық білім
дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан мектеп бітірушілердің халықаралық
біліктілік сапасын, лингвистикалық білімін жетілдіру, ең негізгісі-мемлекеттік
ана тілі және шетел тілдерін меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді
мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-
ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі.
Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген
12 жылдық білім беруге кӛшудегі негізгі нысана – адамзат тарихында уақыт
озған сайын ӛзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ
қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық
сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы бізге, яғни ұстаздарға үлкен
міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім
мазмұның жаңартып, тиісті әдіс – тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді
қалыптастыруы керек. Ӛйткені, білім әр адамға ӛмір бойы қажет екенін
күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр [6: 49]. «Мұғалім ӛз ісіне деген
сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын
мәніндегі мұғалім болмақ» дегендей, әр педогог әрбір баланың ойынан шығып,
қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Оқушының рухани
ӛсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, ӛз әрекетіне
ӛзгеріс еңгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы
жүйрік, саналы, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты
335
педогог қалыптастыра алады. Ӛйткені, жақсы мұғалім ғана жақсы оқушыларды
тәрбиелей алады.
Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде кӛзделіп отырған мақсаттардын
ең негізгісі – әрбір жеке тұлғаға білім алудың ӛмірлік жолын еркін таңдауына
мүмкіндік туғызу. Сындарлы ойлайтын, ӛз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі
әлеуметтік және ӛндірістік проблемаларды ӛз бетінше шешуге қабілетті
тұлғаны дайындау үшін оқытудын сапасын жетілдіру - аса маңызды мәселе
болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін ӛз еркімен үйренетін, іс –
әрекет мақсатын, мәндетін, түрін, тәсілін, жағдайын ӛзінше түсініп, алған
білімін ӛмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек.
Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық
болмысын дамытуға мүмкіндік туады. Бүгінгі күні білім сапасы үлкен мәселе
болып тұрғаны шыңдық. Білім сапасы – мұғалімдер жұмысының кӛрсеткіші
және мұның бәрі пәндік олимпиададан, ғылыми жоба жарыстарынан кӛрініс
табады. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтын: «Ең әуелі
мектепке керегі – білімді, педогогика, методикадан хабардар, оқыта білетін
мұғалім. Екінші, керек құралдар, құралсыз іс істелмейді» - деген сӛзі ойға
оралады. Бұл ӛткен ғасырдың басында айтылғанымен, жүз жыл ӛтсе де бағыт –
бағдар болып тұр. «Кез келген білім бағдарламасының табысты орындалуы
мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу
жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби
дәрменсіздігі істі құлдыратады» - делінген Қазақстан Республикасы орта білім
беру жүйесін дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасында. Орынды айтылған
пікір. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе,
оқу жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып
отыр. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері пәнге байланысты жаңа
технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын
тілінде жаңарту, жаңалық, ӛзгеріс енгізу деген мағынаны білдіреді. Оның мәні:
ӛздігінен және білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда
оқушы-ақпаратпен қаруланған ,жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік
қабілеттерін дамыту үшін біздер мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз
керек.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа кӛшіп,
жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп Мағжан Жұмабаева айтқан,
оқыту үрдісіне жаңа кӛзқараспен қарау керек. Жазу, баспасӛз, электрондық
пошта, радио, теледидар мен компьютер күнделікті ӛмірде қарым-қатынасты
жақсартуға және тілдік қарым-қатынастың тӛрт психологиялық әрекеттерін
дамытуда кӛмекші құрал болып табылатыны аян [7: 145].
Олай болса, бүгінгі таңда үш тілді меңгеру дегеніміз - ғаламдық
ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сӛз. Демек, болашақ
жастарымыз ӛз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде
еркін сӛйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса
еліміздің ертеңінің кӛркейте түсері сӛзсіз.