ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
12
3. 5В010600 - Музыкалық білім
4. 5В010800 - Дене шынықтыру және спорт
5. 5В010900 - Математика
6. 5В011200 – Химия
7. 5В011300 - Биология
8. 5В011400 - Тарих
9. 5В011600 - География
10. 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
11. 5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі
12. 5В012000 - Кәсіптік оқыту
13. 5В030100 - Құқықтану
14. 5В042100 - Дизайн
15. 5В050600 - Экономика
16. 5В050800 - Есеп және аудит
17. 5В050900 - Қаржы
18. 5В060200 – Информатика
19. 5В060800 – Экология
20. 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
21. 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
б) Магистратура:
6М050600 - Экономика
Оқу орынының құрамына 4 факультет (педагогикалық, жаратылыстану-
техникалық, экономика және заң, спорт және өнер) және 11 кафедра кіреді.
Аймақтарда
мұндай
университеттердің
болуы
интеллектуалдық
ресурстарды өңірлердегі экономикалық даму орталықтарын құруға, ел
экономикасының үдемелі дамуын қамтамасыз етуге және зияткерлік ұлт
қалыптастыруға шоғырландыруға ықпал етеді.
Бұл бастамалар университеттің ғылыми-ақпараттық және тәрбиелік
кешенін жасауда және оның қызметін ары қарай дамытуда стратегиялық
жоспарды құрудың негізі болады.
1. МИССИЯ, КЕЛЕШЕК ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Миссиясы:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
13
ҚР аймақтарында жұмыс берушілерінің барлық талаптарына сай жоғары білікті
және бәсекеге қабілетті кадрлерді дайындау мақсатында инновациялық
технология негізінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
Университеттің келешектегі көрінісі – университет қызметінің барлық
бағыттарында корпоративтік жүйенің тиімді жолдарына ие бола отырып,
алдыңғы қатарлы озық әдістер мен технологияларды импорттаушы және тиімді
қолданушы ретінде, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғары білімді
мамандарды дайындайтын оңтүстік аймақтағы жоғары деңгейдегі білім беретін
университетіне айналу.
Университет стратегиялық жоспардың міндеттерін іске асыру нәтижесінде
заманауи ЖОО-ға айнала алады және Қазақстанның жоғары білім беру
жүйесіндегі әлемдік деңгейдегі талаптарға жауап беретін ғылыми-әдәстемелік
орталықтың көшбасшылардың бірі бола алады.
Университеттің 2016-2020 жылдардағы Даму стратегиясы ұзақ мерзімді
басымдықтарды анықтайтын ресурстарды мүмкіндіктерін пайдаланып білім
берудің ұлттық жүйесінің және өңірді дамытудың мақсаттары мен міндеттерін
орындауға бағытталған.
Жоғары білікті мамандарды дайындау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын
күшейту, қызмет түрлері бағыттарын кеңейту, ұжым мүшелерінің еңбек
тиімділігін ұйымдастыру, ОПҚ санын көбейту сияқты барлық процесс сапасын
ұйымдастыру дамыту артықшылықтары болып саналады.
Басты мақсат: Жалпы Қазақстан бойынша отандық білім беруді нығайту
жолында жүйелі дайындық арқылы халықаралық деңгейде жеткізетін жоғары
білікті педагогика, экономика және құқық, техника мен технология, тарих және
филология, өнер және дене шынықтыру салаларында мамандар даярлауды
нығайту.
1 кезең - 2016-2018 жылдар. Кезеңнің негізгі міндеті- университеттің
материалдық-техникалық базасын нығайту, қажетті мамандарды қалыптастыру,
барлық деңгейдегі жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту және қызметтің
басым бағыттарын жетілдіру, жоғары білім беру жүйесінің барлық деңгейінде
алдыңғы қатарлы құзыреттілікті-бағытталған стандарттар мен үлгілерін жоғары
білім берудің барлық кезеңдерінде қалыптастыру және тарату.
2 кезең - 2018-2020 жылдар. Бұл кезеңде университет мамандар даярлауды
халықаралық деңгейге шығаруды көздейді, мамандарды дайындаудың
халақаралық аккредиттелген бағдарламалары бар таңдаулы университет құру,
білім беру, зерттеу және нарықтық бәсекеге қабілетті ортада кәсіби бағыттағы
университет үшін алдыңғы орындарға шығу; халықаралық деңгейдегі бәсекеге
қабілетті ортада өз елінің мүддесіне бағытталған жоғары деңгейдегі маман
ретіндегі университет түлектерін дайындау.
Негізгі құндылықтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
14
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде атқарылатын
барлық іс-шаралар төменде көрсетілген құндылықтар шеңберінде жүзеге
асырады:
-
Достық, теңдік және төзімділік: Университет, барлық іс-шараларын достық,
теңдік және мәдени айырмашылықтарға құрмет көрсету және өзара төзімділік
таныта отырып жүргізеді.
-
Ғылыми тұрғыдан қарастыру: Университет, білімге қол жеткізуді, біліммен
қамтамасыз етуді, ғылыми іс-шараларды жоғары деңгейде жүзеге асыруды
басшылыққа алады. Осы тұрғыдан ешқандай шектеуге жол бермейді.
-
Сапа түсінігі: Университетте оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстарды
халықаралық стандарттарға сай жүргізу және сапалы көрсеткіштерге қол
жеткізуді міндттейді.
-
Айқындылық: Оқу орнындағы үдерістер университет қарым-қатынас
орнатылған ұйымдар/мекемелер (жұмыстар) алдында ашық-айдын жүзеге
асырылады.
-
Есеп беру міндеті: Түрлі санаттағы жауапты тұлғаның өзі атқарған
жұмыстарға, қабылдаған шешімдеріне есеп беру міндеті бар.
-
Әділдік: Университет басшылығы мекеме қызметкерлерінің арасында
бөлінушілікке, жікшілдікке жол бермейді, бейнетке, қабілеттілікке маңыз береді
және атқарылған жұмысқа құрмет көрсетеді.
-
Үздіксіз даму: Оқытушылар және қызметкерлер университеттің бүкіл
жұмыстарын әрқашан жақсартуға және дамытуға әрекет жасайды.
-
Қоршаған ортаны қорғау: Университет қызметкерлері табиғаттың
қорғалуына және дамуына өз үлестерін қосуға аянбайды.
-
Келешекке сенім: Университет қызметкерлері келешекке зор үмітпен
қарайды.
-
Қоғамға пайдасы: Университет негізгі қызметін қоғам мүддесін назарға ала
отырып тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады, қоғамның әрбір мүшесінің өмір
бойы білім алуына қолдау көрсетіп үлес қосады.