Методические рекомендации по предупреждению и профилактике бытового насилия органами внутренних дел қостанай 2016



жүктеу 456,13 Kb.
Pdf просмотр
бет9/25
Дата19.11.2018
өлшемі456,13 Kb.
#20902
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

34
аңшы  болса), ол  туралы  оқиға  орнына  шыққан  полиция
қызметкерлеріне хабарлауға;
- учаскелік полиция инспекторымен тұрақты байланыста болуға,
ал  қажет  болса, жақын  орналасқан  полиция  наряды  немесе  жедел
бөлімшесі қатарынан көмек ұйымдастыруға;
2) учаскелік  полиция  инспекторы оқиға  орнына (отбасылық-
тұрмыстық кикілжің болған орынға) келгенде міндетті:
- күш көрсету зорлық-зомбылығынан жапа шеккен азаматтардан
арыз алуға жəне оларға ескертпе талонын беруге;
- жəбірленушіден, куəгерлерден  жəне  құқық  бұзушыдан  жауап
алуға;
- егер  құқық  бұзушы  байқалатын  дене  жарақатын  келтірсе,
тұрмыстық зорлықтың құрбанын қарап шығуға, ол туралы ҚР ƏҚБК-
нің 729-бабының тəртібінде хаттама толтыруға;
- сараптаманың белгіленгені жəне жүргізілгені туралы анықтама
шығаруға (ҚР ƏҚБК-нің 772-бабы) (7-қосымша);
- құқық  бұзушының  жеке  басын  анықтауға: тегін, аты-жөнін,
жасын, азаматтығын, заңдық  жауапкершілікке  иммунитетінің
болуын;
- тұрмыстағы  психологиялық  зомбылықты  жасаған  тұлғаның
денсаулық жағдайын анықтауға: мастығын, мүгедектігін, созылмалы
ауруларын жəне дене жарақаттарын;
- құқық бұзушыны əкімшілік ұстау немесе қорғау өкімін шығару
үшін ІІО-на жеткізуге;
-  егер  құқық  бұзушы  тұрмыстық  (дене  немесе  психологиялық)
зорлықты  бірінші  рет  жасап  отырса, өкініп, отбасы  мүшелеріне
қатысты  кез  келген  золық  іс-əрекетін  бұдан  кейін  жасамауға  уəде
берсе,  онда  ІІО-ның  бастығы  қорғау  өкімін  шығару  туралы  шешім
қабылдауға тиіс;
-  егер  құқық  бұзушы  өз  кінəсін  мойындамаса,  қорғау  өкімінің
шектеулерімен  келіспесе  немесе  қорғау  өкімін  шығару  туралы
Қаулыға  қол  қоюдан  бас  тартса, онда  құқық  бұзушы  əкімшілік
тəртіпте  сотта  бұл  сұрақ  шешілгенше 48 сағаттан  аспайтын уақытқа
ұсталуы тиіс;
-  құқық  бұзушы  ұсталған  жағдайда  учаскелік  полиция
инспекторы  ұстау  хаттамасын  жəне  жеке  тұлғаның  заттары  мен
құжаттарын тəркілеу хаттамасын толтыруға;
- материалды тіркеуге.


35
4.3 Сексуалдық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық  зорлау (сексуалдық  сипаттағы зорлық  іс-əрекеттер)
туралы хабар (шағым) алған оперативті кезекші міндетті:
1) анықтауға:
- жасалған қылмыстың орнын, уақытын, мəн-жайын;
- қылмыс жөнінде хабарлаған тұлғаның анықтама белгілерін;
- жəбірленуші тұлғаның анықтама белгілерін;
- қылмыс  жасауға  күдікті  тұлғаның  денесі  мен  киімінде  қалған
іздерді, қашу жолдарын жəне болу орнын (егер ол ізін суытса);
- қылмыс куəгерлерінің анықтама мəліметтерін;
2) жəбірленушіге  озбырлық  нысаны  болған  дене  мүшелерін
жуып  тасталмауын  ескертуге,  тексеріп  шығу  үшін  жəне  қылмыс
іздерін іздеп табу үшін киімді сақтап қою керектігін ескертуге;
3) хабар (шағым) алынған  уақытын, шағымданушы  мен
хабарлаушының  анкеттік  мəліметін  көрсетіп  белгіленген  тəртіпте
тіркеуге;
4) қылмыс  орнын  күзету  үшін  жəне  күдіктілерді  ізін  суытпай
ұстау  үшін  кідірместен  КСП-ның  жақын  маңындағы  нарядын, осы
аумақта қызмет атқарушы учаскелік инспекторын жіберуге;
5) қылмыс туралы ІІО-ның бастығына жəне жоғары тұрған ІІО-
на баяндауға;
6) ІІО-ның  полиция  нарядтары  мен  көршілес  ІІО-н  күдіктіні
іздестіруге (егер ол қашып кетсе) бағыттауға;
7) құрамында  ІІО-ның  тергеушісі, сот-медициналық  сарапшы,
қажет  болса  криминалды  полиция  қызметкері  бар  шұғыл-іздестіру
тобын қылмыс орнына жіберуге;
8) қажет  жағдайда  жəбірленуші  тұлғаға  жедел  медициналық,
психологиялық көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге;
9) жасалған  қылмыстың  мəн-жайы, себептері  туралы
мəліметтерді, қосымша  шара  қолдануды  қажет  ететін  басқа  да
мəліметтерді  алу  мақсатында  оқиға  орнындағы  шұғыл  іздестіру
тобымен, ІІО-ның қызметкерлерімен тұрақты байланыста болуға;
10) күдікті  тұлғалар  туралы  мəліметтер  алынған  жағдайда
олардың  ізіне  түсуге, қашу  жолын  бөгеуді  ұйымдастыруға, олардың
пайда  болуы  мүмкін  жерлерге  бөгеу  тобын  жіберуге, ІІО-ның
бастығының  (ол  жоқта  өз  бетінше  кейін  баяндайды)  нұсқауы
бойынша  тиісті  арнайы  жоспарды  іске  қосуға; ІІО-ның  барлық


36
нарядтарымен, топтарымен тұрақты байланыста болуға;
11) қабылданған  шаралар  туралы  ІІО-ның  бастығына, жоғары
тұрған  ІІО-ның  кезекші  бөліміне  баяндауға  жəне  əрі  қарай  олардың
нұсқауы бойынша əрекет етуге;
12) қылмысқа  қатысы  бар  күдікті  тұлға  ұсталғанда  қылмыс
іздерін  жойып  жібермеуіне  жол  бермеу  мақсатында  медицина
куəландырылғанға жəне киімін қарап шыққанға дейін оның сыртынан
үнемі бақылау жүргізу.
4.4 Экономикалық зорлық-зомбылық - нəтижесінде адамның
тəн, психологиялық  саулығына  нұқсан  келтіретін  оның  заңдық
құқығындағы  баспанасынан, азық-түлігінен, мүлкінен, қаражатынан
айыру.
Экономикалық зорлық-зомбылық үшін ҚР ҚК-нің 139-бабының
диспозициясы бойынша қылмыстық  жауапкершілік көзделген: «Ата-
ананың  кəмелетке  толмаған  балаларын, сол  сияқты  он  сегiз  жасқа
толған  еңбекке  қабілетсіз  балаларын  күтіп-бағуға  сот  шешiмi
бойынша  қаражат  төлеу  жөніндегі  міндеттерін  үш  айдан  астам
орындамауы  не  кəмелетке  толған  еңбекке  қабілетті  адамның  өзінің
еңбекке  қабілетсіз  ата-анасын  күтіп-бағуға  сот  шешімі  бойынша
қаражат  төлеуден  үш  айдан  астам  жалтаруы  не  еңбекке  қабілетті
адамның  еңбекке  қабілетсіз  жəне  материалдық  көмекке  мұқтаж
жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға  сот  шешімі  бойынша  қаражат
төлеуден алты айдан астам жалтаруы - екі жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын  шектеуге  не  сол  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруға
жазаланады».
ҚР  ҚК-нің «Балаларын  күтіп-бағуға  арналған  қаражатты  төлеу
жөніндегі  міндеттерді  орындамау, еңбекке  қабілетсіз  ата-аналарын,
еңбекке  қабілетсіз  жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға  арналған
қаражатты  төлеуден  жалтару» атты 139-бабының  бұзылғаны  туралы
хабарлама алынғаннан кейін, ІІО-ның кезекшісі міндетті:
- шағымданушының, жəбірленушінің анықтама белгілерін, яғни
тұрғылықты орнын, отбасындағы экономикалық зорлықтың уақытын,
орнын, себептерін айқындауға;
- хабарламаның (өтініштің) алынған  уақытын  шағымданушы
немесе  тұрмыстағы  экономикалық  зорлық  туралы  хбарлаған
тұлғаның  анкеттік  мəліметтерін  көрсетіп, белгіленген  тəртіпте
тіркеуге. Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтан  жəбірленуші  ІІО-ның


жүктеу 456,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау