37
кезекші бөліміне өзі келсе, оған ескертпе талонын беруге;
- жəбірленушінің тұрғылықты жеріне учаскелік полиция
инспекторы мен оның көмекшісін жіберуге;
- учаскелік полиция инспекторымен тұрақты байланыста болуға,
ал қажет болса, таяу орналасқан полиция наряды немесе жедел
бөлімшелері қатарынан көмек ұйымдастыруға;
2) учаскелік полиция инспекторы оқиға болған жерге
(тұрмыстағы экономикалық зорлық болған жерге) келгенде, міндетті:
- азаматтан (азаматшадан), жəбірленушіден өтініш алуға жəне
ескертпе талонын беруге;
- жəбірленушіден, куəгерлерден, құқық бұзушыдан жауап алуға;
- жəбірленушінің баспана-тұрмыстық жағдайы туралы акт
жасауға;
- құқық бұзушының жеке басын, яғни аты-жөнін, тегін, жасын,
азаматтығын, заңдық
жауапкершілікке
иммунитеті
болуын
анықтауға;
- тұрмыстағы экономикалық зорлық жасаған тұлғаның
денсаулық жағдайын, яғни мастығын, мүгедектігін, созылмалы
ауруларын жəне дене жарақаттарын анықтауға;
- материалды тіркеуге.
Тұрмыстағы экономикалық зорлық-зомбылық дене жəне
(немесе) психикалық саулықтың бұзылуына əкелуі мүмкін
болғандықтан, тұрмыстық зорлық құрбанының қалауы бойынша ІІО-
ның қызметкерлері жəбірленушіге медициналық көмек көрсету үшін
денсаулық сақтау органдарына немесе психологиялық көмек көрсету
үшін Дағдарыс орталығына жəне өзге де ұйымдарға бірге баруы тиіс.
38
5. ƏЙЕЛДЕРДІ
ТҰРМЫСТЫҚ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН
ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ІІО-ның ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ
Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі осындай арнайы əйелдерді
зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі құрылымы жасақталған
жалғыз ғана ел болып табылады. Бұл бөлімшелердің қызметкерлері
прокуратура органдарымен, білім департаментімен, денсаулық сақтау
департаментімен, бір облыстың аумағында іс-əрекет етуші үкіметтік
емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді, сондай-ақ
тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы ІІО-ның
бүкіл қызметі мен бөлімшелерінің үйлестіруші тармағы болып
саналады.
Əйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау (əрі қарай -
ƏТЗҚ) бөлімшесінің басты міндеттері: əйелдердің конституциялық
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қайшы
қол сұғудан қорғауды қамтамасыз ету; əйелдерге қатысты зорлықтың
алдын алу мен тоқтату сұрақтарын шешуде ІІО құрылымдарының
қызметін үйлестіру; əйелдерге қатысты зорлықтың түрлерін,
нышандары мен тəсілдерін, сонымен қатар зорлық-зомбылық жасауға
ықпал ететін себептері мен шарттарын талдап, зерттеу; əйелдерге
қатысты зорлық-зомбылықты алдын алу мен тоқтату сұрақтары
жөнінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету [11].
Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтың алдын
алу, əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында ІІО
үкіметтік емес ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Адам
саудасының құрбандары мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
құрбандарына көмек көрсету Дағдарыс орталықтары қызметінің
негізгі бағыты болып табылады.
ƏТЗҚ қызметкерлерінің профилактикалық қызметі халық
арасында бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, мерзімдік
басылымдар) арқылы да, мамандардың қатысуымен семинар-тренинг
ұйымдастыру арқылы да, үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін
пайдаланып та белсенді жұмыс жүргізу болып табылады.
Зорлық-зомбылықтан жапа шеккен əйелдермен жұмысты
тікелей ұйымдастыруға зор мəн беріледі. Бұл жұмыстың барысында
зорлық-зомбылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайлар
анықталады, оларды жою жөнінде шаралар қолданады. Басты назар
39
дау-жанжалдың қайнар көздерін түсіндіруге жəне қалыптасқан
жағдайдан шығу жолын іздестіруге аударылады.
ƏТЗҚ бөлімшесінің қызметкерлері құқылы:
1) отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста əйелдерге қатысты
құқыққа қайшы іс-əрекет жасаған тұлғаларды ішкі істер органдарына
шақыртуға; зорлыққа ықпал еткен себептер мен шарттарды зерттеу
үшін түсініктеме алуға;
2) əйелдерге қатысты зорлық белгілері бар құқық бұзушылық
пен қылмысқа ықпал еткен себептер мен шарттарды анықтауға қажет
ақпарат алу үшін мекемелер, кəсіпорындар, барлық жекеменшік
нышанындағы
ұйымдардың, оқу
орындарының
лауазымды
тұлғаларына сұраныс жолдауға;
3) Дағдарыс орталықтарымен бірлесіп əйелдерге қатысты
зорлық фактілерін анықтауға жəне олар бойынша заңнамамен
бекітілген шара қолдануға;
4) жеке жəне заңды тұлғалардан түскен əйелдердің
конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны
туралы арыз-шағымдары мен өтініштерін қарауға.
ƏТЗҚ қызметкерлері міндетті:
1) əйелдерге қатысты ішімдікке салынуға, есірткі, психотроптық
заттарын қолдануға, қоғамға жат өмір салтын ұстануға,
жезөкшелікпен
айналысуға, притондар
ұстауға
негізделген
фактілерге, сондай-ақ отбасында қиянат жасалу фактілеріне дер
кезінде құлақ асуды қамтамасыз етуге;
2) жезөкшелікті, жеңгетайлықты, притондар ұстауды, əйелдер
мен балаларды сексуалдық қинаудың түрлі нышандарын, жыныстық
қатынастағы өзге де құқыққа қайшы белгілерді, сондай-ақ
порнография бизнесін анықтау мен тоқтату үшін криминалдық
полиция тергеушісімен, ІІО бөлімшелерімен тығыз байланысты іске
асыруға;
3) зорлық жасауға ықпал етуші себептер мен шарттарды
зерттеуге жəне оларды жоюға. Əйелдерге қатысты қылмыстар мен
құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық мəліметтерді талдап
қорытуға;
4) нормативтік-құқықтық
актілерінің
отбасы-тұрмыстық,
қылмыстық-құқық саласындағы, қоғамдық тəртіп саласындағы
талаптарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халаққа
түсіндіруді қамтамасыз ету;
5) білім, мəдениет, денсаулық сақтау органдарымен, еңбек
Достарыңызбен бөлісу: |