Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,3 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата19.11.2018
өлшемі3,3 Mb.
#20901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

9

23 сәуір 2016 жыл

депутаттар

ағаш екті

Көктемгі тазалық жұмыстарының басталғанына айға жуық уақыт

шамалады. Сол сенбілік шараларында жасалып жатқан игілікті

істің  бірі-тал  егу.  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық  мерекесінің

құрметімен

орайластыра

қаламыздың

әр  жерінде

а ғ а ш

отырғызу  ісі



қ а р қ ы н д ы

жүргізілуде.

Қаламызды

көріктендіру

мақсатында

әр  аптаның

бе й с е н б і с і

мен  сенбі-

сінде жасалып келе жатқан сенбіліктердегі ағаш егу шарасының

бірі  өткен  аптада  жергілікті  аудандық,  облыстық  Мәслихат

депутаттарының бастамасымен үлкен қолдау тапты. Аудан депу-

таттары өздерінің командаларымен қаламыздың «Қараала көпір»

алаңқайында жер қазып, сол жерге барлығы 100 түп қайың мен

алма ағашы отырғызды. Ағаш егу барысында сауапты шараға

қатысушы депутат мырзалар арнайы су таситын көлікпен өздері

отырғызған барлық талдарды суғарып ат салысты. Қаламыздың

гүлденіп, көріктенуіне септігін тигізер үлкен іс ұйымшылдықпен

атқарылды. Тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасын табуда. 

***

Өткен  сенбілікте  тазалық  жұмыстарымен  қоса,  мекемелер



өздеріне  тиесілі  учаскелердегі  ағаш  түптерін  әктеді.

Ұйымшылдықпен атқарылған жұмыс нәтижесінде бүр ашуға шақ

қалған ағаштар қаламызға әдемі көрік беріп тұр. Енді жол жиек-

теріндегі бордюрлерді әктеу жұмыстары жасалмақ.



Өз тілшімізден.

тазалық айлығы

тазалыҚҚа Құлшыныс артты

Қарағайлы кентіндегі көктемгі сенбілік жұмысы жалғасын тауып,

бейсенбі, сенбі күндері ауқымды біршама істер атқарылды. Күн

де мейірі түсіп жарқырап, шуағын төкті. Бұл күні кент әкімшілігінің

ұйымдастыруымен 70 түп ағаш отырғызылып, тазалық жұмысы,

ағарту-сылау жұмыстары атқарылды. Кенттегі №16, №17 орта

мектептермен Мәдениет үйінің, әкімшілік ғимаратының маңына

терек,  ағаш  өскіндерін  отырғызған    соң,  ардагерлер  кеңесінің

төрағасы Б.Сәттібаев бастаған  біраз азаматтар “Мәңгілік алау”

ескерткішін ретке келтірді. Әрдайым құрметке лайықты орынның

көзге қораш болып бүлініп қалған жерлерін қалпына келтірген

белсенді топтың игі істерін жалғаған мектеп ұжымдары да бірта-

лай жұмыстың басын қайырды. Тұрғындар да белсенділік көрсетіп

үй маңайын тазартып, оң тіршіліктің нышанын байқатты.

Мәдениет үйінен тараған әсем әуен кент тұрғындарына серпіліс

бергендей  ерекше  көңілді  іс-қимыл  жұмыстар  істелініп  жатты.

Сенбіліктер әлі жалғасады, бұл күнгі сенбіліктің әлі талай жақсы

істерге  ұйытқы  болары  сөзсіз.    Өйткені,  тазалыққа  құлшыныс

байқалды.

Бану мұқашева.

с

енБіліктер жалғасады

Көктем Егіндібұлаққа өте кеш келеді. Өзге жерлерде қар кетіп,

мал далаға шығып, ауыл арасы құрғай бастағанда мұнда өткен

қыстың қалдығы қылаң беріп жатады. Оның қырсығы мал мен

жанға тиеді, басқа өңірлерде әлдеқашан басталған тазалық ша-

ралары  мұнда  кешуілдеп  өтеді.  Биыл  осы  жағдай  тағы

қайталанды. Егіндібұлақтықтар белгіленген сенбілік күндерін қар

аралас жаңбыр  астында жүріп өткізді. Дегенмен, белсенді түрде

жүргізілген шаралар өз нәтижесін беріп көшелер мен мекемелер,

мектептер маңы ретке келіп қалды. Өткен сенбінің өзінде тазалық

жұмыстарына селодағы 16 мекеменің 200-ден астамы қатысып

едәуір жұмыс істеді.  4 жүк көлігі, 1 тиегіш құрал қатысып 1,5  гек-

тар жер тазаланды. 4 жерге қоқыс салатын контейнер қойылды.

Тазалық жұмыстары әлі де жалғасатыны белгілі. Көшелермен

қатар  енді  үй-жайлар  маңына  назар  аударылады.  Үлкен

алаңқайлар мен гүлзарлар ішінде жұмыс қызады. Ол жерлерге

жас көшеттер мен ағаш егу басталады. Биыл 100 түп ағаш егу жос-

пары тұр.

Жалпы жұмыстар легі қолайсыз табиғат астында өткенімен оның

өз  нәтижесін  жылдам  беруінің  себебі  бар.  Нақты  айтқанда,

мұндағы сенбіліктер сонау наурыз айында-ақ  басталып кеткенді.

Көшелердегі  барлық  суағарлар  тазаланып,  көктемге    ерте

дайындық жасалған еді. Мекеме маңдарына сондағы ұжымдар көп

көңіл бөліп отырды.  Яғни, ел қарекетсіз болған жоқ. Әр елдімекен

сол жердегі тұрғындардың ортақ мақтанышы болса, соған орай

сәулеттендіру шаралары жалғаса бермек.



д.жүнісбекұлы.

егіндібұлақ.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...»-де-

мекші,  сұлу  табиғатымызды  аялап,

қастерлей  білу  бәріміздің  парызымыз.

Міне,  осынау  сұлу  табиғатты  қорғап,

қадірлеу, жастар арасында Отанға деген

сүйіспеншілікті  арттыру-маңызды  міндет.

Ұлттық  парктер  мен  қорықтарға  қолдау

көрсету, табиғатты қорғауға көңіл аудара-

тын мәселелер көтеру мақсатында, 7 сәуір

күні  Қарқаралы  Ұлттық  Табиғат  паркінде

«Парктер  шеруі-2016»    атты  табиғатты

қорғау акциясы өткізілді. Акцияға аудандық

ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Д.Халел,

«Нұр Отан» партиясының аудандағы фи-

лиалы 


төрағасының 

орынбасары

О.Қыстаубаев, Ұлттық парктің директоры

Р.Төлепбаев,  Ұлттық  парктің  қоғамдық

кеңес  төрайымы  З.Мырсамыкова  және

парк қызметкерлері, табиғатты қорғау ма-

мандары, 

қала 


басындағы 

орта


мектептердің  оқушылары,  М.Әдекенов

атындағы  Қарқаралы  ауылшаруашылық

колледжінің  студенттері  қатысты.  Акция

ашылуында сөз алған аудандық ішкі сая-

сат  бөлімінің  басшысы  Д.Халел  салта-

натты  түрде  басталып  жатқан  парктер

шеруінің  табиғатымызды  қорғап  ұстауда

тигізер пайдасы мол, жас ұрпақты табиғат

анаға 

жанашырлықпен 



қарауға

тәрбиелеуде  атқарар  рөлінің  зор  екенін

айта келіп, аталмыш акцияның басталуы-

мен құттықтады. Келесіде сөз алған парк

директоры  Р.Төлепбаев,  ұлттық  парктің

қорғамдық кеңес төрайымы З.Мырсамыко-

валар  да  табиғаттың  адамзат  баласына

берілген  үлкен  сыйы  екендігін  жеткізіп,

бағалай білуді бәріміздің міндетіміз деп са-

науды жеткізді.

Акцияға  қатысушы  мектеп  оқушылары

мен колледж студенттері болса табиғатты

қорғау, сақтау, молықтыру, көркейту секілді

тақырыптар аясында сұрақ-жауап ойында-

рын ойнап, флешмоб билерін биледі.

Акцияның ресми жағы өз мәресіне жеткен

соң, «жұмыла көтерген жүк жеңіл»-деген-

дей барлық акцияға қатысушылар орманға

барып,  парктер  шеруінің  алғашқы

қадамдарын  бастады.  Мәселен,  «Біздің

ауыл» тақырыбында орман ішін тазарту,

бұлақ  көзін  ашу,  «Құстарға  қамқорлық»

тақырыбы  аясында  құстарға  ұя  орнату

және  «Құмырсқа  илеуін  қоршау»  секілді

маңызы  жоғары  жұмыстары  жүргізіліп,

өскелең жас буынға бағалы байлығымыз

сұлу  табиғат  екендігін  назарда  ұстауды,

үнемі жанашыр, қамқор бола білу өмірлік

ұстанымдары  болуды  насихаттады.  Осы

орайда,  әрбір  саналы  азамат  қай  кезде

болмасын  Алланың  адамзат  баласына

берген үлкен сыйын құрметтеп, қастерлеп

жүрсе екен дейміз. 

данияр ыдырысов. 

дәстүрлі шара

П

арктер шерУі

-

таБиғатҚа ҚамҚорлыҚ

Хабарландыру

2016  жылдың  25-26  сәуір  күндері  Қарқаралы  ауданының  «Халықтық»,  «Үлгілі»

өнерпаздар ұжымдарының  Республикалық аттестациясы өтеді. 

Келіңіздер!                     Көріңіздер!



25 сәуір



Өнерпаздар ұжымы

Бағдарлама

Уақыты

Өтетін орны

1 Атығай Шанин атындағы

Қарқаралы халық театры

Әзілхан Нұршайықов

«Махаббат қызық мол жылдар»

Сағ.11-00 Қарқаралы қаласы

Мәдениет үй

2 «Салтанат» ән-би

ансамблінің

Концерттік бағдарлама

Сағ.11-30 Қарқаралы қаласы

Мәдениет үй

3 «Қайран жастық» ардагер-

лер хор ұжымы

Концерттік бағдарлама

Сағ.12-00 Қарқаралы қаласы

Мәдениет үй

4 «Аңыз» үлгілі

хореографиялық  би ан-

самблі


Концерттік бағдарлама

Сағ.12-30 Қарқаралы қаласы

Мәдениет үй

5 Махат  Рымжанов атындағы

«Абыз» халық  театры

Софы Сматаевтың «Елім-ай»

романының желісі бойынша

«Шырғалаң» атты қойылым

Сағ.15-00 Қарағайлы кенті

Мәдениет үй



26 сәуір 

6 Егіндібұлақ халық театры

Д.Рамазан «Бала Қазыбек»  (та-

рихи драма)

Сағ.11.00 Егіндібұлақ се-

лосы Мәдениет үй

7 Тәттімбет атындағы

халықтық ұлт – аспаптар ор-

кестрі

Концерттік бағдарлама



Сағ.11.30 Егіндібұлақ се-

лосы


Мәдениет үй

8 Тәттімбет ауылдық халық

театры 

Б. Әлімжанов  «Сектаның



сорқұдығы»  (драма)

Сағ.12.00 Егіндібұлақ се-

лосы

Мәдениет үй



Құрметті тұрғындар!

2013  жылғы  14  наурыздағы  Қарағанды

облысы маслихатының қалалар мен елді-

мекен  аумағын  абаттандыру  ережесіне

сәйкес  аумағын  тазалау  және  тазалық

сақтау  маусымы    1  сәуірден  -    1  қараша

дейін бекітілген.

Осы  орайда  қоқыстарды,  қатты

қалдықтарды  жою  және  орналастыруда

жеке және заңды тұлғаларға қалалық поли-

гонда қатаң жүзеге асырылатынын ескер-

теміз. 


«Тазалық 

Қарқаралы»

ЖШС-полигонға қызмет көрсететін мекеме.

Қатты  қалдықтарды  қабылдау  және  жою

үшін  тарифке  сәйкес  1  тонна-684  теңге

құрайды, күл 1 тонна - жеке тұлғалар үшін -

638 теңге. Заңды тұлғаларға бағасы шартқа

сәйкес  айқындалады.  Қала  аумағында

қоқыстармен ластау әрекеттері анықталған

жағдайда    «Өндiрiс  және  тұтыну

қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды

суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу»

заңға сәйкес айыппұлдар қарастырылған.

Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс

істеуге, сондай-ақ сарқынды суды ағызуға

қойылатын  талаптарды  бұзу  –    ескерту

жасауға  немесе  жеке  тұлғаларға  –  он,

шағын  кәсiпкерлiк  субъектiлерiне  немесе

коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма,

орта  кәсіпкерлік  субъектілеріне  –  отыз

айлық  есептiк  көрсеткiш  мөлшерінде,  iрi

кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға

келтiрiлген  зиян  сомасы  мөлшерiнде

айыппұл салуға әкеп соғады. 351-бабына

сәйкес  өндiрiс  және  тұтыну  қалдықтарын

есепке алу, кәдеге жарату және залалсыз-

дандыру қағидаларын бұзу - Өндiрiс және

тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жа-

рату және залалсыздандыру қағидаларын

бұзу –шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –

он,  орта  кәсiпкерлiк  субъектiлерiне  –

жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі

жүз  айлық  есептiк  көрсеткiш  мөлшерiнде

айыппұл салуға әкеп соғады.

372-бабына сәйкес орман фаунасын жою

немесе  бүлдіру,  сондай-ақ  орманды

қалдықтармен,  химиялық  заттармен

бүлдiру, ластау және орман қорының жер-

лерiне өзге де залал келтiру:

1.Орман фаунасын жою немесе бүлдіру –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк

субъектiлерiне немесе коммерциялық емес

ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектi-

лерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiле-

рiне  екі  жүз  елу  айлық  есептiк  көрсеткiш

мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Орманның қурап қалуына немесе ау-

руына  не  ластануына  әкеп  соғатын

сарқынды сулармен, химиялық заттармен,

өнеркәсiптiк 

және 

тұрмыстық



шығарындылармен,  қалдықтармен  және

төгiндiлермен  орманды  бүлдiру  –  жеке

тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъ-

ектiлерiне  немесе  коммерциялық  емес

ұйымдарға  –  отыз  бес,  орта  кәсiпкерлiк

субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъ-

ектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш

мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3.  Орман  қоры  жерлерiндегi  орман

құрғататын жыраларды, дренаж жүйелерi

мен жолдарды жою немесе бүлдiру – жеке

тұлғаларға  бес  айлық  есептiк  көрсеткiш

мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4.  Осы  баптың  бiрiншi,  екінші  және

үшiншi  бөлiктерiнде  көзделген,  ерекше

қорғалатын  табиғи  аумақтарда  жасалған

әрекеттер – жеке тұлғаларға – он, шағын

кәсiпкерлiк 

субъектiлерiне 

немесе


коммерциялық емес ұйымдарға – елу бес,

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi

кәсiпкерлiк  субъектiлерiне  бес  жүз  айлық

есептiк  көрсеткiш  мөлшерiнде  айыппұл

салуға әкеп соғады.

Қала  тұрғындарының  назарын  қазіргі

заманға 

сай, 


стандартты 

қоқыс


контейнерлерінің  қажеттілігіне  аударып,

қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  шығарып

жою үшін келісім шарт жасауға шақырамыз.

Қоғамдық  орындарда  болғанда  тазалық

сақтап  және  қоғамдық  тыныштық  пен

тазалықты 

бұзшыларға 

«мүлдем


төзбеушілік» қағидасын ұстау керектігін ес-

кертеміз.



Қарқаралы қаласының әкімдігі.

ҚарҚаралы Қаласы тұрғындарының назарына!


жүктеу 3,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау