Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет72/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   192

      3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк 
иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да 
субъектілерін есепке алуға;
 
      4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер 
учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей 
отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін 
төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты 
емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы 
өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;
 
      5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың 
субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты 
жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;
 
      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;
 
      7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және 
жүргізуге;
 
      8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;
 
      9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;
 
      10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;
 
      11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;
 
      12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын 
жүргізу саласындағы бұзушылық –
 
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
Ескерту. 21-тарау 342-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 
№ 408-V
 Заңымен 
(01.03.2016 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      343-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және
 
                картография саласындағы заңнамасын бұзу
 
      1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
 
      геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, 
меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-
саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, 
жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызметтер көрсетуге 
арналған шарт;
 
      штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен 
кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      344-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге,
 
                сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу
 
      Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ сарқынды суды ағызуға 
қойылатын талаптарды бұзу –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға 
келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      344-1-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген
 
                   міндеттемелерін орындау жөніндегі талаптарды
 
                   бұзу
 
      1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау 
жөніндегі талаптарды бұзу –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 21-тарау 344-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015
 № 407-V 
Заңымен 
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      344-2-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген
 
                  міндеттемелері операторының міндеттерін және
 
                  функцияларын орындамауы немесе тиісінше
 
                  орындамауы
 
      Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының түскен 
ақшаны уақтылы немесе тиісінше бөлмеуі, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген 
міндеттемелері операторына жүктелген міндеттерді және функцияларды орындамауы немесе 
тиісінше орындамауы –
 
      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының бірінші 
басшысына бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 21-тарау 344-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015
 № 407-V 
Заңымен 
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      345-бап. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану
 
                жөніндегі қағидаларды бұзу
 
      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды 
әрі кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      346-бап. Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын
 
                пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге
 
                арналған жобалау құжаттарының көрсеткіштерін
 
                сақтамау
 
      Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды 
жүргізуге арналған жобалау шешімдерін сақтамау –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      347-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты
 
                өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен
 
                қағидаларды бұзу
 
      1. Жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық 
нормалар мен қағидаларды бұзу, егер бұл іс-әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау