Сенбі Суббота 9 маусым июня 2018 жыл года



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата19.11.2018
өлшемі3,61 Mb.
#20874
1   2   3   4   5   6   7   8

Кезекші редактор

Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ

Газет ҚР Инвестициялар 

және даму министрлігінде 

12.11.2014 жылы 

тіркелген. 

Тіркеу куәлігі №14622-Г

Біздің мекенжайымыз:

Индексі 080200, Аса ауылы, 

Абай көшесі, 78 үй.

Телефон: бас редактор 2-17-98

Бас редактордың орынбасары 2-20-24

Компьютер орталығы 2-13-44

Меншік иесі:

Жамбыл аудандық 

«Шұғыла-Радуга» газеті 

редакциясы» ЖШС

Редакция авторлардың 

көзқарасы, жарнама мазмұны 

үшін жауап бермейді.

Жарияланбаған хатқа 

жауап қайтарылмайды.

Газет  аптасына  2  рет,  сәрсенбі, 

сенбі күндері шығады.

Газета выходит 2 раза в неделю, 

в среду и в субботу.

Индекс 68991

Газет  «Шұғыла-Радуга»  газеті  редак-

циясында  компьютерде  теріліп,  беттеліп, 

«Қанатты  қалам  әлемі»  ЖШС  баспаханасында 

басылады. Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «б».

Электронды пошта: 

asa_66@bk.ru

Тапсырыс №349 

 

Таралымы 2300



Бас редактор

Сансызбай

МАХАМБЕТҚҰЛОВ

Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы, Жеңіс көшесі, №31-үйдің тұрғыны 

Омаров  Абдыхаким  Османовичтің  атындағы  «Москвич-412»  маркалы 

автокөліктің (мемл.нөмірі Н 156 КСМ, 1982 ж.) құжаттары жоғалуына 

байланысты жарамсыз деп табылады.

* * *


Жамбыл  ауданы,  Айшабибі  ауылы,  С.Әбішұлы  көшесі,  №42-үйдің 

тұрғыны  Укибаев  Ботбай  Онлабаевичтің  атындағы  «М-412»  маркалы 

автокөліктің (мемл. нөмірі Н 484 ВЕМ, 1975 ж.) құжаттары жоғалуына 

байланысты жарамсыз деп табылады.

* * *

Жамбыл  ауданы,  Аса  ауылы,  Б.Момышұлы  көшесі,  №130/2-үйдің 



тұрғыны  Сарсенбаев  Есенбайдың  атындағы  «Москвич-412»  маркалы 

автокөліктің (мемл. нөмірі Н 938 DЕМ, 1982 жылғы) құжаттары жоғалуына 

байланысты жарамсыз деп табылады.

* * *


Жамбыл  ауданы,  Тастөбе  ауылы,  Алпысбаев  көшесі,  №14/1-үйдің 

тұрғыны Абдихаимов Ибиш Абилахановичтің атындағы «М-412» маркалы 

автокөліктің мемлекеттік нөмірі (Н 745 ЕОМ, 1977 ж.) және құжаттары 

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылады.

Колькайнарский  сельский  округ  Жамбылского  района  проводит 

общественное  слушание  на  тему  «Проект  плана  природоохранных 

мероприятии  по  охране  окружающей  среды»  для  ТОО  «Шақпақ-Ата» 

компаний 22 июня 2018 года. Место проведения: Колькайнарский сельский 

округ Жамбылского района.

Жуырда  Жалпақтөбе  ауылындағы  «Балдәурен»  балабақшасында 

«Бақытты балалық шақ» атты ойын-сауық шарасы өтті. 

Іс-шара барысында әр топтың бүлдіршіндері тақырыпқа сай тақпақтар, 

«Туған жер», «Мен ауылға барамын», «Жас дәуірдің түлегіміз» атты әндерін, 

«Гүлдер», «Қолшатыр», «Нояндар», «Қуыршақтар» билерін нақышына 

келтіре орындап шықты.

Сонымен  қатар,  бүлдіршіндер  ертегі  кейіпкерлерімен  бірге  ой-

армандарын  айтып,  «Біз  бақытты  баламыз»  деген  ұранмен  асфальтқа 

түрлі-түсті борлармен сурет салды. 

Шаттықтан жүздері жайнаған балақайларға балабақша меңгерушісі 

Ж.Тоғанбаева  мен  тәрбиеші  М.Досмұханбетова  себет  толы  жемістерді 

сыйға тартты.

Гродеково  ауылындағы  280  орындық  «Болашақ»  бөбекжайында  12 

топ бар. Жалпы алғанда 78 қызметкер жұмыс істейді, оның 35-і педагог 

маманы,  43-і  техникалық  қызмет  атқарады.  Қызметкерлердің  басым 

көпшілігі жергілікті тұрғындар. Бөбекжай ұжымын 25 жылдық еңбек өтілі 

бар Кенжекүл Жақыпова басқарып отыр. Қазақ және өзге де ұлт өкілдерінің 

балалары тәрбиеленетін бөбекжайда оқу-тәрбие жұмыстары қазақ тілінде 

жүргізіледі.  Бүгінгі  күн  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  берудің  озық 

үлгілерін пайдалануға ден қойған ұжымда мазмұнды іс-шаралар көптеп 

ұйымдастырылады.

Солардың бірі – жуырда ғана өткен «Қош бол, балалар бақшасы» атты 

ертеңгілік. «Қарлығаш», «Ғарышкер», «Гүлдер», «Құлыншақ» топтары 

қатысқан іс-шарада балалар ертегі әрі ойын түрінде өткен ертеңгілікте 

ата-аналарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  

Іс-шараға  келген  ата-аналар  атынан  А.Сулейманов,  Ұ.Аманқұл, 

А.Абдумалик тәрбиешілерге, әдіскер Жансая Қожахметоваға алғыстарын 

білдірді.  Бөбекжайдан  қанат  қаққан  бүлдіршіндерге  марапаттар 

тапсырылды.  



күнзипа СИТалИЕва, «Шұғыла».

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт 

–  ұрпақ  өсіру,  бала  тәрбиелеу. 

Бүгінгі  бала  –  елдің  ертеңі, 

болашағы,  ұлттың  жалғасы.  Бар 

жақсылықты  балаларға  арнап, 

олардың  тәрбиелі,  саналы  болып 

ержетуіне қамқорлығын аямайтын 

мемлекеттің болашағы да жарқын.

Жаздың  бірінші  күніне  дәл 

келетін  балаларды  қорғау  күніне 

орай Айшабибі ауылдық Мәдениет 

үйінде  «Қарлығаш»  бөбекжайы 

түлектерінің  ұйымдастыруымен 

«Бақытты  балалық  шақ»  атты 

мерекелік концерт өтті. Балалардың 

өнерін тамашалауға ауылдық округ 

әкімі  аппаратының  қызметкерлері 

мен  Айшабибі  орта  мектебінің 

ұжымы  және  ауыл  тұрғындары 

арнайы шақырылды. 

Әуелі  бөбекжай  тәрбиешілері 

өздері  дайындаған  көрмеге  шолу 

жасады.  Содан  кейін  көпшілік 

бүлдіршіндердің  орындауындағы 

«Балдырған»,  «Дос  болайық 

бәріміз»  атты  әндеріне  құлақ 

түріп,  талапты  өрендердің  өнерін 

тамашалады. 

Шара  соңында  ауыл  әкімі 

Р.Сеитов пен бөбекжай меңгерушісі 

Г.Бекжігітова балаларға ізгі тілегін 

арнап,  диплом  және  ленталарын 

табыс етті. 



г. нүСіПова,

бөбекжайдың музыка жетекшісі.

Бакалавр мамандықтары:

5в010100  –  Мектепке  дейінгі  оқыту  және 

тәрбиелеу

5в010200  –  Бастауышта  оқыту  педагогикасы 

мен әдістемесі

5в010300 – Педагогика және психология

5в010400 – Бастапқы әскери дайындық

5в010500 – Дефектология

5в010600 – Музыкалық білім

5в010700 – Бейнелеу өнері және сызу

5в010800 – Дене шынықтыру және спорт

5в010900 – Математика

5в011000 – Физика

5в011100 – Информатика

5в011200 – химия

5в011300 – Биология

5в011400 – Тарих

5в011500 – Құқық және экономика негіздері

5в011600 – география

5в011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

5в011800 – орыс тілі мен әдебиеті

5в011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

– ағылшын және неміс тілі

– ағылшын және қытай тілі

– ағылшын және түрік тілі

5в012000 – кәсіптік оқыту

5в012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі

қазақ тілі мен әдебиеті

5в012200  –  орыс  тілінде  оқытпайтын 

мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

5в012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

5в040900 – хореография

5в042100 – Дизайн

5в050300 – Психология

5в090600 – Мәдени-тынығу жұмысы

Мектепті  былтыр  бітіргендер  және  техникалық, 

кәсіптік білім беру ұйымдарын (колледж) бітірушілер 

үшін  1-20  маусым  аралығында  кешенді  тестілеуге 

құжаттар қабылданады. Кешенді тестілеу 14-18 шілде 

аралығында  өткізіледі.  Кешенді  тестілеуге  қажетті 

құжаттар:  білім  туралы  құжат  (колледж  бітірушілер 

диплом  қосымшасымен  түпнұсқа);  колледжді  биыл 

бітіруші түлектер оқу орнынан анықтама (міндетті түрде 

бітіретін мамандығының шифры мен атауы көрсетілсін); 

086-У формадағы медициналық анықтама; жеке куәлік 

көшірмесі; 3х4 көлемдегі 2 сурет; кешенді тестілеуге 

қатысу туралы түбіртек. 

Шығармашылық мамандықтарға («Бастапқы әскери 

дайындық», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және 

сызу», «Дене шынықтыру және спорт», «Хореография», 

«Дизайн»,  «Мәдени-тынығу  жұмысы»)  құжаттар 

қабылдау  мерзімі  20  маусымнан  7  шілдеге  дейін. 

Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында 

өткізіледі. 

Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін арнаулы 

емтиханға  (педагогикалық  жағдаят  шешу)  құжаттар 

қабылдау және емтихан тапсыру 20 маусым-14 тамыз 

аралығында өткізіледі.

Мемлекеттік  білім  гранттарын  тағайындау 

конкурсына  қатысу  үшін  талапкерлер  институттың 

қабылдау  комиссиясына  келе сі  құжаттарды 

тапсырады:  арнайы  бланктегі  өтініш;  ҰБТ  (кешенді 

тест)  сертификаты;  білімі  туралы  құжат  (түпнұсқа); 

мемлекеттік  білім  грантын  алуға  жеңілдік  беретін 

құжат (I-II топтағы және бала кезінен мүгедектер, әке-

шешесі жоқтар үшін); 3х4 өлшеміндегі 2 фотосурет; 

медициналық анықтама (086-У нұсқада); жеке куә лік кө-

шірмесі. Өтініш 18-26 шілде аралығында қабылданады.

Қайта  ҰБТ  (ұлттық  бірыңғай  тестілеу)  және  КТ 

(кешенді  тестілеуге)  25  шілдеден  3  тамызға  дейінгі 

аралықта  құжаттар  қабылданады.  Қайта  кешенді 

тестілеу 15-19 тамыз аралығында өткізіледі. Қайта ҰБТ 

мен КТ-ге тестілеуден шекті балл алмағандар, тестілеуге 

қатыспаған тұлғалар қатыса алады.

Студенттер қатарына қабылдану үшін талапкерлер 

институттың қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды 

тапсырады:  өтініш;  білімі  туралы  құжат  (түпнұсқа); 

мемлекеттік  білім  гранты  берілгені  туралы  куәлік 

(білім  гранттары  иегерлері  үшін);  ҰБТ  (кешенді 

тест)  сертификаты;  медициналық  анықтама  (086-У 

нұсқада); 3х4 өлшеміндегі 6 фотосурет; ақылы негізінде 

мамандарды дайындау жөніндегі келісімшарт (ақылы 

негізде қабылданған талапкерлер үшін); төлемақының 

түбіртегі  (ақылы  негізде  қабылданған  талапкерлер 

үшін); жеке куәлік көшірмесі. Өтініш 5 тамыздан 25 

тамызға дейін қабылданады.

Тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның 

ішінде барлық пәндерден кемінде 5 балл жинақтаған 

талапкерлер студенттер қатарына қабылданады. 

Техникалық және кәсіптік білімнен кейін (колледж) 

кешенді тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, 

оның ішінде жалпы бейіндік пәннен кемінде 5 балл, 

бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинақтаған талапкерлер 

жеделдетілген  оқу  мерзіміне  студенттер  қатарына 

қабылданады.

Жоғары  білімі  бар  және  шетел  азаматтары  оқуға 

ақылы  негізде  қысқартылған  мерзімге  сұхбаттасу 

нәтижесінде қабылданады.

Ескерту:  басқа  жоғары  оқу  орнына  оқуға  ниет 

білдірген  талапкерлер  төрт  мамандық  бойынша 

конкурсқа  қатысу  үшін  ТарМПУ-дің  қабылдау 

комиссиясына құжаттарын тапсыруға құқы бар. 



   ТӨлЕМаҚы БойынШа жЕҢілДікТЕР

• Халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар 

мен  ғылыми  жобалардың,  өнер  байқаулары  мен 

спорттық жарыстардың жеңімпаздарына;

•  Ат а-анасы  жоқ  неме с е  ат а-анасының 

қамқорлығынсыз қалған студенттерге;

•  Ата-анасының  біреуі  қайтыс  болған  немесе 

ата-анасының  біреуінің  қамқорлығынсыз  қалған 

студенттерге; 

• Ауған соғысының ардагері немесе Чернобыль атом 

стансасының зардабын жоюға қатысқан, немесе Семей 

ядролық полигонындағы ядролық сынақтың әсерінен 

ата-анасының біреуі жапа шеккен студенттерге;

•  Ата-анасының  біреуі  I,  II  топтағы  мүгедек 

студенттерге;

•  I,  II,  III  топтағы  немесе  бала  кезінен  мүгедек 

студенттерге;

• Бір жанұядан бір мезгілде бірнеше бала ТарМПИ-

дің  күндізгі  бөлімінде  төлемақы  негізінде  оқыған 

жағдайда әрқайсысына;

• Көп балалы жанұядан (4 және одан көп балалар) 

оқуға қабылданған әр студентке;

•  Те стілеу  нәтиже сінде  (шығармашылық 

емтихандарды қоса есептегенде) 50 және одан жоғары 

балл жинақтаған педагогикалық және педагогикалық 

емес мамандықтарға құжат тапсырған талапкерлерге;

•  Күндізгі  бөлімге  сұхбаттасу  нәтижесінде 

шаруашылық есеп бойынша оқуға қабылданған шетел 

азаматтарына.

Магистратура мамандықтары:

6М010900 – Математика

6М011000 – Физика

6М011300 – Биология

6М011400 – Тарих

6М011800 - орыс тілі мен әдебиеті

Магитсратурада  екі  бағыт  бойынша  мамандар 

дайындайды:

• ғылыми және педагогикалық;

• бейінді

Оқу мерзімі:

• ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл.

• Бейіндік бағыт бойынша – 1 және 1,5 жыл.

Оқу түрі – күндізгі.

Жоғары  білімі  бар  тұлғалардан  магистратураға 

өтініштерді қабылдау 3-31 шілде аралығында жүргізіледі, 

10-20  тамыз  аралығында  оқуға  түсу  емтихандары 

өткізіледі: шет тілі бойынша түсу емтихандары – 10 

тамыздан 15 тамызға дейін; мамандық бойынша – 16 

тамыздан 20 тамызға дейін; оқуға қабылдау 25 тамызға 

дейін жүргізіледі.

Оқуға түсер кездегі құжаттар тізімі:

•  Ұйымның  жетекшісінің  атына  өтініш  (орында 

толтырылады).

•  Жоғары  білімі  туралы  құжатының  түпнұсқасы 

мен нотариалды куәландырылған көшірмесі; Шетелдік 

ЖОО-да  білім  алған  тұлғалар  магистратураға  түсу 

үшін  алған  білімі  мен  саласының  деңгейіне  сәйкес 

құжатты  растау  немесе  білім  туралы  құжаттардың 

нострификациясы процедурасынан өтуі тиіс;

•  TOEFIL  ITP,  TOEFIL  IBT,  TOEFIL,  IELTS, 

DSH, TestDaF-Prufunq, TFI,DELF,DALF,TCF  (болған 

жағдайда)  бағдармалары  бойынша  тест  тапсырғаны 

туралы сертификат (түпнұсқа, көшірме).

• Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақшасы 

мен еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған 

көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

• 3х4 см үлгісінде 6 дана фотосурет

• 086-У нысанындағы медициналық анықтама

• Жеке төлқұжаты мен паспорты (түпнұсқа, көшірме)

• Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының 

(болған жағдайда) тізімі.

• 2 хат салғыш.



талапкер-2018

тараз МеМлекеттік 

ПеДагогикалық униВерСитеті 

2018-2019 оқу жылына күндізгі және сырттай жеделдетілген 

оқу бөлімдеріне және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 

бойынша (магистратура) мемлекеттік грант және ақылы негізде 

талапкерлерді төмендегі мамандықтар бойынша оқуға шақырады:

Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетіне қош келдіңіздер!

Қабылдау комиссиясының мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі 62, 

тел. 43-24-17, 54-10-15. tarspu@mail.ru

тармпу – менің таңдауым! 

Жарамсыз деп табылады

Объявление

баҚытты балалыҚ шаҚ

Мерекелік концерт

БалаБақшадағы сауық кеші

ата-аналар алғыс айтты



жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау