Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



жүктеу 1,59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата19.11.2018
өлшемі1,59 Mb.
#20580
  1   2   3   4


апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

қазан


сейсенбi

11

№79 (1280)

2016 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қалалық қоғамдық-саяси газет        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ

ЕЛ ТЫНЫСЫ

Қадірлі оқырман! Өздеріңіздің сүйікті 

ба сы лым дарыңыз – «Ақмешіт ап талығы» газе ті не 

2017 жылдың бірінші жарты жылдығына жа зылу  

жүріп жатыр. 

Басылымның алты айға жазылу  бағасы:

Жекелер үшін-2000 теңге, мекемелер үшін – 3000 теңге.

Газет индексі: жеке тұл ғаларға – 65463, 

мекемелерге –15463. 

Мекен-жайы: Қызылорда қа ла сы, Бейбарыс  Сұлтан көшесі 

№4 үй. Анықтаманы 40-01-09, 70-00-37, 40-05-81 

телефондарынан алуға болады. 

Біздің есеп-шотымыз: ТОО «Сыр медиа» 

СТН 331 000 011 645  БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу куəлігі 

Серия 33001 №0003930 от 17.08.2012

ИИК KZ349260701180488005 

АО Казкоммерцбанк КБЕ 17,  

БИК KZKOKZKX    КОД 158872

«АҚМЕШІТ АПТАЛЫҒЫНА» 

ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

БАСПАСӨЗ  – 2017

Экономиканың  нарықтық  қатынастарға  көшу  жəне  пайдала-

нылатын  жер  көлемдерін  жекеше лендіру  кезеңінде  бұрынғы  ірі 

шаруашылықтар майда дербес ауыл шаруашылығы құрылымдарына 

бөлініп, жалпы егіс көлемінің қысқаруына əсер етті. Мəселен, 1991 

жылы жалпы егіс көлемі 257 мың гектарды құраса, 2001 жылы 140,8 

мың гектарды шамалады. Ал, үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан 

көрсетіліп  жатқан  қолдаулардың  арқасында  егіс  көлемі 2001 жыл-

мен  салыстырғанда 27,7 мың  гектарға  ұлғайтылды.  Оның  ішінде 

аймақтың негізгі дақылы – күріш егісінің көлемі де артқан. 

Тұқым  шаруашылығын  дамытуды  мемлекеттік  қолдаудың 

арқасында 2015 жылы егілген егіс көлемінің 98,5 пайызы жоғары ре-

продукциялы тұқыммен себілді. Бұл облыс бойынша соңғы 20 жылда 

болмаған көрсеткіш дейді мамандар. 

1991  жылға  дейін  облыста  күріш  ақтайтын  бірнеше  ғана  зауыт 

болды. Бүгінгі күні аймақта əлемдік стандарттарға сəйкес ақ маржан-

ды өңдейтін 17 ірі кəсіпорын пайдалануға берілді. Бұл зауыттардың 

жылдық қуаттылығы – 514 мың тонна. Бұл – жыл сайынғы жинала-

тын күріштің барлық көлемін өңдеуге толық мүмкіндік береді. Өнімді 

терең өңдеу бағытында күрішті ваккумды қаптау жəне тез əзірленетін 

күріш лапшасын өндіру технологиясы енгізілді. 

Мал шаруашылығы саласында мал басының ең жоғарғы деңгейі 

1991  жылмен  салыстырғанда  мүйізді  ірі  қара – 20,5, жылқы – 36,7, 

түйе – 43,8 пайызға артты. 2011 жылдан бастап «Ірі қара мал етінің 

экспорттық əлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш 

жоба  басталғалы 285 фермерлік  шаруашылық 13,3 бас  тауарлы  ірі 

қара малы сатып алынып, жоспар артығымен орындалған. Сонымен 

қатар, 2014 жылдан бері қолға алынған «Алтын асық» бағдарламасы 

бойын ша  10,8 мың бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойын ша 2,4 мың 

бас жылқы алынды.

Соңғы 20 жыл ішінде алғашқы рет құрама жем шығаратын зау-

ыт іске қосылды. Сонымен қатар, ет өндірісін дамыту мақсатында ірі 

қара малына арналған мал бордақылау алаңдары іске қосылды. 

Қайта өңдеу саласында облыс көлемінде рес публикалық инду-

стриаландыру картасы аясында «РЗА» АҚ-ның 660 бас мүйізді ірі 

қараға  арналған  тауарлы  сүт  фермасын  салу  жобасы  жүзеге  асы-

рылды. Сүт фермасына Венгрия мемлекетінен лизинг арқылы асыл 

тұқымды  Голштино-фриз  қашарлары  əкелінді.  Қазіргі  уақытта 

осы асыл тұқымды ірі қара малының саны 2000 басқа жетті. Жоба 

аясында  аталған кешенде тəулігіне 30 тонна сүтті ультрапастери-

зациялау  желісі қолға алынды.

Балық  өнімдерін  өңдеуді  дамыту  мақсатында 2009 жылы  Арал 

қаласында «Атамекен балықөнеркəсібі» ЖШС-і жылына 6 мың тон-

на  балық  өңдейтін  зауыт  салуды  жүзеге  асырды.  Ал,  қымыз  жəне 

шұбат өнімдерін өңдеуді ұйымдастыру мақсатында аймақ көлемінде 

қуаттылығы тəулігіне 1 тонна өнім шығаратын 2 цех іске қосылды. 

Сонымен  бірге, 2013-2015 жылдары  жалпы  қаржысы 1,4 млрд. 

теңгені  құрайтын 12 жоба  жүзеге  асырылса, 2016-2018 жылдар 

аралығында 29 млрд. теңге көлеміндегі 19 жобаны жүзеге асыру жос-

парланып отыр. 



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ,

Суретті түсірген: Бағдат ЕСЖАНОВ.

–  Тəуелсіздіктің  бəрімізге 

артар  міндеті мол. Еңселі ел болу 

жолында тынбай тер төгуіміз керек 

əулетіміздің асуы да, дəулетіміздің 

тасуы 

да 


өз 

қолымызда. 

Тарих   көші  ұзақ.  Асықсақ  та 

аптықпайық.  Қазақстанның  көп 

ұлтты халқының жұлдызы жоғары 

болатынына, 

туған 

елімізде 



дəулетті  де,  сəулетті  өмір  орнай-

тынына  кəміл  сенемін,–  деп  зор 

мақтанышпен,  асқақ    арманмен 

осыдан  тура 25 жыл бұрын айтқан 

Ұлт 

Көшбасшысының 



қанат-

ты  сөздері  қазақстандықтарды 

жігерлендіріп,  жұмысына  соны 

серпін, ерекше екпін берді. 

Міне,  ұлы  тарих  көшінде 

тəуелсіз  елдің  жаңа  жобасын  бет-

ке  алып  Сыр  елі  де  дамудың 

даңғыл  жолында  жүріп  келеді. 

Қалаға  қарасты  елді  мекендер-

де  де  жас  мемлекеттің  гүлденуіне 

бағытталған 

игі 


бастамалар, 

жаңа  жобалар   жүзеге  асып, 

олардың 

мəдениеті, 

ғылымы, 

өнеркəсібі,  шаруа шылығы  же-

дел  қарқынмен  дами  бас тады. 

Қызылорда  қаласына  қарасты 2 

кент, 7 ауылдық  округ  бар.  Кеңес 

дəуірінде  алғашқы  көпқабатты 

тұрғын үйлер тұрғызылып, шойын  

жолдың 


арқасында 

өркениет 

көшіне  іліккен  еңселі  кенттің 

бірі – Белкөл.  Бүгінде  ширек  

ғасыр  көшінде  белді  асуларды 

бағындырған  кенттің  іргелі  істері 

мен  тарту болар тағылымды табы-

стары жайлы сыр шертпекпіз.

Игілікті  іске  бастамашы  болған  Аида 

Керімқұлова  есімді  кəсіпкер.  Бұған  дейін 

тұрмыстық  техника  дүкенін  басқарған 

оның жаңа орталықты ашқандағы мақсаты 

– ұлттық өнерді дəріптеу. 

–  Аймағымызда  дарынды  қолөнер 

шеберлері  жетерлік.  Өкініштісі  олардың 

жасаған  дүниесі  көпшілікке  танымал 

емес.  Əрине,  əркімнің  өз  тұтынушысы 

бар.  Бірақ,  бəрі  бірдей  танымайды 

ғой.  Сол  себепті  шебер  аға-əпке,  іні-

сіңлілеріміздің  еңбектерін  жұртшылыққа 

таныту,  халқымыздың осы бір өнерін да-

мыту мақсатында қаладан арнайы орталық 

ашуды қолға алдым. Бет алысымыз жаман 

емес.  Бізде  тұрмысқа  қажетті  заттардың 

барлығы  бар.  Оның  ішінде  қазақы 

нақыштағы  төсек  жабдықтары,  бойжет-

кен,  қалыңдыққа  арналған  əшекейлер, 

күміс,  ағаш  бұйымдар,  құрақ  көрпелер, 

жастық,  бесік,  майлы  бояумен  салынған 

картина сияқты заттар бар. Қазақы оюмен 

өрнектеліп тігілген желетке, сөмке, əмиян, 

қонақтарға  арналған  түрлі  кəде  сыйлар-

ды,  ағаш  ыдысты  да  біздің  орталықтан 

табуға  болады, – дейді  қазақ  өнерінің 

қолдаушысы,  кəсіпкер  Аида  Керімқұлова 

бізбен əңгімесінде. 

Бізде  республикаға  танымал  қолөнер-

шілер  баршылық.  Олардың  тың  туынды-

лары  шетел  асып,  көрмелерге  қойылған. 

Көпшілік  тарапынан  өз  бағасын  алған. 

Кəсіпкер  ісінің  өрге  басуына  олардың 

ықпалы зор. Талантты тұлғалардың туын-

дысы мен іскер қыздың біліктілігі біріккен 

дүкенде 


бүгінде 

жиырмадан 

астам 

қолөнер  бұйымының  түрлері  қойылған. 



Олардың  арасынан  танымал  қолөнер 

шебері Бекзат Жақыпов, Жəнібек Махан-

бет, Айсұлу Асқарбекова жəне жас шебер 

Жібек  Алтаеваның  жасаған  дүниелерін 

айтуға болады.  

–  Жақында  Астана  қаласында  өткен 

туристік  көрмеге  қатыстық.  Онда  жан-

жақтан келген шетелдіктер біздің бұйым-

дарға аса қызығушылық танытты. Ойлан-

бастан  естелікке  деп  сатып  алды.  Қытай, 

Үндістан азаматтары қолөнершілердің ви-

зиткасын сұрап, тапсырыс беретіндіктерін 

жеткізді.  Бұл  еңбегіміздің  еш  кетпегенін 

аңғартады.  Алла  бұйыртса,  келер  жылы 

өтетін  ЭКСПО-2017  көрмесіне  қатыссақ 

деген  ниетіміз  бар.  Əрине,  ол  уақыттың 

еншісінде. 

Біз 


тек 

бағытымызды 

жоғалтпай,  алға  ұмтылыс  жасаймыз, – 

дейді  орталықтың  арт-директоры  Жібек 

Алтаева.  

Қала  бойынша  мұндай  бағыттағы 

дүкеннің  ашылуы  құптарлық  жағдай. 

Себебі,  бұған  дейін  аталмыш  орталық 

секілді  жобалар  болмаған-ды.  Ұлттық 

құндылық  заманауи  қалыпта  жаңғырып 

отыруы тиіс деген Аиданың сөзінің жаны 

бар.  Қанша  ғасыр  өтсе  де,  ұрпақтан-

ұрпаққа  жалғасқан  атакəсіпті  бүгінгі 

жастарға  дəріптеу  керек.  Бір  жақсысы, 

жастар  арасында  да  қолы  алтын  шебер-

лер  бар.  Оларға  сəл  демеу  көрсетілсе, 

біліктілігін  арттыруға  сеп  болар  еді. 

Халқымыздың  қасиетті  қара  өнерін  серік 

еткендерге  артық  ештеңе  қажет  емес. 

Əйтпесе,  қаншама  жастың  ағаш  бұйымы, 

зергерлік  əшекейі,  ісмерлік  туындыла-

ры  көлеңкеде  қалып  жатыр.  Десе  де

қолөнер  орталығына  жасаған  туынды-

ларын  ұсынушы  жастар  жиі  келеді  екен. 

Əрбір  бұйымға  жіті  мəн  беретін  орталық 

мамандары  олардың  талпынысы  жоғары 

екендігін  айтады.  Соларға  демеу  болып,  

бұйымдарын  дүкен  сөресіне  орналас-

тыру  жоспарда  бар.  Бірнеше  ай  ішінде 

тұтынушылардың 

көңілінен 

шыққан 


орталық  ендігі  кезекте  оларды  тың 

дүниелермен қуантпақ ниетте. 



Айдана САЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫ 

ВЕБ-САЙТ АРҚЫЛЫ 

ҚАДАҒАЛАНАДЫ

ҚР  Ұлттық  экономика  министрлігі 

болашақ  үлескерлерге  құрылыс  салушылар-

ды  арнайы  веб-сайт  арқылы  қадағалап  оты-

ру мүмкіндігін жасап бермек, деп хабарлайды 

ҚазАқпарат.

«Бас  прокуратурамен  бірге  тұрғын  үй 

құрылысында  үлескерлік  қатысу  саласында 

республикалық-тақырыптық  веб-сайт  құрылуда. 

Аталмыш  ресурстың  арқасында  азаматтар 

үлескерлік құрылыс саласында құқықтық қолдау 

ала  алады.  Сонымен  қатар,  өңірлер  бойынша 

салынып  жатқан  құрылыс  нысандары  бойын-

ша  ақпаратқа  қол  жеткізіп,  үлескердің  алданып 

қалмауына жол ашады», - деді ол.     

Оның  сөзінше,  құрылыс  компаниялары  енді 

өздерінің  сайттарында  құрылыс  нысаны  тура-

лы ақпаратты, фотоесепті əр ай сайын жаңартып 

отыруы   тиіс.  Айта  кету  керек,  бүгін, 10 қазан 

күні «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ту-

ралы» заң  күшіне енді. 



ƏЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ 

АРАЛАДЫ

Қызылорда 

облысының 

əкімі 

Қ.Көшербаев  қаладағы  бірқатар  əлеуметтік 

нысан дарды аралады. 

Алдымен  облыстық  көпсалалы  балалар 

ауруханасының құрылыс жұмыстарымен таныс-

ты. Құрылысы 2014 жылы басталған көпсалалы 

балалар ауруханасы биыл пайдалануға берілмек. 

6,8 гектар аумақты алып жатқан ғимарат 4 негізгі 

блоктан  тұрады  жəне  табиғи  газбен,  қажет 

жағдайда  сұйық  отынмен  жұмыс  істейтін  стан-

ция  орнатылады.  Заманауи  үлгідегі  аурухана-

да 12 бөлімше  жұмыс  істейді.  Оның  ішінде  хи-

рургия,  аллерголог,  уролог,  нейротравматолог 

бөлімдері  бар.  Құрылыс  жұмыстары  аяқталған 

соң жедел жəрдем мəселелері шешіледі. 

Облыс  əкімі  Қ.Көшербаев  Қызылорда 

қаласында  жаңа  заман  талабына  сай  салынып 

жатқан  автобус  паркінің  құрылысымен  таныс-

ты.  Оның  жалпы  сыйымдылығы 200 автобусқа 

арналған.  Автопаркте  жанармай  бекеті,  көлік 

жуу  алаңы  қарастырылған.  Сондай-ақ,  облыс 

басшысы  қалада  Жаппасбай  батыр  көшесіндегі 

580  пəтерлі 12 көпқабатты  үйдің  құрылысымен 

танысты.  Бұл  үйлер  «Нұрлы  жол»  мемлекеттік 

бағдарламасы  аясында  салынып  жатыр  жəне 

жыл аяғына дейін ел игілігіне табысталады.

Содан  соң  аймақ  басшысы  Қ.Көшербаев 

Талсуат  ауылдық  округіндегі 300 орындық 

психоневрологиялық интернатқа барды. Мұнда І 

жəне ІІ топтағы мүгедектерге арнайы əлеуметтік 

көмек  көрсетілетін  болады.  Нысан 8 блоктан 

тұрады.  Онда  дəрігерлердің  қабылдау,  физио-

емдеу  жəне  денешынықтыру,  мəдени-спорттық 

мақсаттағы, сондай-ақ, емдеу-сауықтыру өндіріс-

тік шеберханаларына арналған бөлмелер бар.

ЕҢБЕК ЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Социалистік  Еңбек  Ері,  Қазалы  ауданы-

ның  құрметті  азаматы  Кəрібоз  Əлимаевтың 

80 жасқа толған мерейтойы Қазалы ауданын-

да салтанатты жағдайда аталып өтті. 

Жиында  аудан  əкімі  Нажмадин  Шамұратов 

мерейтой  иесіне  сый-құрмет  көрсетті.  Одан 

əрі  облыстық  қоғамдық  кеңестің  төрағасы 

С.Имандосов,  аудандақ  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  О.Бекбанов,  Тасарық,  Қарашеңгел, 

Бозкөл  ауылдық  округтерінің  ақсақалдары, 

аудандық  ауылшаруашылық  бөлімінің  ұжымы 

К.Əлимаевтың  ел  үшін  жасаған  ерен  еңбегінің 

бүгінгі  ұлы  көштің  үлкен  легіне  айналып  келе 

жатқан  жастар  үшін  үлгі-өнеге  екенін  жеткізіп, 

Еңбек  ерін  мерейтойымен  құттықтады.  Шара 

соңында  Кəрібоз  ақсақал  жастық  шағы  мен  ет-

кен  еңбегі  жайлы  сыр  шертіп,  жастарға  баянды 

болашақ тіледі.

Тəуелсіздік–тəңірдің  біздің  ұрпаққа  берген  үлкен  бақыты,  халқымыздың  мəңгілік 

құндылығы. Небəрі 25 жылдың ішінде Қазақстан елі өрлеудің жаңа кезеңіне қадам басты.  

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  ата-бабамыз  өмір  бойы  аңсап  кеткен  елдің  бірлігі  мен 

ынтымағын ту етіп көтеріп, көпұлтты қазақ елін ауызбіршілікке, ынтымаққа үндеп, еліміздің 

еңсесін тіктеуге көп қажыр-қайрат жұмсады.



2-бетте

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТЫМЕН 

АГРОӨНЕРКӘСІПТЕГІ 

АГРОӨНЕРКӘСІПТЕГІ 

ӨРКЕНДІ ІС 

ӨРКЕНДІ ІС 

МИРАС

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕГЕН ОРТАЛЫҚ

Соңғы жылдары ұлттық нақыштағы дүниелеріміз сұранысқа ие. Қазақ қолөнерінің сəн əлемінен өзіндік орын алуы жастардың оған деген қызығушылығын арттыра түсті. Ал, сұранысы жоғары дүние қашанда 

өтімді. Жуырда өңірде осы бағытта жаңа қолөнер орталығы ашылды. Аз уақыт ішінде тұрақты тұтынушысын жинап үлгерген бұл орында – қаладағы қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған. 



БЕЛКӨЛ –

ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

Ауыл  шаруашылығы  саласында  Қызылорда  облысы  күріш  егумен,  мал  жəне  балық 

шаруашылықтарын  дамытуға  ерекше  мəн  берген.  Облыстық  ауыл  шаруашылығы 

басқармасының мəліметіне сүйенсек, 2003 жылдан бастап алғашқы рет мемлекеттік қаржылай 

қолдау шаралары енгізілді. Сол жылы аймақтағы агроөнеркəсіпті қолдауға 142,8 млн. теңге 

бөлінсе, биыл оны дамытуға бөлген мемлекеттік қолдау көлемі 8,7 млрд. теңгеге дейін артты.  

Мерейтой  иесін  облыс  əкімі  Қырымбек  Көшербаев 

құттықтады. 

– «Дəрігердің ауру балаларға деген жан жылуы болмаса,  

нағыз  кəсіби  маман  бола  алмайды»  деген  салиқалы  сөзін 

Камал  Сəруарұлы  айтып  қана  қоймай,  оны  өзінің  ісімен 

де  дəлелдеді. 1996 жылы  облыс  орталығынан  педиатрия 

факультетінің филиалын ашты. Осы салада жергілікті маман-

дарды  тəрбиелеуге  күш  салды.  Арал  балаларына  айрықша 

жағдай  жасап,  өзі  басқарып  отырған  Педиатрия  жəне 

балалар   хирургиясы  ғылыми  орталығынан  «Экология  жəне 

балалар»   бөлімшесін ашып, ай сайын Қызылорда облысынан 

30  баланың  тегін  емделуіне  жағдай  жасады. 15 жыл  ішінде 

осы  бастаманың  шарапатын  мыңдаған  сəби  көрді, – деді 

облыс  басшысы. Сондай-ақ, ғибратты ғұмыр иесін облыстың 

Құрмет  грамотасымен  марапаттап,  оған  темір  тұлпардың 

кілтін табыстады.   

Бала  денінің  саулығы,  ұлт  саулығының  негізі  деген 

сөзді  берік  ұстанған  дəрігер  саналы  ғұмырын  балалардың 

денсаулығына  арнады.  Бүгінге  дейін 14 мыңнан  астам  ота 

жасап,   қаншама  жанның  өміріне  араша  болған.   Салтанат-

ты  шарада  достары,  замандастары  жүрекжарды  тілектерін 

айтып,   еңбек жолындағы жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Сонымен  қатар, 9-11 қазан  күндері  К.Ормантаевтың 

мерейтойы  құрметіне  облыстық  медицина  орталығында 

ғылыми-тəжірибелік  конференция  ұйымдастыру  жəне 

Қармақшы  ауданында  əріптестермен  кездесу  жоспарла-

нып отыр. 

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

ҚҰРМЕТ

БАЛАЛАР 


ХИРУРГИЯСЫНЫҢ БІЛГІРІ

Есімі алты алашқа жайылған ғалым, балалар 

хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев биыл 

80 жасқа толды. Академик, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты Камал Сəруарұлын білмейтін қазақ 

кемде-кем 

шығар. 

Ақ халатты 



абзал жанның 

айтулы 


мерейтойын 

туған жері – 

Қызылорда 

облысы да өз 

деңгейінде 

тойлады. 

Осыған орай, 

Достық үйінде 

арнайы 

салтанатты 



кеш өтті.


жүктеу 1,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау