53
3.2. тақырып. Қазақстан Республикасы Ҧлттық банкінің
функциялары мен операциялары
1. Ақша-несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, дефляциялық
және селективтік.
2.
Ақша айналысын басқару.
3.
Ұлттық банк – «банктердің банкі».
4. Ұлттық банк – Үкіметтің басты банкирі, қаржылық кеңесшісі және агенті.
Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң кәшi бар жарлығында
Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:
Ұлттық банк- мемлекеттiк орталық банк.
Басқа барлық банктердi заңда тӛменгi деңгейлi банк деп жазылған.
Ұлттық статистика кӛрсеткiшi бойынша 2000 жылдың басында 55 екiншi деңгейлi
банк анықталған. Оның iшiнде бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет аралық 22 шетелдiк
қатысуымен, 17 шетел ӛкiлдiгi ашылған. республикада тiркеуден ӛткен 44 ломбард, 7
несиелiк серiптестiгi және кейбiр банктiк операция жәргiзетiн 46 басқа мекеме бар.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде ӛзінің
қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін
жүргізетін барлық банктердің ,бактік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы
үшін нормативтік актілер шығарады.Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің
хабаршысың , «Вестник Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс
тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын
қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы,несие,банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• несие берушілер мен салымшалардың ,сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату
және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады :
Біріншіден,Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу,
яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының кӛлемін реттеумен және ресми
проценттік мӛлшердің деңгейін ӛзгертумен шұғылданады.Егер ақша-несиелік реттеу
әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие
салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мӛлшерді ӛзгертуге
құқығы бар. Сондай –ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және
айналмалы вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк ӛзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы
қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және ӛтер мерзімі
бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен
шұғылданады.Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп,
айналымда жүретін тӛлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны
(теңге мен тиынды) эмиссиялау.Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,теңге
мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмӛлшерін анықтап,дайындығын
қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолмаӛқол ақша қаражатын шығаратын,теңге мен тиынның қолма-қол
ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді ұйымдастыратын айырықша
54
құқығы бар.Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып,оларды
жаңасымен айырбастап,тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып,бірінші класты ( жоғары
ӛтімді,қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені
алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы
несие беруші.Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ
қамтамасыз етілген,ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы
белгіленген тұртіппен және мерзімге береді.Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тұртібін анықтап,қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық
есептесуді ӛз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін тӛлем жүйесінің
қызметін ұйымдастырады.
Тӛртіншіден,үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін
атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын ӛтеуге
қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо)
болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды.Қаржы министрлігімен келісілген
шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып,олардың депозиторлық ісін
жүзеге асырады /8/.
Бесіншіден,банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан
территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға
рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді.Барлық банктер,банк емес
қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк
ісі,есептеу,есептесу,валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік
актілер шығарып,олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың ,бухгалтерлік,банктік және басқа есептін
мерзімін,формасын,тұртібін және әдісін бекітіп, сондай-ак олардың орындалуын
бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе
аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк ӛзінің бақылау қызметін
атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін
Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың
айналым аясын және тұртібін белгілеп , шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға
қажетті кезде, оның ішінде проценттік мӛлшер деңгейіне шектеу қояды .
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды
Қазақстанға аудару , әкелу,әкету және салып жіберу тұртібін белгілеп, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот
ашуының мақсатын тұртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.Халықаралық
есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп
қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жургізеді.
Жетіншіден , елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық
банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға
байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралың Заңкуші бар Жарлығына сай
бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып,
қазақстандық және басқа ӛндірушілерден /сатып алушылардан/ Ұлттық банктің алтын
валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап,
одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.