1
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(ПОӘК)
«Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша
«5В050900 - Қаржы» мамандығы
Алматы, 2012ж.
2
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы,
экономика магистрі Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы
Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған
қаулы №1 «25» тамыз 2012 ж.
Кафедра меңгерушісі __________________Бертаева К.Ж. э.ғ.д., профессор
АЭСА Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ 1 « 27 » тамыз 2012 ж.
ОӘК тӛрағасы, оқу жұмысының проректоры
___________________________ профессор Р.К.Машанова.
3
Мазмҧны
Бет
1.
Пәннің типтік оқу бағдарламасы
4
2.
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
14
3.
Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)
26
4.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
27
5.
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
29
6.
Дәрістер кешені
33
7.
Семинар сабақтарының жоспары
77
8.
Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар
81
9.
Студенттің ӛзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
84
10.
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
87
11.
Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялар тізімі
91
12.
Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету
91
4
ANB 2211 Ақша,несие,банктер
3 кредит
1.Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалықУниверситеті әзірлген және ұсынған.
2. Пікір жазғандар:э.ғ.д., доцент Мақыш С.Б. – Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалыӛ универстеті; э.ғ.д., профессор Д.Абленов – Қазақ қатынас жолдары
университеті
3. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 30 желтоқсан 2009 жылғы
№611 бұйрығымен бекітілді және іске қосылды.
4. Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес
«050509-Қаржы» мамандығы бойынша әзірленген
5. Республикалық Оқу әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды 2009 жыл 25
маусым№1 хаттама
5
Тҥсініктеме жазбахат
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа
талаптары оқу бағдарламасының жаңа құрылымы мен оның мазмұнын сипаттайды.
«Ақша, несие, банктер» курсы – кең профильді маман ретінде банкирлер
дайындауға негіз бола алатын теориялық курс. Бұл курс экономикалық теория, макро
және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент
және тағы да басқа оқу пәндерімен қосыла отырып, ақша-несиелік қатынастар, банктік
қызмет теориясы және оны ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастыра
отырып, олардың экономикадағы маңызы мен қолдану механизмін тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді.
«Ақша, несие, банктер» оқу пәні келесідей мақсаттарды кӛздейді:
• студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша,
ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік-есеп
айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша
біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;
• пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;
• барлық ұғымдардың ӛзара байланысы мен олардың ішкі логикасын ашу.
«Ақша, несие, банктер» оқу пәнінің міндеттері:
• студенттерге ақша, несие, банктердің теориясы бойынша қажетті теориялық
білімнің белгілі-бір минимумын беру;
• оларға банк сферасында қызмет істеу үшін қажетті практикалық машықтарды
(навыки) дарыту;
• банк қызметінің болашақ профессионалдарына алдағы уақытта болуы мүмкін,
ықтимал банктік жаңашыл қызметтер, интернет-технологиялар және тағы басқа
ӛзгерістерге бағыт беріп қою.
«Ақша, несие, банктер» курсының бағдарламасы мемлекеттік стандарттарға және
мазмұндау логикасына сәйкес бес дербес бӛлімге, сонымен бірге, оқу пәнінің негіздік
проблемаларын қарастыратын ӛзара байланысты бірсыпыра бӛлімшелерге бӛлінген.
«Ақша, несие, банктер» курсының сызбасы меңгеру процессін белгілі-бір дәрежеде
оңайлатуға, ал керек кезде, осы курсты оқитын мамандықтар бойынша бӛлінетін
сағаттарды есептегенде, кейбір бӛлімдерді немесе тақырыптарды қалдырып кетуге
мүмкіндік беретін құрылымдық түрде берілген.
Пәннің мазмҧны
Кіріспе
«Ақша, несие, банктер» курсының мәні, оның басқа оқу пәндерінің арасында
алатын орны. Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Осы пәннің объектілері мен
зерттеу әдістерін сипаттау. Қарастырылатын тақырыптарға қысқаша тоқталу. Пәндердің
ӛзара байланысы. Оқу әдістері мен жүргізілетін сабақтардың түрлері. Студенттердің
білімін, олардың ӛзіндік және зерттеу жұмыстарын бағалау, қадағалау формалары.
Қажетті әдебиеттер тізімін ұсыну.
Негізгі бӛлім
1 бӛлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі тҥсініктер
1.1. тақырып. Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері
Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақша жалпылама құн
эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың