Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет76/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   420

155 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесі 

 

Ахметкали Т.А.,  

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай қ. 

Е-mail: 


Tangsulu@bk.ru

 

 



Бағалы  қағаздар  нарығы  қаржы  нарығының  бөлігі  ретінде  еліміздің  өндірісін 

дамыту үшін өмірлік қажет, бірақ сол уақытта жеткілікті өтімді кәсіпорындардың белгілі 

бір  көлемінің  болмауынсыз  қор  нарығының  тиімді  жүзеге  асырылуы  мүмкін  емес. 

Сондықтан  реформаларды  жүргізуде  қаржы  саласын  өндірістен,  мемлекет  мүдделерін 

компаниялардың  және  т.б.мүдделерінен  бөлуге  болмайды.  Тек  қана  ең  алдымен 

инвесторлардың  тиімді  қызметі  үшін  жағдай  жасауға  бағытталған  өзара  ойластырылған 

реттеуді  жүзеге  асыру  кезінде  ғана  Қазақстанда  дамыған  бағалы  қағаздар  нарығының 

пайда  болуы  мүмкін.әлемнің  әр  түрлі  елдерінде  қор  нарығын  мемлекеттік  реттеудің 

маңызды  рөлі  қор  нарығының  бірлігін  қамтамасыз  ету,  инвестициялық  институттардың 

қаржы  жағдайын  қадағалау  және  инвесторлардың  құқықтарын  қорғау  қажеттілігіне 

негізделген.  Сонымен  қатар,  тиімді  мемлекеттік  реттеу  жалпы  қор  нарығының  табысты 

дамуына  ықпал  етеді.Бұл  үшін  экономиканың  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  ақша 

қаражаттары қайта бөлу болып табылатын ол өзінің аса маңызды функциясын орындауға 

ықпал  етуі  тиіс.  Бұл  үшін,  ең  алдымен,    мемлекет  әзірлейтін  заңнамалық  база,  жұмыс 

істеу нормалары және қор нарығын дамыту тұжырымдамасы талап етіледі. 

Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі болып бағалы бағалы қағаздар нарығы 

табылады,  олар  нарықтық  экономиканың  маңызды  борыштық  құралы  ретінде 

сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттік 

борышты  қалыптастырудың  неғұрлым  өркениетті  нарықтық  тәсілі  ретінде  сипатталады; 

мемлекеттік 

бағалы 

қағаздар 



арқылы 

ақша-несие 

саясаты 

жүргізіледі, 

макроэкономикалық  процестерге  әсер  ету  жүзеге  асырылады.Мемлекеттік  бағалы 

қағаздар  арқылы  мемлекеттік  заемдар  бойынша  берешекті  өтеу  жүзеге  асырылады. 

Сонымен  қатар,  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  көп  жағдайда,  қор  нарығының  жағдайын, 

басқа  эмитенттердің  бағалы  қағаздар  курсын  анықтайды,  сондықтан  көбінесе  оларды 

елдің экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістер барометрі ретінде қарастырады. 

Мемлекеттік  бағалы  қағаздар  нарығының  маңызды  рөлі  болып  мемлекеттік 

бюджетті  қаржыландыруда,қаржы  жүйесінің  өтімділігін  қолдауында,  реттеу 

экономикалық  белсенділігі  мен    және  т.б.  табылады.  Осы  және  басқа  да  факторлар 

мемлекет  тарапынан  оның  реттеу  ерекшеліктерін  алдын-ала сипаттады.Әлемдік 

тәжірибеде  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  нарығын  реттеу  жүйесі  нормативтік-құқықтық 

актілер мен реттеудің мемлекеттік органдары мен бақылауын қамтиды.Айта кету керек, 

әрбір жеке елдерде мемлекеттік борыштық міндеттемелер нарығын реттеуде өз әдістері, 

құралдары мен модельдері пайдаланылады. Сонымен бірге мемлекеттік борыш нарығын 

реттеуге  тән  бірыңғай  элементтер  бар.  Оларға  бағалы  қағаздар  статусы;  қаражаттарды 

тарту субъектілерінің статусы; тарту көлемі, жалпы қарыз көлемін және табыстылығының 

міндеттемелері; эмиссия процестері мен  мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруы; 

мемлекеттік  бағалы  қағаздар  нарығының  кәсіби  қатысушыларына  және  инвесторларына 

рұқсат беру жатады. Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты ретінде бағалы қағаздардың 

сенімділігінің  артуын  қамтамасыз  ету,  елдің  экономикалық  өсуіне  мүмкіндік  беретін 

ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу 

көпдеңгейлі  үрдіс  болып  болып  табылады.  Ол  анықталған  мемлекеттік  мақсат  пен 

қағидаларға  сәйкес,  құқықтық,  әкімшілдік,  экономикалық,  техникалық  және  басқа  да 

әдістер  жиынтығы  арқылы  нарықтың  барлық  субъектілерінің  қызметіне  әсер  ететін 

механизм.  Реттеу  жүйесі  осы  аядағы  мемлекеттік  саясаттың  маңызды  құралына 

жатқызылады.  Бағалы  қағаздар  нарығындағы  мемлекеттік  реттеу  бағалы  қағаздар  және 



156 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қызмет  түріне  байланысты  болып  жіктеледі.  Бағалы  қағаздар  түріне  байланысты 

мемлекеттік  реттеудің  әр  түрлі  сегменттерін  қамтиды.  Оларға  корпоративтік  бағалы 

қағаздар,  мемлекеттік  бағалы  қағаздар,  туынды  бағалы  қағаздар  нарығындағы 

мемлекеттік реттеу жатады. Қызмет түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық 

аядағы мемлекеттік реттеуге бөлінеді.  

Мемлекеттік  бағалы  қағаздар  нарығын  мемлекеттік  реттеу  нысандарына,  

корпоративтік бағалы қағаздарына қатысты, әдетте басқарудың тікелей немесе әкімшілік; 

жанама, немесе экономикалық деп бөледі. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын тікелей 

немесе әкімшілік басқару келесіжолдар арқылы жүзеге асырылады: 

1)  бағалы  қағаздар  нарығының  қатысушыларына  және  инфрақұрылымдық 

ұйымдарыға міндетті талаптарды белгілеу;  

2) мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті лицензиялау;  

3)  ашықтығын  қамтамасыз  ету  және    нарықтың  барлық  қатысушыларын  тең 

ақпараттандыру;  

4)нарықта құқықтық тәртіпті қолдау. 

Тікелей  немесе  әкімшілдік  реттеу  келесі  сұрақтарды  қамтиды:бағалы  қағаздар 

нарығының  субъектілер  қызметінің  талаптарын  бекітетін  құқықтық  актілерді 

шығару;эмиссиялық  бағалы  қағаздардың  шығарылымын  тіркеу  және  эмитенттердің 

шарттар  мен  міндеттемелерді  орындауға  бақылау  жасау;бағалы  қағаздар  нарығы  кәсіби 

қатысушылардың қызметін лицензиялау;қор биржа және биржадан тыс нарықтағы бағалы 

қағаздармен сауда-саттық жүргізетін ұйымдардың қызметін лицензиялау;бағалы қағаздар 

нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін құру және эмитенттер мен кәсіби 

қатысушылардың  оларды  бағынуына  бақылау  жасау  және  тағыда  басқа  сұрақтарды 

қамтиды.Тікелей  реттеумен  қатар  жанама  әдістерді  қолдану  өзекті  сұрақтың  бірі  болып 

табылады. Себебі, әр түрлі санаттар бір біріне байланысты. Бір санатқа әсер ету, екінші 

санаттың  өзгеру  икемділігі  байқалады.  Сонымен  жанама  реттеу,  немесе  экономикалық 

реттеу  экономикалық  жүйедегі  тұтқалар  арқылы  жүзеге  асырылады.  Экономикалық 

тұтқаларға мемлекеттік салық саясатын, ақша саясатын, мемлекеттік капитал, мемлекеттік 

меншік  және  ресурстар  және  сыртқы  экономикалық  саясат  жатқызылады.  Аталған 

құралдар,  тұтқалар  арқылы  мемлекеттік  реттеудегі  дұрыс  бағытта  жүргізуге  мүмкіндік 

береді[1]. 

Мемлекеттік  бағалы  қағаздар  нарығында  жанама  немесе  экономикалық  басқару 

мемлекет арқылы оның қарауындағы экономикалық тұтқалар мен капиталдары: бюджет 

саясатын  жүргізу;  борыштық  саясаты;  салық  салу  жүйесі;  мемлекеттік  капиталдары; 

мемлекеттік меншік және ресурстар бойынша жүзеге  асырылады.Осылайша,мемлекеттік 

бағалы қағаздар нарығын реттеу отандық тәжірибеде құқықтық қамтамасыз етудің келесі 

элементтерін  бөлуге болады: мемлекеттер қарыз қаражаттарды тарту  және  мемлекеттік 

борышты басқару,көп жағдайда, мемлекеттік бағалы қағаздар статусын реттеу және қарыз 

қаражаттарды  тарту  көлемі  процесінің  субъектілерін;  тарту  көлемі;  эмиссия  процессі; 

орналастыру және айналысқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару[2]. 

Айтып  кеткендей,  бағалы  қағаздар  нарығындағы  кәсіби  қатысушылар  және 

институционалды инвесторларға  келетін  болсақ,  2016  жылғы  үшінші  тоқсанда  жалпы 

бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың жиынтық қаржылық көрсеткіштерінің 

төмендеуі байқалады. Мәселен, АҚ болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталына 

көрнекті  салымдар  мен  инвестициялардың  төмендеуіне  байланысты  2016  ж.  шілде-

қыркүйек  аралығында  жиынтық  активтер  10,9%-ға  азайып,  119,2  млрд.  теңге  болды. 

Сонымен  бірге  «репо»  операцияларының  міндеттемелерінің  артуына  және  несие 

алынғанға  байланысты  міндеттемелер  10,2%-ға  ұлғайып,  32,9  млрд.  теңге  болды. 

Негізінен  жоғарыда  көрсетілген  себептер  бойынша  активтерді  теріс  қайта  бағалау  және 

шетел  валютасымен  айырбастау,  дивидендтер  төлеу,  сондай-ақ  бағалы  қағаздар 

нарығының  кәсіби  қатысушыларының  санын  қысқарту  себебімен  жүйе  бойынша 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау