Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет198/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   420

401 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қарастырады.  Сонда  инвестициялар  жинақ    ақшаның  басқа  жағы  ретінде  рөл  атқарады. 

Жинақтар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдік макроэкономикалық тепе-теңдіктің 

шарты болып табылады.  

Нарықты  реттеудің  классикалық  теориясына  сәйкес  осы  шамалардың  тепе-

теңдігінің шарты – пайыз нормасы болып табылады, ол автоматты түрде инвестициялар 

мен жинақтар тең болғанда орнатылады. Кейнс теориясына сәйкес өзін-өзі реттеу жүзеге 

аспайды.  Инвестициялық  үрдісті  реттеу  салық  және  бюджеттік  саясаттың  пайыз 

ставкасының  шамасын  басқару  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сонымен  тұтынушылар  мен 

өндірушілердің  күтулері  мен  мүмкіндіктері  сәйкестендіріледі  де,  кризистік  жағдайлар 

тоқтатылады. 

Инвестициялардың қазіргі теорияларының ішінде акселерациялық теорияны бөліп 

айтуға болады, оның мақсаты өнім шығаруды ұлғайту болып табылады. Сонымен қатар 

өнім шығаруды ұлғайту инвестор үшін табыс көзі болып табылады. Сондықтан бұл теория 

инвестициялық үрдісті бір жақты ғана қарастырады. Пайдаға негізделген теорияға сәйкес, 

пайда  инвестициялық  шешімдерді  қабылдаудың  басты  жолы  ретінде  қарастырылады. 

Ликвидтілік гипотезасына сәйкес  қаржыландырудың  меншік  көздері  инвестициялардың 

басты  алғышарты  болып  табылады.  Меншік  қаражат  жетпегенде  ғана  сырттан  қаражат 

тартылады.  Шаруашылық  субъектілердің  инвестициялық  әрекетінің  неоклассикалық 

теориясы  инвестициялардың  ұтымды  шамасын  өндіріс  көлемі,  өнім  бағасы  мен  капитал 

шығындарына сәйкес анықтайды.  

Инвестициялар  –  табыс  алу  мақсатымен  қандай-да бір кәсіпкерлікке салынатын 

ақша-қаражаттары,  құнды  қағаздар  не  ақшалай  бағасы  бар  мүлік  немесе  басқа  да 

құқықтар.  

Инвестициялық қорлар ұйымдармен, физикалық тұлғалармен келесі түрде беріледі:  

- қаржылық қорлар (еркін ақша-қаражаттары, құнды қағаздар); 

- материалды активтер; 

- материалды емес активтер; 

- адамдық капитал. 

Инвестицияларды  диверсификациялау  –  нарықтық  тәуекелді  төмендету  мен 

қаржылық тұрақтылықты жоғарылату мақсатымен түрлі тәуелсіз салалар мен жобаларға 

инвестицияларды салу стратегиясы.    Қаржылық  тұрақсыздық  пен  жоғары  бәсеке 

жағдайында  үлестік  қатысу  негізіндегі  жобаларды  қаржыландыру  жүзеге  асырылады. 

Инвестициялық  қызмет  инвестициялар  нарығында  жүзеге  асырылады,  ол  нақты 

капсалымдар,  құнды  қағаздар,  интеллектуалдық  меншік  нарығы,  жылжымайтын  мүлік 

нарығы және т.б. болып бөлінеді.  

Инвестициялық  қызметтің  субъектілері  –  инвесторлар,  заказ  берушілер, 

орындаушылар, қаржылық ұжымдар, пайдаланушылар және т.б. болып табылады.  

Макродеңгейде инвестициялар шығындарды азайтуға, өндірісті модернизациялауға  

ҒТП  жылдамдатуға,  өмір  сүру  сапасын  жоғарылатуға,  экономикалық  өсімге,  әлеуметтік 

проблемаларды шешуге, жұмыссыздықты қысқартуға және т.б. мүмкіндік береді.  

Микродеңгейдегі  инвестициялар  өндірісті  ұлғайтуға,  кәсіпорынның  техникалық 

деңгейін  жоғарылатуға,  өнім  сапасын  жоғарылатуға,  пайданы  максималдауға  мүмкіндік 

береді. [4]. 

Инвестициялардың классификациясы: 

-  активтер  сипаты  бойынша  –  қаржылық  емес  (немесе  нақты,  капитал  құратын) 

активтерге  және  қаржылық  (немесе  портфельдік  инвестициялар)  активтерге 

инвестициялар;  

-  инвестициялық  портфельді  басқару  сипаты  бойынша  –  тікелей  (инвестордың 

инвестициялау объектісін таңдауға тікелей қатысымен) және тікелей емес (инвестициялық 

немесе қаржылық делдалдардың қатысуымен);   

- инвесторлардың меншігі бойынша – жеке, мемлекеттік, шетелдік және біріккенн;  

- инвестициялау кезеңі бойынша – қысқа және ұзақ мерзімді;  

- орналастыруы бойынша – ішкі және шетелдік. 



402 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Инвестициялық қызметтің көздері: меншік қаржы қорлары мен инвестордың ішкі 

резервтері,  заемдық  ақша-қаражаттары,  тартылған  ақша-қаражаттары,  мемлекеттік 

бюджет қаражаттары (мемлекеттік несие, мемлекеттік кепілдік, салықтық инвестициялық 

несие), шетел инвестициялары.  

Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі түрлері:  

-  лизинг  –  3  және  одан  да  көп  жылға  машиналар  мен  құрал-жабдықтарды  ұзақ 

мерзімді жалға беру;  

-  форфейтинг  –  коммерциялық  несиені  банктыққа  трансформациялау  фомасы,  ол 

сатып алушының тауардың жалпы сомасына вексель шығаруымен байланысты;  

- құнды қағаздар шығару – акциялар, облигациялар эмиссиясы және т.б.  

Инвестицияларды басқару - инвестициялар мен инвестициялық саясат мәселесімен 

байланысты  ғылыми  білімдер  жүйесі.    Инвестицияларды  басқарудың  мәні  –  таза табыс 

алу мен компания имиджін көтеру мақсатымен дұрыс жұмыс құрастыру.  

Инвестицияларды басқарудың негізгі мақсаттары:  

- кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін өсіру;  

- инвестицияланатын капиталдың  табыстылығын өсіру;  

- фирманың кадрлық, өндірістік және экономикалық потенциалын дамыту.  

Инвестицияларды  тиімсіз  пайдалану    –  фирма  банкроттылығының  басты  себебі 

болып табылады. Инвестицияларды басқару – нақты қаржылық ағындарды басқару үрдісі. 

Оған компания капиталын, активтерін, ликвидтілігін басқару,  инвестициялар мен бизнес-

жобаларды  жоспарлау  жүйесі,  инвестициялар  портфелін  жасап  шығару,  тәуекелді 

минимизациялау кіреді.  

Пайыздық ақша (табыс) немесе пайыз дегеніміз ақша-қаражаттарын қарызға ссуда, 

несие, депозит, вексель, облигациялар  және    т.б.  түрінде  беріп,  одан  табыс  алудың 

абсолютті шамасы болып табылады.  

Пайыздық  ставка  –  уақыттың  нақты  кезеңінде  (негізінде  бір  жылда)  алынатын 

табыстың  қатысты  шамасы.  Бұл  пайыздық  ақшаның  қарыз  сомасына  қатысы  болып 

табылады. Пайыздық ставка есептелген уақыт кезеңі - есептеу кезеңі деп аталады (күн, ай, 

квартал,  жыл).  Пайыздық  ставканың  мөлшері  ақша-несиелік  нарықтың  жағдайына, 

келісім  түріне,  оның  мерзіміне,  несиелеу  валютасына,  қарыз  алушының  және 

кредитордың ерекшеліктеріне және т.б. тәуелді болады.  Пайыздық ставка қарыз сомасын 

өсіру құралы ретінде ғана емес, кез-келген кәсіпкерлік қызметтің табыстылық деңгейінің 

көрсеткіші  ретінде  де  қолданылады.  Қарапайым  және  күрделі  пайыздық  ставкалар 

қолданылады.  Бірінші  жағдайда  есептеу  базасы  тұрақты  болады,  екіншісінде  өзгереді, 

өсімнің алдыңғы кезеңінде алынған сома алынады [5]. 

Пайыздық ақшаны есептеудің принцицптері: 

- қазіргіден болашаққа, мұнда өсіру ставкалары қолданылады, ал алынған пайыздар 

декурсивті деп аталады;  

- болашақтан қазіргіге, мұнда дисконттық (немесе есептік) ставкалар қолданылады, 

ал  алынған  пайыздар  антисипативті  деп  аталады.  Есептік  ставкалар  да  қарапайым  және 

күрделі болады.  

Ставкалардың түрлері:  

-  номиналды ставка –  банк  пайыздарды  есептеу  үшін  қоятын  бастапқы  жылдық 

ставка;  

-  кезеңдік  ставка  –  егер  пайыздар  жылына  бірнеше  рет  есептелсе  (инфляцияны 

есепке алғанда);  

-  тиімді ставка –  пайыздарды  есептеудің  барлық  кезеңінде  бастапқы  соманың 

қаншалықты ұлғайғанын көрсетеді.  

Инвестициялық талдауда уақыт бойында ақша құнының өзгерісі факторын есепке 

алу  қажет. Ақшаның ағынды құны мен болашақтағы  құнын бағалаудағы айырмашылық 

келесімен байланысты:  

- инфляция әсерінен ақшаның  сатып алушылық қабілеттілігінің төмендеуі;  

- капиталды баламалы салу мүмкіндігі;  

- инвестицияланған ақшаны қайтармау тәуекелі;  

- сатып алушылық талғамның өзгерісі.  



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау