30
шығармаларындағы шығыстық белгiлердi шығыс классиктерiнен iздестiре
бастағанда, оларды негiзiнен а) Абайдың махаббат лирикасынан; ə) дидактикалық
өлеңдерiнен; б) өсиет-үлгi сарындос өлеңдерi мен, əсiресе, қарасөздерiнде жүйелi
түрде өз танымын желiлеп таратып отыратын толық адам жөнiндегi ой-
толғаныстарынан жиi ұшыратамыз.
Абай-өзi жасаған əлеуметтiк ортаны, оны қурайтын жеке адамдарды тəрбиелеу,
түзеу арқылы өзгертуге ұмтылған ағартушы-демократ. Абайдағы толық адам жайлы
ойдың о бастағы төркiнi ''Ғылым таппай мақтанба'' өлеңiнен басталып, ақынның осы
өлеңдегi ''Адам болам десеңiз'' деген тезисi негiзiнде жатыр. Бул өлеңде Абайдың
өзiндiк танымы мен шығыс ойшылдарының пiкiрлерiмен ой ортақтастығы, пiкiр
iлiктестiгi де сезiледi. Əсiресе:
Мұны жазған кiсiнiң,
Атын бiлме, сөзiн бiл...
Мұны жазған бiлген құл,
Ғуламаҳи Дауани,-
дегендегi Ғуламаҳи Дауаниге сiлтеме жасауынан да анық байқалып тур.
Немесе: Бес нəрседен қашық бол,
Бес нəрсеге асық бол.
Адам болам десеңiз,-
Дегендей ой төркiнiне назар салсақ, ақын арнайы таңбалап сынап отырған; өсек,
өтiрiк, мақтаншақ, ерiншек, мал шашпақ жəне осыларға қарсы қойылатын; талап,
еңбек, терең ой, қанағат, рахым жайлы мағынасы кең ұғымдар тамыры тереңде
жатқан ақын ойларында салмағы басым жатыр. Абай ''жанның тамағы'' деген ұғымға
адамның сыртқы объективтi дүниенi санаға сəулелендiру арқылы-жан қуатымен
бiртiндеп қорланатын рухани байлығы деп анықтама берсе, Жүсiп Қарабағи:
''бұлардың бəрiнен арылтушы-нағыз ғылым т. б.''-деп тəн азығы сияқты адам жанын
сауықтыратын жанның тамақтары болатынын қөрсетедi.
Абай шығармаларын сырттай таныған адам толық адам болу жайлы ой
желiстерiн де кездесетiн ''бенделiктiң кəмалаттығы'', ''кəмалатты азамат'', ''толық
инсаният'', ''толық адам'', ''жарым адам'', ''жəуантмəртлiк'' жайлы ойлар төркiнiн, ол
ұғымдар табиғатын жете түсiне бермейдi. Бұлар жалып мұсылмандық шығыс
ойшылдарында сөз болған тамыры тереңге кеткен дүниелер.
Адамның жан сыры хақындағы ойлары мен сол танымын насихаттау үстiнде
қолданған ұғымдық, атаулары мен терминдiк сөздерiнiң шығу төркiнiн, бастау алар
көзде-рiн iздестiре бастаса-ақ болды Мешаиюндер мектебiнiң Əл-Фараби бастаған iрi
31
өкiлдерi Ибн-Сина, ибн-Баджа, Ə.Науаи, Ғұламаҳи Дауани, Ж. Қарабағи еңбектерiне
тiрелсек, екiншiден Абай аударған орыс ақындарының өлеңдерiндегi жүрек жайлы
ойлардың желiсiнен де көп нəрсенiң сырына қаныға түсемiз.
Абайдың дүниетанымында жүрек адамзат бойындағы сезiмдiк мүшелерiнiң ең
күрделi əрi iшкi органдардың бiрегейi деп саналады. Нақтылы да дəлелдi деректерге
сүйенсек, əл-Фараби; ''Мүшелердiң iшiнде тұңғыш рет жүрек пайда болады, будан
кейiн ми''-десе, ибн Сина; ''Жүрек бiрiншi бастама болып табылады, одан миға күш
барады''-деген пiкiрлерi Абай пiкiрлерiмен өзектес. Сондықтан да Абай танымының
нəр алған қөзiнiң түп-төркiнi əл-Фарабиде жатқандығы көрiнiп тұр.
Абай шығармаларының негiзгi тақырыбы болған адамгершiлiк лирикасы шығыс
əдебiетi классиктерi Рудаки, Фирдоуси, Низами, Руми, Жами, Науаи
шығармаларының да негiзгi тақырыбы болған. М.Əуезов “Абайға шығыстан кiрген
буйымдардың басы ислам дiнi” -деп көрсеткен бұл пiкiрдiң түп-төркiнiнде үлкен
тарихи шындық жатқанын ескерiп барып айтқан.
Қазақ халқының рухани дүниесiнде XIX ғасырда ислам дiнi кең өрiс алған
кезеңде болашақ ұлы ақын аулында мектеп-медреседе оқып, алғашқы дүние
танымының қалыптасу кезеңi тұс келдi. Əкесi Қунанбайдың меккеге барып, елде
мешiт салдырып; дiн жолына түскенi көз алдынан өтiп жатты.
М.Əуезов дiнге нанған адам ретiнде Абайдың iшкi дүниетанымының сыры 1894-
1895 жылдардағы жоқтау өлеңдерiнде жиi аңғарылады деп қарайды. «Абай дiнi-
сыншыл ақылдың шартты дiнi» деген Əуезовтың тезистей ойларын, негiзiнен 1895
жылы жазылған «Лай суға май бiтпес, қой өткенде» деген өлеңiнде Абай тəңiрiге
деген iшкi нанымдары-ның сырын ашып,өзiн құдайына бас иген мұсылманның бiрi
ретiнде танытады. Бiрақ ойшыл ақын осы таным шеңберiнде тұрып қалмай, түп иенiң
өзiн ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады.
Абай шын ақындық өнер жолына саналы түрде құлай берiлген дəуiрi-қырыққа
қадам басқан шағы Осыған дейiнгi өмiр жолына көз жiберген ақын 1886 жылы
жазылған өлеңiнде:
Өкiнiштi көп өмiр кеткен өтiп,
Өткiздiк бiр нəрсеге болмай жетiк.
Ойшылдың мен де санды бiрiмiн деп,
Талап, ойсыз мақтанды қалдым күтiп,
деп, ескертуiнде байқалған кiсiге көп мағына жатыр.
Абай тəңiрiнi тануда шығармаларында шариғат тоқта деген шартқа аялдамай,
тəңiрiнi ақылға салып, ойға қондырмай тоқтамайтынын «Құмарсыз құр мүлгуге тоя
32
алмаймын» деген пiкiрiнде ашығырақ бiлдiредi. Абайдың дiнi-«ақылдың,
адамгершiлiктiң дiнi» Мұны оның (соңғы) өмiрiнiң соңғы шағында жазылып. терең
ойға құрық алған əр түрлi күрделi мəселелер төңiрегiнде сөз қозғайтын «Алланың өзi
де рас, сөзi де рас» өлеңi, 27-38-сөздерiнде көруге болады. Осы аталған
шығармаларында Абай үстiрт қараған кiсiге дiншiл ақын сияқты əсер де қалдырады.
Бiрақ үңiле зерттей қараса, Абай исламиеттың кейбiр түбiрлi ұғымдарын сыншыл
ақылға салып, оны өзiндiк таным тұрғысынан адамгершiлiк дiнiне айналдырады.
Абайдың мағынасы терең, оқып танудың, мəнiн түсiнудiң өзi қиынға соғатын
шығармаларының бiрi 38-сөзiнде («Ғақылият тас-дихат») мағынасын тереңiрек
ашуды талап ететiн ұғымдар көп-ақ.
Осындай күрделi ұғымның бiрiне Абайдағы жəуант-мəртлiк мəселесi жатады.
Абай сүйенiп, арнайы таратуға ұмтылған үш сипатты (ақыл, əдiлет, рақымды)
қамтитын жəуан-мəртлiк төңiрегiнде ғана пiкiр қозғау- М.Əуезов жасаған ой
байламының түп-төркiнiн, сүйенген негiзiн аша түсетiн деректер көзiне əкелiуi:
Абай 38-сөзiнде Алланың бойындағы сифатияға тоқталғанда оларды бас-
басына: хаят
ةﺎﻴَﺣ
, ғылым,
ْﻠِﻋ
ٌﻢ
құдiрет, көру ( басар
ﺮَﺼَﺑ
), есiту ( сəмиғ
ٌﻊﻴِﻤَﺳ
), қалау
(ирада), сөз (кəлам
ٌمﻼآَ
), болдыру (тəкуин) деп атап өтедi. Алланың бойындағы осы
сиппатар зəредей болса да оның пенделерiнiң бойында болмақ. Осы сегiз сипатқа
Абай өз тарапынан нақылия, ғақылия дəлелдер арқылы екi сипатты (əдiлет, рахым)
қосады. Ғылым мен құдiрет сияқты екi сипатты бiрiктiрiп, олардың баламасы ретiнде
ақылды (ғақыл
ٌﻞْﻘَﻋ
) алады. Абай осы он сипаттың iшiнен үшеуiмен: ақыл, əдiлет,
рахымның адам бойына еңбексiз, əрекетсiз, iзденусiз дарымайтынын ескертедi. Осы
үш қажеттi, яғни кəсiби құбылысты бойына уялатқандар ғана толық адам атына ие
болады деген байламға келедi. Ол «Ендi бiздiң бастағы тағриф бойынша құдай тағала
ғылымды, рақымды, ғадалəттi, құдiреттi едi. Сенде бұл ғылым, рақым,ғадалат үш
сипат бiрлəн сипаттанбақ… Белгiлi жəуан-мəртлiк үш хаслат бiрлəн болар деген
сиддық, кəрам, ғақыл-бұл үшiндəн сиддық-ғадалəт болар, кəрам-шафағат болар,
ғақыл мағлум дүр-ғылымының бiр аты екендiгi».
Абай өзiне дейiнгi дəуiрдегi техникалық жаңалықтарды ашқан, оны адамзат
игiлiгiне қызмет еттiрушi хакимдердi қай дiни ұстанса да алаламайды. Қайта олардың
дiни нанымы əр түрлi болса да, бүкiл адамзат баласына тигiзген пайдасына қарай
бағалайтын гуманис-тiк көз қарасы басым жатады. Абайдың мұсылман хакимдерiнiң
дiнге қатынасын 38-сөзiнде «Бұлардың көбi-иманның жетi шартын, бiр аланы
танымақтан ғаири, яғни алтауына кiмi куманды, кiмi мүңкiр болып, тахиклой
алмағандар», деп жiктей көрсететiн пiкiрiнде жатыр. Көпшiлiкке мəлiм «Иманшарт»
Достарыңызбен бөлісу: |