Мы говорим, что материнство это сложнейшая профессия, но почему-то никто никогда ей не учит. Материнству, семейной жизни и процессу воспитания детей тоже надо учить. Н. А. Назарбаев



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет15/18
Дата14.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#20259
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Үнемі алға 

ұмтылған ұтылмайды

Сарманова Әсел

«Күте білсең, 

есептей 

білсең 


жолың 

болады»


Кәсіпкер

Жалпы  ел  экономикасы  қарқынды  даму 

үшін  шағын  және  орта  бизнеске  кең 

жол  ашылу  керектігі  дәлелдеуді  қажет 

етпейтін  мәселе.  Өркениетті  елдерде 

шағын бизнестің үлес салмағы 60–70 %-ға 

дейін  жеткен.  Өкінішке  орай,  әзірге  рес-

публикамызда бұл көрсеткіш едәуір төмен. 

Яғни, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан 

орын  алу  үшін  бизнесті  одан  әрі  жан-

дандыра  түсуіміз  керек.  Елбасының  да 

шағын  және  орта  бизнеске  ерекше  назар 

аударатындығы осыдан болса керек.

Алдымен орта арнаулы білім алып, кейіннен 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  аграрлық-

техникалық университетін бітірген соң мен 

де банкте, мемлекеттік қызметтерде жұмыс 

істеген едім. Кейіннен, атап айтқанда, 2001 

жылы  кәсіпкерлікке  ден  қойып,  өз  ісімді 

бастадым.  Әрине,  алғашқыда  оңай  болған 

жоқ, дегенмен алға қойған мақсатқа жету 

үшін тынымсыз еңбек ету қажет екендігін 

түсінген адамның арманы орындалуға тиіс 

қой. Осы қағиданы ұстанған менің жолым 

болды деп есептеймін.

Жалпы,  қандай  да  болмасын  жұмыста 

дұрыс  шешім  қабылдай  алудың  маңызы 

зор.  Әрине,  жауапты  іс  бастарда  «келісіп 

пішкен тон келте болмайдыны» да ұмытуға 

болмас.  Алайда,  тек  өзің  жауап  беретін 

мәселеде  нақты  шешімді  өзің  қабылдауың 

қажет.  Бүгінгі  таңда  елімізде  мен  сияқты 

шағын  және  орта  бизнеспен  айналысып 

жүрген қыз-келіншектер аз емес. Сондай-

ақ, басқару органдары мен билікте, саясат-

та да ер-азаматтармен «үзеңгі қағыстырып» 

жүрген  әйелдер  жас  сіңлілерімізге  үлгі 

болуға  тиісті.  Міне,  осы  арада  «Іскер 

әйелдер ассоциациясының» алдында талай 

міндеттер тұр дер едім. Сондай-ақ, мерзімді 

баспасөз құралдары да кәсіпкер әйелдерге 

баса назар аударса дұрыс болар еді.

Тағы  бір  назар  аударатын  мәселе,  ол 

кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің де 

өздерінің ең басты міндеті – бала тәрбиесін 

бірінші кезекке қою қажеттілігі.

85

84



Қатардағы мұғалімнен  

облыстық деңгейге дейін

Сарсенова Роза

«Үйде де, 

түзде де 

белсенді бол»

Еңбек ардагері

Сонау  1972  жылы  Ырғыз  ауданындағы 

Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  мектеп-

ке  мұғалім  болып  орналасқанымда  уақыт 

өте  келе  облыстық  деңгейдегі  басшылық 

қызметте  істеймін  деп  ойламаған  едім. 

Таңдап  алған  мамандығым  болғандықтан 

әрине,  мен  үшін  ұстаздық  жұмыс  қиын 

болған  жоқ.  Ал,  кейіннен  басшылардың 

көзіне  түсіп,  аудандық  партия  комитетіне 

нұсқаушы болып ауыстырылғанымда жаңа 

қызметіме тосырқай қарағаным рас. Деген-

мен,  тәжірибелі  әріптестерімнің  қолдауы 

арқасында ісім алға баса бастады.

Өзіңе  жауапкершілік  жүктеу,  өзгелердің 

проблемаларын  шешуге  атсалысу  сын-

ды  жұмыстармен  сол  кезде  таныстым.  Ал 

аудандық  атқару  комитеті  төрағасының 

орынбасары  болып  тағайындалғанымда 

аудандық  деңгейдегі  мәселелерді  шешуге 

тура  келді.  Міне,  іскерлік,  жауапкершілік 

сезіну, 


халықтың 

тұрмысына, 

мұң-

мұқтажына  зер  салу  сияқты  басшы 



қызметтегі  азаматтардан  талап  етілетін 

қасиеттер  сол  кезде  қажет  болды.  Жал-

пы,  қандай  да  қызмет  болсын  алдымен 

біліктілікті талап етеді ғой. Сондай-ақ, жан-

жақты  білім,  ұйымдастырушылық  қасиет 

қажет.


2005  жылы  Ақтөбе  облыстық  Ішкі  саясат 

департаменті  директорының  орынбаса-

ры  лауазымына  тағайындалған  соң  талай 

іскер, белсенді азаматтармен, оның ішінде 

қоғамда  өзінің  лайықты  орнын  тапқан  

қыз-келіншектермен  жиі  араласуға  тура 

келді.  Бүгінде  қоғамымыздың  барлық  са-

ласында  да  белсенділігімен,  іскерлігімен 

көзге  түсіп  жүрген  әйелдер  аз  емес.  Олар 

бизнесте  немесе  мемлекеттік  қызметте 

белгілі  бір  дәрежеге  көтерілген  жандар. 

Менің  ойымша  енді  олар  жан-жақтарына 

зер  сала  қарап,  түрлі  қиындықтарға  тап 

болған  қыз-келіншектерге  қамқор  болып, 

көмек  қолдарын  созуға  тиіс.  Әсіресе,  көп-

балалы  аналар  мен  ауылдық  жерлердегі 

қыз-келіншектер  көмек-қолдауға  зәру 

екендігін ескерген абзал. 

87

86



Өз орнымды таптым

Сатанова Роза

«Жақсылардан 

үлгі ал»


Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылының әкімі

Өзім 


Ресейдің 

Орынбор 


облысында 

дүниеге келсем де, балалық шағым Ақтөбе 

облысында  өтті.  Сонау  1977  жылы  еңбек 

жолымды  мектепте  ұстаз  болып  бастап, 

адал  еңбегімнің  арқасында  мектеп  дирек-

торы  лауазымына  дейін  көтерілгенімді 

мақтан  тұтамын.  Кейіннен  аудандық  пар-

тия  комитетіне  жұмысқа  шақырылып, 

онда  да  аудандық  партия  комитеті  хатшы-

сы  дәрежесіне  жетуім  тәжірибелі  ағалар 

мен  апалардың  маған  үлкен  сенім  артуы 

деп түсінемін.

Жалпы,  өмірде  болашаққа  жол  сілтеп, 

ақыл-кеңес 

берген, 

өнегелі 


өмір 

жолымның  қалыптасуына  ықпал  еткен 

ақылшы  ағаларымның  болғанына  ри-

замын.  Бұл  тұрғыда  әсіресе,  аудандық 

партия 

комитетінде 



қызмет 

істеп 


жүргенімде бірінші хатшы болған Рамазан 

Нұржанұлының  жақсылығын  ешқашан 

ұмытпаймын.  Осындай  кеудесі  қазына, 

көргені көп, түйгені мол азаматтар талайдың 

жолын ашты, үлкен өмірге жолдама берді. 

Біршама  тәжірибем  бар,  талай  қызметте 

істеген  мен  де  бүгінде  сол  ағаларым 

сияқты игі істеріммен жастарға үлгі болсам  

деймін.

Шүкір, еңбегім бағаланып, ел сенім артқан 



соң  облысымыздағы  Шұбаршы  кентінің 

әкімі  қызметін  атқардым.  Бүгінгі  күні 

Кеңқияқ  ауылдық  округінің  әкімімін. 

Әрине,  әкім  болу  оңай  емес.  Ауыл  шағын 

болғанымен,  оның  қым-қуат  тірлігі  бар, 

әрбір  тұрғынның  мұң-мұқтажы  бар  де-

ген  сияқты  күн  сайын  талай  мәселе  ше-

шуге  тура  келеді.  Міне  осындайда,  жас 

кезімде  өзім  қызметтес  болған  ұлағатты 

ағалардың  тәжірибелеріне  сүйеніп,  со-

лардан  үйренгенімді,  көңілге  түйгенімді 

пайдалануға тырысамын.

Жалпы, 

ауылдық 


жерлерде 

шешімі 


табылмаған  проблемалар  өте  көп  екендігі 

белгілі. Рас, олардың көпшілігі рет-ретімен 

шешілуде.  Дегенмен,  іс  алға  басып  кетті 

деуге  әлі  ерте.  Сондықтан  да  ауыл-село 

әкімдері алдында тұрған міндет өте жоғары. 

89

88




жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау