Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет79/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107

7.1.4. Жылулық принтерлер 
 
Жылулық  принтерлер 
—  жоғары  класты  түсті  принтерлер  — 
фотографияға  жақын  сападағы  түсті  суретті  алу  үшін 
пайдаланылады. 
Жылулық принтерлерде мынадай түсті жылулыбаспаның негізгі 
технологиялары  пайдаланады:  тегіс  бояғышты  түйіспелі  көшіру 
(жылулық  баспа);  бояғышты  жылумен  көшіру  (сублимациялық 
баспа) жəне қатқыл сия технологиясы. 
Жылулық  баспа  немесе 
Termal  Wax  Transfer 
технологиясы 
жылуды  көшірумен  іске  асырылады.  Осындай  принтердің  жұмыс 
істеу  принципі:  бояғыш  болып  табылатын,  балауызда  ерітілген 
термопластикалық  бояғыш  зат  қалыңдығы  5  мкм  жұқа  лавсанды 
пленкаға  басылады.  Пленка  лентамен  ұзатылған  механизмен 
жылжытылады,  оның  құрылымы  матрицалық  принтердің  лентамен 
ұзатылған  механизміне  ұқсас.  Қағазға  бояғыш  70  ...  80  °С 
температурасымен  қамтамасыз  етілетін  жылыту  элементтері 
(бүріккен принтерлерде тұмсықша, ал матрицалықта инелер болған) 
орналасқан орынға аударылады. Түсті сурет алу үшін CMYK тəсілі 
қолданады,  яғни  төрт  өткізгіштік:  бірбірден  əрбір  алғашқы  түсті 
өткізуге  жəне  басқасы  –  қара  түсті  жағуға.  Осыған  байланысты 
принтерлердің  түсті  баспасының  жылдамдығы  жылуды  көшіруден 
артық  емес.  Жоғарыдағы  кескінді  параққа  басудың  жылдамдығы 
бүріккіш принтердікіне қарағанда жоғарырақ, өйткені арнайы қағаз 
пайдаланады.  Жылулық  көшірумен  принтерлердің  артықшылығы 
қағазда,  сондай-ақ  пленкада  16,7  млн.түстерді  шығарумен 
жоғарысапалы түсті суреттерді алу болып табылады. 
Сублимациялық  баспа 
(Thermal  Sublimation)  сублимацияға 
негізделген,  яғни  қатты  күйді  сұйық  фазадан  өтіп,  газ  тəрізді  затқа 
айналуы. Кескіннің басылу кезіндегі бояғыш температурасы өзгеріп 
отыратын  жылулық  тиекпен  бояғышты  жылыту  жолымен  арнайы 
фотоқағазға  лентамен  жағылады.  Температураға  байланысты 
бояғыштың  аз  немесе  көп  саны  көшіріледі.  Газ  тəрізді  күйде 
бояғыштар араласады жəне жылулық принтер қағазына отырады, ал 
түсі 
CMYK  (сары,  қызылкүрең  жəне  көгілдір)  тəсілі  бойынша  үш 
ашық  бояғыштарды  араластыру  жолымен  құрылады,  осылай 
фотографиялық сапамен түсті реңге қол жеткізіледі. Түсті жылулық 
принтерде  механизм  жылу  тиегі  қасынан  түсті  бояулармен  3-4  рет 
жылулық  қағазды  жəне  бояғыш  лентасын  тартады,  ол  бояғышты 
жылулық қағазға жағады (7.5-сурет) 
 
 
255 


 
7.5.-сурет. Түсті жылулық-сублимациялық принтердегі кескінді құру 
 
 
Фотоқағазда жылулық сублимациялық баспа процессінде түстің 
бірнеше реңі жасалады (16,7 млн түске дейін). 
Жылулық  сублимациялық  принтерлер  цифрлы  фотографиялар 
ғана  емес,  шынайы  фото  баспасы  қажет  кездегі  кескіндер 
медициналық 
техникалар 
құрылғысымен, 
бейнекамерамен, 
бейнемагнитофонмен,  теледидармен  жəне  т.б.  таратылатын  барлық 
жерде қолданады. Жылулық сублимациялық принтерлер құжаттарға 
цифрлы фотографиялар басу, жарнама агенттіктерінде жабыстырма 
басу, шағын баспалы жүйелерде жəне пошталық ашық хат үшін жиі 
қолданады. 
Сондай-ақ 
өзіне 
сублимациялық 
жəне 
жылулық 
технологияларды біріктірген принтерлер де кездеседі. 
Қатқылсиялы  принтерлер 
(Solid  Ink  Printers)  осындай 
бояғыштар  қатқыл  кубик  тəрізді  келеді,  түсі 
CMYK  моделіне 
сəйкес.  Қатқылсиялы  принтердің  жұмыс  принципі  7.6.-суретте 
бейнеленген.  Әрбір  кудик  меншікті  бөлімшесінде  орналасқан.  Сия 
ерітіледі  жəне  баспа  тиегіне  таратылады,  олар  тұмсықша  блогы 
сияқты,  мысалы  112  бойынша  əрбір  тұс  пьезоэлементтермен 
жабдықталады.  Пьезоэлементтің  қосылуы  кезінде  сияның  ерітілген 
тамшысы  барабанға  түседі.  Қатқыл  сияларды  тұтқыр  күйге  дейін 
жылыту  жұмыс  циклының  басында  бір  рет  жасалады,  бұл  бірінші 
басылымның  шығуының  уақытын  қысқартады.  Тамшылар  қағазға 
толық  аударылатын  алюминий  барабанда  сурет  құрайды.  Баспа 
тиегінің ені қағаз еніне тең жəне əрбір дюйм ұзындығы əрбір түстің 
18 тұмсықшасына тең келеді. 
 
256 


 
 
 
 
7.6.-сурет. Қатқылсиялы принтердің жұмыс принципі: 
а 
— ерітілген бояғышты барабанға түсіру; 
б 
— бояғышты жылытылған қағаз 
парағына түсіру 
 
257 


Жоғары  ажыратымдылықты  қамтамасыз  ету  үшін  бастиек  арнайы 
механизмнің 
көмегімен 
барабан 
бойымен 
екі 
көршілес 
тұмсықшалардың  арасындағы  арақашықтыққа  тең  шамаға  қарай 
жылжытылады. Қалайша  кескіннің  25 ...  30  %  барабанға  түсісімен, 
түсті  кескінді  тасымалдау  үшін  қағаз  парағы  тартыла  бастайды. 
Алдын-ала  жылытылған  парақ  бастиекке  қарай  жылжиды,  ол  оған 
бояғышты тасымалдайды. Түсті баспа жылдамдығы минутына 1 200 
dpi/2400  dpi  (
FinePoint  режимінде) 
ажыратымдылықпен  А4 
форматтағы  85  параққа  дейін  жетеді.  Бастапқы  деңгейдегі  түсті 
лазер принтеріне қарағанда, баспа сапасының айына 300 мың бетке 
дейін максималды жүктемесі болады. 
Түсті  қатқылсиялы  принтерлер  аса  түрлі  –  кеңсе  жəне  үй 
құжаттарын  басып  шығарудан  бастап  графикалық  қосымшаларды 
пайдаланумен  күрделі  ірі  форматты  баспаға  дейін  тапсырмаларды 
орындайды.  Қатқыл  сиялы  принтерлердің  озат  өндіруші  Xerox 
компаниясы. 
 
7.1.5. Принтер таңдау бойынша ұсынымдар 
Бірінші кезеңде баспа үшін қандай құрылғы типі қажет екендігін 
анықтап  алу  керек:  принтер  немесе  көп  атқарымдық  құрылғы 
(КАҚ). 
Кеңінен  таралған  КАҚ  баспадан  басқа  сканер  жəне  көшірме 
жасай  алады.  Жеке  КАҚ  өзіне  факсимильді  аппарат  функциясын 
(факс) да қоса алады. Пайдаланушың жұмыс үстелінің үстін жақсы 
босатады.  КАҚ  жеке  принтерден  əлдеқайда  қымбат  тұрады. 
Негізінде  КАҚ  баспаның  бүріккіш  жəне  лазерлі  технологияларын 
іске асырады. 
Баспа 
құрылғысын 
таңдау 
кезде 
баспа 
құрылғысын 
пайдалануына  қолданбалы  осы  немесе  сол  баспа  технологиясын 
пайдаланған жөн. 
Нақты  модельді  бағалау  кезінде  технологияны  таңдағаннан 
кейін келесі факторларға көңіл аудару керек: 
■ 
нақты  пайдаланушының  тапсырмаларын  шешуге  қажетті 
функционалдық  мүмкіндіктер  (жұмыстарды  орындау  көлемі, 
қажетті шрифтердің бары, орыс тіліне лайықталған); 
■ 
түсті суреттерді құрамдау; 
■ 
кескіннің қажетті сапасы, яғни ажыратымдылық қабілеті; 
■ 
өнімділік немесе баспа жылдамдығы; 
■ 
беріктік жəне пайдалану қолайлығы; 
 
 
258 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау