3.8
-сурет
. CD-ROM жəне CD-R/CD-RW дисктерінің құрылысы
Фазалық күйдің осындай өзгерісі қабаттың мөлдірлігін өзгертумен
қоса жүреді. Лазер сəулесімен қыздырған кезде кейбір сыни
температурадан жоғары тіркеуші қабаттың материалы аморфты
күйге ауысады жəне онда суыған соң қалады, ал сыни
температудан төмен қыздырған кезде бастапқы (кристалдық) күйін
қайта қалпына келтіреді. Қайта жазатын дисктерде тіркеуші қабат
əдетте алтынна, күмістен, кейде алюминий мен оның
қорытпаларынан жасалады.
Қайта жазатын CD-RW бірнеше мыңдаған қайта жазу
циклдарынан ондаған мың циклға дейін жазбаларға төзеді. Алайда
олардың шағылыстырушы қабілеті штамптелген CD-ROM жəне
CD-R-ден біршама төмен. Осыған орай CD-RW оқу үшін
фотоқабылдағыш күшейткішінің автоматтық реттеуі бар арнайы
жетек пайдаланылады.
CD-R-ғы ақпарат бірнеше тəсілмен жазылуы мүмкін. Дискті
бірінші мүмкіндіктен (disk-at-once) жазу тəсілі кең таралған,
қатқыл диск файлы тікелей бір сеанс үшін жазылады жəне дискке
ақпарат қосу мүмкін емес. Осы тəсілмен салыстырғанда
көпсеанстық жазу тəсілі (track-at-once) жеке учаскелердің
(тректердің) жазуын жүргізуге жəне дисктегі ақпараттың көлемін
біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді.
3.4.3.
DVD жинақтауыштар
1995 ж. Sony фирмасы басқа сегіз фирмалармен бірлесе отырып
деректерді CD-DVD-ге (Digital Versatile Disk) əмбебап форматын
ұсынды. Деректерді сақтау жəне бейнесуреттерді жаңғыртуға қойылатын
талаптарды қанағаттандыратын осы формат CD өндірушілері арасында
белсенді қолдау тапты.
90
DVD бес форматы пайда болды:
■
DVD-ROM — үлкен сыйымдылықтағы ақпаратты тек оқуға жəне
сақтауға арналған тасымалдағыш;
■
DVD-видео
—
кинофильмдерге
арналған
сандық
деректер
тасымалдағышы;
■
DVD-аудио — CD-аудио форматымен бірдей, ақпаратты дыбыстық
формада сақтауға арналған;
■
DVD-R — CD-R форматына жақын, бір реттік жазу кезінде көп реттік
оқуды қамтамасыз етеді;
■
DVD-RAM — қайта жазылатын DVD нұсқасы, DVD-RW и DVD + RW
форматтарымен бəсекелеседі.
DVD форматында сақталатын суреттің сапасы кəсіби студиялық
видеожазбалар сапасымен шамалас, сонымен қоса дыбыстың сапасы
студиялық дыбыс сапасынан кем түспейді.
Такие возможности дисков формата DVD форматындағы дисктердің
осындай мүмкіндіктері дисктердің жұмыс бетінің жақсартылған
параметрлерімен қамтамасыз етілген. 3.9 суретте CD жəне DVD
форматында жазылған дисктердің жұмыс беті элементтерінің параметрлері
келтірілген.
3.9
-сурет
. CD жəне DVD форматтағы дисктің жұмыс беттерінің элементтері
91
CD сияқты, DVD форматтағы дисктің диаметрі 120 мм болады. В приводе
DVD жетегінде сəулелену толқынының ұзындығы 0,63 ... 0,65 мкм
болатын жартылай өткізгішті лазер қолданылады. Толқын ұзындығының
мұндай төмендеуі (қарапайым CD-жетегімен 0,78 мкм салыстыру
бойынша) жазу штрихтерінің (питтердің) өлшемдерінің екі есе қысқаруын
қамтамасыз етті, ал жазу жолдары арасындағы қашықтық - 1,6 бастап 0,74
мкм дейін. Ол CD дисктермен салыстырғанда DVD-дисктерге төрт еселік
сыйымдылық береді. Питтер ортасынан шетіне қарай деректер жазылған
спираль жол бойынша орналасады. Жалғыз спираль жол мен үздіксіз
қалпақша жолы ағындық аудио- жəне видеодеректерді жазу жəне
жаңғырту үшін оңтайлы болып табылады.
DVD-дің ерекшелігі ақпаратты бірден көп қабаттан оқуға мүмкіндік
жасайды. Екіқабатты дисктің төмеңгі қабаты (сур. 3.10, б) қалыңдығы 0,6
мм поликарбонатты пластиктен жасалған, микроскоптық қалыңдықтағы
питтері бар спираль жол пресстелген жəне қалыңдығы 0,05 мкм жартылай
түссіз қабыршықты шағылыстырушы жабын жүргізілген.
3.10
-сурет
. DVD-дисктердің құрылымы:
а
— DVD-ROM біржақты бірқабатты;
б
— DVD-ROM біржақты екі қабатты;
в
—
DVD-RW
92
Спираль жолы бар екінші түссіз қабат фотополимерден жасалған
жəне оның қалыңдығы 40 мкм құрайды. Бұдан əрі қарапайым
шағылыстырушы қабат (0,05 мкм), адгезивті қабат жəне төсем
болады. Әрбір қабаттан ақпаратты кезектес оқу фокустың қалпын
өзгерту есебінен қамтамасыз етіледі. Бірінші қабатта жазылған,
диск тереңдігінде орналасқан ақпарат фокустелген лазер сəулесімен
оқылғанда сəуле кедергісіз екінші қабат түзетін, жартылай түссіз
жабын арқылы өтеді. Бірінші қабаттан ақпаратты оқуды аяқтағанда
лазер сəулесінің фокустелуі контроллер командасы бойынша
өзгереді. Сəуле екінші (сыртқы) жартылай түссіз жазықтықта
фокустеледі жəне деректерді оқу жалғасады.
Механикалық мықтылық тұрғысынан алғанда DVD-дисктердің
жалпы қалыңдығы СD-дікі сияқты сақталған, яғни 1,2 мм тең.
Түссіз қабаттың қалыңдығы 0,6-ға дейін кішірейгені, жұмыс
беттерімен
жабыстырылған
қос
бір
жақты
дисктердің
комбинациясы болатын екі жақты дисктерді ұсынуды мүмкін етті
(сур. 3.10, а). Сонымен DVD стандарты жұмыс қабаттары санынан
қисындастыруы мен жақтарынан алынатын жəне мынадай
сипаттамаларға ие болатын дисктердің бес нұсқасын қарастырады:
DVD-5 — біржақты бірқабатты диск, сыйымдылығы 4,7 Гбайт;
DVD-9 — біржақты екіқабатты диск, сыйымдылығы 8,5 Гбайт;
DVD-10 — екіжақты бірқабатты диск, сыйымдылығы 9,4 Гбайт;
DVD-14 — екіжақты бірқабатты/екіқабатты диск, сыйымдылығы
13,2 Гбайт;
DVD-18 — екіжақты екіқабатты диск, сыйымдылығы 17 Гбайт.
DVD жетектерінің CD-ROM жетектерімен ортақ нəрселері көп:
интерфейс ATAPI (IDE) немесе SCSI, негізгі түйін конструктивті
ұқсас. Алайда CD-ROM дисктерімен қатар DVD- ROM дисктерді
оқу үшін DVD жетек біршама күрделірек жасалған. Ол CD-ROM
деректері диск бетіне жақын жазылған соң, ал DVD деректері –
ортасына таман жазылған деп түсіндіріледі. CD-ROM-мен қатар
DVD оқылуын қамтамасыз ету үшін сəуле фокустелуін өзгерту
үшін алғашында əр түрлі фокустық қашықтықтағы линзалар жұбы
қолданылды. Sony фирмасының дискжетектерінде екі жеке лазер
орнатылған: CD үшін толқын ұзындығы 780 нм, ал DVD үшін —
650 нм. В устройствах Panasonic құрылғыларында лазер сəулесі əр
түрлі фокустелуді қамтамасыз ететін голографикалық оптикалық
элемент көмегімен ауыстырылады.
93
Достарыңызбен бөлісу: |