Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет26/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107

Винчестерді  форматтау  дискетаны  форматтауға  ұқсайды. 
Сонымен  қатар  форматтау  процесінде  винчестердегі  барлық 
деректер  жоғалатынын  ескеру  қажет,  сондықтан  винчестерді  қайта 
форматтау  кезінде  керек  деректерді  басқа  тасымалдағышта  сақтап 
қойған жөн. 
Қатқыл  магнит  дисктердің  сипаттамаларын  бұдан  əрі  жетілдіру 
ін  өндірушілер  жаңа  технологияны  пайдаланудан,  сонымен  қатар 
нано технологияны пайдаланудан көреді. 
 
3.3.3. Қатқыл дисктердің интерфейстері 
 
Интерфейс — бір құрылғыға басқа құрылғымен өзара əрекеттесуге 
жəне  бір  құрылғының  шығулары  мен  басқасының  кірулері  арасында 
сəйкестікті  орнатуға  мүмкіндік  беретін  коммуникациялық  құрылғы 
(немесе  алмасу  хаттамасы).  HDD  интерфейсінің  негізгі  функциясы  — 
ДК  есептеуішінен  жинақтауышқа  жəне  керісінше  деректерді 
тасымалдау.  Интерфейстердің  негізгі  типтерінің  бірнешеуі  кең 
таралды: IDE, SCSI, SAS, SATA USB, Thunderbolt. 
SCSI  (Small  Computer  System  Interface)  —  əр  түрлі  құрылғыларды 
(қатқыл  дисктерден  бастап  сканерлер  мен  принтерлерге  дейін) 
жалғауға арналған параллель интерфейс. Ultra-320 SCSI интерфейсінің 
нұсқасы  320  Мб/с  дейін  өткізу  қабілетіне  ие.  Құрылғыларды  жалғау 
үшін  50-  жəне  68-контактілі  кабель  қолданылады.  SCSI  соңғы 
нұсқаларында  80-контактілі  жалғағыш  қолданылады.  Обычная  сфера 
применения  SCSI-дисктерді  қарапайым  қолдану  аясы  —  серверлер, 
жоғары  өнімділікті  жұмыс  станциялары,  RAID-массивтер.  Біртіндеп 
SAS интерфейсімен ығыстырылады. 
SAS  (Serial  Attached  SCSI)  —  SCSI  орнын  басқан  тізбектес 
интерфейс.  Техникалық  жетілген  жəне  біршама  шапшаң  (600  Мб/с 
дейін). SAS алуан түрлі жалғағыштар нұсқалары бар. SCSI интерфейсі 
ортақ шинаны пайдаланады, сондықтан контроллермен біруақытта тек 
бір  ғана  құрылғы  жұмыс  жасай  алады.  SAS  бөлінген  каналдардың 
жүзеге  асуы  есебінен  бұл  кемшіліктен  айырылған.  SATA-мен 
салыстырғанда  біршама  мықты,  бірақ  қымбат  тұрады  жəне  көбірек 
энергия  пайдаланады.  SCSI-мен  салыстырғанда  кіші  өлшемді 
жалғағыштары болады, ол 2,5 дюйм типтік өлшемді жинақтауыштарды 
пайдалануға мүмкіндік береді. 
SATA  (Serial  ATA)  —  деректер  жинақтауыштарын  жалғауға 
арналған  тізбектес  интерфейс.  Первая  версия  SATA  revision  1.x 
(SATA/150)  алғашқы  нұсқасының  деректерді  150  Мб/с  дейін 
тасымалдау теориялық жылдамдығы болды, соңғысы — SATA rev. 3.0 
(SATA/600) — 600 Мб/с дейін өткізу қабілеті бар. 
84 


Орта SATA-дисктер өзінің алдағы өткендерден екі есе жылдамырақ. 
USB  (Universal  Serial  Bus)  —  əр  түрлі  құрылғылардың  деректер 
алмасуға  арналған  тізбектес  интерфейс.  Бір  шина  бойынша  деректер  мен 
қоректену  тасымалданады.  USB-құрылғылар  өзінің  жеке  қорек  көзі 
болмауы  мүмкін:  ең  көп  ток  күші  —  500  мА  USB  2.0  үшін  жəне  900 мА 
USB  3.0  үшін.  Тəжірибеде  1,8  жəне  2,5  дюйм  типтік  өлшемдегі  сыртқы 
қатқыл дисктер қоректі USB- кабель бойынша алатындығын білдіреді; 3,5- 
дюймдік  сыртқы  дисктер  жеке  қорек  блогын  талап  етеді.  Сыртқы  диск 
USB жалғағышы арқылы жалғанатынына жəне «USB  HDD  қатқыл дискі» 
ретінде  жайғастырылатынына  қарамастан  құрылғы  ішінде  қарапайым 
SATA винчестер мен арнайы SATA-USB контроллері болады. 
USB өте кең таралған. Ең көп таралғаны USB 2.0 нұсқасы. USB 3.0 де 
стандартқа айналуда. Тест көрсеткендей USB 3.0 шынайы жылдамдығы — 
380 Мб/с дейін. 
Thunderbolt  (алғашында  әйгілі  болған  Light  Peak)  —  ДК-ге 
перифериялық 
құрылғыларды 
жалғауға 
арналған 
перспективалы 
интерфейс.  USB,  SCSI,  SATA  жəне  FireWire  сияқты  интерфейстерді 
алмастыру  үшін  Intel  фирмасымен  шығарылған.  фирмасымен  қолдау 
табады. 
Деректерді тасымалдау жылдамдығы — 10 Гбит/с дейін, кабельдің ең 
көп ұзындығы — 3 м. Көптеген құрылғылармен біруақытта қосыла алады, 
əр түрлі хаттамаларды сүйемелдейді. 
 
 
3.4. 
КОМПАКТ-ДИСКТЕРДЕГІ ЖИНАҚТАУЫШТАР 
 
Ақпараттандыруда  бірқатар  тапсырмаларды  шешу  үшін  ақпаратты 
оптикалық жинақтауыштардың мынадай түрлері бар: 
■ 
CD-ROM  (Compact  Disk  Read-Only  Memory)  —  ақпаратты  тек  оқуға 
арналған есте сақтау құрылғылары;
 
■ 
CD-WORM  (Write  Once  Read  Many)  немесе  CD-R  (CD-Recordable)  — 
ақпаратты  оқуға  жəне  бір  реттік  жазуға  арналған  есте  сақтау 
құрылғылары;
 
■ 
CD-RW  (CD-Re  Writable)  —  ақпаратты  оқуға  жəне  көп  реттік  жазуға 
арналған есте сақтау құрылғылары;
 
■ 
МО  —  көп  реттік  жазба  жасауға  мүмкін  магнитооптикалық 
жинақтауыштар.
 
Барлық оптикалық жинақтауыштардың жұмыс істеу принципі лазерлік 
технологияға  негізделген.  Лазер  сəулесі  ақпаратты  тасымалдағышқа  жазу 
үшін,  сондай-ақ  алдында  жазылған  деректерді  оқу  үшін  де  қолданылады 
жəне ақпаратты өзіндік бір тасымалдағыш болып табылады. 
85 


3.4.1. 
CD-ROM-тасымалдағыштары мен жетектері
 
CD-ROM — алдын ала жазылған ақпаратты сандық түрде сақтау 
үшін  жəне  CD-ROM-driver  –  компакт-дисктерді  оқуға  арналған 
дискжетек деп аталатын арнайы құрылғы көмегімен оқуға арналған 
компакт-диск (CD). 
CD-ROM  пайда  болу  тарихы  Sony  жəне  Philips  фирмалары  өз 
күштерін  лазерді  пайдаланумен  компакт-дисктер  өндірісін  жəне 
жазба  технологиясын  құру  бойынша  біріктірген  кезде  1980  ж. 
басталады.  1994  ж.  бастап  CD-ROM  дискжетектері  стандартты  ДК 
конфигурациясының  ажырамас  бөлшегіне  айналуда.  CD-дискте 
ақпарат  тасымалдағыш  болып  рельефті  төсем  табылады,  оған 
жарықты  шағылыстыратын  материалға  жұқа  қабат  алюминий 
жүргізілген. 
Компакт-дискке  ақпарат  жазу  төсемде  лазер  сəулесімен 
миниатюралы  штрих-питтерді  «күйдіру»  жолымен  рельефті 
қалыптастыру процесі бейнелейді. Ақпаратты оқу төсем релъефінен 
шағылысқан  лазер  сəулесін  тіркеу  есебінен  жүргізіледі.  Диск 
бетінің  шағылыстырушы  учаскесі  «ноль»  сигналын  береді,  ал 
сигнал  штрихтан  -  «бірлікті».  CD-дисктерде  деректерді  сақтау 
магнит дисктердегідей екілік формада ұйымдастырылады. 
CD-дисктерді дайындау процесіне бірнеше этаптар кіреді: 
■ 
бірінші  этапта  тасымалдағышқа  келесі  жазба  үшін  ақпараттық 
файл жасалады;
 
■ 
екінші  этапта  жартылай  өткізгіш  лазер  сəулесінің  көмегімен 
ақпарат  тасымалдағышқа  жазылады,  тасымалдағыш  ретінде 
фоторезистті материалдан жасалған жабыны бар шыны пластик 
диск қолданылады. Ақпарат 3.6 суретте көрсетілгендей, спираль 
бойынша орналастырылған тізбектелген түрде жазылады. Әрбір 
штрих-питтің  (pit)  тереңдігі  0,12  мкм,  ені  (сурет  жазықтығына 
перпендикуляр  бағытта)  —  0,8  ...  3,0  мкм  тең.  Олар  спираль 
жолдың  бойында  орналасқан,  көршілес  орамдар  арасындағы 
қашықтық  1,6  мкм,  16  000  орамдар/дюйм  (625  орамдар/мм) 
тығыздығына  сəйкес  келеді.  Штрихтардың  ұзындығы  жазба 
жолын бойлай 0,83 бастап 3,1 мкм дейін ауытқып тұрады;
 
 
 
 
 
 
 
 
86 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау