Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет50/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62

 
146 
4.5. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар 
Тақырыбы: 
«Мектепте  информатикадан  сыныптан  тыс 
жұмыстар» 
Мақсаты:  
1)  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуындағы  сыныптан 
тыс жұмыстардың мүмкіндіктері мен  функцияларын оқып үйрену;  
2) 
сыныптан 
тыс 
шараларды 
дайындау 
біліктілігін 
қалыптастыру. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.  Сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен түрлері. 
2.  Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері. 
3.  Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі. 
Дәптерде орындаңыз: 
1.  Таңдаған тақырыбыңыз бойынша сыныптан тыс жұмыстарға 
қажетті материалдарды  даярлаңыз. 
2.  Сыныптан тыс шаралардың жоспарын даярлаңыз. 
Ғылыми-практикалық  конференция 
 
Тақырыбы «Информатиканы оқыту кезеңдері мен деңгейлері» 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.  Информатиканы  мектепке  дейінгі  жүйелер  мен  жанұя 
тәрбиесінде оқыту. 
2.  Информатиканың 
пропедевтикалық 
курсы: 
мақсаты, 
міндеттері, оқыту әдістемесінің ерекшеліктері. 
3.  Негізгі  мектеп:  мақсаты,  міндеттері,  оқыту  әдістемесінің 
ерекшеліктері. 
4.  Жоғарғы  сыныптар:  мақсаты,міндеттері,  оқыту  әдістемесінің 
ерекшеліктері. 
5.  Информатика  курсының сабақтастығы. 
6.  Информатиканы қосымша  және коррекциялық оқыту. 
7.  Арнайы  сұраныстағы оқушыларға информатиканы оқыту. 
8.  Мектеп оқушыларының психологиялық, физиологиялық, жас 
ерекшеліктері. 
9.  Информатканы 
кәсіптік 
бағдар 
бойынша 
оқытудың 
деңгейлері мен ерекшеліктері. 
10. Информатика  саласында  біліктілікті  жоғарылату  мен  қайта 
даярлау. 
Әдебиеттер: 
13. Бочкин  А.И.  Методика  преподавания  информатики.  — 
Минск: Вышэйшая школа, 1998. 


 
147 
14. Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
15. Лапчик  М.П.  и  др.  Методика  преподавания  информатики.  – 
М.: Академия, 2001. – 624 с. 
16. Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
17. Малев В.В., Малева А.А. Внеклассная работа по информати-
ке. — Воронеж: ВГПУ, 2003. — 152 с. 
 


 
148 
5-тарау. Информатика кабинеті  
5.1.  Информатика  кабинетінің  үйымдастыру-әдістемелік 
жұмыс істеу шарттары 
5.1.1. Информатика кабинетінің қызметі 
Информатика  кабинеті  –  бұл  оқыту  есептегіш  техника 
кешенімен  (ОЕТК),  интерактивті  тақтамен,  оқу-көрнекі  құралдармен, 
оқу  жабдықтарымен,  жиһазбен,  ұйымдастырушылық  техникамен, 
сонымен 
қатар, 
информатика 
курсы 
бойынша 
теориялық, 
практикалық және сыныптан тыс факультативтік сабақтарды, басқа да 
білім беру пәндерін ақпараттық технологиялардың көмегімен өткізуге 
жабдықталған  заманауи  білім  беру  мекемесінің  оқу-тәрбиелік 
бөлімшесі.  
Информатика  кабинеті  мына  міндеттерді  орындауға 
арналған: 
 -  оқушылардың  заманауи  есептегіш  техниканың  құрылысы, 
қызметі және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру; 

ЭЕМ-нің  көмегімен  есептерді  шешу  ептіліктері  мен 
дағдыларын  қалыптастыру,  заманауи  ЭЕМ-ді  бағдарламалық 
қамсыздандыруды  және  ақпараттық  ресурстармен  жұмыс  жасауға 
пайдалану;  

оқушыларды  есептегіш  техниканың  өндірісте,  жобалау-
құрастыру  ұйымдарында,  ғылыми  мекемелерде,  оқу  үрдісінде  және 
басқаруда қолданылуымен таныстыру; 

оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және 
оқыту әдістерін жетілдіру [17, 28]. 
Информатика кабинетінде мына шараларды:  

информатика  сабағын  және  жаңа  ақпараттық  технологиялар 
құралдарын (ЖАТҚ) пайдалану арқылы оқу пәндерін өткізуге;  

оқушылардың  мұғалімдер  немесе  мектеп  басшылығының 
тапсырмасы  бойынша  мектептің  және  кәсіпорындар  қорының 
мұқтаждығын 
қанағаттандыратын 
қолданбалы 
бағдарламалар 
құрастыруына; 

ЖАҚ  құралдарын  пайдалану  арқылы  сыныптан  тыс  және 
факультативтік сабақтарды өткізуге болады.  
Информатика  кабинетінде  өтетін  сабақ  табысты  болуы  үшін 
оқу-тәрбиелік  үрдістің  арнайы  шарттарын  құру  қажет,  олардың 
құрамына  өзара  байланысқан  құрамдас  компоненттер  кіреді,  атап 
айтқанда:  


 
149 
материалдық  (сабақ  өтетін  орын;  мұғалім  мен  оқушының 
жұмыс орны;  оқу-көрнекі құралдар және оқу жабдықтары; оқытудың 
техникалық құралдары);  
а) гигиеналық 
(санитариялық 
шарттар; 
температуралық, 
жарықтық және ауа режімі);  
б) эстетикалық (кабинеттің безендірілуі); 
в) эргономикалық
г) қауіпсіздік техникасы.  
Информатика кабинетінде сыныптан және мектептен тыс 
жұмыс  жасау.  Кабинетте  жұмысты  ұйымдастыру  кезінде  ДЭЕМ-ді 
тиімді  әрі  қарқынды  пайдаланған  дұрыс.  Информатика  курсының 
бағдарламасы  бойынша  өтетін  міндетті  сабақтардан  қалған  бос 
уақытты  кәсіптік  оқыту  және  оқушылармен  үйірмелі  жұмыс  жасау 
үшін пайдаланған абзал.  
Сабақтан тыс уақытта кабинетте мына шараларды:  

оқушыларға әртүрлі  салалар бойынша, әсіресе АКТ (ақпарат 
іздеу,  жұмысты  рәсімдеу  және  т.б.)  пайдаланумен  байланысты 
жобалау әрекетін ұйымдастыру және кеңес беру; 

АКТ  құралдарына,  басқа  ресурстарға  қолжетімділік  және 
жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларына және қызметкерлеріне 
оны  пайдалануда  көмек  беру  (оқушылардың  танымдық  және 
дамытушылық  әрекеті,  сабақ  әдістемелерін  әзірлеу,  әдістемелік 
материалдарды,  ғылыми  әзірлемелерді,  есептік  және  диагностикалық 
құжаттаманы,  оқытушылық  және  қоғамдық  іш-шараларға  арналған 
материалдарды және т.б. дайындау);  

АКТ-нің көмегімен консультативтік және сабақтан тыс көмек 
көрсету (үйірмелер, пәндік зертханалар, байқаулар мен олимпиадалар 
ұйымдастыру,  тәрбиелік  жұмыстың  және  жасөспірімдердің  жеке 
тұлғасын  әлеуметтендіру  бойынша  әрекеттің  басқа  формалары  және 
т.б.);  

АКТ-ні  пайдаланып,  мектепішілік  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының жұмысын (Интернеттегі жаңартылып отыратын мектеп 
беті, газеттер, журналдар, бейнематериалдар, кабинеттерді безендіру);  

мектептегі компьютерлік клубтарда балалардың бос уақытын 
(мысалы,  программистер  клубы,  Интернет-клуб,  бастауыш  сынып 
оқушыларына  арналған  компьютер,  компьютерлік  тұсаукесер  клубы, 
компьютерлік шахмат клубы және басқалар) ұйымдастыруға болады.  
Информатика  кабинетінде  қашықтықтан  оқыту  ұйымдас-
тырылады,  сондай-ақ  телекоммуникациялық  жобаларға  қатысуға 
мүмкіндік бар (оқушыларға да, мұғалімдерге де) және мұғалімдер мен 
оқушылардың сабақтан тыс қызметінің басқа да формалары.  


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау