Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет48/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62

 
140 
2. Мақсаты, міндеттері.  
 
5. Өткізу орны. 
3. Материалдар мен жабдықтар.  
6. Өткізу жоспары.  
Атауында  сыныптан  тыс  сабақтың  тақырыбы  жазылады.  Ол 
мазмұнды  нақты  сипаттап  қана  қоймай,  көлемі  ықшам,  тартымды 
болуы  керек.  Дайындықты  іс-шаралардың  тәрбиелік  және  білімділік 
мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан, тиісті өткізу формалары мен 
әдістерін,  ұжыммен  жұмыс  жасау  жүйесіндегі  орынды  таңдаудан 
бастау қажет. Осы тұста тәрбиеге деген кешенді көзқарас байқалады. 
Сондықтан  көзделген  істің  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  толықтай 
анықтап,  өткізілетін  іс-шара  мен  оқу-тәрибиелік  жұмыс  жүйесін 
құрайтын  басқа  да  құрамдастарының  арасында  байланыс  орнатқан 
абзал.  Іс-шараны  дайындау  кезінде  ұжымдағы  оқушылардың  өткен 
сабақтағы  тәрбиелік  әрекетін  және  олардың  нәтижелерін  ескерген 
жөн.  
Сыныптан  тыс  сабақтың  мақсаты  дамытушы,  түзетуші, 
қалыптастырушы,  тәрбиелік  қызметтен  тұруы  қажет,  бұл  ретте 
оқытушылық қызмет міндеттердің бірі болып қалады.  
Жаңа  білімді  игерту  сыныптан  тыс  сабақтың  мақсаты  бола 
алмайтыны  бәріне  мәлім.  Тапсырмалар  нақты,  мазмұнын  ашатындай 
болуы  тиіс.  Олар  әмбебап  болмауы  тиіс.  Сыныптан  тыс  сабақтың 
мақсаты  мен  міндеттері  неғұрлым  нақты  әрі  диагностикалық  болып 
тұжырылымдалса,  соғұрлым  ұстаздың  күтілетін  нәтижелер  туралы 
ойы айқындала түседі.  
Сыныптан  тыс  сабақтың  мақсатына,  міндеттеріне,  басым 
қызметтеріне  және  зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес,  мазмұны 
нақтыланып,  нақты  формалары,  әдістері  мен  құралдары  таңдап 
алынады.  
Сыныптан  тыс  сабақтың  жабдықтарына  түрлі  құралдар:  оқу 
құралдары,  ойыншықтар,  бейнефильмдер,  бағдарламалық  құралдар, 
әдебиет,  ақпараттық  ресурстар,  әуенмен  безендіру  және  т.б.  жатады. 
Әділқазылар мен командаларға арналған үстелдер мен орындықтарды; 
ватман,  қағаз,  қарындаштар  мен  қаламдарды;  тапсырмаларды 
орындауға  арналған  тақтаны,  бор  мен  шүберекті  және  т.б.  уақытылы 
дайындап қойған дұрыс.  
Сынып  бөлмесін  безендіру  үшін  информатиканы,  ақпараттық 
технологияны  және  компьютерлік  техниканы  дамытуға  үлес  қосқан 
әйгілі  ғалымдардың  қанатты  сөздері  жазылған  плакаттарды, 
ғалымдардың суреттерін, іс жүзінде компьютерді пайдалану суреттері 
бар плакаттарды, ауызша шешуге арналған, ептілікті, байқампаздықты 
қажет ететін, ребустар мен сөзжұмбақтары бар тапсырмалар жазылған 
плакаттарды,  ұсынылатын  кітаптар  мен  мақалалардан  үзінділер 


 
141 
жазылған,  көркемделіп  безендірілген  ғылыми-танымал  әдебиеттер 
тізімін («Информатика бойынша не оқу керек?») пайдалануға болады.    
Тәрбиелік  шараны  дайындау  кезінде  материалды  сараптай  білу 
басты  орында  тұрады.  Жұмыс  түріне  байланысты  ол  үшін  әртүрлі  
уақыт  қажет.  Мысалы,  диспут,  кеш,  көрме  шараларына  материал 
дайындауға  көп  уақыт  керек:  ол  уақыт  мұғалім  мен  оқушылардың 
әдебиеттерді  оқуына,  оқушылардың  алуан  түрлі  жобалар  мен 
тапсырмаларды орындауына,  қажетті деректер жинауға, баяндамалар 
және т.б. дайындауға пайдаланылады. Аталмыш алдын ала дайындық 
жұмыстары  тәрбиелік  және  білім  беру  үрдісінде  маңызды  болып 
табылады.  Кейде  материалды  таңдап  сараптауға  көп  уақыт 
жұмсалмаса  да  (есептегіш  орталыққа  саяхат  немесе  киноға  бару), 
ұстаз баратын нысанмен алдын ала танысуы қажет.  
Сыныптан  тыс  сабақ  саяхат,  сұрақ-жауап,  байқау,  олимпиада 
және т.б. түрінде болуы мүмкін.  Мұндай жағдайда жоспардағы сабақ 
формасын  атауымен  біріктіреді,  мәселен,  «Информатика  бойынша 
сұрақ-жауап»,  «Бағдарламаушылар  турнирі»,  «Есептегіш  орталыққа 
саяхат», «Компьютерлік карикатуралар туры».  
Өткізу  орны  қатысушылардың  санына,  іс-шаралар  түріне, 
материалдық базаға және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес таңдалады 
(информатика бөлмесі, мәжіліс залы, спорт залы және т.б.).  
Сабақ  жоспары  мазмұннан  және  тәрбиелік  әдістерден  тұрып, 
жүйелі  сценарий  немесе  тезистік  жоспар  түрінде  болады.  Сабақ 
барысын  модельдеу  кезінде  оның  ұзақтығын  және  құрылымын 
ескерген  жөн.  Сыныптан  тыс  сабақ  төменгі  сыныптарда  15-20  мин., 
орта және жоғары сыныптарда 1-2 сағаттан тұруы керек.    
Іс-шараны  даярлауда  ұйымдастырушылық  жұмыс  деген 
маңызды  элементті  де  ескерген  жөн.  Мұғалім  оны  оқушылардың 
қатысуымен  басқарады.  Ол  тапсырмалардың  таратылуын  бақылап, 
оларды  орындауға  көмек  береді.  Жауапты  тапсырмалар  жалпы 
сыныпқа,  оқушылардан  құралған  топтарға  берілуі  мүмкін.  Ірі  іс-
шараларды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық комитеттерін құрып, 
ең  үздік  дайындық  бойынша  жарыс  өткізген  дұрыс.  Оқушылардың 
бастамаларына 
сүйеніп, 
мұғалім 
олардың 
бойында 
ұйымдастырушылық  дағдылар  мен  ептіліктің  қалыптасуына  септігін 
тигізеді, оларды жауапкершілікке және өздігінен орындауға үйретеді.  
Іс-шараның өтуін жариялайтын жарнамалар алдын ала әзірленіп 
ілінуі  тиіс,  бір  күн  бұрын  «Сен  КВН-ға  келесің  бе?»,  «КВН  сағат  ...-
де», «КВН-де жиналайық» сынды еске салу қабырға газеттері ілінеді. 
Нарықтық  экономика  заманында  демеушілерді  тауып,  жеңімпаздарға 
сыйлықтар дайындау қажет.  


 
142 
3. 
Модельді 
тәжрибелік 
жүзеге 
асыру 
күнделікті 
педагогикалық үрдісте ойластырылған тәрбиелік жұмысты орындауға 
бағытталуы тиіс.  
Оқушылардың қызығушылығын және назарын сақтап қалу үшін 
шара  жақсы  ұйымдастырылып,  қарқынды,  үздіксіз  өтуі  тиіс. 
Жүргізушілердің  шараны  өткізуде  алатын  орны  бөлек,  олар 
дайындалған,  эрудициялы,  жақсы  ұйымдастырушы,  күтпеген 
жағдайда  дұрыс  жол  таба  біліп,  тыңдаушыларын  өзіне  қаратуы, 
олармен  байланыс  орната  білуі  маңызды.  Әлі  қалыптаспаған 
ұжымдарда,  оқушылардың  жас  шамасына  қарамастан,  мұғалімдер 
тәрбиелік  сабақты  өздері  өткізеді.  Ұжым  қалыптасқан  кезде 
басшылық  оқушыларды  неғұрлым  жиі  сырттай  бақылауға  көшеді 
(белсенділермен  ықпал  ету  арқылы,  өздігінен  өткізулеріне  сүйеніп). 
Алған  тәжірибелеріне  қарай,  мұғалім  оларға  сыныптан  тыс  кейбір 
сабақ  формаларын  өздігінен  өткізуді  тапсырып,  жағдайды  сырттан 
бақылап отырады.  
Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу кезінде мұғалім техникалық 
құралдар  істен  шығып  кетпеуі  үшін  көзделген  жұмыс  жоспары 
уақытқа  сай  болуы  үшін,  оқушылардың  барлығының  өз  орнында 
болуын қамтамасыз етуі тиіс, өйткені түбегейлі жоспарлаған сабақтың 
тиімділігі төмен болып шығуы ықтимал.  
Күрделі  шараларды  өткізуге  ерекше  көңіл  бөлінуі  тиіс  (ұзақ 
ойын,  компьютерлік  шығармаларды  қарау,  информатика  апталығы, 
физмат ғылымдарының айлығы). Олар біртұтас оймен және мақсатпен 
байланысқан циклден тұруы керек.  
Мазмұны  мен  әдістері  әртүрлі    жалпы  сыныптық  сабақтарда 
тәжірибені  тиімді  өткізу  үшін  сабақтың  төрт  негізгі  кезеңдерін 
ұстану қажет [35, 420-б.]. 
1. Ұйымдастырушылық кезең (0,5-3 мин). 
Педагогикалық  мақсаты:  оқушыларды  сыныптан  тыс  жұмысқа 
ауыстыру, олардың қызығушылығын ояту, жағымды әсер қалдыру.  
Типті қателіктер: сабақтың басталуын қайталау, созушылық.  
Ұсыныстар:  оқушыларды  сабақтан  тыс  әрекетке  тиімді 
ауыстыруға  ұйымдастырушылық  кезеңнің  дәстүрлі  емес,  қызықты 
материалы септігін тигізе алады: жұмбақтарды, проблемалы сұрақты, 
ойынды,  дыбыс  жазуды,  оқушылардың  басқа  бөлмеге  ауысуын  және 
т.б. пайдалану арқылы. 
2. Кіріспе бөлім (сабақтың 1/5-ден 1/3-ге дейінгі уақыты).    
Педагогикалық  мақсаты:  оқушыларға  белсенді  жұмыс  жасату, 
оларды  тәрбиелік  ықпал  етуге  бұру.  Мұғалім  оқушылардың  
мүмкіндіктері, 
жеке 
бас 
қасиеттері, 
тақырып 
бойынша 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау