Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет33/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62

 
95 
тәжірибесін  игеру,  жалпы  және  арнайы  жұмыстарды  қабылдау,  жеке 
және  ұжым  құрамын  қызметінің  іс  -  әрекетін  жоспарлау  және 
ұйымдастыру  жүзеге  асырылады.  Сонымен,  үшбірлікті  оқыту  жүзеге 
асырылады: білім беру, дамыту және тәрбиелеу. 
Бақылаудың  дифференциациясы оқушылардың  оқу  материалын 
меңгеру  және  қабылдаулары  кезіндегі  қабілеттіліктерінің  айырмасын 
есепке  алудың  қажеттілігін  ескертеді.  Дифференциялық  тәсіл  көп 
деңгейлі  бақылауды  және  әрбір  деңгей  үшін  оқытудың  нәтижесін 
бағалау  өлшемінің  әзірлемесін  жасау  жолымен  жүзеге  асады. 
Оқушыларға  бірдей  тапсырмалар  беріліп,  оларды  орындау  кезіндегі 
оқытушының  көрсеткен  көмегінің  дәрежесі  әртүрлі  болуы  - 
гуманистердің  дифференциялық  бақылауға  деген  көзқарасының  бірі 
болып табылады. 
Қазіргі  кезде  оқушылардың  өз  бетімен  өзінің  білімі  мен 
іскерлігін  бағалауы,  оларға  дайындық  деңгейінің  талаптарына  сәйкес 
түзетулер  енгізу  бойынша  қабілеттіліктері  үлкен  рөл  атқарады. 
Бақылау  мен  өздік  бақылауды  ақыл-оймен  үйлестіріп  отыру, 
жүргізілетін бақылаулық іс - шаралардың тиімділігін күшейтеді. 
Жоғарыда  көрсетілген  талаптарға  сай  жасалынған  бақылау 
жүйесі,  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін,  оқу  үрдісіндегі 
оқытылатын  материалдың  ерекшелігі  мен  басқа  да  ерекшеліктерін 
есепке  ала  отырып,  адекваттық  және  әртүрлі  тәсілдерді  пайдалануы 
керек.  Тәсілдерді  орынды  түрде  және  ақыл-оймен  үйлестіріп  отыру, 
бақылау жүйесінің тиімділігін  және өнімділігін қамтамасыз етеді. 
Информатиканы  мектептегі  салыстырмалы  жас  пән  екендігін 
есепке  ала  отырып,  бақылау  оқушылардың  дайындық  деңгейінің 
талаптарын 
есепке 
алмай, 
көбінесе 
жеке 
көріністермен 
(фрагменттермен)  ғана  жүзеге  асырылады.  Жүргізіліп  отырған 
бақылаулық  іс-шаралардың  жүйесіздігі  мен  тұрақсыздығы  оқыту 
үрдісіне  зиянын  тигізеді.  Нақтылы  жасалған  бағалау  өлшемдерінің 
жоқтығы,  оқытудың  деңгейлік  көрсеткіштерінің  нәтижелерін 
бағалауда  субъектілікке    әкеліп  соғады.  Қорыта  келгенде,  осы 
өлшемдер  мен  тәсілдер  оқушыларға  бақылау  жұмысы  өткізіліп 
жатқанда  немесе  оның  соңында  емес,  бақылау  жұмысының  алдында 
белгілі болуы керек. 
Ұсынылып  отырған  үздіксіз  бақылау  моделі  информатика  пәні 
бойынша  білім  беру  мониторингісі  бола  алмайды,  бірақ  оның 
мұраттарын  және  кейбір  қағидаларын,  айтар  болсақ,  объективтілігін, 
жүйелілігін және ашықтығын пайдаланады. 
Оқушылардың  білімсіздіктен  білімділікке  қарай  жылжып 
отыруын  үздіксіз  бақылаудың  нәтижелері,  олардың  әрбірінің  даму 


 
96 
серпінін  бағалау,  тұрақты  түрде  бақылаулық  іс-шараларды  өткізу, 
нәтижелерді  бағалаудың  жүйесін  әзірлеу  және  осы  туралы 
оқушыларға  мәліметтер  беріп,  таныстыру,  бақылаудың  нәтижелері 
бойынша  ақпараттар  жинақтау  және  осы  деректерді  талдау,  жалпы 
оқыту  мақсаттарын  есепке  ала  отырып,  әртүрлі  бақылау  әдістерін 
пайдалану – информатика пәнінің кейінгі кезеңдеріндегі дамуының ең 
маңызды міндеті болып табылады. 
Оқытудың 
әртүрлі 
кезеңдеріндегі 
тапсырмалардың, 
міндеттердің, жобалардың, бақылаулық және жобалық жұмыстардың, 
тестердің жүйелері, жасалған оқу-әдістемелік базасының тәжірибесіне 
тәуелді  бола  отырып,  негіздеме  үшін  алынып,  оқытушының 
(әдістемешінің) 
бақылау 
моделіне 
«кіргізілуі» 
мүмкін. 
Ол 
информатика  пәнінің  курсының  ерекшелігі  мен  дайындық  деңгейінің 
талаптарын  есепке  ала  отырып,  бейімделуі  мүмкін,  сонан  соң  жаңа 
әзірлемелермен  толықтырылып,  кеңейтілуі  мүмкін.  Осы  модельді 
жетілдіру  және  дамуы  үшін  ашық  болуы  бойынша  материалдың 
құрылымы орындалған. 
3.2. Қорытынды бақылау 
3.2.1. Қорытынды бақылаудың негізгі нысандары 
Қорытынды  бақылау  информатика  пәнінің    негізгі  курсына 
оқытудың 
нәтижелерін 
бағалауға 
мүмкіндік 
береді 
және 
оқушылардың  білімдері  мен  іскерліктеріне  түзету  енгізуді  жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі  кезде  қорытынды  бақылаудың  әртүрлі  нысандары  мен 
әдістері  жүзеге  асырылады,  оған  ауызша  емтиханды,  жазбаша 
аттестациялау жұмыстарын, тестілеуді,  жобалар немесе рефераттарды 
қорғау нысандары түріндегі аттестациялауды жатқызуға болады. 
Жазбаша  емтихан  оқушылардың  қорытынды  аттестация-
лауының  дәстүрлі  нысаны  болып  табылады.  Әртүрлі  сыныптардың 
билеттері  тапсырмалардың  дәрежесі  мен  көлемі  бойынша  әртүрлі 
болып келеді. 9 - сыныптар  үшін- бір ауызша сұрақ және тәжірибелік 
жұмыс;  11  сыныптар  үшін  -  екі  ауызша  сұрақ  және  бір  тәжірибелік 
жұмыс. 
Жазбаша  аттестациялау  жұмысы  көптеген  таңдауы  бар  жабық 
түрдегі  тестік  тапсырмалардан,  теориялық  негіздер  бойынша 
сұрақтардан, машықтану тапсырмалары мен есептерінен тұрады. 
Тестілеуге бақылау жұмысы жатады және үш бөлімнен тұрады: 
балама жауаптары бар жабық түрдегі тестілеу, ашық түрдегі тестілеу 
тапсырмалар, олар толықтыруды және тиісті түрде қалпына келтіруді 
талап етеді, тестілеу стиліндегі машықтану тапсырмалары. 


 
97 
Жобалар  мен  рефераттарды  қорғау  түріндегі  аттестациялау 
бойынша осы жұмыстар алдын  ала дайындалып, ұсынылады. 
Ауызша емтихан   
Ауызша сұрақтарды құрастыру келесі түрде жүзеге асырылады: 
Біріншіден,  негіздемені,  пайымдауды,  талдауды  талап  ететін 
теориялық  сұрақтар  қойлады. Екінші  сұрақ  –  теориялық-тәжірибелік, 
оған  оқушы  компьютерді  пайдалану  арқылы  жауап  береді. 
Машықтану  тапсырмасы  бағдарламалық  құралдармен  жұмыс  істеу 
дағдыларын,  іс-әрекеттердің  негізгі  тәсілдерін  (немесе  тиімді) 
тексеруге,  берілген  тапсырманы  орындау  кезіндегі  алған  білімді 
пайдалана білуге бағытталады. 
Оқушылар 
нақтылы 
мысалдар 
арқылы 
бағдарламалық 
құралдардың мүмкіндіктерін көрсете алады деп ойлаймыз. 
Жазбаша аттестациялау жұмысы 
Жазбаша  аттестациялау  жұмысын  ұйымдастыру  кезінде  жоқ 
дегенде 
екі 
тапсырмалық 
топтама 
дайындалуы 
керек. 
Терминологиялық 
меңгерулерін 
тексеру 
кезінде 
тестілеу 
тапсырмалары пайдаланылады. Алған білімдерінің тереңдігін бақылау 
үшін  сауал-мәселелер  қойылуы  мүмкін,  олар  түсініктеме  беруді, 
пайымдауды  және  негіздемені  талап  етеді.  Іскерліктері  мен 
дағдыларын тексеру үшін дәстүрлі машықтандырудың міндеттері мен 
тапсырмалары 
қойылады. 
Жазбаша 
аттестациялау 
жұмысын 
ұйымдастыру 
үшін 
логикалық-талдаулық 
міндеттемелерінің 
жиынтығы және машықтану тапсырмаларын пайдалануға болады. 
Жазбаша 
аттестациялау 
жұмыстарының 
кемшіліктеріне 
оқытудың  мазмұнын  кең  көлемде  тексеруге  мүмкіндіктің  жоқтығын, 
жұмысты  орындаудың  жылдамдығының  жалпы  пәндік  іскерлік  пен 
дағдыларға  тәуелділігін,  жұмысты  тексеруге  салыстырмалы  түрде 
алғанда  өте  көп  уақыттың  жұмсалуын    жатқызуға  болады.  Пайдалы 
жағын  алатын  болсақ,  жұмысты  орындауға  аз  мөлшерде  уақыт 
жұмсалады,  емтихан  жеңіл  жағдайда  өткізіледі,  қойылған  бағаны 
негіздеу  мүмкіндігі  болғандықтан,  бағалау  объективті  түрде 
жүргізіледі. 
Жобалар мен рефераттарды қорғау 
Емтихандық  жұмыс  ретінде  дайындалған  жоба  мен  реферат 
белгілі  бір  уақыт  мерзімінде  орындалады  деуге  болады.  Жоба  мен 
рефераттың  орындалу,  рецензиялану  мерзімі,  жобаны  қорғауды 
ұйымдастыру  және  оны  тапсыру  мерзімі  бекітілген  кестеге  сәйкес 
жүзеге асады. Оқушылар рефератты бағалау өлшемдерімен алдын ала 
танысады. Жоба мен рефератты қорғау кезіндегі нәтижелері бойынша 
жалпы  баға  қойылады.  Осы  кезде  оқушының  сайыста,  олимпиадада 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау