Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет30/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62

 
86 
3-тарау.  Информатика  пәні  бойынша  білімді  бақылау, 
тексеру және бағалау жүйесі  
3.1. Информатика пәні бойынша білімді тексеру  
Оқыту  процесінің  міндетті  компоненті,  соңғы  кезеңі  бақылау 
болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру).  
Тексеру  –  білім  алу,  даму  және  оқу  мақсаттарына  жету 
деңгейін  меңгеруде  жетістіктер  мен  қиыншылықтарды  анықтау 
үрдісі. 
Бақылау  –  жоспарланған  нәтижені  үлгі  талаптармен  және 
стандарттармен салыстыру операциясы.  
Есепке алу – тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жүйеге 
келтіру,  сол  арқылы  оқушылардың  білім  алу  және  даму  процесінің 
қарқынын көруге болады.  
Бағалау – сапалық және сандық талдаудан тұратын білім алу 
нәтижелері  мен  барысы  туралы  пайымдау,  мақсаты  оқушылардың 
білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады.  
Баға  қою  –  оқу  қызметінің,  жетістіктер  деңгейінің  
нәтижелерін  ресми  бекітілген  шкала  бойынша  баллмен  немесе 
дәрежемен анықтау.  
Оқушылардың 
білімін, 
ептіліктері 
мен 
дағдыларын 
диагностикалау  оқу  үрдісінің  маңызды  құрылымдық  компоненті 
болып  табылады.  Тексеру  және  бақылау  жүйесіне  әртүрлі  бақылау 
тәсілдерін еңгізуге болады. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:  
• бақылаудың жеке түрі;  
• оқыту  жүйесінің  барлық  кезеңіндегі  бақылаудың  жүйелілігі, 
жиілігі;  
• оқытушы,  дамытушы  және  тәрбиелеуші  функцияларының 
орындалуын, қорытындыларына және оның өткізілуіне оқушылардың 
қызығушылығын  арттыруды  қамтамасыз  ететін  әртүрлі  бақылау 
формалары; 
• жан-жақтылық: бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлімін 
қамтуы  қажет,  теориялық  білімнің,  зияткерлік  және  практикалық 
ептіліктері мен дағдыларын тексеруді қамтамасыз етуі тиіс; 
• әділдік; 
• дифференциалды тәсіл;  
• осы  сынып  оқушыларының  оқу  әрекетін  бақылайтын 
мұғалімдер талаптарының біртұтастығы.   
Білімді  бақылау  және  бағалау  педагогтіқ  үрдістің  маңызды 
құрамы  болып  табылады.  Осыған  байланысты,  мұғалім  өткізетін  іс  - 
шараларды  мәнсіз  түрде  емес,  жүйелі  түрде  өткізіп,    әр  кезде 


 
87 
нәтижелерін  талдай  отырып  және  білім  сапасына,  іскерліктері  мен 
дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды 
қолдануы керек. 
Бақылаудың  мақсаты  –  кері  байланысты  қамтамасыз  ету: 
оқушыларға  белгілі  бір  пән  бойынша  білім  стандарттарына  (міндетті 
минимум) сәйкес білімді игерту, оны түзету деңгейін анықтау.  
Бақылау  оқыту  процесінің  негізгі  құрылымының  бірі  болып 
есептеледі.  Оқушылардың  білім  сапасының  нәтижесі  бақылау 
кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.  
Бақылаудың құрылымдары болып келесілер есептеледі: 

Бақылау нәтижелерін тексеру (дұрыс немесе дұрыс емес)  
және олардың өлшемдері; 

Бағалау  –  оқушылардың  әрекетіне  байқау  жүргізілетін 
ұйымдастыру  процесі  және  үлгімен  (эталон)  салыстырып,  нәтижесі 
ретінде бағасын қою. 
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары  
Бақылау  жүйесіне  белгілі  бір  талаптар  қойылады  және  оны 
құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:  
Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы 
және  қағидасы  болып  табылады.  Оқушылар  бақылау  жүйесін    жылы 
көзқараспен  қабылдауы  керек.  Сұрақтар,  тапсырмалар,  есептер  және 
жобалар  негізделуі  керек,  ал  бағалау  өлшемдері  адекватты  түрде 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік 
талаптарына негізделуі керек. 
Ашық  технология  –  оқушыларды  бағалау  бірыңғайлық 
өлшемдер  бойынша  жүзеге  асырылады  және  олар  негізді,  әрбір 
оқушыға  алдын  ала  белгілі  және  түсінікті  болуы  керектігімен 
тұжырымдалады. 
«Ашық 
технология» 
бақылау 
жүйесінің 
құрылымдарын өзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды. 
Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады: 

бақылау  үздіксіз  болуы  керек  және  оқытудың  ең  басынан 
бастап аяғына дейін жүзеге асырылады; 

бақылау оқу үрдісінің табиғи бөлімі болуы керек; 

бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек; 

бақылаудың  құралдары,  әдістері,  нысандары,  бағалау 
тәсілдері 
және 
нәтижелердің 
интерпретациялары 
бірыңғай 
мақсаттылыққа бағынулары керек; 
3.1.1. Бақылау әдістерінің сипаттамасы 
Бақылау  әдісін  таңдауға  ерекше  көңіл  бөлу  керек,  оны  тиімсіз 
түрде пайдалану, көбінесе, мұғалімдердің еңбектерін еш етеді. Алдын 


 
88 
ала  жоспарланбаған  нәтижелерді  бағалау  жүйесінің  жұмысы,  білім 
сапасына өзінің жағымсыз әсерін тигізеді. 
Төменде көрсетілген жүйелі классификациясы Л.П. Панкратова, 
Е.Н.  Челак  [33]  бейімделген,  бірақ,  негізінен,  Ю.К.  Бабанскийдің 
«Қазіргі кездегі жалпы білім беру мектептердегі оқыту әдістері» атты 
кітабында  келтірілген  дәстүрлі  сызбаны  пайдаланады.  Бағалау  әдісі 
бойынша  және  жетекші  функцияны  пайдалану  әртүрлі  ақпараттар 
көздерін талдау негізімен орындалған. 
1Бақылау орны бойынша оқыту кезеңінде

бақылаудың  алдын  алу  (кіретін)  түрі  әсіресе  информатика 
үшін  өзекті  болып  табылады,  себебі  бір  сыныпта  әртүрлі  деңгейлік 
дайындығы  бар  оқушылар  болуы  мүмкін.  Әдепкі  орнату  күйі  осы 
жағдайда  келесі  жағдайға  әкеліп  соғады:    үйінде  компьютері  бар, 
сабаққа  жақсы  дайындалған  оқушылар  ең  маңызды  сәттерді 
жоғалтып,  сабақ  үстінде  зерігіп  отырса,  ал,  нашар  дайындалған 
оқушылар  өз-өзіне  сенімсіз  болады.  Кірістік  бақылауы  бастапқы 
деңгейлік  дайындықты  және  дифференциялық  тәсілді  пайдалану 
мүмкіндігін анықтайды;  

ағымдық  (жедел)  бақылау  оқушылардың  оқу  үрдісіндегі  
жеке  тараулар  мен  тақырыптар  бойынша  дәрежесі  мен  деңгейін 
анықтайды,  диагностикалық  қызметті  жүзеге  асырады  және  әрбір 
оқушымен қатынастық байланысты орнатады. Жеделдік бақылауының 
тиімділігі  оның  объективтілігі мен тұрақтылығына тәуелді. Ағымдық 
бақылау  оқытудың  нәтижесін  тексеру  мен  түзету  енгізу  кезінде 
маңызды рөл атқарады. ; 

қорытынды  бақылау  (шығыстық)  материалды  меңгеру 
бойынша  сапасын  анықтайды,  оқушылардың  дайындықтарының 
деңгейлері  мен  дәрежелерін  бекітеді,  яғни  оқытудың  нәтижесін 
қорытындылайды. 
2. Бағалау тәсілі бойынша: 

«бағалық»  –  технологиясы  бес  балдық  шкала  бойынша  баға 
қойылып, дәстүрлі болып табылады; 

«рейтингтік»  –  технологиясы  бағдарламаның  әртүрлі 
(тақырыптарын)  тарауларын  меңгергендері  үшін  алған  балдардың 
қосылғыштарының қосындысына негізделген. Осыдан кейін өздерінің 
рейтингтері  көтерілген  соң,  көптеген  оқушылар  бір  тәртіптілікте 
болады. Оқушылардың әр тобының өзінің жеке дәреже алу мүмкіндігі 
бойынша  да  нұсқа  болуы  мүмкін.  Осындай  бағалау  жүйесінде 
қосымша  балл  беру  мүмкіндіктері  болуы  көзделген,  осындай 
артықшылықтармен  айрықша  шығармашылық  шешімдер  және  т.б. 
бастамалармен  көзге  түскен  белсенді  және  талапкер  оқушыларды 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау