Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет22/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62

 
62 
2)  оқушылардың ұсынылған тапсырмаларды орындауға қажетті 
білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жаңғыртуы;  
3)  оқушылардың  алуан  түрлі  тапсырмаларды,  жаттығуларды, 
есептерді орындауы; 
4)  жұмыстардың орындалуын тексеру;  
5)  жіберілген қателіктерді талқылау және оларды түзету;  
6)  үйге тапсырма (қажет болса); 
7)  сабақтың қорытындысы. 
Қайталау сабағының  құрылымы:  
1)  ұйымдастырушылық кезең;  
2)  білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарды қою;  
3)  негізгі  ұғымдарды,  негіздеме  білімді,  ептіліктер  мен 
дағдыларды  қайталауға  бағытталған  үй  тапсырмаларын  тексеру 
(практикалық және ойланатын)
 
1
;
 
4)  қайталау  нәтижесін  қорытындылау,  сабақта  оқу  іс-әрекетін 
тексеру;  
5)  үйге тапсырма; 
6)  сабақтың қорытындысы. 
Білімдерді тексеру сабағының құрылымы:  
1)  сабақтың  басталуын  ұйымдастыру.  Бұл  кезде  қалыпты, 
іскерлік  ортаны  қалыптастыру  керек.  Мына  жаңа  материалды  оқуға 
оқушылардың  дайындығын  мұғалім  тексеретіндіктен,  оқушылар  осы 
сабақ  барысында  болатын  бақылау  және  тексеру  жұмыстарынан 
қорықпауын  және  тым  қобалжымауын  ұйымдастырып,  қадағалау 
керек; 
2)  сабақтың  мақсаттарын  хабарлау.  Мұғалім  оқушыларға 
қандай  материалды  тексеретіндігін  және  бақылайтынын  хабарлайды. 
Сондай-ақ  жұмыс  барысында  сәйкес  анықтамаларды  естеріне 
түсірулерін  және  оларды  қажетінше  қолдануын  мұғалім  айтады. 
Жұмыстарын  сабақтың  аяғында  мұқият  өздері  тексеру  керектігін 
естеріне түсіреді;  
3)  бақылау  және  тексеру  жұмысының  мазмұнының  жоспары 
(есептер,  мысалдар,  диктант,  шығарма  немесе  сұрақтарға  жауаптар 
және  т.б.).  Тапсырмалар  көлемі  және  қиындық  деңгейлері  бойынша 
бағдарламаға және әр оқушының деңгейіне сәйкес болуы керек;  
4)  сабақтың  нәтижесін  қорытындылау.  Жақсы  орындалған 
жұмыстарды 
мұғалім 
тандап 
алып, 
басқа 
оқушылардың 
жұмыстарында  жіберілген  қателіктерді  талдайды  және  қателермен 
жұмысты ұйымдастырады (кейде осыған мына сабақ керек болады);  
5)  оқушылардың  білімі  мен  біліктіліктеріндегі  жіберілген 
                                                 
1
 Өткен сабақта сәйкес үй тапсырмасын беру керек. 


 
63 
қателіктерді анықтау және оларды жою және жоққа шығару.   
Қайталау және жалпылау сабағының құрылымы:  
1)  ұйымдастырушылық кезең;  
2)  берілген 
материалдың,  тақырыптың  мәнін  көрсететін 
мұғалімнің  кіріспе  сөзі  және  де  сабақтың  мақсаты  мен  жоспарын 
оқушыларға жеткізу;   
3)  құбылыс 
пен  фактілерді  жалпылау  негізінде  жалпы 
білімдерді  қалыптастыру  және  жүйелі  түрдегі  түрлі  ауызша  немесе 
жазбаша ұжымдық және жеке жаттығуларды орындау;  
4)  жұмыстың орындалуын  тексеру және керек болған жағдайда 
түзету;  
5)  өтілген материал бойынша қорытындыларды қалыптастыру; 
6)  сабақтың нәтижесін бағалау;  
7)  нәтижені қорытындылау; 
8)  үйге тапсырма (күнделікті емес). 
Білім,  біліктілікті  және  дағдыларды  қолдану  сабағының 
құрылымы:  
1)  сабақтың 
басталуын 
ұйымдастыру 
(оқушылардың 
психикалық дайындығы);  
2)  сабақ тақырыбы мен оның мақсатын хабарлау; 
3)  біліктіліктерді қалыптастыру үшін жаңа білімді игеру;  
4)  бастапқы  ептілікті  қалыптастыру,  бекіту  және  оларды, 
стандартты жағдайда ұқсастық бойынша қолдану;  
5)  білім  мен  біліктіліктерді  өзгертілген  жағдайларда  қолдану 
және жаттығу;  
6)  білім мен біліктіліктерді шығармашылық түрде қолдану; 
7)  дағдыларды өндеу жаттығулары; 
8)  үй жұмысы; 
9)  оқушылар 
атқарған 
жұмыс 
бағаланатын 
сабақты 
қорытындылау.  
Аралас сабақтың құрылымы:  
(бұл  сабақ  екі  немесе  бірнеше  дидактикалық  мақсатты 
қамтиды): 
1)  сабақтың  басын  ұйымдастыру  (оқушылардың  психикалық 
дайындығы);  
2)  сабақтың мақсатын хабарлау және үй жұмысын тексеру;  
3)  жаңа материалды меңгеру үшін оқушыларды дайындау, яғни 
білімнің, практикалық және ойлау қабілеттерінің өзектілігі; 
4)  жаңа материалды оқыту және түсіндіру; 
5)  сабақта  өтілген  жаңа  тақырыпты  және  онымен  байланысқан 
өтілген материалды бекіту; 


 
64 
6)  білім  мен  біліктіліктерді  жалпылау  және  жүйелеу,  сондай-ақ 
жаңа материалдың қалыптасқан, меңгерілген білімімен байланысы; 
7)  сабақтың нәтижесін қорытындылау; 
8)  үйге тапсырма беру;  
9)  мына жаңа тақырыпты оқыту үшін оқушыларды дайындау. 
2.4.4. Сабақтың үшбірлік мақсаты 
Сабақтың  үшбірлік
 
мақсаты  (СҮМ)  –    сабақ  соңына  қарай 
мұғалім  мен  оқушылардың  әрекеттестіктерінің  арқасында  қол 
жеткізілетін, алдын ала мұғалім  ойластырылған нәтиже.  
СҮМ  –  бұл  үш:  білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік 
аспектілерінен  тұратын  күрделі  құрамдас  мақсат.  Сабақтың 
мақсатында  мұғалім  мен  оқушылар  ұмтылатын  басты  нәтиже 
тұжырылымдалады. 
Сабақтың  үшбірлік  мақсаты  –  оған  бағыт  беретін,  мұғалімнің 
және  оқушылардың  әректтерінің  негізі.  Ол  мұғалім  мен 
оқушылардың  сабақтағы  әрекеттестіктерін  айқындайды,  сондықтан 
ұстаздың  әрекетімен  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушылардың  да 
әрекетімен  жүзеге  асады.  Екі  жақ  бірдей  ұмтылған  жағдайда  ғана 
мақсатқа  жету  мүмкін  болады.  Сондықтан  сынып  алдында  мақсат 
оқушыға икемделіп қойылуы қажет [27]. 
СҮМ-ң  үш:  білімділік,  дамытушылық  және  тәрбиелік 
аспектілерінің әрқайсысын жеке қарастырайық.  
СҮМ-нің  оқытушылық  аспектісі  –  бұл  басты  және  оны 
анықтайтын аспект. Ол мына талаптарды орындағаннан құралады: 
1.  Әр оқушыны өздігінен білім алуға оқытып үйрету. 
2.  Білімді  игерудің  басты  талаптарының  орындалуын  жүзеге 
асыру,  олар:  толықтылық,  тереңділік,  саналылық,  жүйелілік, 
бірізділік, икемділік, орындаушылық, беріктілік. 
3.  Дағдыларды қалыптастыру – нақты, қателіксіз орындалатын, 
көп қайталанып автоматизмге дейін жеткізілген іс-әрекеттер.  
4.  Біліктілікті 
қалыптастыру 
– 
іс-әрекеттің 
табысты 
орындалуын қамтамасыз ететін білім мен дағдының үйлесуі. 
5.  Сабақта  оқушының  оқу  нәтижесінде  танып  білу  және  жасай 
білу  керектігін  қалыптастыру.  Сабақтың  білімділік  мақсатын 
жоспарлағанда  сабақта  оқушыларға  қандай  білім,  біліктілік  және 
дағды  деңгейін  алу  керектігін  көрсету  керек:  репродуктивті
конструктивті және шығармашылық
СҮМ-нің  дамытушылық  аспектісі  –  бұл  мұғалім  үшін  ең  
қиын  аспект.  Бұл  немен  түсіндіріледі?  Бұл  қиындықтардың 
туындауының  екі  себебі  бар.  Біріншісі  –  көп  жағдайда  мұғалім  оқу-


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау