Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет26/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   207

54 

Құндылықтарға  бағдарлану  субъектінің  қоршаған  болмысты  рухани,  саяси,  моралдық, 

эстетикалық  бағалауы  болып  табылады  жəне  сол  болмыста  бағытталады,  объектілердің  мəнділігін 

ұғынады.  Құндылықтарға  бағдарлану  əлеуметтік  тəжірибелерді  меңгеру  арқылы  əлеуметтену 

процесінің  нəтижесінде  жүзеге  асырылады.  Құндылықтарға  бағдарланулар  тұлғалардың  əлеуметтік 

дамуларында  тек  бір  үлгі  ғана  емес  олар  үшін  ішкі  тұлғалық  дамуларының  реттеуші  күші,  өзіндік 

бағалаудың ішкі критерийі болып табылады [6]. 

Тұлғадағы  құндылықтарға  бағдарлану  жүйесі  өзі  өмір  сүріп  отырған  ортаның  ерекшеліктеріне 

байланысты олардың бағыттылығымен, болмысқа деген ішкі негізін көрсетуімен байланысты. Əрбір 

этностың өз табиғатына сай құндылықтары өскелең жас ұрпақтың психикалық дамуында белгілі бір 

рөл  атқарады.  Қазіргі  заман  талабына  сай  жастарда  құндылықтар  жүйесін  өз  халқының  салт 

дəстүрлері арқылы қалыптастыру, олардың этностық сана-сезімдерін дамытумен тікелей байланысты. 

Құндылық  дегеніміз – шындықты  бағалау  критерийі,  яғни  айналасындағы  адамдарға,  өзіне 

қатынасы  мен  өмірлік  ұстанымынан  көрінетін  тұлғалық  қасиеттер.  Тұлғаның  құндылығы  өзі 

ұмтылатын идеалды мақсаттарынан көрінеді. 

Құндылық бағдар дегеніміз – адамның əлеуметтік ортада мінез-құлқы мен əлеуметтік іс-əрекетін 

психологиялық реттеуді қамтамасыз ететін тұлғадағы қасиет. Бұл мəселе бойынша зерттеу жұргізген 

ғалымдар:  өткен  ғасырдың 60-70 жылдары  философиялық  əдебиеттерде  В.П.  Тугаринов,  О.Г. 

Дробницкий жəне басқалар; шетел əдебиеттерінде құндылық бағдар ұғымы "аттитюд" ұғымымен де 

түсіндіріледі:  З.  Фрейд,  Э.  Фромм,  В.  Франкл,  К.  Роджерс  жəне  басқалар;  кеңестік  кезеңде:  С.Л. 

Рубинштейн,  В.Д.  Ермоленко,  Л.И.  Божович,  Г.М.  Андреева,  Д.А.  Леонтьев,  Б.Г.  Ананьев,  А.И. 

Донцов, С.С. Бубнов жəне басқалар болды. 

Тұлғаның  құндылық  бағдары  оның  қасиеттерінің  жүйелі  қалыптасуының  күрделі  құрылымы 

ретінде  қарастырылады  (С.Л.  Рубинштейн,  Д.А.  Леонтьев,  Б.Г.  Ананьев).  Тұлғаның  құндылық 

бағдарлануының  дамуы  индивидтің  қоршаған  ортамен  өзара  əрекеттесу  мен  өзіне  "мəнді 

адамдармен"  қарым-қатынас  жасаумен  тікелей  байланысты  индивидтің  қоғам  құндылықтарын 

меңгеруге тəуелді (Л.С. Выготский, Л.И. Божович, Д.Б. Эльконин). 

Тұлғаның  құндылық  бағдар  жүйесі  мен  тұлғалық  мəнінің  дамуы  мен  функциялануы  өзара  бір-

бірімен  байланысты  жəне  бір-бірін  толықтырушы  сипатта  болады,  яғни  оның  құндылық  бағдары – 

бір  мезгілде  адам  үшін  ең  маңызды  да  мəнді  нəрсенің  əрі  пайда  болуын,  əрі  оны  тасымалдауын 

білдіреді (Д.А. Леонтьев, Ф.Е. Василюк, В. Корнилова, В Франкл, Г. Олпорт жəне басқалар). 

Құндылықтар  категориясы  психологиядағы  ең  бір  күрделі  ұғымдардың  бірі.  Құндылықтар 

маңызды  мағыналылықты  құрай  отырып,  олар  əрі  жалпы  жəне  мəдени  табиғатқа  да  ие  болады. 

Құндылықтар жайлы эмпирикалық-теориялық шет елдік зерттеулерге И.С. Кон мен А.Т. Спиркиннің 

теориялары  жатады [5]. Олардың  пікірінше  құндылықтарға  бағдарлану-жалпы  адамзатқа  тəн 

мəселелерді  шешу  барысындағы  адамның  ойлау  мотивтерінің  бағыттылығы  бойынша  топталған 

күрделі  принциптер.  Олардың  теориялары  бойынша  құндылықтарға  бағдарланулар  үш  жағдайға 

негізделеді: 

1.Барлық мəдениеттің адамдары бірдей жалпы адамзатқа тəн мəселелелерді шешуге шақырылады. 

2.Қол  жеткен  шешімдер  жиынтығы  шектеулі,  алайда  əрбір  шешімдер  əрбір  мəдениетте  əртүрлі 

деңгейге ие болуы мүмкін. 

3.Бəрінің  потенциалды  шешімдері  болады,  олар  əрбір  мəдениеттерде  міндетті  түрде  шешіледі. 

Авторлар бес түрлі адамзатқа тəн мəселені көрсетеді жəне олар төмендегідей құндылықтармен əрбір 

мəдениетте  шешіледі,  соларға  жататын  базалық  құндылықтар:  адам  табиғатына  деген  қатынас; 

адмның табиғатқа қатынасы; адамның уақытқа қатынасы; іс-əрекеттің бағыттылығы; адамның басқа 

адамдарға  қатынасы.  Американдық  психолог  Д.  Матсумото  мəдениетті  құндылықтардың,  ішкі 

ыңғайланулардың, сенімдердің, мінез-құлықтардың жиынтығы деп қарастырды. 

Кеңес  психологиясында  тұлғаның  жүйе  құрушы  жəне  басты  сипаттамасына  құндылықты 

құрылулар  болып  табылатын  бағыттылық  пен  квинтэссенциялар  жатқызылды.  Б.Г.  Ананьев 

құндылықтарды  бейімділктер  мен  мінезді  қалыптастыратын  жəне  мінез-құлық  мотивтерін 

анықтайтын тұлғаның біріншідей базалық “алғашқы” қасиеттері деп қарастырды].  

С.Л.  Рубинштейн  бағыттылық  пен  құндылықтарға  бағдарлануды  көрсететін  тұлғаның 

динамикалық  бағыты  деген  терминді  кіргізді [7]. Тұлғаның  кəсіби  іс-əрекеттегі  тұлғаның 

мотивациялық-құндылықты сферасын В.Д. Шадриков зерттеді. Ол құндылықтар мен кəсіби мотивтер 

жүйесін зерттеу үшін “Паралелль профильдер” деген əдістемені жасады. Құндылықтарға бағдарлану 

жүйесі күрделі құрылымдарға ие жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарда көрінеді. 

Тұлға деңгейінде құндылықты сана – идеалдарға, дəстүрлерге, нормаларға, əдет-ғұрыптар сияқты 

құндылықтарға  бағдарланулар  мен  ішкі  ыңғайланулардың  жиынтығымен  анықталады.  Адам  өзінің 




55 

тіршілік  əрекеті  барысында  болмыстың  əртүрлі  жақтарына  деген  қатынастардың  эталондарын 

бекітеді, жақсы, жаман, қайырымдылық, зұлымдық, əділеттілік жайлы түсініктерді қалыптастырады.  

Құндылықтар  категориясы  психологиядағы  ең  күрделі  сұрақтардың  бірі  болып  табылады. 

Индивид үшін құндылықтар болмысты бағалаудың кей белгілерінің бірі. Құндылықтар бір мезгілде 

мотивациялық əрі когнитивті құрылулар болып табылады.  

Құндылықтарға  бағдарлану  адамның  мақсатқа  сəйкестік  процесін  бағыттап,  түзетеді  жəне 

əлеуметтік ортада субъектінің мінез-құлқы мен əлеуметтік іс-əрекетін психологиялық реттеуді жүзеге 

асырады [13]. “Құндылықтарға бағдарлану” ұғымы социализация мен индивидуализация процесінде 

қалыптасатын  психологиялық  негізді  анықтайтын  жеке  адамның  жүйе  қалыптастырушы  қасиеті 

болып саналады. (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев) [14,7,9].  

Б.Г.  Ананьевтің  пікірінше,  құндылықтарға  бағдарлану  қоғамдық  тəжірибені  интериоризациялау 

процесінде  қалыптасқан  мінез – құлықтың  мотивін  анықтайтын  жеке  адамның  базалды  “алғашқы” 

қасиеттері [13].  

С.Л.  Рубинштейн  адам  өміріндегі  мəнділік,  мағыналық  оқиғалар  мəселесін  қарастыра  келе 

құндылықтардың регуляторлық қызметін көрсетеді. Құндылықтар өмірлі қатынастар иерархиясында 

бола  отырып,  адамның  іс-əрекетін  детерминанттай  келе,  оған  əсер  етеді.  Сонымен  қатар,  С.Л. 

Рубинштейн  пікірінше  кез  келген  құндылық  ішкі  жағдайлардың  өзгеру  нəтижесінде  өзектендіріледі 

[12].  

А.Н.  Леонтьев  адамның  құндылықтарды  қабылдау  мінезінің  əлеуметтікке  байланысытылығын 



талдай  отырып,  адамның  тұлғалық  реалды  базасы  оның  іс-əрекетінде  жүзеге  асатын  қоғамдық 

қатынастардың  əлемге  бірлігі  ретінде  болып  табылады.  Осыған  байланысты  жеке  адамның  құру 

қатынастар жүйесін қайта құруда жəне мəңгілікті құратын мотивтердің иерархиясында жүзеге асады. 

Психология 

ғылымында 

құндылықтарға 

бағдарлануды 

қалыптастырудың 

маңызды 

механизмдеріне  идентификацияны,  яғни  өзін  үлкендермен,  құрбыларымен  когнитивті  жəне 

эмоциялық  ұқсастыру;.  рефлексивті  қабылдау  жəне  əлеуметтік  рөлді  меңгеруді,  қағас  қалу,  жеке 

адамның  социогенез  феномені  ретінде  мінез-құлықты  индивидуализациялауды;  мотивтің  мақсатқа 

жылжу механизмін; интериоризация механизмін, экстериоризацияны жатқызады [10,5,9]. 

Құндылықтарға бағдарлану психологиялық феноменін зерттеудегі аксиологиялық ықпалдар (А.Г. 

Здравомыслов,  В.Б.  Ольшанский,  Е.Н.  Шиянов,  В.А.  Ядов  жəне  басқалар)  негізінде  оны  ұғыну 

процесі  тұлғаның  ішкі  құрылымынң  жүйе  қалыптастырушы  компоненті  ретінде  жəне  оның 

бағыттылығының мазмұндық жағымен байланысты болады, сонымен қатар “норма”, “құндылықтар”, 

“мотивтер”, “қажеттіліктер”, “ішкі  ыңғайланулар”, “рухани  құндылықтар”, “ұлттық  құндылықтар” 

сияқты категорияларды талдаумен де байланысты. 

Құндылықтарға  бағдарланудың  даму  дəрежесі  тұлғаның  даму  деңгейін  көрсетеді  сондықтанда 

оның  əртүрлі  аспектілерін  көптеген  ғылым  салалары  зерттейді,  атап  айтқанда  философиялық-

социологиялық жүйеде (О.Г. Дробницкий, А.И. Титаренко жіне басқалар), əлеуметтік-психологиялық 

(А.Г.  Здравомыслов,  И.С.  Кон,  Е.В.  Шорохова,  В.А.  Ядов  жəне  басқалар),  психологиялық-

педагогикалық білімдерде (М.И. Бобнева, О.И. Зотова, В.С. Круглов, М.Х Титма жəне басқалар).  

Кеңестік психологияда тұлғаның құндылық бағдар жүйесін зерттеуге арналған көптеген еңбектер 

бар.  Дегенмен,  əр  түрлі  теориялардағы  көп  мəнді  пəн  аралық  ғылыми  ұғымдар  сияқты  бұл  ұғымда 

түрліше түсіндіріледі жəне интерпретацияланады. 

Кеңестік  психологиядағы  ғылыми  əдебиеттерде  "құндылық  бағдар"  ұғымы  "жеке  адамның 

бағыттылығы", "тұлғалық  құндылықтар", "тұлғалық  мəн", "құндылықтар", "қойлымдар"  сияқты 

ұғымдармен  байланысты [12]. Бір  қатар  зерттеулерде  "тұлғаның  құндылық  бағдары"  қажеттілік – 

мотивациялық немесе мəн мағыналық сфераны сипаттайтын ұғымдармен сəйкес келеді. 

Осыған  байланысты  жеке  адамның  кунджылық  бағдарды  зертеудегі  отандық  психологиядағы 

теориялық  ілімдерге  талдау  жасау  негізінде  біздің  зертеуімізде  қундылық  бағдарлар  бір  мезгілде 

адамның  əлеуметтік  əрекетін  реттеуші  мотивациялық  жəне  когнеттивті  калыптасуын  көрсететін 

ілімдерге  

Қорыта  келе,  құндылық  бағдар  дегеніміз  адамның  белсенділігінің  негізгі  реттеушісі,  себебі 

адамның  жеке  қажеттіліктері  мен  мотивттер  социумның  күндылықтарымен  нормаларын  жеке 

адамның саналық ұғынуымен қабылдауына сəйкес келеді [14,15,16].  



 

Əдебиеттер 

1.  «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы», 

Алматы-1995. 

2.  Назарбаев Н.А. «Идейная консолидация общества – как условие прогресса Казахстана», Алматы, ФПИ 

«Казахстан ХХI», 1993 г. 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау