Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет22/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   207

46 

əрекеттерді  жою.  Əңгімелеу  оқу-тəрбие  процесінде  ең  қажетті  құралы.  Оқушының  жеке  басына 

түскен  жағдай,  оны  ортаға  салуға  болмайтындай  болса,  онда  мұғалім  тəжірибелі  педагог  баламен 

жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді. 

Қиын  балалармен  тəрбие  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  таланттар  қойылуы  қажет.  Одан 

педагогикалық  тəжірибелерге  сүйене  отырып,  əрбір  оның  баланың  бейім  қабілетіне,  мінез-құлқына 

сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің 

тағы бір əдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы əдісті іс жүзіне 

асырудың  бірнеше  жолдары  бар.  Соның  бірі  тұрақты  мектебін  ауыстыру,  мектебін  алмастыру, 

Сондай-ақ  ата-ана,  мектеп  инспекция  қызметкерлерінің  күшін  біріктіре  отырып,  көшенің 

жолдастарының  теріс  ықпалдарынан  бөліп  əкету  қажет.  Сонымен  бірге  қиын  баланы  тəрбиелеуде 

моральдық тұрғыдан əсері əрекет ету [2]. 

Сонымен бірге қиын баланы тəрбиелеуде моральдық тұрғыдан əсерлі əрекет ету. Қиын баланың 

əрбір  теріс  қылығын,  істерін,  тəртіпсіздігін  т.  б.  Оқушының  арына  тигізбей  айыптаса,  бұл  істер  өз 

нəтижесін береді. 

Тағы бір əдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл əдістің құндылық 

мəні – оқушы  қателігін  түсіну  өзін – өзі  тəрбиелеудің  бағдарламасына  колма  береді.  Мектептегі 

жүйке  жүйесі  нашарлаған  қиын  балалармен  тəрбие  жұмысын  жүргізу  көптеген  қиындықтар 

туғызады.  Өйткені,  əрбір  оқушының  өзіндік  ерекшеліктері  мен  қатар,  сырқаттарына  байланысты 

өзгешіліктері  бар.  Ескеретін  мəселелердің,  бірі  қиын  оқушыларды  тəрбиелеу  процесіндегі  əдіс-

тəсілдерді əдістемелік жағынан қолданудағы тəрбиелеу жүйесінің кезеңдері: 

- дайындық кезеңі; 

- қиын баланың тəртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау; 

-  екінші  кезең – қиын  оқушылар  мен  көш  жора – жолдастары  арасындағы  байланыстырудың 

дəрежесін тереңдігін аңықтау. 

Үшінші  кезең  өзгеріс  кезеңі.  Көптеген  қиын  оқушылардың  ішкі  жан  дүниесінде  өзгерістер  тұл 

бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, əдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа 

адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.  

Соңғы  кезең  бекіту  кезеңі,  ірбір  қиын  оқушы  мінез  құлқындағы  адамгершілік  мəнді  өзгерсітер 

болған сайын, өзін – өзі тəрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта 

тəрбиелеу,  алдын  ала  олармен  бірге  атқарылатын  іс  шараларын  мектеп  ұжымдар  мен  жұртшылық 

нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек. 

3.Қазақ халқы-ғажап тəлімгер. 

Халықтық  педагогиканы  оқыту  үрдісінде  пайдалана  отырып,  ұлттық  тəрбие  беруде 

жеткіншектерге  тілі  мен  əдебиетін  ,тарихы  мен  өнерін  қастерлеп,  салт-дəстүрін  меңгерту-оқушыға 

қажет. 


Халқымыздың  рухани  мұраларының  бірі-салт-дəстүр. Сол  арқылы  ұрпаққа  адалдық,  ақыл-ой, 

еңбек,  эстетика,  отбасы  тəрбиесіне  байланысты  тəлім-тəрбие  беретіні  ежелден  белгілі. 

Жасөспірімдерді,  нашақорлықтан,  ұрлықтан  арашалауда,  олардың  санасына  кісілік,  адамгершілік 

қасиеттің  рухын  ұялатуға  берері  көп.  Ата-бабаларымыз  əдептілігімен,  өнерпаздығымен  отбасы 

мүшелерінің  бір-біріне  деген  өзара  достық  қарым-қатынасымен,  ерең  еңбегімен  балаларына  үлгі 

өнеге көрсеткен [3]. Тілі енді шығып келе жатқан нəрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мəн 

берілген,  əртүрлі  жаңылтпаш,  мақал-мəтелдер  үйрететін,  ертегілеп  айтып  беретін  ата-аналарының 

«Бала  біздің  болашағымыз»  деп  қарауы  болашақ  ел  ұрпағының  жақсы  адамзат  болып  өсуіне  зор 

ықпалы тигізері анық. 

«Елдің  көркі  тіл  десек,  тілдің  көркі  сəби  ме  деп  қаласың», -деп  Қ.  Мырзалиев  тегін  айтпаған. 

Сондықтан  отбасы  мүшелері  арасында  жақсы  қарым-қатыныс  қалыптасқан  болса.  олар  өз  анна 

тілінде сөйлесе, ол жанұяда мəдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз. 

Бүгінгі  ХХІ  ғасыр  талабында  жан-жақты  ел  тарихын,  этномəдениетін  жетік  білетін,  заман 

талабына сай азаматтарды тəрбиелеу-басты міндет. 

  

Əдебиеттер 

1.  Жарықбаев Қ.Б. Ұлттық тəлім-тəрбие. – Алматы, 1995 

2.  Аманова И.Қ. Тұлғаның өзін-өзі таныту ерекшеліктерінің этномəдени сəйкестілікке тəуелділігі. 

Психол.ғ.к. дисс. авторефераты. – Алматы, 2004. – 24 б. 

3.  Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары .2017 ж. №5 

 

 



 

 


47 

Рысбеков Т.З., Шынтемірова Б.Г. 

(Қазақстан Республикасы, Орал қ., Батыс Қазақстан  

инновациялық-технологиялық университет, М.Өтемісов атындағы  

Батыс Қазақстан мемлекетті университеті) 

 

ТЕКТІГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДƏСТҮРЛЕРДІҢ  



САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ 

 

Халықта  ежелден  өзіндік,  ерекше  өнегелі  əдет-ғұрып,  өзіндік  рухани  мəдениет  жасалынды. 



Барлық  халықтарда  қоғамның  өміріне  игілік  беретін  көптеген  əдет-ғұрыптар  мен  салт-дəстүрлер 

болды.  Олар  табиғатқа  да  қатысты,  егіншілердің  еңбектерінің  жырларында  да,  халық  ауыз 

əдебиетінде  де,  керемет  халық  қолөнер  кəсібінде  де,  киім  сəнділігінде  де,  қонақжайлық 

қағидаларында да, жақсы үн мейірімділігі дəстүрі мен сыпайылық ережелерінде де көрініс тапты. 

Халықтың  педагогикалық  мəдениеті – бұл  оның  балаларды  тəрбиелеумен  байланысты 

материалдық  жəне  рухани  мəдениеті.  Олар  бесік  жəне  ойын  əндерінде,  қозғалыс  ойындарында, 

балалардың  еңбек  құралдарында,  балалардың  тағамдары  мен  оны  емгізу  ережелерінде,  балалар 

шығармашылығында,  дəстүрлер  балалар  мерекесінде  жəне  халық  өмірінің  басқа  көптеген 

элементтерінде көрініс табады. 

Педагогикалық  мəдениетте  халықтардың  ежелгі  заманнан  бүгінгі  күнге  дейінгі  педагогикалық 

көріністерінің эволюциясының бейнесі орын алды. 

Қоғамның  материалдық  жəне  рухани  прогресімен  бірге  тəрбиеге  деген  көзқарас  та  тұрақты 

эволюциялық өзгерістерге ұшырайды. Алғашқы адамгершілік-педагогикалық сенімдердің бірі болып 

табылатын  балаға  деген  махаббаттың  сенімдік  эволюциясы  адамзат  баласының  рухани  прогресінің 

қызықты материалы бола алады. Əр адамға өз баласына деген түйсіктік, есепсіз махаббат тəн. Балаға 

деген  махаббат  тек  жеке  сезім  деп  қаралмайды,  сонымен  қатар  үлкен  жəне  кіші  отбасыларының, 

рудың, тайпаның, ұлыстардың, халықтар мен елдердің керек-жарағы деп есептеледі. 

Балаларды  халықтық  ортада  тəрбиелеудің  жоғарғы  нəтижесі – педагогикалық  ғылымның 

маңызды  мəні  болып  табылады.  Дайын  нəтижелердің  сырын  ашу  халық  педагогикасының  жəне 

бүтіндей  алғанда  елдің  педагогикалық  мəдениетінің  ерекшеліктеріне  жарық  сəуле  түсіруге  алып 

келеді.  Халыққа  адамдар  жөнінде  шығу  тегі  мен  тəрбиесі,  ата-аналары  мен  тəрбиешілері  бойынша 

пікір айту ертеден белгілі болған. 

Педагогикалық ой тарихы көрсеткендей, халық қабылдап, қолдаған педагогикалық идеялар ғана 

өміршең  болған.  Халық  педагогикасы  жазу  мен  сауаттылықтың  болмауынан  көп  нəрсені  жоғалтты, 

даналық шашылды, көптеген жаңалықтар мыңдаған жылдар бойы қайтадан ашылды. Педагогикалық 

білімді шоғырландыру мүмкіндігінің болмауы халықтардың педагогикалық мəдениетінің прогресіне 

кедергі болып табылды. 

Адамзат  баласы  үшін  көптеген  жылдардың,  ұрпақтардың,  нəсілдердің,  ұлттардың,  этникалық 

топтардың мəдениетінің жиынтығы маңызды болып табылады, өйткені олардың əрқайсы адамзаттың 

мəдени жиынтығын байыта түседі. 

Қазіргі адамдардың рухани байлығы барлық интеллектуалдық, əлеуметтік, тарихи, этникалық сан 

алуандықты қамтиды. Бұл сан алуандық тұлғаның даралығына сəйкес ұлғая түседі. Рухани мəдениет 

–  адамзат  өркениетінің  көп  ғасырлық  дамуымен  біздің  бабаларымыздың  ұрпақтарының  күшімен 

жиналған  жəне  байытылған  қуат.  Ал  бұл  рухани  мəдениетті  үйлесімді  педагогикалық  прогрессіз 

сақтау жəне дамыту мүмкін емес. Тəрбие процесі неғұрлым тиімді болса, тұлғаның, халықтың, елдің 

жəне бүтіндей адамзаттың жалпы рухани прогресі жоғары болады. 

Педагогикалық шығармашылықтың ерекшелігі – тəрбие процесінде жиналған рухани байлықтар 

ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  өңделеді,  жетілдіреді,  дамытылады  жəне 

байытылады. 

Ешбір  халық  із-түзсіз  жойылып  кетпейді.  Сақтардың,  ғұндардың,  түркілердің,  қыпшақтардың 

рухани  қуаты  қазақтардың,  өзбектердің,  қырғыздардың,  əзірбайжандардың  жəне  басқа  да  солармен 

туыс əрі көршілес халықтарда сақталған. 

Мирасқорлық  (сабақтастық) – ұдайы  дамудың  шарты.  Ұрпақтар  сабақтастығы  тұлғаның 

əлеуметтік  дамуы  мен  халықтың  рухани  прогресінің  факторы  ретінде  тəрбие  арқылы  қамтамасыз 

етіледі. Сабақтастық уақыт пен кеңістікте іске асырылады. Тұлғалық дене сабақтастығы табиғатпен 

беріледі – мұрагерлік, генотип (барлық гендердің жиынтығы), материалды-экономикалық – мұралық, 

рухани – тəрбие арқылы. Табиғат, əлеуметтік жағдайлар, педагогикалық факторлар өзара əрекет етіп, 

сабақтастыққа кедергі болады немесе жəрдемдеседі. 

Сабақтастықтың  көрінуі  сан  алуан.  Ол  жеке  адамға  сай,  отбасылық  дəстүрді  жалғастыру  мен 

нығайту,  адамдар  мен  ұрпақ  бірлігін  рухани  байланыстыру  түрінде  іске  асырылады.  Сабақтастық 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау