Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет197/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   207

394 

Сангилбаев О.С., Ережепов Т.Т. 

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІС-ƏРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 



ПРОБЛЕМАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР 

 

Денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы  жəне 



тұрғындардың  денсаулығын  одан  əрі  нығайту,  еліміздің  əлеуметтік-экономикалық  тұрақты  дамуын 

қамтамасыз  ету  үшін,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 

Жарлығымен  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың 2016-2019 жылдарға  арналған  «Денсаулық» 

мемлекеттік бағдарламасы бекітілді [1]. 

Негізгі нысаналы индикатор ретінде күтілетін өмір сүру жасының деңгейін 2020 жылға дейін 73,0 

жасқа жеткізу болып анықталды. 

Бағдарламаның  негізгі  мақсаты – азаматтардың  денсаулығын  жақсарту  жəне  денсаулық  сақтау 

саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру. 

«Білім туралы» Заңда денсаулықты сақтау негіздерін қалыптастыру маңызды міндеттер қатарына 

енгізілген.  Жас  ұрпақтың  денсаулық  сақтау  іс-əрекеттерін  қалыптастыруды,  оны  дұрыс  жүйеде 

ұйымдастырып,  басқара  білу,  өмір  салтын  ұстануға  дайындығы  «өмірде  кездесетін  əр  түрлі 

жағдайларға  толық  дайындалған», «өз  бетінше  дұрыс  шешім  қабылдап,  дұрыс  əрекет  ете  алатын» 

«тұлғаны  қалыптастырудың  ең  маңызды  көрсеткіштерінің  бірі»  деп  айтуға  негіз  бар.  Бұл  қоғам 

дамуының  көрсеткіші  ғана  емес,  сонымен  бірге  əлеуметтік-мəдени,  рухани  құндылық  болып 

саналатын  денсаулық  жағдайы – негізінен  денсаулықты  күтуге,  ары  қарай  дамытуға,  оны 

қалыптастыруға байланысты екендігін көрсетеді. 

Денсаулық  сақтау  мен  оны  қалыптастыру  проблемаларының  Ұлттық  орталығының  мəліметі 

бойынша: «жастардың 40%-ы – темекі  тартады, 39%-ы – ішімдікті  пайдаланады, 17%-ы – есірткі 

заттарымен, 41%-ы  жыныстық  қатынасқа  ерте  тəуелді», – деп  көрсетеді.  Осыған  орай  жыныстық 

аурумен ауыратындар саныныңда өсіп отырғандығы байқалады. 

Осынау  проблеманы  талдауға  кіріспес  бұрын,  Дүниежүлік  денсаулық  сақтау  ұйымының 1946 

жылы 22 шілдеде Нью-Йорк қаласында қабылданған Жарғысында алғаш рет жазылған «денсаулық» 

ұғымына  анықтама  беріп  алуымыз  қажет. «Денсаулық,  тек  дерттер  мен  тəндік  кемістіктердің 

жоқтығы ғана емес, ол толықтай тəн мен жанның игілікті өмір кешуі, əлеуметтік игілікте тіршілік ету 

жағдайы болып табылады». 

ДСҰ-ның  анықтамасы  əлеуметтік  бағдар  ретіндегі  денсаулықтың  ауқымды  аспектісін  білдіреді, 

алайда,  ғалымдар  «денсаулық»  ұғымының  анағұрлым  нақты  тұжырымдамасы  жəне  оны  ғылымның 

қазіргі  деңгейі  мен  қазіргі  заман  қоғамының  нақты  қажеттіліктеріне  сəйкестендіру  қажет  деп 

есептейді. Бұдан кейінгі құжаттарда ДСҰ сарапшылары денсаулықты адамға əлеуметтік тұғыдан да 

жəне  экономикалық  тұрғыдан  да  белсенді  өмір  сүруге  мүмкіндік  беретін  жағдай  (ахуал)  ретінде 

анықтайды.  Жоғарыда  баяндалғандарды  ескере  отырып,  денсаулықты  өмір  сүру  ұзақтығы  арқылы 

түсіндіру,  салауатты  өмірдің  ұзақтығын,  немесе,  басқаша  сөзбен  айтқанда  тəндік  дерттердің  себебі 

болып табылатын ауру-сырқаусыз өмірді талдауға алмасқандығын атап көрсетуге болады. 

Қазіргі  кезде  денсаулық  проблемасы  өзекті  əрі  аса  қажетті  болып  табылады,  көптеген 

ғалымдардың  назарында  тұр  (И.И.  Брехман,  В.Т.  Кудрявцева,  В.Ф.  Сазонов,  В.О.  Бушуева,  В.М. 

Дильман,  В.П.  Казначеев,  Л.Г.  Качан,  П.Г.  Царфис,  С.А.  Костюнин, A.M. Егорычев,  Э.Н.  Вайнер, 

М.Ф. Секач, П.И. Калью, И.Л. Левина, СИ. Петухов, Н.Г. Коновалова жəне т.б.). 

Қазіргі заман ғалымдары ДСҰ сарапшылары берген «денсаулық» анықтамасының мəнін өздерінің 

анағұрлым  терең  анықтамаларымен  толықтырады.  И.И.  Брехманның  пікірі  бойынша,  адам 

денсаулығы – жас ерекшелігіне сəйкес қалыпты сенсорлы, ауызша жəне құрылымдық ақпараттың үш 

бірлікті  ағымының  сандық  жəне  сапалық  параметрлерінің  күрт  өзгеруі  жағдайында  сақтап  қалу 

қабілеті [2]. 

Педагогика  бойынша  қазіргі  заманғы  үлкен  энциклопедияда  мына  келесі  анықтама  берілген: 

«Денсаулық – адамның негізгі өмірлік қажеттіліктерін қолайлы қамтамасыз ету қбілетінде көрінетін 

дара  психосоматикалық  (жан  мен  тəндік)  ахуал».  Осы  жерде  денсаулықтың  адам  психикасы 

жағдайының  көрсеткіші  ретіндегі  мынадай  кең  ұғымы  берілген: «Психикалық  денсаулық  –сергек 

көңіл-күйден,  өзін-өзі  жақсы  сезінуден,  оның  белсенділігінен  білінетін  адамның  жан  саулығы, 

толыққанды  психологиялық  іс-əрекеті  жағдайы.  Психикалық  денсаудықтың  негізін  онтогенездің 

барлық кезеңіндегі толыққанды психикалық даму құрайды. Білім берудің психологиялық қызметінің 

ең  маңызды  міндеттерінің  бірі  осындай  дамуды  қамтамасыз  ететін  психологиялық-педагогикалық 




395 

жағдайларды  жасау  болып  табылады.  Психикалық  денсаулық  денсаулықтың  яғни  психикалық 

денсаулықтың бұдан да жоғары деңгейі үшін негіз қалайды». 

В.Т.  Кудрявцевтың  берген  сипаттамасы  бойынша, «Денсаулық  дəстүрлі  түрде  (шын  мəнінде – 

картезиандық  логикада)  ағзаның  табиғаттан  берілетін,  əртүрлі  сыртқы  жəне  ішкі  факторлардың, 

соның  ішінде  əлеуметтік  факторлардың  əсерімен  өзгере  беретін  жай-күйі  ретінде  қарастырылады. 

Былайша  айтқанда,  бұл  «тұлғаның  өмір  сүру  процесінде  табиғатпен  қосалқы  авторлық  қатынаста 

бола  отырып  саналы  түрде  жасайтын,  сол  тұлғаның  сипаты  емес,  табиғи  бейімделу  заңы  бойынша 

«түзете»  алатын»  ағзаның  «ырықсыз»  жай-күйі.  Біз,  денсаулық  (сондай-ақ  денсаулықтың  болмауы 

да) – бұл рухтың денеге өзара қарым-қатынасының шарты, тəсілі мен нəтижесі, мұны оған сындарлы 

немесе,  керісінше  бүлдіргіш  форманы  бере  отырып  адамның  өзі  жүзеге  асырады  жəне  едəуір 

дəрежеде құрастырып шығады» [3]. 

В.Ф. Сазонов, адам ағзасының əлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып, мына келесі анықтаманы 

береді: «Денсаулық  адамның  толыққанды  өмір  сүруінің  іргетасы  ретінде,  тұлғаның  тіршілік 

əрекетінің  үйлесімді  дамуының  қажетті  шарты  ретінде  қарастырылады.  Осы  көзқарас  тұрғысынан 

«денсаулық  əлеуеті»  ұғымы  пайдаланылады.  Ол  ағзаның  бейімделушілік  мүмкіндіктерін  көрсетеді 

жəне ағза өзінің тіршілік етуінің қалыпты деңгейін сақтап тұратын жəне тіршілік əрекетін бұзбайтын 

əсерлердің  денсаулық  адамның  толыққанды  өмір  сүруі  мен  тіршілік  əрекетінің  іргетасы  ретінде, 

тұлғаның үйлесімді дамуының қажетті шарты ретінде қарастырылатындығын атап көрсетеді [4]. 

ДСҰ-ның  белгілі  тұжырымы  бойынша: «Денсаулық – адамға  өз  өмірінің  мақсатына  жетуге 

мүмкіндік  беретін  ішкі  жүйелік  тəртіп.  Бұл  тəртіп  шын  мəнінде  жүйенің  өзін-өзі  реттеуінің 

механизмі,  оның  энтропиялық  емес  үрдістері  болып  табылатын  денсаулық  механизмдері  арқылы 

сақталады.  Тəртіп  дəрежесі  түрліше  болуы  мүмкін,  жəне  де  осының  өзі  денсаулықтың  тиісті 

деңгейлерінде  көрінеді».  Оның  көзқарасы  бойынша  педагогтар  үшін  негізгі  міндет  білім 

алушылардың  денсаулығын  қалыптастыру  жəне  оны  «қауіпсіз  деңгейде»  сақтап  тұру,  осында 

денсаулық сақтау механизмдерінің белсенді жұмысының есебінен аурулар пайда болмайды, немесе, 

пайда болғанымен жылдам жойылып кетеді. 

Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: «Балалардың денсаулығы 

–  ағзаның  қоршаған  ортамен  байсалды  қатынасын  білдіретін  жағдайы  жəне  қандай  да  бір 

аурушаңдық  өзгерістердің  жоқтығы».  Күнделікті  қолданып  жүрген  «денсаулық»  ұғымын  пайдалана 

отырып,  біз,  əдеттегідей  оның  мазмұнын  құрайтын  көптеген  күрделі  мəндердің  ара-жігін  ажырата 

бермейміз, алайда «денсаулық» ұғымының ғылыми мағынасы көптеген ғылымдардың пікірі бойынша 

оны кешенді зерттеуді көздейді. 

Зерттеушілердің пікірі бойынша, денсаулық онтогенездің туудан бастап өмірдің соңғы сəттеріне 

дейінгі, күш-қуаты толысқан жəне науқас шақтағы барлық кезеңінде де өзекті болған. 

Осындай  пікірмен  толықтай  келісе  отырып,  сонда  да  болса,  онтогенез  туудан  емес,  зиготадан 

бастау алатындығын атап көрсеткіміз келеді жəне де адам денсаулығы проблемасы едəуір дəрежеде 

əйелдің екіқабат кезеңі өтіп жататын жағдайларға тəуелді болады. 

Бүгінде  ғылымдар  денсаулықтың  мына  келесі  типтерін  бөліп  көрсетеді  (оның  тасымалдаушысы 

кім болғанына – адам, топ, халық болуына қарай): 

- «жеке дара денсаулық» (адам, жеке тұлға); 

- «топтың денсаулығы» (отбасы, кəсіби, жыныстық, жас ерекшелік тобы, «страта – қабат»); 

- «халықтың денсаулығы» (популяциялық, қоғамдық)». 

Денсаулық  типіне  сəйкес  оның  сапалық  жəне  сандық  сипаттамасы  берілетін  көрсеткіштер 

жасалды. Денсаулық проблемасына қатысты негізгі категорияларды Бейімдік дене тəрбиесі бойынша 

қысқаша энциклопедиялық сөздікті пайдалана отырып қарастырудың мəні бар диапазонындағы шекті 

мəндерімен сипатталады. 

Осы  айтылған  тұжырымдамалармен  сипаттамаларға  сүйене  отырып  ел  экономикасының  дамуы 

кезеңіндегі  қоғам  алдында  тұрған  өзекті  мəселелері  жастардың  бойында  олардың  өздерінің 

денсаулығын сақтау мен нығайтуға деген тұрақты талпыныстарды қалыптастыруды жəне дамытуды 

көздейді. Денсаулық – бұл адамның еңбекке деген қабілетін айқындайтын жəне тұлғаның үйлесімді 

дамуын қамтамасыз ететін бірінші аса маңызды қажеттілігі. Ол адамның қоршаған əлемді тануының, 

өзін-өзі  танытуы  мен  бақытының  аса  маңызды  алғы  шарты  болып  табылады.  Жастардың 

денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  проблемасы  аса  маңызды  болып  табылады  жəне  де  қоғам  үшін 

бірінші  дəрежедегі  маңызға  ие.  Қазақстандық  жастардың  бойында  денсаулық  сақтау  мəдениетін 

қалыптастыру проблемасы – бұл мемлекет пен қоғамның аса маңызды міндеті. Мына жайтты қуана 

айтуға болады: соңғы жылдары, И.Л. Левина дұрыс атап көрсеткендей «денсаулықты сақтау қызметі 

барлық  түрдегі  жəне  барлық  деңгейдегі  білім  мекемелерінің  тəрбие-білім  беру  процесіне  күн  өткен 

сайын қарқындап еніп келеді» [5]. 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау