211
Эту логику сторонники теории естественной категоризации считают искусственной моделью
мышления, ничего общего не имеющей с тем, как мы на самом деле мыслим и это категория
относиться к эмоциональным концертам языкового сознания.
Все это понимание ложиться в основу мысидеятельности человека и его мозга. Каждый из типов
бессознательных явлений по-разному связан с поведением человека и его сознательной регуляцией.
Мы – педагоги еще многое не знаем о работе мозга, и особенно о том, что лежит в основе его высших
функций и человеческого сознания.
Мозг современного человека, сформировавшийся в результате длительной биосоциальной
эволюции, представляет собой сложноорганизованный орган, как описывает А.Г. Спиркин в учебное
пособие для вузов «Основы философии» в системе, регулирующая все процессы в организме и
обеспечивающая его оптимальное взаимодействие с окружающим миром.
Аспекты изучения «сознание и мозг» включает два главных направления. Первый – как
соотносятся явления сознания, психическое с физиологическими процессами в мозгу. Это так
называемая психофизиологическая проблема. И второй аспект, тесно связанный с первым –
соотношение идеального и материального. Без человека и его мозга, сознание идеального не
существует и понятие, идеальное не может быть отторгнуто от сознания, оно не существует вне
субъекта, оно не переходит в материю знака, а остаётся в мозгу.
Ноосферный вид компетенции предполагает признаки личностного духовного роста, а
этноязыковая компетенция – знания и ощущения этноязыковой свази этносов.
Ноосферный вид компетенции:
- био-перцептивной компетентности (знание био-перцептивной способности, ее основу
составляет био-перцептивная наблюдательность и проницательность, владение приемами био-
перцептивного самовыражения и саморегуляции средствами противостояния психо – физио –
нравственно – духовной деформации профессиональной личности);
- аутопсихологической компетентности (самопознание, самооценка, самоконтроль, умение
управлять своим био-перцептивной состоянием и работоспособностью психики, био-перцептивная
эффективность мировидение другого человека);
- этноязыковой и коммуникативной компетентности (знания о различных стратегиях и методах
эффективного этноязыкового ощущения и способности поставить собственную этноязыковой статус
на место другого и понять «нормальность чужого этноязыкового статуса»).
Представители научно-академического сообщества полагают, что компетенция – это предметная
область, в которой специалист с признаками высокого уровня осведомленности и готовности к
выполнению действий.
Литература
1. Муканов М.М. Мышление и интеллект (очерки о традициональном рассудке) (на казахском языке).
Алма-Ата, 1980а.
2. Муканов М.М. Психологическое исследование рассудка в историко-этническом аспекте: дис. доктора
психол. наук. М., 198б.
3. Муканов И.М., Дуйсенбеков Д.Д. Возможности применения социально-психологической диагностики
поведенческого тезауруса субъектов в ситуациях выбора // Создание системы психолого-
социологического обеспечения безопасности: опыт становления и пер-спективы развития. Алматы,
2003. С. 52–56.
Лесбек А.М., Тауекелова А.Е.
(Қазақстан Республикасы, Арқалық қ.,
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты)
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН
МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУ
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі психологиялық үдерісте оқушылардың оқуға деген
мотивациясын арттыру мəселесі ерекше маңызды. Болашақ ұрпақты дамыту соңғы жылдары
дүниежүзі бойынша ғылыми зерттеулердің негізгі объектісіне айналып отыр. Тұлғаны мақсатты
түрде қалыптастыру міндеті біріншіден, педагогқа жүктелсе, екіншіден психолог мамандарына
жүктеледі.Қазіргі кезде педагогика саласында көптеген бірнеше өзекті мəселелер орын алуда.Осы
мəселелердің біріне біз əлемдік деңгей бойынша қарастырылып жатқан кіші мектеп жасындағы
аномальды балаларды оқытуға деген мотвациясын арттыру мəселесін жатқызуымызға болады. Бұл
мəселелер психология саласының арнайы категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларға: есту
212
қабілеті бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көру
қабілеті бүзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті
бұзылған, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау
қабілеті зақымданған, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген
балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-
мылқаулар);естімейтін-көрмейтін жəне ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты
зақымданған балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-тұрысы,мінез-құлқы, тəртібі бұзылған)
балалар жатады.[1] Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны жылдан жылға
артуда. Мəселен,əлемдік деңгейде қарастыратын болсақ, бұндай балалар көбіне Ресей елімен
салыстырғанда АҚШ елінде көптеп кездеседі. Сонымен бірге өзіміздің елімізде де дамуы жағынан
артта қалған балалардың саны жəне ақауы бар балалардың саны аз емес. Бұл балалар арнайы бала-
бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда жəне де логопедиялық пункттарда
тəрбиеленіп, білім алуда. Дегенмен де, бұл балалардың оқуға деген мотивациясын арттыру
мақсатында қолданылатын қазақ тіліндегі арнайы техникалық құрал-жабдықтардың аздығы
Қазақстан психологтар қауымы үшін өзекті мəселе болып отыр. Жалпы,осы педагогика жəне
психологиядағы кіші мектеп жасындағы аномальды балалардың оқуға деген мотивациясын арттыру
мəселесі жөнінде Л.С.Выготскидің тұжырымдамасынан көруімізге болады. Бұл мəселелерді
психологиялық жəне педагогикалық түрғыда қарайтын болсақ, дамуында ауытқуы бар балалардың
əлеуметтік ортамен қарым-қатынасы жəне олардың оқу барысындағы іс -əрекеті, олардың даму
ерекшеліктері арнайы педагогика ғылымында үлкен сұрақты туындатады. Демек мұндай əр түрлі
категориядағы балалармен педагог-психологтардың жүмыс жасауы, олардың деңгейіне сəйкес əдіс-
тəсілдердің қолданылуы жəне олардың таным процесстерінің ерекшеліктерін айқындауы жайында
туындайтын сүрақтар арнайы педагогика ғылымында қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан халқының əл- ауқатын
арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау
ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан
бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа жəне оған білім жағынан ең қолайлы мүмкіндіктер
туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді[2]. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды
əлеуметтік жəне медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңында дамуында
кемістігі жəне ақауы бар балаларға көмек көрсетудің жолдарын, сонымен қатар, олардың басқа
балалар секілді тəрбиеленіп, білім алуына, белгілі бір мамандықты игеріп, белгілі бір кəсіппен
шұғылдануына жол ашуда. Аномальды балаларды тəрбиелеу ісінде, олдардың білім алуында
көптеген қиындықтар кездеседі. Əдетте, балалардың өсуі барысында түрлі ауытқушылық
болатындықтан, оларды зерттеу қиындай түседі. Аномальды балалардың дамуын тек педагогика мен
психология салалары ғана зерттеп қойған жоқ, сонымен бірге философия саласында тереңірек
қаралған мəселелрдің бірі болатын.
Əлемнің бірінші ұстазы, Аристотель аномальды балалар жөнінде екі трактат жазды. Кардано,
Гольвеций, Дидро жəне басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.А.И.Радищев
өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамуының кейбір заңдылықтарын анықтайды. Неміс
философтары Кант жəне Бауэр аномальды балалардың даму ерекшеліктері жөнінде жазды.
Аномальды балаларға арналған мекемелердің пайда болу XIX ғасырдың II жартысынан басталады.
XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище жəне
Петер, Мəскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы
мектептерде 200-ге жуық балалар тəрбие алатын. Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен
тəрбиелеу проблемасы 1896 жылы кəсіби-техникалық білімді басқарудың №2 съезінде талқыланған
болатын.Осы съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту
бағыттары құрылды. Көптеген авторлар кіші мектеп жасындағы аномальды балаларды зерттеуге өз
күштерін жұмылдырды. Жүргізілген зерттеулердің нəтижесінде ақыл-ой дамуына кедергі жасайтын
кіші мектеп оқушыларын оқытуды ұйымдастырудың мазмұны, əдістері мен түрлері жасалды. Осы
саладағы негізгі жетістіктер мыналар:
оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалды, барлық түзету пəндері бойынша оқытудың
мазмұны анықталды;
түзетуді оқытудың əдіс-тəсілдері əзірленді;
диагностикалық жəне консультациялық жұмыстың міндеттері анықталды;
түзеу жұмыстарын жүргізу үшін жекелеген топтық жұмыстарды жүргізу жөнінде ұсыныстар
жасалды;
кіші жастағы мектепте білім берудің қосымша жылы енгізілген, сонымен қатар бұл енгізілген
жыл балалардың білімін қорыту мен жүйелеуіне жағдай жасауы мүмкін[3].