Тасымалдағыштар – платформалардың бір түрі және ауыр және ірі
габаритті машиналар мен жабдықтарды (турбиналарды, ірі құймаларды және
т.с.с.) тасымалдау үшін тағайындалған. Тасымалдағыштар бірнеше типті бо-
лады: тікелей платформалық; жүк көтергіштігі 120 т, ұзындығы 24,9 м құдық
тәрізді (биіктігі үлкен жүктер үшін); осьтер саны 16-дан 32-ге дейін болғанда
жүк көтергіштігі 200-500 т біріктірілген тасымалдағыштар; жүк көтергіштігі
120-480 т тіркескен тасымалдағыштар (ұзын өлшемді ауыр жүктерді тасы-
малдау үшін).
Цистерналар – шанағы металл цилиндрлік резервуар болатын, құймалы
жүктерді: мұнайды, бензинді, қышқылдарды және т.с.с. тасымалдау үшін
қызмет атқаратын жүк вагондары.
- төрт осьті, жүк көтергіштігі 60 т, қазанының көлемі 72,7 м
3
;
- сегіз осьті, жүк көтергіштігі 120 т, қазанының көлемі 140 м
3
.
Технологиялық жылжымалы құрамға қож тасығыштар, шойын
тасығыштар және трансферкарлер - кокс сөндіргіш вагондар жатады. Жеке
алғанда, қож тасығыштар сұйық қожды домна цехынан үйіндіге тасымалдау
үшін тағайындалған. Бұл ашық типті вагондар, құйылу арқылы тиеледі, ал
түсіргенде - өздігінен аударылады. Шөміштің көлемі 11-20 м
3
құрайды.
Трансферкарлер руданы, коксты тасымалдау үшін тағайындалған. Олардың
жүк көтергіштігі 9, 13 және 25 т құрайды, ал түсірілуі люктар арқылы жүзеге
асырылады.
1.11 Вагондардың доңғалақ жұптары
Доңғалақ жұптары ең жауапты тораптар болып табылады, вагондардың
қалыпты жұмыс істеуі олардың жарамдылығына байланысты болады. Олар
өздерінде вагонның массасын және жүкті тасиды, оның рельс жолымен
қозғалысын бағыттайды және жолдың тегіссіздігінен бағыты бойынша қатты
және алуан түрлі соққыларды қабылдайды. Сондықтан доңғалақ
жұптарының жағдайын вагон шаруашылығының жөндеу кәсіпорындарында
және пайдалануда әсіресе мұқият бақылау белгіленген.
Доңғалақ жұбы (1.7-сурет) оған жаншыланбаған екі қозғалмайтын
доңғалағы бар осьтерден тұрады. Доңғалақтарды өзінің құрылғысы бойынша
құрсаулы, түсірілетін құрсауы бар және тұтас конструкцияны білдіретін
құрсаусыз деп бөледі.
Құрсаулы доңғалақтар үш бөліктен: доңғалақтың ортасынан, құрсаудан
және құрсауды бекітетін сақтандырғыш сақинадан тұрады. Қазіргі уақытта
негізгі типі тұтас айналған (құрсаусыз) болат доңғалақтар болып табылады.
Вагондардың доңғалақтары екі диаметрлі болады: 950 және 1050 мм.
Доңғалақтың рельспен жанасатын сыртқы беті тығыздау беті деп атала-
ды Тығыздау беті пішінінің белгі түрі мен өлшемдері бар.
Вагондық доңғалақ жұптарының осьтерін балғамен немесе әрі қарай
термиялық өңдеу арқылы жаншымамен шыңдау арқылы болат дайындама-
лардан жасайды.
39
Әріптері мен мойынтіректеріне байланысты доңғалақ осьтері сырғанау
мойынтіректері үшін II және III типке және шығыршықты мойынтіректер
үшін РУ және РУ-I болып бөлінеді. Біріншілерде осьтің мойнағы – белдеме-
мен, ал екіншілерде – шығыршықты мойынтіректі бекітетін, сомынды бұрау
үшін бұрандалап кесумен аяқталады. Доңғалақ жұбының әрбір осінің:
мойынтірек-терді орнатуға арналған мойнақтары; сырғанайтын мойынтіректі
букстердің шаңды тығырықтарымен қоршалатын немесе шығыршықты
букстер кезінде
а - айналу шеңберлері арасында-
ғы ара қашықтық; б - ішкі қыр-
лары арасындағы ара қашық-
тық; в - доңғалақтың айналу
шеңбері бойынша диаметрі; г -
сырғанайтын мойынтірекке ар-
налған мойнақ; д - шығыршық-
ты
мойынтірекке
арналған
мойнақ.
1.7-сурет Вагонның доңғалақ жұбы
шытырман тығыздалатын күпшек асты алдындағы бөліктері; оларға
доңғалақтар отырғызылатын күпшек астындағы бөліктері және ортаңғы
бөлігі бар. Осьтердің негізгі өлшемдері 1.2-кестеде келтірілген.
1.2-кесте Доңғалақ жұптарының типтері
Мойнақ
өлшемдері, мм
Диаметрі, мм
Ось
типі диаме
трі
ұзын-
дығы
күпшек астын-
дағы бөліктің
ортаңғы
бөліктің
Мойнақтар
орталары ара-
сындағы ара
қашықтық, мм
Осьтің
жалпы
ұзынды-
ғы, мм
Теңселетін мойынтіректер үшін
РУ 135 248
190
165
2036
2390
РУ-1 130 178
190
165
2036
2294
Сырғанайтын мойынтіректер үшін
II 120
210
175
150
2114 2354
III 145 254
190
165
2036
2330
Вагондардың доңғалақ жұптарының жұмысқа жарамсыз күйде
жіберілуін, яғни элементтерінің белгіленген нормалардан артық тозуын бол-
дырмау үшін, олардың қызмет етуі кезінде оларды вагондардың астында
техникалық тексереді, сондай-ақ элементтерін (осьтерін, доңғалақтарын)
ауыстырып құрастыру және жөндеу кезінде, соңғы толық куәландыру
таңбалары мен белгілері анық болмағанда, вагондар рельстерден шығып кет-
40
кенде және куәландыру мерзімдері өтіп кеткен кезде толық куәландырады.
Доңғалақ жұптарын толық куәландыру кезінде, барлық элементтерін мұқият
тексеру мен өлшеуден басқа, мойнақтарын, осьтің күпшек асты алдындағы
бөліктерін және ортаңғы бөлігін ультрадыбыстық ақау тапқышпен тексереді.
Күпшек асты алдындағы бөліктерін және ортаңғы бөлігін магниттік ақау
тапқышпен тексереді. Толық куәландырған соң, доңғалақ жұптарының жа-
рамды деп табылған осьтері мойнақтарының бүйір жақтарында таңбалар мен
белгілерді жазады.
Доңғалақ жұптарын вагонның астына әрбір жылжыту кезінде, егер тура
жылжытудың алдында олар толық куәландырылмаса, кәдімгі куәландыруды
жүргізеді. Кәдімгі куәландыру кезінде доңғалақ жұптарын сондай-ақ мұқият
тазартады, қарайды, олардың элементтерін өлшейді және магниттік және
ультрадыбыстық ақау тапқышпен тексереді.
Техникалық пайдалану ережелерінің § 146 сәйкес, әрбір доңғалақ жұбы
доңғалақ жұптарын куәландыру, жөндеу және қалыптастыру бойынша
сәйкес нұсқаудың талаптарын қанағаттандыру керек және осінде доңғалақ
жұптарының құрастырылған және толық куәландырылған уақыты мен орны
туралы анық қойылған белгілері, сондай-ақ оны құрастыру кезінде
қабылданғаны туралы таңбалары болу керек. Бұдан басқа, сәйкес белгілер
мен таңбалар доңғалақ жұбының элементтері заводта дайындалған кезінде
маркалау ережелерімен көзделген орындарда (осьтерде, тұтас айналған
доңғалақтарда және құрсауда) қойылады. Тұтас айналған доңғалақтың,
құрсаудың қай завод-та және қашан жасалғанын, доңғалақ жұбын құрастыру
қайда және кіммен жүргізілгенін таңбалар бойынша анықтауға болады.
Өңделмеген осьте маркалау белгілері мен таңбаларды – оның ортаңғы
бөлігіне, ал өңделген осьте мойнақтарының бір жақтарына салады.
Сырғанайтын мойынтіректері бар доңғалақ жұбының жаңа осі мойнағының
бүйір жағында дайындаушы-заводтың шартты нөмірінің таңбалары,
дайындалған күні, балқыту нөмірі, ось нөмірі және инспектордың таңбасы
қойылады (1.8-суреттің жоғарғы жағы). Доңғалақ жұбын құрастыру кезінде,
яғни өңделген оське тұтас айналған доңғалақтарды отырғызу кезінде, келесі
таңбалар қойылады: дөңгелекке алынған «ф» әрпі (құрастыру), құрастыруды
орындаған заводтың немесе вагон доңғалақтары шеберханаларының (ВДШ)
шартты нөмірі (сопақшаға алынған) және құрастырылған күні 1.8-суреттің
төменгі оң жақ секторында көрсетілген. Доңғалақ жұптарын толық
куәландыру кезінде оны шығарған заводтың, вагон депосының және ВДШ
шартты нөмірінің таңбалары және шыққан күні (айы, жылы) қойылады.
Оларды басқа бүйір жағына салады. Олар төменгі сол жақ секторда
көрсетілген (1.8-сурет).
Доңғалақ жұптары құрастырылғаны және куәландырылғаны туралы
таңбасыз пайдалануға жіберілмейді.
Шығыршықты мойынтіректері бар букстарға арналған доңғалақ
жұптарында мойнақтарының біреуінің бүйір жағына ось нөмірін және
құрастыру таңбаларын салады. Осьті өңдеу кезінде оң мойнақтың бүйір
41
Достарыңызбен бөлісу: |