Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту



жүктеу 261,81 Kb.
Pdf просмотр
бет13/25
Дата14.11.2018
өлшемі261,81 Kb.
#19507
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

, дара кәсіпкерлердің қарызымен/микрокредитімен байланысты төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл

ретте мұндай комиссиялардың, жинақтардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ 

қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

      5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын 

қалаларда микрокредит/кредит Қазақстан Республикасының 

 сәйкес айқындалатын

Кәсіпкерлік кодексіне

орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;

      6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша 

микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі

;

      7) МҚҰ/КС/ЕДБ/"АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы шарттарда ісін жаңа 



бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша 

шарт көрсетіледі;

      8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда 

және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес қарыздың 

мерзімдері мен сомалары Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттарына сәйкес айқындалады;

      9) бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған 

қаражаттардың есебінен қайта кредит беруге/микрокредит беруге жол беріледі.

      Қалаларда кредиттер/микрокредиттер ұсыну тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі 

уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит ұсыну тәртібі 

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және 

ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске 

асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін микрокредит ұсыну тетігі:

      1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің 

әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және 

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін 

халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

      2) микробизнес ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі 

туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе 

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін 

жіберіледі;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан 

өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер 

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және 




ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса 

бере отырып, микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жүгінеді;

      4) МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, микрокредит беру 

мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

      5) МҚҰ/КС ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру 

ұйымына берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ

ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері 

жөніндегі жергілікті атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес

берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

      6) МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ микрокредит берген күннен бастап тоқсан күн ішінде микрокредиттің 

мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша 

есеп тоқсан сайын МҚҰ/КС/Микрокредит беру ұйымына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне 

дейінгі мерзімде Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ұсынылады;

      7) микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі 

мерзімде тоқсан сайын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті 

атқарушы органдарға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес микрокредиттердің 

мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп ұсынады.

      Шағын қалалардан басқа қалаларда микрокредит беру тетігі:

      1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы 

аудандардың әкімдеріне кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және 

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін 

халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

      2) мүдделі үміткерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан 

өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер МҚҰ/ЕДБ-ға 

кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит 

беру қағидаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, микрокредит алуға өтінішпен 

жүгінеді;

      4) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микрокредит алу үшін 

өтінішпен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;

      5) ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, микрокредит беру мүмкіндігі немесе

мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

      6) ЕДБ/МҚҰ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде Бағдарлама 

шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша микрокредит беру ұйымына ақпарат ұсынады;




жүктеу 261,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау