бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан не
қысқа мерзімді кәсіптік
оқудан өту ұсынылады.
"Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екінші бағытының операторы мен
қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасау жолымен республикалық бюджет
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдарға (2018 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдарға) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "
Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген
нысан бойынша мынадай:
1) оқуға жіберілгендердің;
2) оқуын аяқтағандардың;
3) жеке ісін ашқандардың;
4) микрокредит алғандардың саны туралы ақпаратты ұсынады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.
5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды
іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік
әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың
мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Бағдарламаға қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес
оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.
Микрокредиттер:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын
қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы
кооперативтерін ашу үшін;
2) қалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған
бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.
Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік
негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік
негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.
Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін
құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.
Микрокредиттер басымды тәртіппен кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталарына сәйкес іске
асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен
бірлесіп жыл сайын 20 ақпанға дейін аудандарды және елді мекендерді өңірлік мамандандыру
картасын әзірлеп, оны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келіседі
және оны микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ)/кредиттік
серіктестіктерге (КС)/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға/ "ҚазАгрокепіл" АҚ-ға ұсынады.
Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан)
және шағын қалаларда "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттік корпорация"
АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы ұсынылады.
Микрокредиттер қалаларда екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), қорландыру "Даму" КДҚ" АҚ
арқылы жүзеге асырылатын микроқаржы ұйымдары арқылы ұсынылады.
Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға
мынадай шарттарда бюджеттік кредит ұсынылады:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы
мөлшерлемесімен 7 жылға;
2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға
микрокредит беру.
Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып
алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi.
Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуын жергілікті атқарушы органдар өз
бетінше айқындайды, бір облыста екі микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ бір уақытта қатысуы
мүмкін.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдар
микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға қарыз шарттары бойынша бюджеттік кредит
қаражатын ұсынады.
Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға қарыз ұсыну шарттары:
1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;
3) игеру кезеңі – 12 ай;
4) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит
беру, Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны
қорландыру.
МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:
1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану және қамтамасыз
етілу шарттарында не қаржылық тұрақты микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер мен екінші
деңгейдегі банктер үшін қамтамасыз етілмей жүзеге асырылады;
2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "
Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;
4) игеру кезеңі – бюджеттік кредитті алған кезден бастап 12 ай;
5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит беру/микрокредит беру
.
Микрокредит беру ұйымдарына/екінші деңгейдегі банктерге/микроқаржы ұйымдарына/кредиттік
серіктестіктерге/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының
үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:
1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл
шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;
3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
4) ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға қандай да бір комиссияларды, жинақтарды және/немесе дара
кәсіпкер қарыз/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын төлемдерді қоспағанда