ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш
дискісіне салмай тұрып нөмірлеңіз.
●
Қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-дискісінің
жасалуы барысында бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылатын болады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита
(Қауіпсіздік жəне қорғау) > HP Recovery Manager > HP Recovery Media Creation (HP
қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру
дискілерінен, қалпына келтіру флэш-жадынан немесе қатты дискідегі арнайы қалпына келтіру
бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) жұмыс істейді.
ЕСКЕРІМ:
Жүйені қалпына келтіруді компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алған
жағдайда немесе компьютердің қызмет ету мəселелерін шешу əрекеттері нəтиже бермегенде
орындау қажет. Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті
ретінде пайдаланған жөн.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде келесі мəліметтерді ескеріңіз:
●
Сақтық көшірмесі бұрын жасалған жүйені ғана қалпына келтіруге болады. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына
келтіру флэш-жадын жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламалық құралын
пайдалануды ұсынады.
●
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген
бағдарламалық құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші
қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
39
Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек
таңдаулы үлгілерде)
Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің, музыканың жəне басқа да
аудио файлдардың, бейнелердің, фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының,
құжаттардың, электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта хабарларының,
Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға
болады.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.
HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
●
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > HP Recovery
Manager > HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
– немесе –
●
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc
пернесін басыңыз. «F11 (System Recovery)»
(F11 (Жүйені қалпына келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде
f11
пернесін басыңыз.
2.
HP Recovery Manager терезесінде System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
40
Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру
1.
Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2.
Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегіне енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз.
– немесе –
Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту қажет.
3.
Жүйені бастау кезінде
f9
пернесін басыңыз.
4.
Оптикалық дискіні немесе флэш-дискіні таңдаңыз.
5.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
41
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1.
Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2.
Компьютер қайта іске қосылып жатқанда
esc
пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін
f9
пернесін басыңыз.
3.
Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі ықшам/DVD диск
жетегі) тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді
орындаңыз:
1.
Флэш-жадты USB портына жалғаңыз.
2.
Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3.
Компьютер қайта іске қосылып жатқанда
esc
пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін
f9
пернесін басыңыз.
4.
Жүктелу параметрлері терезесінен флэш-жадты таңдаңыз.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру
Файлдардың сақтық көшірмесін жасау жəне барлық жаңа бағдарламалық құралдарды қауіпсіз
жерде сақтау өте маңызды болып табылады. Жаңа бағдарламалық құралдар жəне деректер
файлдары қосылған сайын, сақтық көшірмелерді жүйелі түрде жасауды жалғастырыңыз.
Жүйенің қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау мүмкіндігі сақтық көшірме соңғы рет қашан
жасалғанына байланысты болады.
ЕСКЕРІМ:
Ең соңғы сақтық көшірмеден қалпына келтіруді компьютерге вирустық шабуыл
жасалған немесе жүйе құрамдас бөліктерінің елеулі ақаулығы орын алған жағдайда жасау
қажет. Компьютер мəселелерін шешу үшін, жүйені қалпына келтіруді жасамас бұрын, қалпына
келтіру əрекетін жасаған жөн.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады. Мына жағдайларда жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
●
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
КЕҢЕС:
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау үшін еске салғышты
орнатыңыз.
●
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
●
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын
42
Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Достарыңызбен бөлісу: |