б.
Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін
қысып, жад модулін (3) басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз.
8.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
9.
Қақпақты (2) жабыңыз.
10.
Жад модулі бөлімінің қақпағындағы бұранданы (3) бұрап қатайтыңыз.
11.
Батареяны орнына салыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
35
12.
Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
13.
Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютерді тазалау
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған
сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын
матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала
суланған антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық
тазалағышты пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтаның кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына əкеліп соғуы мүмкін. Бұған жол
бермеу үшін сенсорлы тақтаны дымқыл шүберекпен сүртіңіз жəне компьютерді пайдаланғанда
қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне шаң мен пернелердің
астында қалатын басқа да заттарды əрқашан тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен
астында орналасқан шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
36
Бап 6 Күтім
7
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Компьютердің ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда қалпына келтіруге көмектесетін
амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.
Бұл тарауда келесі тақырыптар туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау (HP
Recovery Manager бағдарламалық құралының мүмкіндігі)
●
Жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен, дискілерінен немесе флэш-жадынан)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
37
Қалпына келтіру
Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы зауыттық күйіндегі қалпына
келтіру үшін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын
қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады керек болады. НР
компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын
немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін, осы бағдарламалық құралды бірден
пайдалануды ұсынады.
Егер басқа себептермен жүйені бастапқы қалпына келтіру керек болса, бұны қалпына келтіру
дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан, HP қалпына келтіру бөлімі
(тек таңдаулы үлгілерде) арқылы жасауға болады. Қалпына келтіру дискілерінің бар екенін
тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками
(Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, қалпына
келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ:
HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш-жад) бағдарламалық құралы
зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді.
Компьютермен берілмеген бағдарламалық құралды қолмен қалпына келтіру керек.
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,
жеткізіледі.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда,
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіру үшін қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына
келтіру флэш-дискісін жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді немесе флэш-дискіні компьютердің
параметрлерін алғаш орнатқаннан кейін жасаңыз.
ЕСКЕРІМ:
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру дискілерінің тек бір
жинағын немесе бір қалпына келтіру флэш-жадын жасауға мүмкіндік береді. Бұл дискілерді
немесе флэш-жадты қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана
аласыз немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан сатып
алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы
сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
●
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL дискілерін сатып алыңыз.
ЕСКЕРІМ:
CD-RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілері жəне BD-RE (жазылатын
Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді.
●
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
●
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын немесе бір қалпына келтіру
флэш-дискісін жасауға болады.
38
Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру