82
8-қосымша. ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің экономикалық сыныптамасы
ерекшелiктерiн қолдану жөніндегі түсіндірмесі
№КК-1-21/937
02.05.2013ж.
Қазынашылық департаментінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерін қолдануын түсіндіріп беру
жөніндегі келіп түскен хатына ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті былай деп жауап береді.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 14.03.2013ж. №27-4/27-И хатына
сәйкес қорлар мен негізгі құралдарды сатып алу жөніндегі экономикалық сыныптамасы ерекшеліктері Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі 2010 жылдың 15 маусымдағы №281 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық №281)
бекітілген мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарына сәйкес топтастырылды.
1. Өзге де тауарларды (тосол, антифриз, доптар, шайбалар, бадминтонға арналған жиындар, стол
теннисіне арналған жиындар және т.с.с.) сатып алу жөніндегі
«Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары жоспарында 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімшелерінде 2360 –
«Машиналар мен жабдықтар» , 2370 - «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» шоттары бойынша
экономикалық сыныптамасының 414-ерекшелігі «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал
құралдарын сатып алу» бойынша активтер түрі аударылады. Қалғандары, 2380 «Өзге негізгі құралдар» шоты бойынша
есепке алынатындарды 419 ерекшелікке «Басқа да негізгі құралдарды сатып алу» жатқызу керек. Күрек, балға және
тістеуік сатып алу кезінде шығыстарды 414 ерекшелік «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал
құралдарын сатып алу» арқылы жүзеге асыруға болады, себебі бұл тауарлар аспаптарға жатады және 2370 «Аспаптар,
өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» шоты бойынша есепке алынады.
Кәстрөл, ыдыстар, шелектер, электр су қайнатқышы, электр шәйнегі, спорт шараларын жүргізуге арналған
тауарлар (доптар, шайбалар, бадминтонға
арналған жиын, стол теннисіне арналған жиындар және т.б.), құм сағаттар, гүл
отырғызатын ыдыстар, бөлме гүлдерін сатып алу кезінде: егер бұл тауарлар құны арзан және тез тозғыш заттар
қолдану
мерзімі бір жылдан аз болып табылса, №281 бұйрыққа сәйкес 1316 «Шаруашылық материалдары және кеңсе
жарақтары» және 1319 «Өзге де материалдар» шоттарында есепке алынады,
шығыстардың экономикалық
сыныптамасы 149 ерекшелікпен есептелінеді, ал егерде құны арзан және тез тозғыш заттар
қолдану мерзімі бір
жылдан артық болса, 2383 «Басқа негізгі құралдар» шотында есепке алынып,
шығыстардың экономикалық
сыныптамасы 419 ерекшелікпен есептелінеді.
1315 «Отын, ЖЖМ» шотында отындар мен жанар-жағар материалдардың есепке алынатын түрлерінің тізімі
көрсетілген. Тосол, антифриз және тежегіш сұйықтығы жоғарыда көрсетілген тізімге кірмегендіктен, оларды 149
ерекшелік «Өзге де қорларды сатып алу» арқылы сатып алуға болады.
Бухгалтерлік есептің шот қалдықтарын ауыстыру сызбасына сәйкес қалдықтар сальдосы 7) топ бойынша 019
қосалқы шот «Басқа да активтер» техникалық тасығыштадағы бағдарламалар, оқулық кинофильмдер, магниттік
дискілер мен ленталар, кассеталар және басқалары 2383 «Басқа да негізгі құралдар» қосалқы шотына ауыстырылады,
сондай-ақ 8) топ бойынша 019 қосалқы шот «Басқа да активтер» басқа да мүліктер, балалар ойындары, арнайы
шаңғылар және басқалары 2383 «Басқа да негізгі құралдар» қосалқы шотына ауыстырылады, сондықтанда оларды 419
ерекшелік бойынша сатып алуға болады.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 24.04.2013ж. №27-4/75-И хатына
сәйкес басқа да тауарларды сатып алу (желілік фильтр, ұзартқыш, «тышқан» манипуляторы, ақпарат тасығыштар:
флешкалар, дискеталар, дисктер (CD және т.б. және «Мүгедектерге әлеуметтік қорғау» бағдарламасы аясында –
мүгедектерге арналған тифлоқұралдар, сурдоқұралдар, кресло-арбалар), Шот жоспарлары бойынша негізгі құралдарға
және құны 40 есе есептік көрсеткішінен аспайтын құралдар 410 сыныпша «Негізгі құралдарды, материалдық емес және
биологиялық активтерді сатып алу» ерекшелігіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тапсырыс берушінің теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасына дейiнгі желілеріне Атқарушының электр
желісі арқылы электр энергиясын бергені үшін төлемдер бойынша.
«Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №1822 қаулысымен бекітілген коммуналдық қызметтерді ұсыну Ережелеріне
сәйкес электр энергиясы ұсыну қызметтері Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарт негізінде
жүргізіледі. Тұтынушыға қолданған энергия үшін есептеулер есептеу құралдарының көрсеткіштерін негізге ала отырып
энергиямен жабдықтайтын ұйым берген шот бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің бюджет шығысының бұл
түрі шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 ерекшелік «Коммуналдық шығыстарды төлеу» бойынша
жүргізіледі.
Егер шартта электр энергиясына жеке төлем және басқа ұйымның беріліс тораптарының шекарасы арқылы
беру (электрмен жабдықтайтын ұйымда тиісті қондырғы (трансформатордың немесе беріліс торабының) болмаған
кезде) қарастырылса, онда электр энергиясын төлеу шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 ерекшелікпен