Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
142
никалық өңдеу технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің
элементерімен көркем материалдарды
өңдеу технологиясы.
6. Электротехника және электроника
негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығын-
дағы жөндеу жұмыстары.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9. Қазіргі заман өндірісі және те-
хникалық кәсіби білім.
элементерімен көркем материалдарды
өңдеу технологиясы.
5. Электротехника және электроника
негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығын-
дағы жөндеу жұмыстары.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және те-
хникалық кәсіби білім.
Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-практикалық, жобалау-іс
әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-практикалық жұмыстар, жобалау
әдістері – басым әдістер болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық
практикалық жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын,
электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық
жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және
жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.
Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған
технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын
таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек
нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы да ескеруі қажет.
Оқушылар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды,
экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті компонент пен
өзінің жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өз тапсырмалары
нұсқаларын қосуға құқығы бар.
«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып)
жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері,
кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық
және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің
әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы
мәселелер қарастырылады.
Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған
шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау
барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар
аударылуы керек. Оқушылардың электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке
гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Сабақта
қолдан
жасалған
электромеханикалық
құралдар
мен
технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген
сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде
құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра және
геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен,
машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
143
физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және
өнермен байланыстырылады.
Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына
бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан жүзеге асырылады. Осыған
байланысты 6, 8, 9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер
бойынша тақырыптар беріледі.
33-кесте – 6, 8, 9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің
тақырыптары.
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау,
қауіпсіздік
техникасы
ережелері,
санитарлық-гигиеналық талаптар және
еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу
технологиясы.
Тігін
машинасымен
жұмыс
жасау.
Киімді
жобалау,
дайындау және көркем әшекейлеу. Тігін
машинасымен жұмыс жасау. Тігін
машинасы элементтері. Киімді жобалау,
дайындау және көркем әшекейлеу
(белдемше, шалбар).
4.
Сәндік
қолданбалы
өнер
элементтерімен көркем материалдарды
өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас
гигиенасы.
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру.
технологиясы.
9.
Көкөніс-жеміс
өсіру
негіздері.
Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар
10. Жоба.
11. Кәсіби қызмет ету саласының
технологиясы.
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау,
қауіпсіздік техникасы ережелері,
санитарлық-гигиеналық талаптар
және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу
технологиясы. Тігін машинасымен
жұмыс жасау. Киімді жобалау,
дайын-дау және көркем әшекейлеу
(белдемше шалбар).
4. Сәндік қолданбалы өнерінің
элементерімен көркем материал-
дарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіп-
керлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке
бас гигиенасы.
8. Жоба.
9. Кәсіби қызмет ету саласының
технологиясы.
Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері.
Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру
мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық
қолөнерін қолдану және үйрету ұсынылады.
Сабақтың, сабақтан тыс, сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын
«Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |