Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет56/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
133 
9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. 
«Адам. Қоғам. Құқық.» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:  
9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 
Қолданыстағы  оқу  бағдарламасына  сәйкес  Дүниежүзінің  және 
Қазақстанның ежелгі дүние тарихын жүйелі түрде оқу 6-сыныптан басталады. 
Тарихты  зерделеу  білім  алушыларда  адамзаттың  өткен  тарихи  жолы  туралы 
тұрақты  білімін  қалыптастыру  үшін  тиімді  жағдай  жасайтын  оқиғалық-
хронологиялық  деңгейде  іске  асады.  Бұл  келесі  сыныптарда  күрделі  тарихи 
материалдарды, негізгі ұғымдарды жеңіл менгеруге мүмкіндік береді.  
Жаңа  заман  тарихын  оқыту  8-сыныптан  басталады.  Жаңа  тарихты 
оқытудың нәтижесінде, мұрағат материалдарын анықтау, тарихи оқиғалар мен 
жаңа процестерді талдау және салыстыру дағдылары қалыптасады.  
«Алаш» 
қозғалысының 
100 
жылдығына 
байланысты 
«Алаш» 
қозғалысының  көшбасшысы  Ә.  Бөкейханов  туралы  тақырыпты  «Алаш» 
қозғалысы,  «Алашорда  үкіметі»  оның  қайраткерлері  туралы  қосымша 
мәліметтермен толықтыру ұсынылады.  
9-сыныпта  «Қазіргі  заман  тарихы»  курсы  ХХ  ғасырдың  басы  мен  ХХІ 
ғасырдағы  ең  маңызды  процестерге,  құбылыстарға,  ұғымдарға  баса  назар 
аудару,  адамзат  дамуының  жалпы  бейнесі  туралы  түсінік  қалыптастыруға 
негізделген.  
Сонымен  қатар  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани-мәдени 
дамуды,  1914-1918  жылдардағы  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  бастап  қазіргі 
заманға  дейінгі  тарихи  процестердің  пайда  болуын  түсіну  және  түсіндірумен 
ерекшеленеді.  
Алаш»  партиясының  құрылуы.  «Алаш-Орда»  үкіметі.  Қазақ  халқының 
саяси  көшбасшылары  (Ә.  Бөкейхан,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Б.Қаратаев, 
М.Тынышпаев,  М.Шоқаев).  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының 
ғылыми  еңбектері.  «Алаш-Орда»  үкіметі  бойынша  білім  беруде  білім 
алушыларды  «Алаш»  партиясының  ұлттық  мемлекеттілікті  жаңғыртудағы 
саясатын талдауға; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау 
жасауға,  ұлттық  баспасөздің  қоғамдық-саяси  сананы  оятудағы  рөліне  баға 
беруге  бағыттау  ұсынылады.  Білім  алушылар  қоғамдық  сананың  рөлін  қазақ 
зиялыларының шығармашылық мұрасын талдай білуі және оған баға беруі тиіс. 
1937  жылғы  саяси  қуғын-сүргінге  80  жыл  толуына  байланысты  білім 
алушыларды  1937  жылдағы  әміршіл-әкімшіл  жүйе  саясатының  зардаптарын 
талдауға бағыттау ұсынылады.  
Сонымен қатар, мұғалімге білім алушылармен бірге түрлі жағдайлардағы 
қауіпсіз  мінез-құлыққа  қатысты  мәселелерді  және  саяси,  әлеуметтік,  табиғи, 
экологиялық қауіп-қатер жағдайындағы дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын 
талқылау ұсынылады.  
Тарих  сабағында  дұрыс  құрастырылған  сұрақтар  маңызды  орын  алады. 
Мұғалімдерге  «сатылап  сұрақ  қою»  әдісін  қолдану  ұсынылады.  Бұл  әдісте 
дерекке  немесе  белгілі  бір  иллюстрацияға  қойылатын  сұрақтар  жеңілден 
қиынға қарай күрделенеді. 
Тарих сабағында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау кең таралған. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
134 
Берілген  тарихи  түсініктер  бойынша  тапсырмалар  білім  алушылар  тарапынан 
тек  қана  себеп  пен  салдарды  анықтаумен  шектелмей,  бұл  себептерді  берілген 
белгілері  бойынша  жіктеу  (мазмұны,  уақыты  және  рөлі  бойынша),  түрлі 
себептер  арасында  өзара  байланысты  анықтау  және  оларды  қатысты 
(маңыздылық)  деңгейі  бойынша  орналастыруға  мүмкіндік  беретіндей  түрде 
құрастырылуы қажет. 
Білім  алушылар  белгілі  бір  тарихи  оқиғалардың/  құбылыстардың/ 
процестердің  маңыздылығын  анықтай  білуге  үйренулері  қажет.  Мұғалімнің 
білім алушыларға маңыздылық сөзінде қандай мағына жатқандығын түсінуіне 
қолдау көрсетуі тиіс. 
Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары: 

 
түсінікті болуы; 

 
саралаудың ескерілуі; 

 
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі; 

 
 проблемалық оқытуға негізделуі;  

 
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы. 
Картамен  жұмысты  тиімді  деңгейде  күшейту  қажет.  Ол  үшін  тарихи 
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. 
Білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  презентация, 
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс. 
Тарихи  тұлғаға  сипаттама  бергенде  мынадай  арнайы  жадынаманы 
қолдану ұсынылады: 
- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу; 
- тұлғалық белгілерін сипаттау; 
-  өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау; 
- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.  
Бұл  тарихи  тұлғалардың  іске  асырған  ерекше  әрекеттерінің  білім 
алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. 
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы 
және  үздік  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыстарды 
ұйымдастыру ұсынылады.  
Оқыту 
процесін 
оңтайландыру 
мақсатында 
топтық 
жұмысты 
ұйымдастыру  өте  тиімді  болып  табылады.  Топтық  жұмысты  ұйымдастыру 
кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, 
олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін  анық түсіндіру қажет. Сонымен 
бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды. 
Жоғары  сыныптарда  түсіндіру  және  талдау  дағдысын  тереңдеп  дамыту 
үшін  оқытудың  жаңа  әдістері  ұсынылады.  Деңгейлеп  оқыту,  сын  тұрғысынан 
ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және тағы басқалар. 
Мысалы:  маңызды  тарихи  оқиғаларды  талдауда  STEEPLE-талдауы  (S–
әлеуметтік,T – технологиялық, E – экономикалық, E – қоршаған орта, P – саяси, 
L  –  құқықтық,  E  -этникалық  факторлар)  және  т.б.  қолдану  ұсынылады.  Бұл 
білім  алушылардың  түсіндіру  және  талдау  дағдысын  тереңдеп  дамытуға 
мүмкіндік береді. 
Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау