Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
126
қауіпсіздік периметрі ішіне дендеп енуден және вирустық қауіптен қорғау ең
соңғы бағдарламалық және аппараттық құралдардың көмегімен қамтамасыз
етіледі.
3) Жаңартылмалы энергия көздері:
- Күн энергиясы. Көрме аумағында күн энергиясы электр энергиясы мен
жылуды түрлендіру үшін – белсенді түрде, сол сияқты Күннің табиғи әрекетін
ескере отырып – пассивті де пайдаланылады. Сондай-ақ көрсетпелік
мақсаттарда қазақстандық өндірістің фотоэлектрлік панельдерін де қолданады.
- Жел энергиясы. Көрме нысандарын жел энергиясынан электрмен
жабдықтау шусыз жел генераторларымен ұсынылған.
- Жер энергиясы. Көрме нысандарына арналған жылыту жүктемелерін
алмастыру үшін геотермалды энергияны пайдаланылады. Жасыл ғимараттарды
сертификаттау талаптарына сәйкес келуі үшін қазіргі заманғы әлемдік
стандарттарға жауап беретін және планетаның озон қабатына залалын
тигізбейтін хладагенттер пайдаланылады.
4) Көрме кешеніндегі барлық көлік қою орындары ең жаңа
технологияларды пайдаланумен автоматтандырылған. Көрме аумағына кіретін
көлік құралдарын сәйкестендірудің сан алуан әдістері қолданылады.
5) Телекоммуникациялық сервистер. Көрменің мобильді сервистеріне
кірудің қолайлы болуы үшін Көрме кешенінің бүкіл аумағында WiFi ашық
желісі жұмыс істейді.
6) Ресми қатысушылардың ыңғайлы жұмыс істеуі үшін бөлінген
байланыс арналары (бұдан әрі – «VPN») ұсынылады. Деректерді беру
арналарының қауіпсіздігі үшін VPN туннельдерін ұйымдастыру нүкте-нүкте
әдісімен ұйымдастырылады. Сәйкестендіру және кіру үшін, мамандандырылған
бақылау және кіруді басқару серверлері қолданылады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан
келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып
тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан
оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын
қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім алушыларды:
– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге
және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар
қоюға;
– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі
дереккөздерді салыстыруға
және талқылауға;
– жеке тәжірибесінің артуына қарай өзінің көзқарастары мен
болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала
қарастыру барысында білім алушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті
деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және
тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:
– ақпаратпен
танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа
да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше
дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың