Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет16/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
36 
тарату үшін жағдай жасау; 

 
мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын  қамтамасыз 
ету. 
Осы  тәсілдердің  негізінде    үш  тілде  оқыту    келесі  қағидаттардан 
құрылады: 
1) тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді  мәдениет   аралық 
қатынас  құралы  ғана  емес,  сонымен  қатар,  әлеуметтік  құндылық,  мәдени-
ұлттық мұраның бейнесі, қоршаған  ақиқатты тану құралы ретінде оқыту; 
2) білім  беру  мазмұнындағы  қазақ  тілі  (мемлекеттік)  және  орыс  тілінің 
теңгерілімділік 
қағидаты, 
біріншіден, 
нақты 
аймақтың 
әлеуметтік 
лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді. 
Көп жағдайда,  Қазақстанның  әр  аймағындағы  тілдердің  қолданыс  белсенділігі 
бірдей  емес.  Өйткені  еліміздің  оңтүстік  аймағында  орыс  тілінің  белсенділігі 
төмендеу, керісінше,  солтүстік аймақтарда қолдану аясы кеңірек;  
3) «білімге  екі  жақты  ену»  қағидаты  –  біріншіден,    тіл    білім  беру 
үрдерісінде әрі оқыту құралы,  әрі  оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді: 
3.1.  тіл  оқу  бағдарламалары  аясында  оқу  пәні  ретінде  қазақ  тілді  емес 
мектептерде  «Қазақ  тілі»  (1-4-сыныптарда),  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»                       
(5-11-сыныптарда);  оқыту  орыс  тілді  емес  мектептерде  «Орыс  тілі»                            
(1-4-сыныптарда),  «Орыс  тілі  мен  әдебиеті»  (5-11-сыныптарда);  оқыту  тіліне 
қарамастан  барлық  мектептерде  «Ағылшын  тілі»  (1-11-сыныптарда) 
оқытылады;  
3.2.  тіл  оқыту  құралы  ретінде  тілдік  пәндердің    басқа  пәндермен  кірігу 
механизмі  болып  қолданысқа  енеді,  сондықтан  негізгі  мектепте  оқыту  тіліне 
қарамастан  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  және  «Қазақстан  тарихы»  пәндері  қазақ 
тілінде,  «Орыс  тілі  мен  әдебиеті»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  пәндері  орыс 
тілінде,  жоғары  сыныптарда  «Жаратылыстану»,  «Информатика»,  «Физика», 
«Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған. 
 
Мектептердің үш тілде оқытуы бойынша дайындығын анықтау үшін 
2018  жылы  мониторинг  өткізу  жоспарлануда.  Осыған  дайын  мектептер 
2019  жылдан  бастап  белгіленген  пәндерді  ағылшын  тілінде  беруге  құқығы 
бар.  
Сонымен  бірге,  білім  алушылар  мен  ата-аналар  өз  қалауларын 
білдірген жағдайда ғана, ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады.  Мұны 
қаламаған білім алушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды 
 
«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы 
 
Қазіргі  уақытта  «Kүнделік»  электронды  мектеп  журналдары  жүйесін 
Қазақстанның 4000 аса мектептері қолданады. Жоба 14 облыс, сонымен қатар 
Астана және Алматы қалалары аумағында жұмыс істейді. 
«Kүнделік»  жүйесіне  елдегі  кез  келген  қалалық,  ауылдық  мектептердің 
тегін қосылуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар, осы мектептердің барлық білім 
алушылары,  ата-аналары  бағаларын,  үй  тапсырмасын,  сабақ  кестесін,  мектеп 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
37 
жаңалықтарын және басқа да пайдалы ақпараттарды тегін алу мүмкіндігіне ие 
болады. 
Портал  «Күнделік»  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ұйымдарының 
білім  алушыларына  арналған  электронды  журналдар  мен  күнделіктердің 
бірыңғай  ақпараттық  жүйесі»  пилоттық  жобасын  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлінің  2016  жылғы  29  тамыздағы  № 
536 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарымен жұмыс істейді.  
«Күнделік»  журналын  қолдану  бойынша  бірқатар  сұрақтар  туындауда, 
сондықтан Әдістемелік нұсқау хат аясында ең қажетті ақпараттар ұсынылған.  
«Kүнделік»  журналы  тегін  болып  табылады.  Kundelik.kz  сайтын 
қолдануға  абоненттік  төлем  алынбайды.  Ата-аналарға  әрқашан  Kundelik.kz 
сайтында  өзінің  логині  мен  құпия  сөзі  арқылы  «Балалар»  -  «Күнделік» 
бөліміндегі  өз  баласының  электронды  күнделігіне  кіріп,  бағалары  мен  үй 
тапсырмалары  туралы  білуге  тегін  мүмкіндік  беріледі.  Сайтты  пайдаланғаны 
үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды. 
Алдыңғы барлық жобалардан  ерекшелігі  Kundelik.kz  жобасы бюджеттен 
қаржыландырылмайды.  Сонымен,  Kundelik.kz  жүйесін  әзірлеу,  қолдау  және 
дамытуға  Қазақстан  салық  төлеушілері  мен  азаматтарының  қаражаты 
жұмсалмайды.  
Ешқандай  жоба  қаржыландырусыз  мүмкін  болмайды,  сондықтан, 
болашақта  ақылы  қосымша  міндетті  емес  қызметтер  пайда  болады  деп 
болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. 
«Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. 
Әр  ата-ана  оған  өз  қалауымен  қосылуға  құқылы,  ол  ата-анаға  нақты  пән 
бойынша  өз  баласының  үлгерім  деңгейін  сыныптың  басқа  да  білім 
алушыларының  үлгерімімен  салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  опцияның 
баланың  бағасын  электронды  күнделік  түрінде  әрқашан  тегін  кез-келген 
уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.  
Тұтынушы  деректерін  қорғауға  қатысты.  Kundelik.kz  сайты  және 
тұтынушылардың  барлық  мәліметтері  «Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым  министрлігі»  ММ  бекітілген  және  «Ұлттық  ақпараттақ  технологиялар» 
АҚ  мемлекеттік  ақпараттық  жүйесі  операторына  тиесілі  ақпараттық-есептеу 
ресурстарында,  яғни  Қазақстан  Республикасы  территориясында  жабық 
қорғалған  дата  орталықта  орналастырылады.  Тұтынушылар  деректері 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  тікелей  қарауында 
болады.  Kundelik.kz  жүйесіне  кіру  ешқандай  деректер  қолжетімді  емес  жабық 
болып табылады.  
Kүнделік.  kz  ішінде  әлеуметтік  желі  бар.  Бұл  байланыстың  заманауи 
құралы,  соның  арқасында  тұтынушылар  жүйе  ішінде  бір  бірімен  қарым-
қатынас жасай алады. Осы әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты 
анонимді  тұлғалар  өз  бетімен  тіркеле  алмайды.  Әр  тұтынушыны  мектеп 
тіркейді.  Сондықтан,  Күнделік  желісіне  балаларға  қауіп  төндіретін  анонимді 
тұлғалар  шыға  алмайды,  бұндай  тұтынушы  бірден  анықталып,  бұғатталады 
және оған Қазақстан Республикасы Заңнамасы қолданылады.  


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау