Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
319
және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу сияқты ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.
Пилоттық мектептердің 3-сыныптарында Қазақ тілі (Т1), Әдебиеттік оқу,
«Математика», «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері),
«Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының негіздері), ««Қазақ тілі
(Т2)», «Русский язык (Я2)», «Ағылшын тілі» (тілдерді деңгейлеп оқыту), «Өзін-
өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» оқу пәндерін оқыту
жалғастырылады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) жаңа пәні
енгізіледі.
Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері
Тілдік оқу пәндері. Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді
емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту.
3-сыныпта тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді
жүзеге асыру болып табылады.
Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында
қалыптастыру қажет:
Жанды табиғат
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (Жарық пен қараңғы)
Уақыт
Сәулет өнері
Өнер
Атақты
тұлғалар
Су – тіршілік көзі
Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Коммуникативтік тәсіл 3-сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын
дамытуға бағытталған, яғни жазбаша мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия
жасау қабілетін дамыту, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін
пайдалану, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыру, қоғам өміріне белсенді
қатысу. Базалық оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (басқа да
баспалардың пайдалануға ұсынылған оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері,
хрестоматиялары және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер осы
мақсатта пайдаланылады.
3-сыныпта тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым,
айтылым, оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған осы тәсілді
күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік
қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік
дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық
режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (Шет тілдерін
меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі) сәйкес жүзеге
асырылады;
«Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің
төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика,
фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу
білігін меңгертуге; білім алушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
320
мазмұнын түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде оқуды
дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары
мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім беруге бағытталған.
3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылында
136 сағатты құрайды; ал «Әдебиеттік оқу» 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында
102 сағатты құрайды.
71-кесте – 3-сыныпта жазба жұмыстарының түрлері және
көлемі
Жұмыс түрлері
3-сынып
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық
Сөздік диктант
7-9 сөз
9-12 сөз
Диктант
35-45 сөз
45-50 сөз
Көшіру
35-45 сөз
45-50 сөз
Мазмұндама
60-65 сөз
70-80 сөз
Шығарма
35-40 сөз
45-55 сөз
Мазмұндама мен шығарма үйрету сипатында болады. Оқу қарқыны
(жылдамдығы) оқу тәсілімен, түсінуімен және мәнерлілігімен байланысты
екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте
сақтау қажет.
72-кесте – 3-сыныпта оқу дағдысы қалыптасуының шамалық
нормалары
Сынып
Міндетті деңгей
І жартыжылдық
ІІ жартыжылдық
3-сынып
60 сөз және одан артық
65 сөз және одан артық
Ескерту: Шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде
саналады.
Сондай-ақ, оқушының оқу жылдамдығы бағаланбайтынын, тек оқу
дағдысы қалыптасуының алгоритмін құрудың критериийі болып табылатынын
есте сақтау маңызды.
Сабақта көлемді оқу мақсаттарының бір бөлігі ғана қолданылуы мүмкін.
Оқу мақсаттары бір тоқсанның ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша
қиылысады.
«Жаратылыстану» оқу пәні білім алушылардың бастапқы ғылыми білім
деңгейін «Адам – Табиғат» жүйесінде қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің сабақтарында білім беру процесі білім
алушылардың табиғи қызығушылығын дамытуға, қоршаған әлемді ғылыми
түсінуі мен көруін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Бұл – «География»,