Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет44/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53

 
шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз 
етілуге;
 
      3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық 
бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексеру 
жүргізу туралы өтініш білдіруге;
 
      4) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;
 
      5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл 
жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, 
жұмысты орындаудан бас тартуға;
 
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек 
міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
 
      7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек 
жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен 
денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы 
дәйекті ақпарат алуға;
 
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына 
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
 
      9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз 
әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
 
      
315-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
 
                
қорғау саласындағы міндеттері
 
      Қызметкер:
 
      1) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) 
белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай 
туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
 
      2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық 
куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу 
үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан 
өтуге;
 
      3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және 
мақсатқа сай пайдалануға;
 
      4) медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын жұмыс 
беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
 
      5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелердің 
және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірістегі жұмыстарды 
қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетті.
 
      
316-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және
 
                
еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
 
      Жұмыс беруші:
 
      1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, 
қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін 
ынталандыруға;
 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын 
қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік 
жауапкершілікке тартуға құқылы. 
 
 


 
 
      
317-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және
 
                
еңбекті қорғау саласындағы міндеттері
 
      1. Жұмыс беруші:
 
      1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық 
процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында 
және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі 
шараларды қабылдауға;
 
      2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен 
даярлаудан өткізуге;
 
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық 
іс-шараларын жүргізуге;
 
      4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу 
жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
 
      5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес 
білімін тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
 
      6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, 
қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін жөндеуді қамтамасыз етуге, еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес оларды 
профилактикалық өңдеу, жуу және
 
зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық 
тағамдармен жабдықтауға;
 
      7) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық 
бөлімшелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды 
адамдарына, қызметкерлердің өкілдеріне солардың жазбаша сауалы бойынша ұйымдардағы 
еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы 
қажетті ақпарат беруге;
 
      8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
 
      9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың 
есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға;
 
      10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес 
қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілердегі еңбек жағдайларының 
жай-күйі бойынша бес жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік 
аттестаттауды өткізуге, сондай-ақ реконструкциядан, жаңғыртудан, жаңа техника 
немесе технология орнатудан кейін міндетті аттестаттауды өткізуге;
 
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі 
жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге;
 
      12) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян 
келтірілгені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;
 
      13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы 
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға;
 
      14) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
 
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ 
еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік 
аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, 
мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы 
медициналық куәландырудан өткізуге;
 
      16) авариялық жағдайдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа 
адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға міндетті.
 
      2. Қызмет ерекшеліктері мен жұмыстардың түрлері, айрықша қауіптілік 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау