кезінде қолданылады. Бұл негіз бойынша еңбек шарты өз күшін
тараптар белгілеген уақытта тоқтатады. Мысалы, тараптар еңбек
шартын тұрғын үй құрылысы уақытына жасасты делік. Шарттың
мерзімі ретінде 6 ай белгіленді, алайда, құрылыс 5 ай уақытта
аяқталды. Бұл жағдайда шарт тараптардың келісімі бойынша
мерзімінен бұрын бұзылады. Мұндай шартты жоюға тек
тараптардың өзара келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі.
Сонымен қатар, жеке еңбек шартын тоқтатудың негізі болып,
егер ол белгілі бір уақытқа немесе белгілі бір жұмысты орындау
уақытына жасалған болса, оның мерзімінің бітуі табылады. Алайда,
еңбек шартын тоқтатудың бұл негізі бірден жүзеге асырылмайды.
Аталған негіз бойынша жеке еңбек шартының тоқтатылуы не
қызметкердің, не жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүзеге
асырылады. Егер еңбек шартының мерзімі біткен немесе белгілі бір
жұмысты орындау уақыты аяқталған жағдайда тараптардың біреуі
шарттың тоқтатылуын талап етсе, екінші тарап оған келісуі тиіс,
(себебі, бұл жағдай шартта көзделіп өтеді), онда еңбек қатынастары
тараптардың келісімі бойынша тоқтатылады. Алайда, тараптардың
ешқайсысы аталған уақытта еңбек шартын бұзуды талап етпесе,
онда жеке еңбек шарты белгісіз мерзімге ұзартылған деп саналады.
Байқап отырғанымыздай, жеке еңбек шартын тараптардың
келісімі бойынша бұзу тек осы келісімнің негізінде тараптардың
еңбек құқығы қатынастарын тоқтатуға қатысты өзара ерік білдіруі
болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке еңбек шартын
тараптардың келісімі бойынша бұзудың негізі болып қызметкер
мен жұмыс берушінің жазбаша келісімі табылады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңында жеке еңбек шартын
бұзудың нақты негіздері көзделген. Ол:
1) жұмыс берушінің бастамасы бойынша;
2) қызметкердің бастамасы бойынша;
3) тараптардың еркінен тыс жағдайлар бойынша жүзеге
асырылуы мүмкін.
«ҚР еңбек туралы» заңының 28-бабы
Жеке еңбек шартын қызметкердін бастамасы бойынша
бұзудың негіздері
1. Қызметкер жеке еңбек шартын жұмыс берушіге бұл
туралы бір ай бұрын жазбаша түрде ескертіп тоқтатуға
құқылы.
2. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шарты
ескерту мерзімі біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
3. Жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе
едəуір қиыңдататын мəн-жайлар (денсаулық жағдайы,
зейнеткерлік жас, басқа жерге көшу, жалақыны мерзімінде
төлемеу жəне өзге де жағдайлар) болған кезде жеке еңбек
шартын бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде
жүргізіледі.
Бұл бапқа сəйкес қызметкер жеке еңбек шартын бұзу, яғни, кез
келген уақытта өз еркімен қызметтен босай алады. Бұл үшін
қызметкер жұмыс берушіні бір ай бұрын жазбаша хабарландыруы
тиіс. Бұл мерзім өткеннен кейін қызметкер өз жұмысын тоқтатуға
құқылы, ал жұмыс беруші қызметкермен толығымен есептесіп,
оған еңбек кітапшасын беруге міндетті. Қызметкер өзінің жұмысы
барысында ғана емес, сонымен қатар себепті жағдайлар бойынша
өзінің еңбек функцияларын атқара алмаған кезде де жұмыс
берушіні жеке еңбек шартын бұзатыны туралы хабарландыра
алады. Мысалы, ауырған кезде, ақы төленетін жыл сайынғы
демалыс кезінде, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді
орындау кезінде.
Қызметкердің өз еркімен қызметтен кететіні туралы алдын-ала
хабарландыруының мақсаты мынада: жұмыс беруші оның орнына
жаңа қызметкерді тауып үлгеруі тиіс.
Жұмыс берішіні жеке еңбек шартын бұзу ниеті жөнінде
жазбаша ескерткен қызметкер өз еркімен қызметтен босаған кезде
ескертудің мерзімі өткенге дейін өзінің өтінішін қайтарып алуы
мүмкін. Мұндай жағдайда, егер бұл қызметкердің орнына басқа
қызметкер шақырылып қоймаса, жұмыстан босату жүргізілмейді.
Егер ескерту мерзімі өтіп кеткеннен кейін де жеке еңбек шарты
бұзылмаса, ал қызметкер жұмыстан кететіні жөнінде сөз қозғамаса,
онда жеке еңбек шартының күші жалғаса береді.
Жұмыс берушіні қызметтен босағысы келетіні туралы жазбаша
ескерткен соң, қызметкер ескертудің бүкіл мерзімінде өз еңбек
міндеттерін адал атқаруы тиіс, себебі, ескерту уақыты өткенге
дейін қызметкердің еңбек қатынастарын тоқтатуы жəне жұмысын
тастауы еңбек тəртібін бұзу болып табылады. Бұл жағдайда жұмыс
беруші қызметкерді өз еркімен емес, жұмыста дəлелсіз
себептермен болмады деген негізбен қызметінен босата алады.
Бірақ, соған қарамастан жеке еңбек шарты тараптарының осыған
қатысты өзара келісімі болса, жеке еңбек шарты жұмыстан босату
туралы ескертудің мерзімі өтпесе де бұзылуы мүмкін. Алайда,
қызметкер өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініштің ерікті
түрде емес, жұмыс берушінің мəжбүрлеуі арқылы берілгенін
айтатындай жағдайлар да орын алуы мүмкін. Бұл кезде түбегейлі
тексеру жүргізу жəне істі мəні бойынша шешу қажет.
Қызметкердің талабы бойынша жеке еңбек шарты қызметкер
көрсеткен мерзімде бұзылуы мүмкін (яғни, қызметкер жұмыс
берушіні өзінің өз еркімен қызметтен кететіні туралы бір ай емес,
одан біршама көп уақыт бұрын да ескертуі мүмкін). Бұл үшін
жұмысты жалғастыруды жоққа шығаратын немесе едəуір
қиындататын негіздер болуы тиіс (денсаулық жағдайы, басқа жерге
көшу жəне т.б.). Бұл негіздер ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 28-
бабының 3-тармағында толығымен көрсетілген. Жеке еңбек
шартын бұл негіз бойынша бұзу өтініште көрсетілген мерзімде
жүзеге асырылуы тиіс. Мерзімнің ұзақтығы қызметкердің қалауына
жəне нақты жағдайларға қарай бір айдан аз да, көп те болуы
мүмкін.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабы
Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзудың негіздері
Жеке еңбек шарты:
1)
ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушінің
(жеке адамның) қызметі тоқтаған;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде
қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір
жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы
салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын
жұмысына сəйкессіздігі аңғарылған;
4) жүктілігі жəне бала тууы бойынша демалыста болу
уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы